Сап түзеу Тақырыбы: Абайлаңыз, бағдаршам! Сынып: 4



Дата08.07.2016
өлшемі71 Kb.
#185576
Сап түзеу

Тақырыбы: Абайлаңыз, бағдаршам!

Сынып: 4 «в»

Сынып жетекшісі: Нұрмағанбетова Т.С.

Тақырыбы: Абайлаңыз, бағдаршам!

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер, слайдтар.


Бірінші бағдаршам 1868ж 10желтоқсанында Лондонда Британ парламенті ғимаратының алдына орнатылды. Ол құрылғыны өнертапқыш Дж.П.Найт ойлап тапты. Ол теміржол семафорын жасаудың шебері болатын. Ол кезде бағдаршам қолмен басқарылды. Екі семафорлық қанаты бар болатын: қанатының көлбеу көтерілгені тоқта дегенді, 45 градусқа салбырап тұрса, абайлап жүр дегенді білдіретін. Қараңғы түскен кезінде айналмалы газды шам пайдаланылды. Шамдағы қызыл, жасыл түстер көмегімен жолдар реттелді. Жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін жеңілдету үшін жасалды. Оның белгілері көлік құралдарына арналған. Жаяу жүргіншілер жолдан өтіп болғанша, көліктер тоқтар тұруы тиіс болатын. 1869ж 2 қаңтарда газбен жанатын шам жарылып, бағдаршамды басқаратын полицей жараланды. Көліктер де сол кезден ақ тұрып қалатын ұзыннан ұзақ. Автоматты түрде бірінші бағдаршам жүйесін 1910ж чикаголық өнертапқыш Эрнст Сирин жасап шығарды. Оған патент алды. Оның бағдаршамында Stop және Proceed деген жазулар болды. Алғаш электрлі бағдаршамды тапқан өнертапқыш АҚШтың, Юта штатынан Лестер Вайр тұрғыны еді.Ол 1912ж электрмен жанатын, қызыл мен жасыл түсті 2 дөңгелек шамы бар бағдаршам ойлап шығарды. Бірақ оны патенттеген жоқ. 1914ж 5 тамызында Америкалық бағдаршам компаниясы 105 көшенің қиылысқан жеріне Джеймс Хога жасап, төрт электрлі бағдаршамын орнатты. Қызыл жасыл түстері ауысатын кезде дыбыс шығаратын. Әйне үйшіктерде полицейлер басқаратын. 1920ж Нью Иоркте орнатылды. Ойлап тапқан өнертапқыш Уильям Поттс пен Джон Харрис.


КСРОда 1 бағдаршам 1930ж 15 қаңтарда Ленинградта 25-ші қазан мен Володор көшелерінде орнатылды. Сол жылы Мәскеуде 30-шы желтоқсанда көше қиылысытарында қойылды.

Өнертапқыш Гарретта Морганның есімі жиі аталады. Ол бағдаршамның атасы дейді. 1922ж бағдаршам нұсқасын құрап, патентеді. Есімі тарихта жасағаны үшін емес, қолданылу үшін қалған. Бағдаршамның техникалық құрылғыларынан бөлек, автокөлік иесінің дәрежесіне емес, жолдағы қозғалысын реттеуге арналған деп айтып кеткен. 
Алматыдағы алғашқы бағдаршам 1938ж Қызыл әскер Панфилов және Гоголь көшелерінде орнатылды. Бұрынырақ Алматыда 2 автомобиль болған. Бағдаршам пайда болғаннан бастап, жолда тәртіп сақтала бастайды. 1938ж көшелерде 11 бағдаршам қойылып, жолдар реттелді. Қазір қалада мыңнан асады. Электронды бағдаршамдар пайда болды. Алғашқысы Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінде және Райымбек көшелерінде қойылды. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер
ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.

Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды.

Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?
«Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа»
Арманға, алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басыламыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз


Қызыл, сары, жасыл
Бір өзінде үш от.
Қызыл жанса, тоқта!
Жасыл жанса, тез өт!
Табамын деп төтені,
Қиып өтпе көшені.
Түсін мұны қатем деп,
Түсін мұны қатер деп.
Дәп ортаға жеткенше,
Сол жағыңа қарап ал.
Жол ортадан өткенде,
Оң жағыңа қарап ал,
Машиналар жоқ па екен?
Машинаға қабысып,
Сырғанама жабысып.
Бір жеріңді жаралап,
Майып болып қаласың.
Кімге кінә тағасың,
Ата менен анаңды,
Сергелдеңге саласың.
Қауіппенен ойнама,
Өтемін деп ойлама.
Шыққаныңда көшеге,
Еріп әке - шешеңе,
Көңілді қой сызыққа.

Үлкен - кіші қала бар.
Ой жүгіртіп қарап ал,
Көше заңы тым қатал
Сақ болыңдар балалар!

Тоқта досым саумысың?
Топтан асқан дәумісің
Көше сырын білмесең
Керден қағып жүрме сен!
Көшенің біл тәртібін!


Үлкен жолдың үстінде,
Әмірші де, күшті де.
Бағдаршам екенін,
Есте сақта достарым!
Бұл сақшының үш көзді
Үш көзден, ұқ үш сөзді
Ашса бұл, дәу үш көзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Топырлама таласып.

Бұл дегенде команда,
Бағына тұр аманда.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!

Үлкен кіші қыдырмақ
Болма бәрін ұрыншақ!
Өңірдің көп сыры бар
Түрлі - түрлі жолы бар
Балалар, абай болыңдар!

Көрініс.

Ән: Әрқашан күн сөнбесін!

Көшеде біз сақ болайық,

Қаймықпасын ата-ана.

Жолда сен бол әр кез лайық,

Жасұлан деген атаққа.

Қ-сы:

Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың,

Сенөзіңді сау сақтап.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет