Сапа менеджмент жүйесі



Дата28.06.2016
өлшемі198.1 Kb.
#162847



Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф2 Н ШҚМТУ

701.01

Сапа менеджмент жүйесі

Силлабус

(студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы)


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН


ТКМФ деканы

_________А.К.Адрышев

«_____» _________2014 ж.

ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕРДІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ ТЕОРИЯСЫ

Силлабус



ТЕОРИЯ МАТЕМАТИЧЕСКОЙ ОБРАБОТКИ ГЕОДЕЗИЧЕСКИХ ИЗМЕРЕНИЙ


Силлабус

5B071100 «Геодезия және картография» мамандығы

Оқу түрі: күндізгі



Курс:

2

Семестр:

3

Кредит саны:

3

Сағат саны:

135 сағат

Дәрістер:

15 сағат

Іc-тәжірибелік сабақтар:

30 сағат

СОӨЖ:

30 сағат

СӨЖ:

60 сағат

Емтихан:

3 семестр

Өскемен


Усть-Каменогорск

2014


Силлабус 5B071100 «Геодезия және картография» мамандығының студенттеріне арналып, Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасында дайындалды.

.

«Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедра отырысында талқыланды.


Кафедра меңгерушісі К.Б. Хасенов
________________ 2014ж. №____ хаттама

Тау – кен металлургиялық факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

Әдістемелік кеңестің төрайымы Г.Т. Нуршайыкова
________________ 2014ж. №____ хаттама

Дайындаған

доцент Б. Апшикур

Норма бақылаушы Т.В.Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ
«Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы, тау-кен металлургиялық факультеті (Г3-208 дәрісханасы).

Пән жүргізетін оқытушы: Апшикур Байтак, т.ғ.к., доцент.

Жұмыс телефоны: 54-07-76

Дәрісханалық сағат және кеңес беруге арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушының жұмыс кестесі бойынша.


1 ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Оқылатын пәннің сипаттамасы

Геодезиялық өлшеулерді математикалық өңдеу теориясы пәні, жоғары геодезия мен инженерлік геодезия да әртүрлі есептерді шешу үшін, геодезиялық өлшеу жұмыстарын математикалық өңдеудің теориясы бойынша білімдерді меңгеру, өлшеу қателерінің негізгі теорияларын игерудің негізі болып табылады.


1.2 Пәнді меңгеру мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты, әртүрлі геодезиялық өлшемдердің нәтижесін өңдеу мен өлшеу қателіктерін есептеу, талдау жасау, өңдеудің дәстүрлі әдістерімен теорияларын, қазіргі заманғы есептік бағдарламалық құралдардың технологиясын оқыту, сондай-ақ қолданыстағы инструментальды құралдарға өлшеу бағдарламасын құрастырумен инженерлік, экономикалық, ғылыми-зерттеу, практикалық шешімдерді қабылдауға есептік негіз қалаған мамандар дайындау болып табылады.
1.3 Пәнді меңгеру нәтижелері
Пәнді оқу үрдісі барысында студент игеруі керек:

Білімі:

-өлшеу қателері теориясы бойынша негізгі сұрақтар, олардың классификациялары мен өлшеу дәлдіктері туралы;

-арасында кездейсоқ және жүйелі қателері болуы мүмкін бірнеше тәуелсіз қателері бар, аз санды өлшеулер бойынша, өлшенген шаманың функциясының дәлдігін бағалауды үйрену;

- дөңгелектеудің шекті қатесі мен орташа квадраттық қателерінің арасындағы тәуелділікті табу;

-бір және бір ғана шаманы, дәлдіктері бірдей тура өлшеу және дәлдіктері бірдей емес өлшеу тәсілдерін оқып үйрену, оның нәтижелерін өңдеу;

Дағдылары:

- қазіргі заманғы микрокалькулятор және персональды компьютерде жұмыс істеу;

-топографиялық –геодезиялық мәліметтерді компьютерлік әдіспен өңдеу;

- геодезиялық жұмыстардың дәлдігін есептеу әдістерін нормативті және жобалық құжаттар негізінде жасау;

-полигонометриялық және теодолиттік жүрістердегі, триангуляцияның қарапайым фигураларындағы өлшенген сызықтар мен бұрыштарды теңестіру тәсілдерін іс жүзінде қолдана білу



Құзыреттері:

өлшенген және теңестірілген шамалардың функциясының дәлдігін бағалауды жүргізу;

персональды компьютерді нәтижелерді өңдеу барысында кәсіпқой деңгейде пайдалану;

далалық өлшеулер нәтижесін математикалық өңдеуді жүргізу;

пландық және биіктік торларының дәлдігін бағалауды жүргізу және теңестіруді жасау;

геодезиялық өлшемдердің дәлдігін нормативтерге сәйкес есептеу.


1.4 Пререквизиттер
«Геодезиялық өлшеулерді математикалық өңдеу теориясы» курсын меңгеру үшін, ЖОО аталған пәндерден алған білімдерін қажет етеді:

- математика;

-информатика;

- геодезия;

-география.
1.5 Постреквизиттер
Студенттердің «Геодезиялық өлшеулерді математикалық өңдеу теориясы» пәнін үйрену барысында алған білімдері жоғары курстардағы жоғары геодезия, геоақпараттық жүйе, қолданбалы геодезия пәндерін меңгеруде және әртүрлі геодезиялық өлшемдердің нәтижелерін өңдеу барысында, сондай-ақ диплом жұмысын жасау, мамандығына сәйкес өндірістегі кәсіби әрекеттері барысында қажет етіледі.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырып атауы, оның мазмұны

Еңбек сыйымдылығы, сағаты

Ұсынылған әдебиеттер

Тақырып 1. Өлшеу түрлері. Нақты қате және өлшеу нәтижесін түзету. Қателер классификациясы

2

1,2,3

Тақырып 2. Өлшенген шамалар функциясының орташа квадраттық қатесі. Бірнеше тәуелсіз қателері бар, өлшеу нәтижелерінің орташа квадраттық қатесі. Тең әсер принципі

2

1,2,3

Тақырып 3. Дәлдіктері бірдей емес өлшеулер және олардың нәтижелерін өлшеуіші. Жалпы арифметикалық орташа, оның өлшеуіш және квадраттық қате. Өлшеудің кейбір түрлерінің нәтижелерін анықтау

2

1,2,8

Тақырып 4. Әрбір жұптардағы екі рет өлшеу дәлдігін бағалау

2

1,2,3

Тақырып 5. Өлшеу қателері теориясының принципі. Дәлдіктері бірдей, жанама тәуелсіз өлшеулер нәтижелері бойынша белгісіздің ең сенімді шамасын анықтау

2

1,2,4

Тақырып 6. Түзетулер теңдеулері. Дәлдіктері бірдей, жанама өлшеулер бойынша теңдеуді қорытындылау

2

1,2,3

Тақырып 7. Өлшеу нәтижелерін шартты тәсіл бойынша теңестіру

2

2,5

Тақырып 8. Шартты тәсіл бойынша триангуляцияның қарапайым фигураларындағы бұрыштарды теңестіру

1

1,2,3

Семинарлық (тәжірибелік) сабақтар

Тақырып 1. Өлшеу дәлдіктерінің анықтамасы, кездейсоқ қателердің қасиетін тексеру тақырыбы бойынша есептер шығару

4

2



1

2

3

Тақырып 2. Бірнеше тәуелсіз қателері бар, өлшеу нәтижелерінің орташа квадраттық қатесі. Тең әсер принципі тақырыптары бойынша есептер шығару

4

1,5

Тақырып 3. Дәлдіктері бірдей емес өлшеулер және олардың нәтижелерінің өлшеуіші. Жалпы арифметикалық орташа, оның өлшеуіші және орташа квадраттық қате тақырыптары бойынша есептер шығару

4

1,2

Тақырып 4. Өлшеудің кейбір түрлерінің нәтижелерінің өлшеуіштерін анықтау тақырыптары бойынша есептер шығару

4

2

Тақырып 5. Әрбір жұптардағы екі рет өлшеу дәлдігін бағалау тақырыбы бойынша есептер шығару

4

2

Тақырып 6. Дәлдіктері бірдей, жанама тәуелсіз өлшеулер нәтижелері бойынша белгісіздің ең сенімді шамасын анықтау тақырыбы бойынша есептер шығару

4

2

Тақырып 7. Түзетулер теңдеулері. Дәлдіктері бірдей, жанама өлшеулер бойынша теңдеуді қорытындылау

4

2,5

Тақырып 8. Өлшеу нәтижелерін шартты тәсіл бойынша теңестіру. Шартты тәсіл бойынша триангуляцияның қарапайым фигураларындағы бұрыштарды теңестіру

2

2,7

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы

Тақырып 1. Бірнеше тәуелсіз қателері бар, өлшеу нәтижелерінің орташа квадраттық қатесі

6

1,3

Тақырып 2. Дәлдіктері бірдей емес өлшеулер және олардың нәтижелерінің өлшеуіші.

6

1,2,3

Тақырып 3. Жалпы арифметикалық орташа, оның өлшеуіші және орташа квадраттық қатесі

6

1,2,3

Тақырып 4. Өлшеу нәтижелерін шартты тәсіл бойынша теңестіру

6

1,3



1

2

3

Тақырып 5. Шартты тәсіл бойынша триангуляцияның қарапайым фигураларындағы бұрыштарды теңестіру

6

1,3


2.2 Өздік жұмыстың тапсырмалары (СӨЖ)


Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

ЕГЖ - 1

Бірнеше тәуелсіз қателері бар, өлшеу нәтижелерінің орташа квадраттық қатесі

1,2,3

1-4 апта

Есептер

4 апта

ЕГЖ- 2

Дәлдіктері бірдей емес өлшеулер және олардың нәтижелерінің өлшеуіші. Жалпы арифметикалық орташа, оның өлшеуіші және орташа квадраттық қатесі

1,2,3

5-7 апта

Есептер

7 апта

ЕГЖ-3

Өлшеу нәтижелерін шартты тәсіл бойынша теңестіру

1,2,3

8-11апта

Есептер және сызба

11 апта

ЕГЖ-4

Шартты тәсіл бойынша триангуляцияның қарапайым фигураларындағы бұрыштарды теңестіру, полигонометрия жүрістерінің өлшеу қателіктер-ін анықтау

1,2,3

12-15апта

Есептер және сызба

15 апта

2.3 Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі


Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Дәріс конспектісі



















6






















6

Тәжірибелік сабақтар







5

5

5

5










5

5

5

5







СОӨЖ тапсырмасы







5

5

5



















4

5

4




ЕГЖ тапсырмасы







7







8
















7







8

Аралық тестілеу



















30






















30

Барлығы

2

2

19

12

12

15

38

2

2

7

7

18

12

6

46




  1. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


3.1 Негізге әдебиеттер
1 Теория математической обработки геодезических измерений; Учебное пособие в двух книгах/под общей редакцией д.т.н. Ю.И. Маркузе- М.: МИИГАиК, 2005. - 280 с.: ил.

2 Большаков В.Д., Маркузе Ю.И. Практикум по теории математической обработки геодезических измерений. – М.: Недра,  1984 г.

3 Высшая геодезия. Системы координат и преобразования между ними [Текст]: учеб.-метод. пособие/ К.Ф. Афонин. – Новосибирск: СГГА, 2011. – 66 с.

4 Основные положения о государственной геодезической сети, Москва ЦНИИГАиК 2004.

5 Гурман Е.В. Руководство к решению задач по теории вероятностей и математической статистике. - М.: Высшая школа, 1975

6 Фельдман В.Д., Михелев Д.Ш. Основы инженерной геодезии. – М.: Высшая школа, 1999

7 Новак В.Е., Лукьянов В.Ф., Борисов Н.Н. Курс инженерной геодезии. – М.: Недра, 1989

8 Лукьянов В.Ф. Лабораторный практикум по инженерной геодезии. – М.: Недра, 1990
3.2 Қосымша әдебиеттер

9 Инструкция по нивелированию I, II, III и IV классов. Москва


ЦНИИГАиК 2003.

10 Инструкция о построении государственной геодезической сети Союза ССР. – М.: Геодезиздат, 1961

11 Кулешов Д.А., Стрельников Г.Е. Инженерная геодезия для строителей. – М.: Недра, 1990

12 Хейфец Б.С., Данилевич Б.Б. Практикум по инженерной геодезии. – М.: Недра, 1979

13 Сиротин М.П. Справочник по геодезии для строителей. – М.: Недра, 1975
4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ
4.1 Оқытушы талаптары


  • сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.


4.2 Баға критериі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады:



Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Қатысу

Конспекті дәрістер

Тәжірибелік сабақтар

СОӨЖ тапсырмасын қорғау

ЕГЖ қорғау

баяндама

Эссе

Ағымдағы тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1

14

6

20

15

15

-

-

30

100

Рейтинг 2

16

6

20

13

15

-

-

30

100

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.


Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:


Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған

4.3 Қорытынды бақылауға арналған мәлімет

1. Өлшеу турлерi

2. Нақты қате және өлшеу нәтижесiн түзету

3. Кателер классификациясы және өлшеу дәлдiктерiнiң анықтамасы

4. Өлшенген шамалар функциясының орташа квадраттық қaтeci

5. Бiрнеше тәуелсiз қателерi бар, өлшеу нәтижелерiнiң орташа квадраттық қaтeсі

6. Тең әcep принципi

7. Дәлдiктерi бiрдей емес өлшеулер және олардың нәтижелерiнiң өлшеуіші

8. Жалпы арифметикалық орташа, оның өлшеуiшi және орташа квадраттық қате

9. Өлшеудiң кейбiр түрлерiнiң нәтижелерiнiң өлшеуiштерiн анықтау.

10. Өлшеу қателерi теориясының принципi

11. Теңестiрудiң мәні

12. Дәлдiктерi бiрдей, жанама тәуелсiз өлшеулер нәтижелерi бойынша белгiсiздiң ең сенiмдi шамасын анықтау

13. Әрбiр жұптардағы eкі peт өлшеу дәлдiгiн бағалау

14. Түзетулер теңдеулерi

15. Дәлдiктерi бiрдей, жанама өлшеулер бойынша теңдеудi қортындылау

16. Өлшеу нәтижелерiн шартты тәсiл бойынша теңестiру

17. Шартты тәсiл бойынша триангуляцияның қарапайым фигураларындағы



бұрыштарды теңестiру

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет