«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм 2015 жылғы жұмысы туралы есеп «Саран қ. ЖҚжӘББ»



Дата25.02.2016
өлшемі100.64 Kb.
#24913


«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

2015 жылғы жұмысы туралы есеп
«Саран қ.ЖҚжӘББ» ММ 2011-2015 жылдарға арналған Саран қаласын дамыту Бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жүргізілді.

Бөлімде қала халқына 17 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2015 жыл ағымында 5264 қызмет, соның ішінде ХҚКО арқылы – 2179, электронды үкімет порталы арқылы – 3 қызмет көрсетілді. Қызметтерді ұсыну мәселесі бойынша өтініштер, шағымдар түскен жоқ.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен негізгі ісшараларын іске асыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік және экономикалық аспектілер есебімен қаланың еңбек нарығына жан-жақты талдау жүргізеді.

2015 жыл ағымында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 867 адам өтініш білдірді, соның ішінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша– 340 адам.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш білдірген, жұмыссыздар «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңында айтылған, әлеуметтік көмектің кепілдендірілген көлеміналады.

Жұмысқа орналасқаны 905 адам, соның ішінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы Бағдарламасының шеңберінде 380 адам.

2016 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша жұмыспен қаму секторында тіркелген, жұмыссыздар саны 72 адам.

2015 жылы кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға 966,0 мың теңге бөлінді.

2015 жыл ағымында кәсіптік оқытуға жылдық жоспарда – 26 адам болған кезде, 26 адам жолданды, жоспардың орындалуы - 100 %. Бөлінген қаражат толық көлемде игеріледі.

2016 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша қоғамдық жұмыстар 21 нысанда ұйымдастырылды. Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға 1 жылға жолдау жоспарында 164 адам болған кезде 238 адам жолданды, орындалу пайызы - 145%. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 17315,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, қаражат 100% орындалды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және өз ісін ашуға 634,0 мың теңге сомасында қаражат бөлу қарастырылды және қолданылды, материалдық көмек 8 адамға көрсетілді.

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап жастар практикасы ұйымдастырылды. 2015 жыл ағымында жастар практикасына жоспарда 21 адам болған кезде, 29 түлек жолданды, жоспардың орындалуы 138%. 3927,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, бөлінген қаражат 100% орындалды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 19 адамды жолдау кезінде Жол картасы бағдарламасының шеңберінде 36 адам жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 304,0 мың теңге бөлінді, республикалық бюджет құралдарынан бөлінген қаражат толық көлемде қолданылды.

Жұмыс іздеу Клубы жұмысының шеңберінде 272 адамның қамтылуымен 33 топта семинар сабақтары өткізілді, жұмысқа орналастырылғаны – 83 адам, ақы төленетін қоғамдық жұмысқа – 238 адам қатысты, кәсіптік оқуға – 26 адам жолданды.

Ағымдағы жылы 4 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Өткізілген 4 жәрмеңкеде қаланың жұмыс берушілерімен 100 – ден аса бос орындар ұсынылды, 32 жұмыс беруші, 305 қала азаматы қатысты.

Біліктілігін арттыру, қайта даярлау және кәсіптік даярлықты алу, уақытша жұмыспен қамтылу (қоғамдық жұмыстарда), жұмысқа орналастыру мүмкіндігі, еңбек нарығының жағдайы,халықты жұмыспен қамту және еңбек туралы заңнамалық мәселелер бойынша өтініш білдірген азаматтарға жүйелі түрде кеңес беріледі. «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылған. Стендтерде бос жұмыс орны және бос лауазымдар туралы ақпарат орналастырылған. Бос орындар туралы мәлімет бөлім сайтында орналастырылады. Жыл ағымында «Саран тынысы» қалалық газетінің беттерінде жұмыспен қамту бөлімінің материалдары жарияланады.

2015 жыл ағымында жұмыс жоспарына сәйкес Кеңестер мен комиссиялар қызметтерін жүзеге асырды:

әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік - экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу және жөніндегі қалалық үш жақты комиссия;

Өз бетімен жұмыспен қамтылған және жеке меншік ісін ашуына материалдық көмек алуға ықыласы бар, жұмыссыз азамматтардың өтініштерін қарастыру бойынша консультантты – мәжілістік комиссия;

Қылмыстық жазаны және қылмыстық – құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай – ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Кеңес.

Бұрын қабылданған шешімдердің орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.

2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасына сәйкес Саран қаласында 3 ба,ыт бойынша жұмыс қарастырылған:

Бірінші бағыт «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын дамыту және инфрақұрылым есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету». Бірінші бағыт бойынша 2015 жылы қаржыландыру қолдау таппады.

Екінші бағытты іске асыру шеңберінде Бағдарламаның 4 әлеуетті қатысушысы оқытылды. 15,0 млн. теңге, қайтарымды қаржы есебінен – 3,0 млн.теңге бөлінді және игерілді. Несиені 6 адам алды:

- ІҚМ дамытуға – 3 жоба;

- қызметі ұсынуға – 1 жоба;

- көліктік қызметтер – 2 жоба.

Қосымша 11 жұмыс орны құрылды.

«Жұмыс беруші қажеттілігінің шеңберінде қоныстандыру және оқыту арқылы жұмысқа орналастыруда жәрдемдесу» Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 2015 жылы 16 жұмыссыз «Электрмен монтаждаушы» және «Аспаз» мамандығын алды, олар бүгінде біздің кәсіпорындарда сұранысқа ие, бағдарламаның барлық қатысушылары жұмысқа орналастырылды.

Маусымда «Тігінші» және «Автомеханик» мамандығы бойынша 9 адам оқуды аяқтады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалада тұратын, әр түрлі санаттағы азаматтарға әлеуметтік қорғау шараларын көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырылған.

2002 жылғы 01 қаңтардан бастап енгізілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кедейлік шегінен төмен табыспен тұратын, азаматтарға МАӘК тағайындалады. Барлығы 2015 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 761,0 м.т. қарастырылған. Жыл басынан бері 760,7 м.т. сомасында 330 отбасы мүшесіне 81 жәрдемақы тағайындалды. Бөлінген қаражат толық көлемде игеріледі.

Құрылған 2 учаскелік комиссия (1 - Саранда, 1-Ақтас кентінде) Заңға сәйкес МАӘК тағайындауға өтініш білдірген, отбасының тұру жағдайына 100% зерттеу жүргізеді.

2006 жылғы 1 қаңтардан бастап «Балалары бар, отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР Заңы қолданысқа енгізілді. 2015 жылға 2881,0 м.т. көлемінде қаржыландыру қарастырылған. Жыл ағымында 2881,0 м.т. сомасында 1360 балаға 627 жәрдемақы тағайындалды, бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.

Аталған жәрдемақыларды тағайындау кезінде бөлім арқа сүйеушілік кейіпті жою қажеттілігі айтылған, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын басшылыққа алады. Басымдылық әрқашан жұмысқа орналастыруға қалады.

Осыған байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау кезінде әрбір отбасы толық зерделенеді, тұрақты еңбек табысын алатын, жұмысқа талпынбайтын, еңбекке қабілетті отбасы мүшесіне жәрдемақы тағайындау жағдайына жол берілмейді.

2011 жылғы 22 желтоқсандағы Саран қалалық мәслихаты сессиясының № 676 шешімімен бекітілген, Саран қаласы мен Ақтас кентінің халқына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен көлемі туралы Ережеге сәйкес, бөліммен ұсынылған коммуналдық қызмет төлемдерінің, жиынтық табысы 10% асатын (тұрғы үй көмегін тағайындау әлеуметтік нормалар есебімен жүргізіледі), азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жүргізіледі. Қалалық бюджет құралдары есебінен 19885,0 м.т. сомасында қаржыландыру бөлінді. 19885,0 м.т. сомасында 5236 жәрдемақы тағайындалды, жәрдемақының орташа мөлшері – 3798 теңге. 2015 жыл ағымында 19885,0 м.т. сомасында қаржы төленді, бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.

Бөліммен бөгде адамның көмегіне мұқтаж, жалғыз басты 1,2 топ мүгедектерінің зейнетақысына қосымша тағайындауды және төлеуді жүргізеді. Жыл басынан бері 190,3 мың теңге сомасында 96 жәрдемақы тағайындалды. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржыландыру облыстық бюджет құралдары есебінен жүргізіледі.

Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы Ережеге сәйкес жекелеген оқу жоспары бойынша, жыл басынан бері 598,6 мың теңге сомасында 151 жәрдемақы тағайындалды. Бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.

2015 жылы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер» Бағдарламасы бойынша жергілікті бюджетен 26505,0 м.т., республикалық бюджеттен 27135 мың теңге сомасында қаржы бөлу қарастырылған. 2015 жыл ағымында 53640 м.т. сомасында 3322 жәрдемақы тағайындалды, бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.

«Саран қ.ЖҚжӘББ» ММ қалада тұратын, аз қамтылған отбасыларды есепке алу жүргізіледі. 2016 жылғы 1 қаңтарда қалада 81 адам бар, 18 аз қамтылған отбасы тұрады. 2015 жылы мемлекеттік емес көздерден 1937,5 мың теңге сомасында әр түрлі көмек түрлері көрсетіледі. Мемлекеттік емес көздердегі көмекпен аз қамтылған отбасыларды 100% қамту қамтамасыз етілген.

2016 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша есепте 11 соғыс мүгедегі, қатысушысы тұр.

2016 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша қалада 150 марапатталған батыр-ана, және 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баланы тәрбиелеп отырған, 84 көп балалы аналар тұрады.

Әлеуметтік көмек бөлімімен қала ішінде тұратын және жақын туған-туысқандары жоқ жалғыз басты қарт азаматтарға қызмет ету бойынша қызметтер көрсетіледі. Бөлім жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі: жалғыз басты қар азаматтарға қызмет көрсету, жеңілдігі бар, тұлғалармен жұмыс, қаланың қоғамдық ұйымдарымен, мекмелермен және кәсіпорындармен бірлескен жұмыс. 2016 жылғы 1 қаңтарда 3 бөлімшенің 30 әлеуметтік қызметкері 256 адамға қызмет көрсетеді.

Бөліммен «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіледі. 2006 жылы қалада мүгедектер істері жөніндегі Кеңес құрылды. 2015 жыл ағымында мүгедектер істері жөніндегі Кеңестің 4 отырысы өткізілді. Комиссия отырысына қаланың жұмыс берушілерінің, мекмелерінің, ұйымдарының өкілдері шақырылады, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мәселесі қарастырылады. Бұрын қабылданған шешімдердің орындалуына тоқсан сайынғы мониторинг жүргізіледі.

МЗТО мәліметтері бойынша Саран қаласында: 1,2 топ мүгедегінің – 1492 адамы, 3 топтағы мүгедектің – 726 адамы, бала кезінен мүгедек 126 адам, барлығы 2344 мүгедек есепте тұр. Үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінде 23 мүгедекке қызмет көрсетіледі.

«Саран қ. психоневрологиялық МӘМ» КММ 525 мүгедек тұрады.

2015 жылы бөлімде 1,2 топ мүгедегінің қызметті және оңалтудағы әр түрлі құралдарды алуға арналған 1224 оңалтудағы жекелеген бағдарламалар (ОЖБ) тіркелген. Орындалғаны 769.

Гигиеналық құралдарды сатып алуға нысаналы республикалық трасферттер есебінен 13717 мың теңге, жергілікті бюджеттен 4921,4 м.т. сомасында қаржы, 1 топ мүгедектері үшін жеке көмекшінің қызметіне – 16971,9 м.т., ымдап көрсету тіл маманының қызметіне 2548,1 мың теңге бөлінді және қолданылды, барлығы 38158,4 м.т. сомасында.

ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында қалада 18 жастан асқан тұлғалар мен балаларға қызмет көрсету бойынша аймақтық белгі бойынша 13 учаскені (Саран қ. – 10, Ақтас к. - 3) қосатын бөлімше жұмыс істейді. 13 әлеуметтік қызметкер мүгедек-балалар санындағы мүмкіндігі шектеулі 80 балаға, соның ішінде 18 жастан асқан 20 мүгедекке қызмет көрсетеді.

Бөлімше өзінің жұмыс нысандары мен әдістерін үнемі жетілдіреді, аптасына 2 рет балалармен сабақтар өткізіледі.

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жанындағы әлеуметтік көмек бөлімшесінің, мүгедек-балалары 2015 жылы қазанда Қарағанды қаласында өткізілген, «Үміт сәулесі» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар арасындағы XI спорттық және шығармашылық Фестивальдің жүлдегерлері атанды.

Қалада мүгедектердің 4 қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді: Қарағанды соқырлар қоғамының Сарандық филиалы, «Сенім» мүгедектердің құқықтарын қорғау қоғамы, мүгедектердің қалалық ерікті қоғамы, «Бірлік» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі.

Бөлімде мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларына қатысты, нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша және Президенттің халыққа Жолдауын, «Қазақстан-2030» Стратегиясын насихаттау бойынша жүйелік жұмыс жүргізілетін болады.

«Насихат» дәріскер тобының мүшелері ай сайын халықты әлеуметтік қорғау шараларын көрсету, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша дәрістерімен қала мекемелеріне, ұйымдарына барады.

«Саран қаласының ЖҚжӘББ» ММ 9 ақпараттық стенд рәсімделген.

«Саран тынысы» газетінде қала азаматтарын әлеуметтік қолдау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы, халықты әлеуметтік қорғау шаралары бойынша мақалалар жарияланды.

«Саран қаласының ЖҚжӘББ» ММ жұмысы туралы барлық ақпарат бөлім сайтында орналасқан.


2016 жылға міндеттер
500 адамды – жұмысқа орналастыру,соның ішінде жастар – 200 адам;

қайта оқытуға – 26 адамды жолдау, бөлінген қаражат 966,0 мың теңге;

қоғамдық жұмыстарға - 200 адамды жолдау, бөлінген қаражат 19000,0 мың теңге;

8 жұмыссыз азаматқа - өз ісін ашуға материалдық көмек көрсету, бөлінген қаражат 678,7 мың теңге;

Жергілікті бюджет құралдары есебінен ұйымдастыру:

10 әлеуметтік жұмыс орнын, бөлінген қаржыландыру 1371,5 мың теңге

10 түлекті Жастар практикасына жолдау, бөлінген қаржыландыру 1583,8 мың теңге.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мақсатында, республикалық бюджет трансферттерінің есебінен:

15 түлек үшін кәсіпорындарда Жастар практикасын ұйымдастыру, бөлінген қаржы 3426,0 мың теңге;

кәсіпорындарда 10 әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, бөлінген қаражат 4263,0 мың теңге, 2015 жылдан ауысқаны 19 адам;

қайта даярлау курстарына 10 адамды жолдау, бөлінген қаражат 4096,0 мың теңге;

кәсіби даярлау курстарына 10 адамды жолдау, бөлінген қаржы 2731,0 мың теңге;

12000 мың теңге соммасында Бағдарламаның 4 қатысушысына шағын несие беру.

Бөлінген қаржыландыруға сәйкес, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындауды жүргізу:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 1070,0 мың теңге;

тұрғын үй көмегі – 21293,0 мың теңге;

азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер – 17431,0 мың теңге,

үйде оқытылатын мүгедек-балалар – 800,0 мың теңге;

18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы – 3665,0 мың теңге.

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңды іске асыру мақсатында:

24389,0 мың теңге сомасында санитарлы-гигиеналық құралдарды сатып алу;

17985,0 мың теңге сомасында жеке көмекшінің және ымдап көрсету тіл маманының қызметтерін көрсету;

«Инватакси» қызметін ұйымдастыру, бөлінген қаржыландыру 3909,0 мың теңге.

«Насихат» дәріскерлік тобының мүшелері әлеуметтік қорғау шараларын түсіндіру бойынша жұмысын жалғастырады.

Бөлім жұмысының жоспары мен жұмыс регламентіне сәйкес, бөлім жанынан құрылған Кеңестердің, комиссиялардың жұмысы жалғасатын болады.

18 жастан асқан тұлғалар мен балаларға, жалғызбасты қарт азаматтарға үйде қызмет көрсету жөніндегі бөлімше жұмысын жалғастырады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет