Сарықобда селолық округінің әкімі Ж. Умбеткуловтың 2013 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі



Дата24.02.2016
өлшемі51.08 Kb.
#17171
Сарықобда селолық округінің әкімі Ж.Умбеткуловтың 2013 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.
Құрметті ауылдастар!

  1. Экономика.

Сарықобда cелолық округіне екі елді мекен кіреді: Сарықобда және Болгарка. Мұнда барлығы 218 аула бар, соның ішінде Сарықобдада 104 және Болгаркада 114 аула барлығы 245 отбасы тұрады. Жалпы халықтың саны селолық округ бойынша 903 адам, соның ішінде Сарықобдада 406, Болгаркада 503 адам тұрғылықты тұрады.

Халықтың өзіндік қосалқы шаруашылығында селолық округі аппаратында тіркелген малдың саны:

Ірі қара – 1721

Жылқы – 135

Шошқа – 125

Қой – ешкі саны 2601

бірдейлендірілген мал саны-573

қой-450


Селолық округ бойынша жеке қожалық саны -26 , соның ішінде үш ЖШС Олар: ЖШС «Нариман», «Үміт - Надежда», «АкТеп»

  • жеке кәсіпкерлікпен айналысатын Сарықобдада селолық округі бойынша 4 дүкен бар

  • жеке сектордағы ірі қара жайылымы 6 бірлік, кой –ешкі 5

Сарықобда селолық округі бойынша шаруа қожалықтары «Кайрат», «Жандос». «МГВ» «Дастан» «Мунира» және ЖШС «Нариман», халықты шөппен қамтамасыз етіп жатыр, бірақ ауа райына байланысты толық мәселе шешілген жоқ. Мал басын асылдандыру мақсатында «Дастан» ш\қ 2012 жылы 2бас 2013 ж бір бас асыл тұқымды бұқаны өз қаражатына сатып алып,үкімет тарабынан субсидиясын алып отыр. Сонымен қатар осы шаруа қожалық технико паркін жанарту мақсатында екі шөп шабатын косилка және МТЗ-80 тракторын сатып алды.

  1. Жер ресурсы.

Жалпы селолық округтің аймағы 80 359 га құрайды. Соның ішінде Сарықобда 46 748 га, Болгарка 33 611 га. 2012 жылмен салыстра отырып пайдаланбаған жер қайтару мәселесін көтерсек село округі бойынша 2012жылдың 9 айында 55 ш\қ тіркелген 26 ш\қ бар осының ішінде 14 жұмыс жасайды, 7 жабылу мәселесінде. Ал 5 ешқандай жұмыс істемеуіне байланысты иесіз деп танылсын деп сотқа құжаттары дайындалуда осы ш\қ пайдаланбайтын жер көлемі 2193га.

Cыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық

сыбайлас жемқорылықты алдын алу мақсатында күнбе күн барлық мемлекеттік лауазымды тұлғалармен ескертіп және тоқсан сайын жиналыста осы мәселені көтеріп жатырмыз. Құқық бұзушылыққа қарсы күрес нәтижесінде учаскелік полициясының ақпараты боыйнша бес қылмыс қозғалған екеуі ашылды. 76 әкімшілік іс қозғалып 260 мың 650 тенгеге айып пұл салынды. Заңсыз жатқан қару жарақ тапсыру акциясының барысында 6 бірлік мылтық тапсырылды.Үкіметтің бір мылтыққа кайтару бағасы 40мың тенгені құрайды.


Сумен жабдықтау.

. Ауыл тұрғындары пайдаланатын ауызсуды аудандық санитарлық тазалықты бақылау мекемесінің мамандары әркез, жыл сайын бактериялогиялық және санитарлық химиялық тексерістер жүргізіп отырады. Санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеру мақсатында екі ауылдың да суларынан байқау мөлшері алынып тұрады. . 2013 жылдың қантар айынан бастап Сарықобда , Болгарка ауылдары толық ауыз сумен қамтамасыз етілді. Тұрғындардан бір сұраныс алдымызда қыс айлары келе жатыр. Барлығыңыз құдықтарынызды тексеріп қарап алуынызды сұраймын.



  1. Білім.

Сарықобда селолық округ бойынша 2 мектеп бар. Сарықобдада 79 оқушы, Болгаркада 59 оқушы бар. Бессараб орта мектебі 1982 жылы құрылды, компьютерлік кабинет бар интернетке қосылған , сонымен бірге 2008 жылы мектепті 3 млн. теңгеге физика кабинетімен қамтамасыз етті.

Болгарка орта мектебі 2007ж. құрылды. Интернетке кіретін компьютерлік кластары бар, сонымен қатар физика кабинетімен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері Болгарка мектеп- бақшасына 1 жас маман, Сарықобда орта мектебіне 1 жас маман келіп, жұмыс істеуде, олар тұрғылықты жермен қамтамасыз етілді.

Сарықобда мектебінен ҰБТ-ге 3 оқушы, Болгарка мектеп бақшасынан ҰБТ-ге 4 оқушы қатысты. Сарықобда орта мектебінің оқушысы Аккужин Жәнібек Мәскеу қаласында халықаралық олимпиадаға қатысып ІІІ-орынға ие болды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 125 балдық сертификатына иеленіп, Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Агро-теникалық Университетіне ақысыз оқуға түсті.


  1. Денсаулық сақтау.

Қазіргі уақытта Сарықобдада 1 дәрігерлік амболутория 1982 жылы құрылған, Болгаркада 1 фельдшерлік – акушерлік пункт орналасқан. Медициналық жәрдем барысында екі медбике жұмысшылары қызмет атқарады . Округ жедел жәрдем көлігімен қамтылған. Округ бойынша скрининг барысында 89 тұрғын тексерілді, 11 нәресте дүниеге келді, төрт адам туберкулезбен тіркеліп, амбулаториялық ем алып жатыр. Ал жыл басынаң қайтқан адамның тіркелген саны 4.

  1. Жолдар.

Округімізде 43 шақырым облыстық манызы және 70 шақырым аудандық манызы жолдары бар .2013жылы «Арай-М» ш\қ аудандық манызы бар жолды шартқа тұрғызып, қысқы мезгілде жолдарды қардан тазартып тұруға аудандық бюджеттен бөлінген 500 мын тенге игерілді. «КөкВест» ЖШС неше жылдан бері облыстық манызы бар жолды бақылауда Сонымен қатар биыл 74 шақырымдағы Алдаберген көпірін аяқтап іске қосты. Сарықобда селолық округі бойынша 3 көпір,6 құдық иесіз мүлігіне қойылды. Оның мақсаты болашақта құжаттандырып жөндеу мәселесіне қаражат қарастыру.

  1. Пошта. Телефон, электр, газ жүйелері.

Селолық округ бойынша пошталық бөлім жоқ. Пошта қызметкері газеттерді және халықтың зейнетақысын уақытылы әкеліп тұрады.

Телефон байланысын Алға филиалындағы «Қазақтелеком» АҚ қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Сарықобдада 89 номер, Болгаркада 113 номер пайдаланылуда.

Екі тұрғылықты ауыл да 12 километрді құрайтын орталық электр жүйесіне қосылған. Сарықобдада 4 км, Болгаркада 8 км. Округ бойынша 8 КТП орналасқан.2013 жылы Сарықобда ауылында 25 апора ауыстырылып 2 шакырымнан астам сымы тартылды . Ал Болгарка ауылында Республика бюджетінен «Өңірледі дамыту »бағдарламасы бойынша бөлінген 863 мың тенге игеріліп,ауылдың төрт көшесінің жарықтандыру мәселесі шешіліп отыр. 2014жылы осы бағдарлама барысында Сарықобда ауылының үш көшесін жарықтандыру жоспарда бар.


  1. Мәдениет. Спорт және туризм. Жалпы сақтандыру.

Селолық округ бойынша 2 мәдениет үйі бар. Болгаркада 200 адамға арналған 760 кв\м-ді құрайды, Болгарка мәдениет үйінің барлық құжаттары заңдастырылып Сарықобда селолық әкімшілігінің балансына алынды. Қазіргі танда күрделі жумысын жасау үшін жоба сметалық құжаттары дайындалуда. Сарықобда мәдениет үйі ЖШС «Нариман» балансында тұр. 2006 жылдан бастап мәдениет үйінде кітапхана жұмыс жасайды. Қазіргі таңда кітап қоры 11 120 дананы құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілімізде 1 963 дана кітап бар. 2008 жылы 263,7 мың теңгені құрайтын 99 дана кітап алынды. Округте орналасқан екі мәдениет үйі жөндеуді қажет етеді. Бүгінгі күні тұрғылықты пункт «ОРТ Евразия», «Қазақстан» каналдарымен қамтамасыз етілген, және де 75 пайыз халқы спутниктік антеналарды қолданады. Соның ішінде 25 пайызы «Отау ТВ» көріп отыр.


  1. Сарықобда селолық округі аппараты ММ – нің 2013 жылдағы атқарылған жұмыстары.

Сарықобда селолық округі аппаратында 8 – адам қызмет істеуде.

(Әкім – 1, бас маман – 2, жетекші маман – 1, іс – жүргізуші – 1, күзетші – 2, еден жуушы - 1).Жеке тұлғаларға 9 ай ішінде 336 анықтама беріліп, уақытылы қызмет көрсетілді. 510 ветеринарлық паспорт берілді. Жер және мүлік салығын қоры қазіргі танда 52 мын 446 тенге құрайды. Қараша айынан бастап Болгарка ауылында медпунктің жанынан әкімшілік ғимараты ашылып, тұрғындарға толық қызметің көрсетеді.

2013 наурыз айында ҚР президентінің Н.Ә Назарбаевтың жарлығымен осы жылдың 7 тамызында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті осыған байланысты әрбір селолық округте ауыл қауымдастығы құрылып жатыр. 2014 жылдан бастап ауыл әкімі осы қаумдастықпен бірлесе отырып ағымды ауыл мәселелерін шешу жолдарын қарастырады.

мектеп директоры-2

медицина қызметкерлері-2

электрик-2

Ақсақалдар кеңесінің төрағасы-1


  1. мүшесі болу керек)

шаруа қожалық басшылары -4

барлығы-15 адам



Умбеткулов Ж.О.

Сарықобда селолық округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет