«Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік қызметтерінің регламенті



Дата08.07.2016
өлшемі177.17 Kb.
#185397


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген


«Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті

1. Жалпы ережелер


  1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
    (бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетеді.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.

  3. Мемлекеттік қызметтер «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы
    18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң)
    26-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы
    № 7 қаулысының (бұдан әрі – Ереже) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік қызметтер стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы қаулысы.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысына басқа мүдделі мемлекеттік органдар қатыспайды.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызметтер құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап үш ай ішінде көрсетіледі.

7. Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

8. Тұтынушыдан мемлекеттік қызметтер алуға арналған сұратуды алған сәттен бастап және мемлекеттік қызметтер нәтижесін беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңдері:

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруші Комитетке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін жібереді;

сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруге арналған өтініш Ережеде көзделген мәліметтер көрсетіліп, еркін нысанда ұсынылады;

қажетті құжаттар пакеті құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерге кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады);

келіп түскен хат-хабардың мазмұны алдын ала зерттелгеннен кейін және тіркелгеннен кейін ол электронды құжат айналымы шағын жүйесі арқылы Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының қабылдау бөлмелеріне тапсырылады;

Комитет басшылығы құжаттарды қарауды олар келіп түскен күні жүргізеді;

Комитет басшылығы құжаттарды қарағаннан кейін және оларға электронды құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта тиісті бұрыштама қойғаннан кейін бұрыштамасы бар құжаттар одан әрі орындау үшін Қаржы ұйымдарын қадағалау департаментіне (бұдан әрі – ҚҰҚД) беріледі;

ҚҰҚД басшылығы орындаушыны айқындайды;

ҚҰҚД орындаушысы өтініш беруші сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруге ұсынған құжаттарды қарайды.

ҚҰҚД орындаушысы құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қарау қорытындылары бойынша сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы тиісті ұсынысты (бұдан әрі – ұсыныс) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулының жобасы) дайындайды.

келісу парағымен дайындалған қаулының жобасы, ұсыныс және түсіндірме жазба заң бөлімшесіне келісуге жіберіледі;

құжаттар заң бөлімшесімен келісілгеннен кейін бұрыштама қоюға Комитет Төрағасының бақылау жасайтын орынбасарына, одан кейін бұрыштама алу және одан әрі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына енгізу үшін Комитет Төрағасына жіберіледі;

құжаттардың толық пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне келісуге жіберіледі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен келісілген қаулының жобасы, сондай-ақ өзге құжаттар бұрыштама қоюға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бақылау жасайтын орынбасарына жіберіледі. Одан кейін ҚҰҚД орындаушысы қаулының жобасын, ұсынысты және түсіндірме жазбаны мемлекеттік тілге аударуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментіне жібереді;

құжаттардың толық пакеті одан әрі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаментіне жіберіледі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы қаулыны қабылдағаннан кейін ҚҰҚД орындаушысы осы қаулының көшірмесін қоса бере отырып, өтініш берушіні бұл туралы жазбаша хабардар етеді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту туралы қаулыны қабылдаған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызметтер көрсету үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.

9. Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға жүзеге асырады немесе құжаттар Комитеттің хат-хабарды қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшігіне салынады не почтамен жөнелту арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті 1 қызметкер болады.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер
(өзара іс-әрекеттер) тәртібін сипаттау

10. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда өтініш берушінің қолына өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон берiледi.

Талонды Комитеттің құжаттарды қабылдауға уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы жазады.

Тұтынушы құжаттарды почтамен жөнелту арқылы жіберген немесе құжаттар пакетін хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға хат-хабарды қабылдауды, ашуды және электронды құжат айналымы шағын жүйесінде тіркеуді және Комитет басшылығының қабылдау бөлмесіне тапсыруды жүзеге асырады.

11. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.

12. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысына қатысатындар:

1) құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерлер – қызметтерді тұтынушы ұсынған құжаттарға мөртабан белгісін қоя отырып және нөмір бере отырып қабылдау және тіркеу;

2) Комитет басшылығы – тиісті құжаттарға бұрыштама қою және қол қою;

3) ҚҰҚД басшысы – бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің басқармасын айқындау, тиісті құжаттарға бұрыштама соғу және қол қою;

4) ҚҰҚД қызметкерлері – өтініш беруші ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қарау, ұсынысты және қаулының жобасын дайындау;

5) Комитеттің заң бөлімшесінің басшысы – тиісті бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің тиісті басқармасын айқындау, құжаттарды келісу;

6) Комитеттің заң бөлімшесінің қызметкерлері – тапсырылған құжаттарды қарау және келісілген қаулының жобасын көрсетілген құжаттарды ұсынған тиісті бөлімшеге жіберу;

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаменті – тапсырылған құжаттарды қарау және келісілген қаулының жобасын көрсетілген құжаттарды ұсынған тиісті бөлімшеге жіберу;

8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бақылау жасайтын орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен келісілген қаулының жобасына бұрыштама қою;

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті – қаулының, ұсыныстың және түсіндірме жазбаның жобаларын мемлекеттік тілге аударуды жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті – қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына енгізу үшін құжаттар пакетін дайындау;

11) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы – сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру не беруден бас тарту туралы қаулыны қабылдау.

13. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген Комитеттің әрбір құрылымдық бөлімшесінің әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) жүйелілігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы Регламенттің 1-қосымшасында берілген.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды жүйелілігі мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында берілген.

15. Өтініш берушінің атына хат еркін нысанда жазылады.

16. Өтініш беруші осы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысы туралы ақпаратты ҚҰҚД хатшысынан 8 (727) 2788-070 телефоны бойынша ала алады.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Комитеттің мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдайтын шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

18. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарында қамтылған ақпараттың сақталуын, қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.

«Сақтандыру холдингі немесе

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының

ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім

беру» мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

1-қосымша
1-кесте. Іс-әрекеттер сипаты

Сақтандыру ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру





Негізгі үдеріс іс-әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Іс-қимылдың № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Комитет Төрағасының/

Комитет Төрағасының бақылау жасайтын орынбасарының қабылдау бөлмесі



Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті басшысы

Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

Комитеттің заң бөлімшесі

Төрағаның Ұлттық Банктің жасайтын орынбасары және Комитет Төрағасы

Ұлттық Банктің Заң департаменті

Ұлттық Банк Төрағасының бақылау жасайтын орынбасары

3

Іс-әрекеттің (операция үдерісінің, рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

Қызметтерді тұтынушы ұсынған құжаттарға мөртабан белгісін қоя отырып және нөмір бере отырып қабылдау және тіркеу. Электронды құжат айналымы шағын жүйесінде тіркеу.

Басшылықтың құжаттардың мазмұнымен танысуы және оларға электронды құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта бұрыштама қоюы және Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесіне жіберу

Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесі басшысының құжаттарды қарауы және орындаушыға тапсыруы.

Жауапты бөлімше орындаушысының құжаттардың заңнамаға сәйкес келуін қарауы, құжаттардың толық болуын тексеруі және заң бөлімшесіне келісуге жіберу

Құжаттарды келісу және жауапты бөлімшеге қайтару.


Құжаттар орындалуының негізділігін тексеру және құжаттарға электронды құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта бұрыштама қою.

Құжаттарды келісу және жауапты бөлімшеге қайтару

Ұлттық Банктің Заң департаментімен келісілген қаулының жобасына бұрыштама қою

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесіне немесе

Төрағаның бақылау жасайтын орынбасарының қабылдау бөлмесіне беру.



Құжаттарды Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесіне беру

Келіп түскен құжаттарды жауапты бөлімшенің басқармасына беру.

Келіп түскен құжаттарды, сондай-ақ дайындалған тиісті ұсынысты және Ұлттық Банк Басқармасы қаулысының жобасын заң бөлімшесіне беру.

Ұлттық Банк Басқармасы қаулының келісілген жобасын және келіп түскен құжаттарды тиісті жауапты бөлімшеге қайтару.

Құжаттарды одан әрі Ұлттық Банк Басқармасының қарауына енгізу үшін Комитеттің тиісті жауапты бөлімшесіне беру

Келісілген қаулының жобасын Комитеттің тиісті жауапты бөлімшесіне қайтару

Бұрыштама қойылған қаулының жобасын Комитеттің тиісті жауапты бөлімшесіне қайтару

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні.

1 жұмыс күні.

1 жұмыс күні.

Құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап 3 ай ішінде.

10 жұмыс күні

5 жұмыс күні.

10 жұмыс күні

5 жұмыс күні.

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

1-бағана.

2-бағана.

3-бағана

4-бағана

5-бағана

6-бағана.

7-бағана

8-бағана

кестенің жалғасы



1

Іс-қимылдың № (жұмыстың барысы, ағыны)

9

10

11

12

2

ҚФБ атауы

Ұлттық Банктің Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті

Ұлттық Банктің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті

Ұлттық Банк Басқармасы

Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің тиісті басқармасының уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

3

Іс-әрекеттің (операция үдерісінің, рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

Қаулының жобасын және ұсынысты мемлекеттік тілге аударуды жүзеге асыру

Басқармаға енгізу үшін құжаттар дайындау

Тиісті ұсынысты және Ұлттық Банк Басқармасы қаулысының жобасын қарау.

Қабылданған қаулының көшірмесін қоса бере отырып, тұтынушыға хат дайындау.



4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Мемлекеттік тілге аударылған қаулының жобасын және ұсынысты тиісті жауапты бөлімшеге қайтару

Қаулының жобасын Басқармаға енгізу

Басқарма хатшысының қаулыны қабылдауы және тіркеуі.

Қабылданған қаулының көшірмесін қоса бере отырып, хатты тіркеу және оны тұтынушыға жіберу.

5

Орындау мерзімдері

2 жұмыс күні

2 жұмыс күні




9 жұмыс күні

Қаулы қабылданған күннен бастап 7 күн ішінде.

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

9-бағана.

10-бағана.

11-бағана

12-бағана

«Сақтандыру холдингі немесе

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының

ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім

беру» мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

2-қосымша
Функционалдық өзара іс-әрекет схемасы

Сақтандыру ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үдерісі


2. Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесі/Комитет Төрағасының

бақылау жасайтын орынбасарының қабылдау бөлмесі

Құжаттардың мазмұнымен танысу және оларға бұрыштама қою.

Құжаттарды Комитеттің тиісті жауапты бөлімшесіне беру.

(1 жұмыс күні)





3. Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті басшысы

Құжаттарды қарау және орындаушыға тапсыру.

Келіп түскен құжаттарды бөлімшенің тиісті басқармасына беру.

(1 жұмыс күні)




1. Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Қызметтерді тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу.

Құжаттар пакетін Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесіне

немесе Төрағаның бақылау жасайтын орынбасарының қабылдау бөлмесіне беру.

(1 жұмыс күні)


4. Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің тиісті басқармасының уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

Құжаттардың заңнамаға сәйкес келуін қарау, құжаттардың толық болуын тексеру, ұсынысты және Ұлттық Банк Басқармасы қаулысының жобасын дайындау.

Заң бөлімшесіне келісуге жіберу.

(Құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап 3 ай ішінде)











8. Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің тиісті басқармасының уәкілетті қызметкері (орындаушысы)

Қабылданған қаулының көшірмесін қоса бере отырып, тұтынушыға хат дайындау.

Қабылданған қаулының көшірмесін қоса бере отырып, хатты тіркеу және оны тұтынушыға жіберу.

(қаулы қабылданған күннен бастап 7 күн ішінде)






7. Ұлттық Банк Басқармасы

Тиісті ұсынысты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының жобасын қарау.

Басқарма хатшысының қаулыны қабылдауы және тіркеуі.

(Құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап 3 ай ішінде)



6. Заң департаменті, Төрағаның бақылау жасайтын орынбасары, Ұлттық Банктің Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті, Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті

Қаулының жобасын келісу, қаулының жобасына бұрыштама қою, мемлекеттік тілге аударуды жүзеге асыру, Басқармаға енгізу үшін құжаттар пакетін дайындау және тиісінше тиісті қаулының жобасын қабылдау.

(28 жұмыс күні)


5. Комитеттің заң бөлімшесі, Төрағаның

бақылау жасайтын орынбасары және Комитет Төрағасы

Құжаттарды келісу және келіп түскен құжаттарды және Ұлттық Банк Басқармасы қаулысының келісілген жобасын жауапты бөлімшеге қайтару, қаулының жобасына бұрыштама қою.



(15 жұмыс күні)






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет