Сақтандыру қызметі



Дата29.02.2016
өлшемі116.1 Kb.
#31303


Сақтандыру қызметі

2008 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) жеке, заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - ЖЗҚ), бағалы қағаздар рыногы субъектілері қызметінің әртүрлі мәселелеріне қатысты 129 өтініш келіп түсті. Оның ішінде:

49 өтініш – екінші деңгейдегі банктердің қызметіне қатысты (жалпы санының 37,98 %) , 16 есеп беру кезеңінің аяғында қаралу үстінде;

22 өтініш – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне қатысты (жалпы санының 17,05 %), 21 - есеп беру кезеңінің аяғында қаралу үстінде;

6 өтініш – бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметіне қатысты (жалпы санының 4,65 %), 5 - есеп беру кезеңінің аяғында қаралу үстінде;

9 өтініш – жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне қатысты (жалпы санының 6,98 % ), 8 - есеп беру кезеңінің аяғында қаралу үстінде;

1 өтініш – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты (жалпы санының 0,78%), ол есеп беру кезеңінің аяғында қаралу үстінде;

– ҚР заңнамасының нормаларына түсініктеме беру туралы өтінішпен жеке және заңды тұлғалардың 28 сұратуы;

– Агенттікпен реттелмейтін мәселелер бойынша 14 өтініш (жалпы санының 10,85 %).

Төменде сақтандыру ұйымдары бөлігіндегі өтініштер жайлы және өтініштердің жалпы көлеміндегі олардың үлес салмағы жөнінде мәліметтер келтірілген:



1- кесте




Қаржы рыногының субъектілері

(қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар)


Есепті кезеңде

Келіп түскен өтініштер

Қаралуы аяқталған

Есеп беру кезеңнің аяғында қаралу үстінде

Саны

Қаржы рыногының тиісті секторындағы келіп түскен өтініштердің үлес салмағы, %

Саны**

Сақтандыру қызметі

1

А«КСЖ «Валют-Транзит Life» ӨСК» АҚ


5

22,73

0

5

2

«Premier Сақтандыру» АҚ

2

9,10

0

2

3

«Алтын Полис» СК» АҚ

6

27,27

0

6

4

«Атланта Полис» СК» АҚ

2

9,10

0

2

5

«Қазагрополис» ААҚ (таратылатын сақтандыру ұйымы)

1

4,54

1

0

6

«НСК «НАСКО- Қазақстан» ҰСК» АҚ

1

4,54

0

1

7

«Нұрполис» СК» АҚ

1

4,54

0

1

8

«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ

2

9,10

0

2

9

«Қазшетсақтандыру» шетелдік сақтандыру жөніндегі компания» АҚ

1

4,54

0

1

10

«Allianz Kazakhstan» (Альянз Казахстан) СК» АҚ

1

4,54

0

1




Жиынтығы:

22

100

1

21

17,05*

* - сектордың қаржы рыногындағы үлес салмағы

** - барлық өтініштер негізделген болып табылған жоқ

Қыркүйек айында сақтандыру қызметі мәселелері бойынша Агенттікке 22 өтініш келіп түскен.

Бұл ретте:

– ерікті сақтандыру бойынша – 8 өтініш;

– міндетті сақтандыру бойынша- 14 өтініш.



Төменде алдыңғы есепті кезеңде келіп түскен өтініштерді қарау барысы туралы мәліметтер келтірілген.

2-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Алдыңғы есеп беру кезеңдерінде келіп түскен және қаралуы 01.09.08 ж. дейін аяқталмаған өтініштер



Саны

Қаржы рыногының тиісті секторындағы үлес салмағы, %


Қаралуы 2008ж. қыркүйекте аяқталды, саны **


Есепті кезеңнің аяғында қарау үстінде, саны

1

«Premier Сақтандыру» АҚ

4

15,38

3

1

2

«Алтын Полис»СК» АҚ

6

23,07

6

0

3

«Казкоммерц-Полис» СК АҚ

2

7,69

2

0

4

«Казкоммерц-Life» СК АҚ

1

3,85

1

0

5

«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ

3

11,54

3

0

6

«Allianz Kazakhstan»(Альянз Казахстан) СК» АҚ

2

7,69

2

0

7

«Қазшетсақтандыру» шетелдік сақтандыру жөніндегі компания» АҚ

1

3,85

1

0

8

«Атланта Полис» СК» АҚ

3

11,54

3

0

9

«БТА Сақтандыру» Туран Әлем Банкінің еншілес компаниясы»

2

7,69

2

0

10

«ТрансОйл»СК» АҚ

1

3,85

1

0

11

«Виктория» СК» АҚ

1

3,85

1

0




ЖИЫНТЫҒЫ:__26__100__25__1'>ЖИЫНТЫҒЫ:

26

100

25

1

** - барлық өтініштер негізделген болып табылған жоқ

Сонымен қатар 3-кестеде есеп беру кезеңінде сақтандыру ұйымдарының қызметі, сондай-ақ, анықталған ҚР заңнама бұзушылықтарын мәселелері бойынша қаралған шағымдар мен өтініштердің негізділік көрсеткіштері келтірілген:



3-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Қаралуы 2008 ж. қыркүйекте аяқталған

Саны

негізделген талаптар

негізделгендердің жалпы санының негізделгендер %

анықталған ҚР заңнамалығын және/немесе шарт талаптарын бұзушылықтарымен талаптар


анықталғандардың жалпы санының анықталғандар %

1

«Premier Сақтандыру» АҚ

3

0

0

1

14,29

2

«Алтын Полис» СК» АҚ

6

2

50

3

42,86

3

«Қазшетсақтандыру» шетелдік сақтандыру жөніндегі компания» АҚ

1

0

0

0

0

4

«БТА Сақтандыру» Туран Әлем Банкінің еншілес компаниясы» АҚ

2

0

0

0

0

5

«Қазагрополис» ААҚ (таратылатын сақтандыру ұйымы)

1

1

25

0

0

6

«ТрансОйл» СК» АҚ

1

0

0

0

0

7

«Allianz Kazakhstan»(Альянз Казахстан) СК» АҚ

2

0

0

0

0

8

«Виктория» СК» АҚ

1

0

0

0

0

9

«Атланта Полис» СК» АҚ

3

1

25

2

28,57

10

«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ

3

0

0

1

14,29

11

«Казкоммерц-Полис» СК АҚ

2

0

0

0

0

12

«Казкоммерц-Life» СК АҚ

1

0

0

0

0




ЖИЫНТЫҒЫ

26

4

100

7

100

Өтініштердің негізгі бөлігі сақтандыру ұйымдарының сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмау және уақтылы және толық көлемде жүзеге асырмау, сондай-ақ сақтандыру компаниясының аннуитет шарттарына сәйкес сақтандыру төлемдері бойынша міндеттемелерін орындамау мәселелеріне қатысты болды.

Қыркүйек айында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау нәтижесі бойынша Агенттікпен «Атланта Полис» СК» АҚ қатысты 2008ж.қаңтардан бастап қыркүйекке дейінгі сақтандыру ұйымының қызметіне талдауды талап ету түрінде 1 міндеттеме-хат және сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмағаны үшін 1 жазбаша ұйығарым шығару түрінде, «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-на сақтандыру полисінде Сақтандыру ережесінің атауын дұрыс көрсетпегені үшін 1 міндеттеме-хат талап ету түрінде, «БТА Сақтандыру» ТуранӘлем Банкінің еншілес компаниясы» АҚ-на Агенттікке шағым бойынша толық ақпарат пен құжаттарды бермегені үшін 1 жазбаша ұйғарым шығару түрінде шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды.



«Алтын Полис» СК» АҚ-на қатысты анықталған ҚР заңнама бұзушылығына (келтірілген залал бағалауын тиісті өтінішсіз, сақтанушыны жетіспейтін құжаттар туралы ескертпегені, зардап шегушінің денсаулығына зиян келтірген залалды өтеуден заңсыз бас тартқаны үшін) байланысты және «Premier Сақтандыру» АҚ–на (сақтандыру полисі ҚР заңнама талаптарына сәйкес келмегені үшін) тиісті шаралар қолдану мәселесі Агенттікпен қаралу үстінде.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет