Саттар Ерубаев атындағы №24 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алимбекова Х. У
Математика сабағында оқушылардың логикалық танымдық әрекеттерін дамыту.
(2 сынып)
Қазіргі кезде бастауыш математика курсының білім мазмұнындағы және оны оқытудың әдістемесіндегі кейбір жағдайларды жекелеген мұғалімдердің жеткілікті дәрежеде түсінбеуінен логикалық тапсырмаларға көп көңіл бөлінбейді. Ол үй тапсырмасы ретінде беріледі. Ал оқушы оны шешу жолдарын түбегейлі түсінбегендіктен шығара алмайды.
Сондықтан бағдарламаның ерекшелігі логикалық тапсырмаларға көп көңіл бөлінеді .
Оқу материалын оқушыға дайын күйінде жеткізу, түсіндіру іс-әрекет үлгісін дайын түрінде көрсету емес, оқушымен бірлесе алға қойылған міндеттерді шешу, түсіну, ұғыну жолдарын іздестіру. Мұғалімнің негізгі міндеті қате пікірді бірден жоққа шығармай, оқушылардың өзара пікір алысу барысында елеусіз түзету, әр оқушыда «менің ойымша», «мен онымен келісер едім» деген сияақты өзін еркін ұстауынан мүмкіндік беретін ситуациялар туғызу керек.
Олай болу ішін баланың бойында ұғым, пікір, ой қорытындылар сияқты ойлаудың формалары қалыптасу керек. Баланың ойлау әрекеті өзінен өзі қалыптаспайтыны ақиқат. Демек, ойлау әрекеті ойдағыдай дамыту үшін , арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау.
Ұғым қалыптасқаннан кейін оқушы бойында пікір қалыптасады. Өз пікірін ортаға салып дәлелдейтін бала күрделі тапсырмаларды терең түсініп, оның өзіндік ішкі астарына үңіле ой қорытындысын жасауға бейімделеді.
Логикалық тапсырмаларды орындау барысында дедуктивтік, индуктивтік, аналогия, гипотеза сияқты ой қорытынды әдістерінің қалыптасқанын бала бойынан байқауға болады.
Түсініктеме
2 сыныпқа арналған «Математикалық логика» таңдау пәнін ұйымдастыру оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтың жалғасы іспетті «Математикалық логика» курсы 2 сыныптарда айына 1 рет өтеді.
«Математикалық логика» курсын оқыту төмендегідей мақсаттарға жетуді яғни оқушылардың:
- білімді және білімін пайдалана білетін;
- ашық коммуникативті, әр ортада орын табатын;
- танымдық көзқарасын, логикалық (яғни нақтылы, тұрақты, дәлелді) ойын жеке бастың қабілеті иен бейімділігін дамыта тусуде;
- меңгерген математикалық білімдерін өмірде, нақтылы жағдайларда, практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалана алуын қалыптастыруды көздейді.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін мұғалімдерге мынадай міндеттерді жүктейді:
-
оқушылардың логикалық ойын дамытып, терең білім беру;
-
жоғары саналыққа, өмірге тәрбиелеу;
-
математикалық біліктілігін, бейімділігін қалыптастыру арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
-
шығармашылыққа баулу.
Негізгі міндеттері: математикалық білім, білік, дағдыларды терең меңгертуді талап етеді.
-
Күнделікті өмірге қажетті есептеулер.
-
Басқа ғылым саласын меңгеруге негіз болатын есептеулер.
-
Өз бетімен білімін әрі қарай жалғастыруға жеткілікті ғылыми әдебиеттерді оқып үйренуге негіз болатын есептеулер.
Осы мақсат, міндеттерге жету үшін оқытудың жаңа мазмұнын анықтау және әдіс-тәсілдерін, құрал – жабдықтарын ұйымдастыру түрлерін іріктеп алу қажет.
Әрбір сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестілігі бойынша анықталады. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттері белгілі бір, әрі нақты нәтижеге жетуге бағындырылуы тиіс.
Жалпы алғанда «Математикалық логика» сабағында шешілетін есептер мына бағытта жүргізіледі.
-
Қиын шығарылатын есептер мен логикалық есептер астарласып келуі тиіс.
-
Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына қарай беріліп, оқушыны жасытпай қайта жігерлендіретін, түсіндіруі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болуы тиіс.
«Математикалық логика» таңдау пәнінің оқу- әдістемелік кешені мына төмендегі бөліктерден тұрады:
-
Оқулық
-
Дидактикалық материалдар.
-
Қызықты математика.
Оқу- әдістемелік кешенінің материалдары негізгі төрт бөлімді меңгертуге бағытталған:
-
Сандар әлеміне саяхат
-
Математикалық тапсырмалардың түрлері
-
Шамалар мұхиты
-
Сиқырлы фигуралар.
2 сынып оқушыларын «Математикалық логика» таңдау пәнін үйретудің психологиялық – педагогикалық негіздері.
Педагогикада орныққан қоғамдық ұстанымдарға сүйенеді.
Педагогика жас буындарға білім мен тәрбие берудің жалпы заңдылықтарын қарастырады. «Математикалық логика» пәні педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарына сүйене отырып, педагогиканың ортақ проблемалары мен қатар оқытудың өзіне тән мәселелерін қарастырады.
Мысалы, мақсаты: Жалпылау ойлау операцияларын қалыптастыру. Саралау, талдау, жинақтау, топтау ойлау операцияларын жетілдіру.
-
«Жалпылау»
Берілген сөздер тобын ортақ сөзбен ата.
Үстел ,орындық, диван, сөре.
-
«Саралау»
А; Ә; 8; Л. Бұл қатардағы не артық? Неге олай ойлайсың?
Дәлелде.
-
«Жұмбақты шеш»
Тал басында түндіксіз отау. Шешуі; ұя
-
Тізбектің құралу ерекшелігін анықтап, тиісті санды жаз.
2; 3; 7; 8, …..;13; 17 шешуі; 12.
-
«Жасырынған сөз»
Берілген сөздердің кез келгенін бір бір буынынан жаңа сөз құра.
Қызғалдақ, қарған, болашақ шешуі; қызғаншақ.
-
Мектепте жүгіруден жарыс өтті.
Асхат Медеттен бұрын, Жарқын Асхаттың алдында келеді.
Кім жеңді?
а. Асхат ә. Медет б. Жарқын в. Азамат
Жұмбақ
-
Егер «Т- дан» бастасаң
Санмын.
«Т- ны» алып тастасаң,
Жаумын.
Ж; «Төрт,өрт»
-
Ені 2 метр ор қазылған. Ұзындығы 2 м екі тақтайды пайдаланып, одан қалай өтуге болады?
Мақсаты: Математикалық білімді тұрмыста қолдана білуге машықтандыра түсу.
Қолданылған әдебиеттер
-
1-4 сыныпқа арналған Математика әдістемелік құрал.., Алматы., 2005ж.
-
Бастауыш мектеп., Қ. Айдарбаева., №6, 2006ж
-
Халықаралық «Кенгуру» математикалық байқауы., 2007ж
-
Оқушылардың логикалық танымдық әрекеттерін дамыту., Ұлмекен Жазықбаева.,
Анар Әуелбекова.,
Сатыбалды Омарханов.,
Шымкент 2009ж.
Достарыңызбен бөлісу: |