(Екі қолдың саусақтарын бүгіп ашамыз.
Бетті уқалап, қолды уыстап, су ішкендей қимыл жасау. Сиырдың мүйізін, құстың қанатын көрсету, гүлді бейнелеу).
№24. Кіші шармен жаттығу.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Кіші шарды аламын,
Жаттығу жасаймын.
Оң қолым мықты болсын!
Сол қолым мықты болсын!
(Екі шарды алақанға салып, уысқа қысу, оң, сол қолды көрсетіп, жаттығу жасау).
№25. Шеңберлер.
Шеңберлерді жиып қойдым,
Қатар-қатар тізіп қойдым.
Саусақтармен кезек-кезек,
Шеңберлерді басып қойдым. Бір шеңбер, екі шеңбер,
Үш шеңбер, төрт шеңбер,
Бесіншіні қайда екенін
Титтей бөбек табады екен.
(Үстел үстінде шеңберлерді тізіп қою, саусақтармен кезек-кезек шеңберлерді басу қажет)
№26. Тамшылар
Бір тамшы, екі тамшы,
Тамшылар асықпайды.
Тырс-тырс, тырс-тырс,
Ақырын тамшылайды.
Тездетеді тамшылар,
Сулаймын деп асығар.
Қол шатырда аламыз,
Жаңбырдан біз қашамыз.
(Бір қолдың ашық алақанына, екінші қолдың саусақтары мен кезек-кезек соғу. Өлеңнің соңғы жолдарында екі қолды жоғары көтеріп, саусақтарды түйістіріп, шатырды бейнелеу).
№27. Баспалдақ.
Достарыммен жиналып,
Баспалдақпен біз жүрдік.
Бір-екі, бір-екі,
Үстіне көтерілдік.
Санап алып сатыларын,
Астына қарай түстік.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш,
Баспалдақпен байқап түс!
(саусақтармен баспалдақты аттап, жоғары-төмен жүруді бейнелеу).
№28. Қаз.
Қаз қанатын жиып алды,
Қауырсынын жуып алды.
Оңға қарап, солға қарап,
Жерден дәнді тауып алды.
Дәннің бәрін шоқып алып,
Қанаттарын жайып алып,
Су мен жемге тойып алып,
Қаңқылдады, қаңқылдады.
(Екі қолдың саусақтарын айқастырып ұстау. Ұстаған күйде саусақтарды ашып-жабу, білезіктің буындарын оңға-солға бұру. Келесі қимыл: екі қолды білезіктің тұсынан айқастырып ұстаған күйінде, алақандарымен қанат қағу).
№
Достарыңызбен бөлісу: |