Саясаттану


 Семинар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау



Pdf көрінісі
бет55/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Семинар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Саясаттану пәнінен семинар сабақтарының мақсаты - дәріс сабақтарында 
алған білімдерін одан әрі толықтыру, бекіту, саясаттанудың түйінді мәселе- 
лерін, тарихи дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін шығармашылық 
жолмен игеру болып табылады. Сонымен қатар, студенттердің ойлау және өз 
бетімен ізденіс жұмыстарын жүргізуге икемдеу, өзіндік пікірлерін ауызша
158


жеткізу қабілеттерін дамыту.
Саясаттану пәнінен тәжірибелік-семинар сабақтары студент жұмысының ең 
басты көрсеткіші болып саналады, сондықтан, студенттен мұкият дайындық 
және үлкен жауапкершілік талап етіледі. Тәжірибелік сабақтардың тақырып- 
тары мен сұрақтары, дайындыққа қажетті әдебиеттер тізімі оку-әдістемелік 
кешенге кіретін силлабустарда көрсетілген, студент өз мүмкіндігінше семинар 
сабақтарына дайындық жұмыстарын жүргізуге барлық жағдайлар қарасты- 
рылған.
Студент әрбір сұрақтың мазмұнын толық, жан-жақты ашуға, терең ұғынуға 
ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқулықтар мен Интернет материал- 
дарын қолданумен шектелмей, дүние жүзі саясаттанушыларының еңбектері- 
мен танысып, талдай білуі қажет.
Студент талқыланып отырған сұрақтарының мазмұнын ауызша және өзі 
дайындаған қысқаша конспектілерге сүйене отырып баяндай алады. Қысқаша 
конспектілер тақырыпты есте сақтауға және жақсы ұғынуға көмектеседі. 
Сұрақ мазмұнын окулықтан оқып беру жауап болып саналмайды.
Сабақ айтуға дайындық барысында студент өз ойын жүйелеп алып, 
логикалық сабақтастығын, мазмұндылығын алдын-ала жоспарлап алғаны 
дұрыс болар. Өз ойын анық, әрі толық жеткізуге, қызықты, әрі шешен сөйлеп 
үйренуге басты назар аударған жөн.
8 Семинар сабақтарының өтілуіне және әдістемелік нұсқауларына
мысалдар
«Саясаттану» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтарының өтілуіне 
және әдістемелік нұсқауларына нақты бірнеше мысал келтірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет