Сборник  Scientific works’ collection №1, 2008 жыл · 2008 жылдың маусымынан шығады


АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ



бет2/2
Дата21.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#151759
1   2

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ

Ибраева Жұлдыз Бәгенқызы

Математика және информатика пәнінің мұғалімі
«Аймақтық білім беру сапасын арттырудың факторы –

қазіргі білім беру технологиялары» атты республикалық

ғылыми-практикалық конференцияда оқылған баяндама
В этой статье предложено внедрение инновационной технологии в учебный процесс. Рассматриваются проблемы методики обучения и реализация в учебном процессе информационно-коммуникативных технологии и интерактивных методов обучения.

In this article is offered introduction information technologies in scholastic process. They Are Considered problems methods of teaching and realization in scholastic process information-communication technologies and of the methods of the education.


Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алу құштарлығын дамыту болып табылады. Сондықтан да, осы мақсатқа жету үшін оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологияны «Веб-дизайн» таңдау пәнінде қолданамын.

Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған компьютерлендірілген әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Осы мәселеге сәйкес мектебіміздің кешегі тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен хабардар ету, сайт арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында байланыс орнату мақсатында 10 сынып оқушылары «Веб-дизайн» пәнінде мектептің сайтын құрастырды


Құрастырылған сайтта мектептің тарихы, түлектері, жетістігі, рейтингісі, жаңалықтары, мектепте өтетін оқушылардың білім жарыстары енгізілген.

Бұл сайтты қолданушы мектебіміздің 70 жылдан астам уақыттағы тарихымен танысып, ерекше лауазымға ие болған, үздік бітірген түлектерді анықтай алатын болады.

Әрбір оқушы мектеп рейтингісі бойынша өзінің білім деңгейі мен жетістігін анықтайды. Оқушының интеллектуалдығын арттыратын, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін политехникалық, гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша құрастырылған инттелектуалдық ойындар арқылы білімдерін тексеріп, жетілдіреді.

Мектептің оқу барысындағы өзгерістер мен жаңалықтары сайттың басты бетінде көрсетілген. Бұл сайт бүгінгі күні өз қолданысын табуда:

- мектепте болатын политехникалық, гуманитарлық және жаратылыстану бағытының онкүндіктеріндегі білім жарыстары http://mektepint.narod.ru сайтына енгізілді;

- мектебімізде болып өткен облыстық білім көрмесінде басқа мектептер ұжымына сайт көрсетілді;

- Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің ғылыми-практикалық және оқу-әдістемелік кешенінің отырысында сайт арқылы шеберханалық зертхана өткізілді.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі– тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру керек. Еліміздің білім беру жүйесінің дамуына ақпараттандыру ісінің, оның ішінде интернет арқылы өздігінен білім алудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде интернет желісінде жергілікті аймақтардың зиялы қауымдары туралы мәліметтер жеткіліксіз.

Осы мәселелерге сәйкес, ақпараттық технологияны негізге ала отырып, оқушылардың ұйымдасуымен Р.Қаппасқызының Нығметтану бағдарламасына арналған оқу-әдістемелік кешенін «Веб-дизайн» пәнінде интернет желісіне енгізуді жөн көрдік.

Нығметтанушыларға арналған электрондық оқытушы бағдарламасы қолданушының дербес жұмыс жасауымен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауына мүмкіндік береді.

Сайттың негізгі беті «Алғы сөз», «Баспагер», «Автор», «Мазмұн» бөлімдерінен тұрады. «Мазмұн» бөлімінде қолданушы теорияны, сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану арқылы толық курсты меңгеріп, тест арқылы білімін тексере алатын болады. Ал мектебіміздің пән мұғалімдері құрастырған математикадан, қазақ тілінен, географиядан берілген тапсырмалары пәнаралық байланысты жандандыра түседі. Көру арқылы қабылданған ақпараттың адамның есінде ұзақ сақталатындығы туралы психологиялық тұжырымдарға негіздеп фильмдер енгізілді. Осы фильмдерде Н.Нұрмақовтың ұрпақтары мен туысқандарының пікірлері табиғи түрде таспаға түсіріліп, өңделді.


Өзінің әмбебаптығымен қатар білім сапасын жақсартудың жаңа жүйесінің бірі болып саналатын, қолданушының отандық-патриоттық санасының қалыптасуына әсері мол сайт, бүгінгі күні оқу үрдісінде пайдаланылуда. Оқушылар Internet желісінде http://nurmakova.narod.ru сайтын қолданады. Электрондық оқытушы бағдарламасы туралы облыстық, республикалық ғылыми конференцияларда пікір алмасып, авторлық бағдарламалардың республикалық конкурсында сайысқа түсті.

Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін.

Осы мақсатта «Веб-дизайн» пәнінде «XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» тақырыбында интерактивті әдістемені қолдана отырып, 10 сыныптар аралығында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде сайт құрастырушы жас зерттеушілердің жұмыстары тыңдалып, ақпарат алу көздерінің әр қайсысының өзіндік маңызы зор екеніндігі және



  1. Ақпаратты алудың қандай жолдарын білесіз?

  2. Интернет ақпаратты толық алуға мүмкіндік бере ме?

  3. Ақрататты қандай ақпарат көзінен алған дұрыс деп санайсыз?

  4. Интернеттен қандай ғылымдарға байланысты мәлімет алдыңыз?

  5. Интернеттен алған мәліметті кітаптардан алған мәліметтермен байланыстырып, толықтырасыз ба?

сұрақтары бойынша оқушылар өзара пікір алмасты.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Олай болса, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашағымызға жұмсауымыз керек.
Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2002.

  2. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».

  3. Қ.Р.Қаппасова. Оқу құралы. Нығмет Нұрмақов – аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері. Қарағанды, 2005.

  4. Информационная технология. Электронное издание. СТ РК. А.2004

  5. Информатика и образование, 2004, №12

Жас зерттеушілер жазбаларынан
«Экология» секциясы
ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Омарғалиев Нұрсұлтан Төлепбергенұлы

10- сынып оқушысы

Халықаралық ғылыми жоба жарысының

II дәрежелі диплом иегері

Ғылыми жетекші: ҚАРМУ география факультетінің

доценті Серікболат Алдыноңғарұлы Талжанов

Жетекші: Жакенова Гүлшат Камидоллақызы
Аймақтық кара металлургия дамуындағы экологиялық мәселелер.

Тегiнде айналадағы ортаның ластануы өнеркәсiп орындарының өнiм өндiруiне тiкелей байланысты екенi белгiлi. Оның мысалын Қазақстанның басқа өнеркәсiп орындарындағы сияқты «Миттал Стил» АҚ-на кiретiн кәсiпорындарынан да келтiруге болады. Жалпы қара металлургия кәсiпорындары ауа және су бассейндерiн ластау масштабына қарай жылу электр кәсiпорындарынан кейiнгi екiншi орында тұр.

«Миттал Стил» металлургиялық комбинаты орналасқан Темiртау қаласы
Қазақстандағы ең лас, экологияльщ жағдайы қолайсыз қалалардың қатарына жатады.

«Миттал Стил» АҚ-ы қазiргi кездегi Қазақстан Республикасындағы бiрден-бiр қара металлургия саласындагы iрi толық циклдi кәсiпорын. Жалпы жер көлемi- 5 мың га құрайтын кәсiпорын құрамына барлық металлургиялық өңдеулер, яғни агломерация, домна, болат балқыту (мартеноттек конверторлi, электр балқыту цехтары), прокат, коксохимиялық өндiрiсi, қуатты және өңдеу цехтары мен көмекшi қызметтер комбинатының бiрқалыпты тоқтаусыз жұмыс iстеуiне жағдай жасайды. Комбинаттың мұндай құрылымы және өндiрiс көлемiнiң үлкен болуы қоршаган ортаға бiрiқтар зиянды заттардың көп мөлшерде таралуына жағдай туғызады. Өндiрiстiк процестер кезiнде шығатын химиялық улы заттардың қосындылары қатты және газ күйiндегi зиянды заттар, жуынды-шайынды сулар, күл-қоқыс қалдықтары кәсiпорны және де жалпы аймақ үшiн экологиялық қауiп төндiредi.

Қала ауасының ластану дәрежесi өте жоғары. Орта жылдың бензопирен концентраты 4-6 ПДК, фенол концентраты 1 ПДК-дан астам болады. Кейбiр күндерi фенол, азот диоксидi концентраттары 6-8 ПДК-ға дейiн, ал күкiртсiтек, аммиак, көмiртегi концентраттары 2-5 ПДК-ға дейiн жетедi. Ластанудың жоғарғы дәрежесi металлургиялық комбинаттың қалдықтарынан құралады. Комбинат жалны зиянды қалдықтар шығару көлемi бойынша ТМД елдерi арасында 5-шi орында, ал қара металлургия кәсiпорындары арасында шаң мен күкiрт диоксидiн шығару бойынша екiншi орында. Комбинат үлесiне қаланың ауа бассейнiне шығатын барлық пайыздың 70 пайызы тиедi. Сонымен қоса, ол Самарканд су қоймасы мен Нұра өзенi суын ең негiзгi пайдаланушы және ластанушы болып табылады.

Мамандардың есебi бойынша бiр ғана шаңның жиынтық үлесiн шығару 1 тонна болатқа шақанда 72 кг шамасында екен. 1995 жылы атмосфераға 50, 30 мың тонна шаң және 450, 50 мың тонна газ тәрiздi зиянды қалдықтар тасталган (диаграмма 1).

Металлургиялық комбинат ауаға 1 тәулiк iшiнде 78 мың тонна шаң, 9 тонна көмiрiышқыл газын және 1,6 тонна күкiртгi, газды бөлiп шығарады екен. Кәсiпорыннан шығатын қалдықтар құрамында күкiртсутек (1,2 мың тонна), күкiрт диоксидi, көмiртегi оксидi, азот оксидi, фенол, улы элементгерден хром, никель, кобальт, марганец, мырыш, қалайы, берилий және т.б. зиянды заттар.

«Миттал Стил» АҚ-ы қурамындағы ЖЭС-2 ауаны ластайды. Ол ауа көп мөлшерде шаң-тозаңдар, түтiндер мен күйелер қосады. Электростанция орталығы тәулiгiне 2000 тоннаға жуық көмiр жағып, ауаға шамамен 300 тонна күл және 120 тонна күкiрт оксидiн шығарады.

«Миттал Стил» АҚ-ы шахталарында көмiр қабаттарын алу кезiнде қоршаған ортаға керi әсерiн тигiзетiн келеңсiз факторлар кобеюде. Олар — аумақтың бос болмауы, су балансының бузылуы, шахта суының сыртқа шығарылуы, жер бетiнде шұңқырлардың пайда болуы, жыныстарды жойылуынан жер бетiнiң өңсiщденуi, жердi түлетудiң жеткiлiксiз жүргiзiлуi деуiмiз керек. Жыл сайын көмiрмен бiрге З млн. тоннаға жуық тау жыныстарын шығарылады. Сөйтiп үйiндiлердiң пайда болуы немесе жер қыртысының төмен түсуi салдарынан жер үстi өзгерiске ұшырауда. Шахталар жыл сайын ауаға 41,3 млн. тоннаға жуық зиянды қалдық шығрады.

Бұл қалдықтар, яғни «Миттал Стил» АҚ-ы құрамындағы металлургиялық, жылу электростанциясы, көмiр кәсiпорындарынан шығатын қалдықтар тек қана ауаны ластаумен шектелiп қоймайды. Белгiлi бiр физикалық-географиялық жағдайда ауаны ластайтын заттар тiкелей атмосферада химиялық реакцияға шырайды. Соның нәтижесiнде өзiнiң қасиеттерi жағынан бұрынғыдан анағұрлым қауiптi жаңа заттар түзiледi. Сөйтiп, тiкелей атмосферада ететiн мұндай реакциялар «түтiндi тұмандардың» пайда болуына алып келедi. Қаланың үстiн ерекше қара түтiн басып тұрады. Ал атмосферадағы қара түтiн дегенiмiз күн нұрының 25 пайызының ультракулгiн сулесiнiң 50 пайызына жуығын жұтады екен.

Металлургиялық өндiрiстiң өнерксiптiк ағын сулары жер бетi суларына ғана емес, жер асты және грунтты суларға да керi серiн тигiзедi. Өндiрiс процестерi кезiнде шығатын қалдықтар көп жердi алып үйiндi болып жатады да, сол жердiң топырағы мен өсiмдiгiне керi серiн тигiзедi. Бұл үйiндiлердiң сумен шайылып, желмен шашылуының нәтижесiнде құрамындағы улы заттар көптеген қашықтықтарға дейiн таралып, қоршаған ортаның табиғи геохимиялық орталығын өзгертедi.

Жалпы техногендi ластануы калдықтардың физикалық сипаттамасына байланысты (агрегатты жағдайы, ылғалдылы, тығыздық) барлық зерттелген орта бойынша (топырақ, жабайы өсiмдiктер, атмосфералық жауын-шашын) белгiленген деңгейден (1 категория) асып түседi.

Қоршаған ортаның қосылыстармен ластануы адамдардың денсаулығына керi әсер етедi, көптеген аурулардың өршуiне толық жүйке жүйесiнiң, бүйректiң зақымдануына, жүрек, эндокриндi және т.б. органдардың ауруға шалдығуына келiп соғады. Жалпы атмосфераға тасталатын зиянды улы қалдықтардың 40,2% - агломерация, 23% - коксохимия, 15% - мартендiк өндiрiстер шығарады ( диаграмма 2).

Диаграмма 2 (%-бен)
Металлургиялық комбинаттың қоршаған ортаға жоғары мөлшерде зиянды қалдықтар тастап, зиян келтiруiн мынадай себептермен түсiндiруге болады: жабдықтары мен құрылыстары жоғарғы дәрежеде ескiрген негiзгi қорлардың үлкен көлемде болуы, өндiрiс технологиясының физлкалық және моралды турде болуы, шикiзат базасы саналатын Атасу және Лисаковск кен орындары темiрiнiң құрамында фосфор мен күкiрттiң көп болуы, отын балансында табиғи газдың болмауы, қолданылып келетiн Қарағанды көмiрiнiң кулдiлiгiнiң жоғары болуы. Комбинат ТМД-ның басқа кәсiпорындарына қарағанда бiр өнiм түрiн алуға отын флюс, отқа төзiмдi материалды, техникалық суды, шикiзатты қор жолданады. Комбинат дамуының алғашқы кезеңдерiнде технологиялық агрегаттардың өндiрiстiк қуаттарының дамуында табиғи ортаға қаншалықты мөлшерде және қалай сер ететiндiгi ескерiлмей келген. өнерксiпте тиiмдiлiгi аз және толық жетiлмеген тазартқыш аппараттар қолданылады. Ал комбинаттың жобалық тiкелей дәлдiктi сумен жабдықтау жүйесi Самарқанд су қоймасынан алынатын таза техникалық айналымьштың төмендiгiн алдын ала анықтаған.

Комбинат «Миттал Стил» ашық типтi акционерлiк қоғамына айналғаннан бастап, өндiрiс көлемi көбейтiлiп, экологиялық таза өнiмдер шығаруға бағытталған жаңа технологиялар енгiзiлiп, күрделi қаржылар бөлiнуде. Өйткенi, қоршаған орта өте күрделi, алуан түрлi, әрi сан-салалы. Қоршаған орта әлеуметтiк объектi болғанымен, оны басқару әлеуметтiк сипат алады, өйткенi оның өзi бүкiл қоғам мүддесiн қозғайды.



Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс шаралар және оны шешу жолдары

Қара металлургия — бұл Қазақстан өнеркәсiбiнiң жетекшi саласы. Мұнда қара металл кендерiнiң, кокстелетiн көмiр мен кендi емес шикiзаттың шоғырланып орналасуы Қазақстанда қуатты қара металлургия өндiрiсiн құруға колайлы жағдай жасады. Елiмiзде дүниежүзiлiк хром рудасының 30 % коры, марганец кенiнiң 26%-ы және темiр кенiнiң 10%-ы шоғырланған. Қара металлургияның дамуындағы басты аймақ — Орталық Қазақстан. Қарағанды металлургиялық комбинаты Қарағанды облысы Темiртау каласының шығыс бөлiгiнде, Самарканд су коймасының сол жақ жағалауьтнда орналасқан. Аумағы 5 га жердi құрайды. Кәсiпорынның географиялық орнының колайлы және қолайсыз жақтары бар. Қолайлы жақтары: отын және шикiзат көздерiне жақын орналасуы, транзиттiк жағдайымен нарыққа шығуының еркiндiгi және өзiнiң негiзгi сауда бәсекелестерiне Ресей мен Қытайға жақын орналасуы және т.б. Қолайсыз жақтары: iшкi рыноктарға сұраныстың аз көлемде болуы, теңiзге шығуға мүмкiндiгiнiң болмауы, қатаң климат жағдайы және т.б. Ал дүние жүзiлiк қара металлургия өнерксiбi орналасуындағы қазiргi кездегi негiзгi фактор, ол дүние жүзiлiк рыноктан келетiн арзан шикiзат пен отын қорларын алуға ыңғайлы теңiз жағалаулық аудандар мен портты қалаларда шоғырлануы. Мысалы: Жапонияның барлық зауыттары теңiз жағалауында орналасқан. Осындай жағдай Батыс Еуропа елдерiне де тән. Қарағанды металлургиялық комбинаты Қазақстан қара металлургия саласындағы ең iрi металлургиялық толық циклдi өндiрiс орталығы болып табылады. 20-ғасырдың 40-шы жылдарынан жұмыс iстейтiн кәсiпорын , 90-шы жылдардың басында бұрынғы КСРО-да Магнитогорск және Липецк металлургиялық комбинаттарынан кейiнгi 3-орынды иеленедi. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiнгi елдер арасындағы экономикалық байланыстардың үзiлуiне байланысты, 1991-1992 ж. басталған Қазақстан өнеркәсiп өндiрiстерiнiң құлдырауы, қара металлургия өндiрiсiне, оның iшiнде металлургиялық комбинаттың дамуына да керi әсерiн тигiздi. Осыдан 1991-1995 ж. өндiрiс көлемi үнемi құлдырауда болды. 1995 жылы комбинатта 1990 жылмен салыстырғанда шойын өндiру 48,4%-ға, болат өндiру 43,9%-ға, жалатылған табақша мен қапталған каңылтыр 71%-ға дейiн төмендедi. Осы кездегi комбинаттың кредиторлық қарызы 11740 млн. тг. құрады.

Металлургиялық комбинаттағы экономикалық дағдарыс 1995 ж. үндiлiк «LNМ Group» компаниясымен тұрақталынып, алға басудың алғашқы нышандары көрiнiп, өндiрiс көлемi бiртiндеп есе бастады. 1999 ж. өндiрiс көлемi қайта жанданып, даяр өнiм өндiру 33,8%-ға өстi. Оның iшiнде шойын өндiру 32,5%-ға, болат 31,6%, табақша каңьтлтыр 23,3%, ақ каңьтлтыр 4,4%, қара металды құбыр шығару 2,6 есе, алюминий және мырышпен қапталған прокат өндiру 4,9 есеге дейiн көбейдi. «Миттал Стил» ААҚ дамуындағы басты жағдай, ол жергiлiктi отын қоры мен темiр кенiнiң мол коры, металлургияға қажеттi қосымша кендi емес, өндiрiс орнына жақын орналасуы және осы салалардық бiрiктiрiлiп бiр компанияның қол астына көшуi деп есептеймiн. Бiрiккен инфрақұрылым құрамында көмiр кенiштерi, темiр кен орындары, электроэнергия өндiрiсi және транспорттық құрал — жабдықтары өндiрiстерi де бар. Дамуының басты бағыттары неғрлым тиiмдi өнiм тұрлерiн көбiрек шығару және өнiмнiң сапалылығын арттыру. Бұл үшiн:

1. шикiзат базасының есiмiн арттыру, тоттыққан көмiр кварцитiн байыту технологиясын меңгеру.

2. темiр рудаларынан тiкелей болат алатын жетiлдiрiлген технологияны қолдану.

3. кұрамында металл бар өндiрiс қалдықтары мен металл ломдарын толықтай пайдалану.

4. болат балқыту үрдiсiнде электроболат қорыту мен оттегi конвенторлы әдiстерiн толықтай енгiзу.

5. соңғы өнiмдер сапальтлығын арттыру (сұйық, ыстық, катанды табақшалар қапталған каңылтырлар және т.б. дайын өнiмдер шығару)



Осы бағыттарды жүзеге асыруда Қарағанды металлургия комбинаты мынадай жетiстiктерге жеттi ден есептеймiн. Қазақстан қазiргi кезде болат өндiрiсi көлемi жөнiнен дүние жүзiнде 28-орынды иемденедi, 2002 ж. оның көлемi 5 млн. т. құрады. 2003 ж. қорытындысы бойынша «Миттал Стил» сұйық болат шығаруды алдағы жылмен салыстырғанда 2,1%-ға арттырып, 2002 ж. 3,9 млн. тоннадан 4,8 млн. т. дейiн кетердi. 2004 жылы оны 5,4 млн. т. жеткiзу көзделiп отыр. 1995 жылмен сальтстырғанда дайын прокат өндiрiсi 80%-ға, шойын өндiру 38%-ға, кокс өндiру 45%-ға, агломерат өндiру 48%-ға артқан. Жалны Қазақстан бойынша жара металлургия өнеркәсiбi жылдан жылға қарқынды даму үстiнде. Бұл қара металлургия өнiмдерiне деген сұранцыстың жоғарылығына байланысты. Осыған сәйкес 2003 ж. Қазақстан ЖІӨ-нiң 9%-ын құраса, қара металлургия өнiмi көлемi 10,5%-ға өскен. Осы жылдар аралығындағы нәтиже елдiң индустриалды дамуында экономикалық өнiм деңгейiн арттырды ден ойлайсың. Алайда, қазiргi кезде комбинатта арнайы сұранысқа қажеттi материалдар, арнаулы металлөнiмдерi аз көлемде шығарылады. Экспортқа шығарылатын метал бұйымдары металлургиялық өнеркәсiп деңгейiне сай емес. Осы жылдар iшiнде комбинат негiзiнен шикiзат базасын кеңейту барысында жұмьис жасады. Комбинатты шикiзатпен қамтамасыз етуге Сәтбаев — Сарыбай, Аят, Лисаковск, Қашар, Қоржынкөл және Карқаралы, Кентөбе кенiшi Атасу ААҚ, компания құрамына кiрдi. Осыдан темiр кенiн өндiру көлемi ұлғая бастады. Шығарылған өнiмдердiң 180-нен астам маркасы сапасы жөнiнен дамыған елдердiң ұлттық стандарттарына сәйкестендiрiлдi. Дуние жүзiлiк тәжiрибе көрсеткендей, қара металлургия тиiмдiлiгi мен өнiмдiлiгiн арттыру жолдары — оның территориялық және сапалық құрылымын жетiлдiру мен мамандану деңгейiн жоғарылату, өнiм түрлерiн көлемiн арттыру болып табылады. Бұдан шығарылатын қорытынды, өндiрiстi автоматтандыруды электронды есептеу техникасы мен экономикалық математикалық тәсiлдердi қолдануға негiзделген автоматты басқару жүйесiмен байланыстырылып жүргiзу. Сондықтан бұл мәселенi шешуде қазiр комбинаттың әр цехының өндiрiстiк процесiнде автоматтандырылған агрегаттар жұмыс iстейдi. Болат балқытту өндiрiсiнде болат балқыту процесiн басқару автоматтандырылған түрде жүргiзiледi. 2004 жылы комбинат болатты үздiксiз құю кондырғысын орнату және оны iске қосу, сонымен бiрге компания жоспарында Ақтау қаласында мұнай — газ өнерксiбi үшiн құбыр өндiрiсi зауытты құрылып жобалануда. Экономикалық географиялық зерттеулердi «локальды деңгей», «локалитет» деген ұғымдар бар. Экономикалық — географиялық зерттеулердегi локальды деңгей бұл биологиялық зерттеулердегi клеткалық зерттеу деңгейiне теңестiрiледi. Оның қалыптасуының басты себептерi өндiрiстiң географиялық орыны, табиғи жағдайлары мен табиғи қорлар, атқарылған кызмет салаларының орналасуы және халытық орналасуы мен алеуметтiк — географиялық жағдай мәселелерi қоса қарастырылады. Осы iлiм тұрғысынан алғанда комбинаттың әлеуметтiк жағдайлары да қоса қарастырылады. «Испат - Қармет» АҚ өндiрiстi қайта жабдықтау және жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу мақсатында инвестициялар салу үстiнде. 1995-2000 ж. аралығында металлургиялық комбинатқа салынған инвестиция көлемi 700 млн. доллар көлемiн құраған. Жалпы инвестициялар салуды З категорияға бөлуге болады. Бiрiншiсi, өндiрiске күрделi жөндеулер жүргiзiп, және өндiрiстi қайта жабдықтау үшiн, екiншiсi жаңа әлемдiк стандартқа сай техникалар мен жабдықтарды сатып алуға, үшiншiсi, әлеуметтiк және мәдени сала мен қоршаған ортаны сауықтыру үшiн бөлiнедi. Осы тұрғыда «Испат — Қармет» дүние жүзiндегi ең алдыңғы қатардағы банктермен инвестициялық келiсiм — шарттарға отырған. Әлемдегi ең iрi банктердiң бiрi Еуропа реконструкцуия және даму банкi «Миттал Стилге» 135 млн, доллар көлемiнде несие берсе, халықаралық қаржы корпорациясы 315 млн. доллар көлемiнде несие бердi.

Қоршаған ортаның ластануы өнеркәсiп орындарының өнiм өндiруiмен тiкелей байланысты екендiгi белгiлi. Оның мысалы, Қазақстанның басқа кәсiпорындары сияқты «Миттал Стил» АҚ-на кiретiн кәсiпорындардан да келтiруге болады.

«Әдебиет» секциясы
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕР-СУ АТТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АҢЫЗДЫҚ ПРОЗАНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ МЕН ДАМУЫ


Бекмағанбетова Айгерім

10-сынып оқушысы

Облыстық «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми жоба

жарысының I дәрежелі диплом иегері
Жетекшісі: Әкімбекова Гүлзира Зейноллақызы

Туып өскен өлке атауларына қатысты аңыздық проза түрлерінің жанрлық сипатын, тарихи шындықпен миф, аңыз, әңгімелердің ара жігін ажырату жұмысымның мақсаты болып табылады.

Зерттеу барысындағы жаңалығым - тақырыбымның Орталық Қазақстан өңіріне қатысты алғаш рет қарастырылып отыруы және аңыздық прозаның халық арасындағы нұсқалары мен версияларының қамтылуы.


Тау – төбе аңыздары

Сай – сала аңыздары

Өзен – көл аңыздары

1.Қарқаралы таулары

1.Қайрақты

1.Қалабай көлі

2.Қырық қыз


2.Құнанбай жері

2.Шайтанкөл

3.Кіші Айдаһарлы,Үлкен Айдаһарлы таулары

3.Батық




4.Наршөккен

4.Ақсу-Жабағылы жері




5.Беғазы

5.Дәукен басы







6.Ақбауыр






«Қарқаралы таулары» мифі

Ертеде Алла Тағала солтүстіктен мұз басып келеді деген хабарды естіп, суықтан қорғауға бел буады. Ол қапшығына жан-жағындағы барлық тастарды жинап алып, ұзақ жолға аттанады. Жолда көптеген адамдарды кездестіреді. Олар Алла Тағаладан тау және су беруін өтінеді. Бірақ Алла Тағала ешкімге назар аудармайды. Сөйтіп келе жатқанда алдынан Асан қайғы шығады. Сонда Асан қайғы:

-Құдіретті Алла, жапан далада тұратын қазақтарға көмектесе гөр! Оларға жел тоқтататын тау бер,-деп сұрапты. Сонда Алла Тағала:

-Солтүстік жақтан мұз тау басталып келеді. Мен сол мұздыққа кедергі жасайтын таулар апара жатырмын,- дейді.

-Сен өзің осы дүниедегіні басқарып отырсың. Егер мұздықты тоқтата алмасаң, сенің құдіретің қайда?-дейді Асан ата.

Бұған Алла қатты ашуланып, Асан қайғы сөзіне жауап та қатпай, кетіп қалады. Сонда Асан қайғы жасырынып келіп, Тағаланың қабын кесіп қалады. Қаптан шашылып қалған тастар үлкен-үлкен тауларға айналады. Міне осыдан кейін Қарқаралы, Көкшетау, Баянауыл таулары пайда болған дейді-мыс [2].



«Қарқаралы таулары» мифіне талдау

1)Алла Тағала, Асан қайғы

Қазақ арасында Алла Тағалаға қатысты Аңыз әңгімелердің пайда болуы шамамен орта Азияға ислам дінінің ене бастаған кезімен тұспа-тұс келеді. Яғни ҮІІІ – ІХ ғасырлар. Қазіргі Қазақстан территориясының оңтүстік өлкелеріне ислам дінінің ене бастағандығы белгілі. Ал мифтегі екінші кейіпкер Асан қайғы қазақ тарихында ХҮғ өмір сүрген әйгілі жырау. Ол жөнінде Асан ата айтты дейтін жер-суға қатысты аңыз-әңгімелер қазақ арасында кең тараған. Алайда Асанның Алла Тағаламен тілдесуі жөніндегі Қарқаралы тауы атты миф алғаш рет қарастырылып отыр. Шындығында Асан атаның Алла Тағаламен тілдесуі маңызды емес, керісінше қазақ жерінің киесі болған таулардың пайда болу тарихының баяндалуы маңызды.

Шындығында мифтің Асан қайғыға қатысты болмауы да мүмкін. Халықтың мифтік ойлау жүйесі сондай болған. Бұл мифте 3 дәуірдің, тарихи кезеңнің сипаты айқындалады:

1.Мұз дәуірі

2.Ислам дінінің пайда болуы және қазақ даласына енуі

3.ХІҮ -ХҮ ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылу қарсаңы

Осылайша уақыт аралығы алшақ дәуірлер оқиғасын тұтастандыру арқылы Қарқаралы таулары мифі пайда болған.

Қорытындылай келгенде, жер-су, елді-мекен атауы-халқымыздың өткендегі тарихы, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы қалыптастырған бай тәжірибесінің жемісі. Қазақ фольклортану ғылымында мекендік аңыздар зерттеулерге негіз болып, оған қатысты құнды пікірлер айтылса да, күні бүгінге дейін соншалықты мол қазыналарымыз басқа да фольклорлық шығармаларымыз секілді арнайы жинақтар болып баспа жүзін көргенмен, олар соншалықты көп емес. Менікі сол жолдағы талпыныс. Сондықтан да асыл-қазынамызды сақтап қалу үшін менің айтар ұсыныстарым мынандай:

1.Жер-су аңыздарына байланысты басылымдарды көбейту.

2. «Орталық Қазақстан жерінің шежіресі» атты үлкен мұражай ашу. Онда Орталық Қазақстандағы барлық әсем де, киелі жерлерінің аңыздары мен тарихы туралы толық мәлімет ала алатындай болу.

3.Ақпарат құралдарында аңыздар,әпсана-хикаяттар көп айтылып, халықты қызықтыру үшін қызықты оқиғаларды теледидардан бейне кино ретінде көрсетсе.

4.Туристік маршрут. Әрбір жолаушы барып демалған жерінің аталу себебінің хикаясын білсе.

5.2-3 аптада бір рет болсын аңыздарды жақсы білетін үлкен ата-апаларымыз,жоғарғы оқу орнының зерттеушілері мектептегі оқушыларға мағлұмат беру мақсатында дөңгелек үстелдер өткізіп отырса деймін.

Кіндік қанымыз ағып, туып өскен жеріміздің шежіресін болашақ ұрпаққа үйретіп,оны әрқашан есімізде сақтау -жас ұрпақтың міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. С.Қасқабасов«Қазақ халық прозасы». Алматы:Ғылым,1984ж- 3,28,92,144 беттер.

2. Б.Мұсабеков«Жер Шежіре»Қарағанды:ҚарМУ,2006ж

3,13,23,24,45,53,59,70,71,128,145,169 беттер.

3. «Қазақ халық прозасындағы жәй әңгімелер»Алматы:Ғылым,2005ж-15,17,36 беттер.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БАСҚА ТІЛДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Исина АйзадаСаламатқызы

9-сынып оқушысы

Облыстық «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми жоба

жарысының II дәрежелі диплом иегері
Жетекшісі: Исина Бақытжан Қапанқызы
Осы тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатымыз: тіларалық қарым-қатынас тарихын тани отырып, кірме сөздердің этимологиясын белгілі бір тілдік бірлікте жұмсалуын және стилдік қолданысын қарастыра отырып, тіліміздің кеңею жолдарын танып, өзге тілдерге әсер етудегі орнын ашу.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

1. Қазақ тілі лексикасының тілдік қабаттарына енген сөздердің шығу төркінін танып, белгілі бір бірлікте (тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдерде) жұмсалуын және І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының І кітабындағы стилдік қолданысын қарастыру.

2. Орыс тіліндегі түп-төркіні түркілік сөздерге назар аударту, этимологиясын тану.

3. Топонимдерде тұрақтанған түркі сөздерінің тарихын тану.

Алға қойған міндеттерді шешу үшін мына әдістер қолданылды: Этимологиялық принциппен зерттеуге (фонетикалық, морфологиялық және семантикалық принциптерге) сүйендік. Бұл принциптер зерттеу объектісі болып отырған тілдің қалыптасу, даму заңдылықтарына негізделеді. Бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылды. Сонымен қатар, М.Фасмердің, Л.З.Будаговтың, Е.В.Севоратянның, Ә.Нұрмағамбетовтың, О.Сүлейменовтың еңбектеріндегі маңызды пікірлер басшылыққа алынды. Қазақ тілі лексикасының тілдік қабаттары моңғол, араб, парсы, орыс тілдері арқылы енген сөздердің белгілі бір тілдік бірліктерде жұмсалуын қарастырғанда мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестеріне жүгіне отырып, синонимдік қатарларын анықтау стилдік қолданылу сипатын тану негізге алынды. Мақал дегеніміз – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл сөз.[1.197] Фразеологизмдік мағына дегеніміз – құрамындағы сөздердің не жеке бір сыңарының лексикалық мағыналарының қайта жаңғыртылған жинақы мағынасы.[1.186] Сол себепті тұрақты тіркестер семантикалық жағынан біртұтас тіл бірлігі ретінде қолданылады.Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің осы ерекшеліктерін ескере отырып , белгілі бір тілдік бірлік ретінде алынып қарастырылды.


Қазақ тілінің моңғол тілдерімен қарым-қатынасы

Сөз

Сөздің тұрақты сөз тіркесіндегі қолданысы

Мақал-мәтелдегі қолданысы

Стилистикалық қолданысы

Алтын (алтан)


Алтынмен аптап, күміспен күптеу.


Алтын көрсе періште жолдан таяр.

Аз сөз алтын, көп сөз көмір.




«Тағдырдың жазғанын көріп алармын, – деді ол, - егер ажалым келсе, алтын сандықтың ішінде тығылып жатсаң да табады.»

Бұл Жәнібек ханның сөзі. Бұл арада алтын эпитет мәнінде жұмсалып, кейіпкердің әсерлі сөйлеуін туғызып тұр.[5.16]



Ердің'>Ер (эр)


Ердің құны , нардың пұлы.

Ер кезегі үшке.

Ер қарасы болу.

Ер қашты.



Ер шекіспей, бекіспейді.

Еңіреген ер.



Ер қаруы бес қару.

Айырылған ер - азар, қосылған ер – озар.

Ел қонысын тапса, ер ырысын табады.

Елдің атын ер шығарар. Ердің екі сөйлегені - өлгені. т.б.



Ал Египетке ер жүрек, мықты әскер өте керек еді.Бұл шақта қарулы, мықты батыр жігіттер қажет болған. Сөйлемде ер жүрек деген тіркес болып келіп тұр.[5.25]


Араб-парсы тілінен ауысқан сөздер атқаратын қызметі жағынан өзара бірдей деуге

болмайды. Бұларды төрт топқа бөліп қарауға болады.[1.138.]




Байырғы төл сөздей жымдасып кеткен актив сөздер(әбден тұрақтанған сөздер)

Терминдік сипаты бар арнаулы сөздер(мамандықтың белгілі бір саласында жұмсалатын сөздер)

Әртүрлі экспрессивті-эмоциялық мәні бар , ерекше стильдік реңк тудыратын сөздер

Әдеби тілдің шеңберінен біржола ығысқан немесе ығысуға жақын жүрген сөздер

ас,бақыт,ар,дүние,шаруа,

әл,дос,зат,қас,айна,даста-

рқан,астар,нан,шам,сабын,

сынап т.б.




нарық, базар,

байрақ,арзан,

қарыз,борыш,

зейнет,емтихан,

сабақ,мұғалім,

ғалым,мәлімет т.б.



Махаббат,нұр,

Бісмілла,өмір,

Сапар,дерт,апат,

Шәкірт,ғаламат,

Халайық,тағдыр,

Тәубе,дидар т.б.



Уәзір,шаһар, мүкәммал, шайыр, сауал,

хикмет, зәңгі, жыға, дәрке.


Қазақ тілінің орыс тілі лексикалық қабаттарына әсері

Макс Фасмер «Этимологический словарь русского языка» сөздігінде көптеген сөздердің шығу тегі түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ тілінен екендігін байқатады.

Қазақ тіліндегі «қарындаш» сөзін орыс тіліндегі «карандаш» сөзінен шыққан дейді, оны М.Фасмер сөздігінде орынды орынды атап көрсетілгеніндей : «қара»/чёрный және «тас» /тас/ сөздерінің бірігуінен жасалғанын, қарандашты сыртқы ағаш қапсырмасын алып тастасақ, ішінде расында ұзын қара тас жатқанын ескермейді. /Ал күнделікті қолға ұстайтын «қалам» сөзінің Еуропа халықтары мәдениетінің қайнар көзі саналатын Латын тілінде \6-8 ғасырда\«каламус» түрінде орын алғанына да мән бермейді. Сондай-ақ, М.Фасмер сөздігінде дәлелденген «деньги» сөзі түркілік «теңге» сөзінен шыққанын ал оның ар жағында түркілерді бір кезде ақша орнына тиін терісін қолданғанын, кейін тері орнына «тиынға – тәңгә, теңге» деп аталған айналымдық белгілер, монеталар шығарып, содан қазақ тілінде тиын-(копейка)-сақталғанын/ ескеру керек. Осы орайда, алдымен, орыс, соңынан түркі сөзін келтіріп, тізсек: алый-алқызыл, бакалея-бакқал /ваккал-көкөніс сатушы/; барабан-дарабан, башлык-башлық/ басқа киетін киім/; башмақ-баспақ/ қазақта «ш» орнына «с» қолданылса, қазақтан басқа татар, башқұрт, шубас, әзербайжан, өзбек, ұйғыр, моңғол тюб тілдерінің негізі бір болса да, әрқайсының жекелеген дыбыс өзгешелігі болатынын да есте сақтайық. Мысалы,буран-боран, бугай-бұқа, караул-қарауыл /қарап тұрушы/, кобза-қобыз, ковер-киіз /кибиз/, колбаса-күлбасты /от шоғына, күліне қақтау/ т.б екеніне қажет айғақтарды алуға болады.[6]

Макс Фасмер сөздігінде бугай – бұқа деп берілсе, «Язык письма» (взгляд до истории – о происхождении письменности и языка малого человечество)

Ну если и восстонавленные праформы не сопоставимы даже тогда следовало бы воздержаться от столь категорического заключения, пока не исследованы причины разности названии таких общечеловеческих понятий каким является – «бык».

Тюрки не признавшие грамматического рода заимствовали древнеевропейское название коровы6 но придали ему значение противоположение? Виса-вида-бык (общетюркс). оно и вытеснило древнее oguz, ohuz – бык (bouth>outh>ohuth). Кавказские языки сохраняют более ранние значения? Вида бычок, теленок. Предшествующее форме вигат, вигак – теленок (тюрк).[7] Біздің тұрақты сөз тіркестерімізде «Өгізаяқ», «Өгіздей өрге сүйреу» деген тұрақты тіркестер бар. Біздің тіліміздегі қолданыста жүрген сөздердің ежелгі дәуірден неге байқалады.

«Өзімдікі дегенде өгіз қора күшім бар,

Өзгенікі дегенде адам таппас ісім бар»;

«Өгізге туған күн, бұзауға да туады»; «Үйде өскен бұзау түзде өгіз болмайды»; «Сиыр мүйізді өгізде күш жоқ, өгіз мүйізді сиырда сүт жоқ».

…В одно обширное лексическое гнездо собираются названия money– 1) монета, деньги (англ) monet (франц) монисто monite-бусы, ожелерье (лат) monole –бусы, ожелерье (тунг-манж) мундзак, монжак – бусы (каррам), мончак(каз) мунчак (тат).

Орыс тіліндегі «буран» деген сөздің шығу тегі жайлы аталған кітапта былай делінген – «Люди получают возможность назвать циклон). Буран, турга. Сильный буран обозначают с долгим – бураан, бараған, ураган.[7]

Орыс тіліне енген сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап, орнығуы туралы тоқтала кететін болсақ: жарық-яркий, қазына-казна, қышқыл-кислый, қыр-край, ақыру-крик, қопару-копать, тасу-тоскать, толы-толстый, тиыш-тише, араздық-разлука, шойын-чугун, ұстаған-стакан, сұр-серый, тұман-туман, шұбар-чубарий, тіккен-ткань, кір пеш-кірпіш-кирпич, рет-ряд, оттық-утюг, таптау-топтать, кесек-кусок, себу-сев, сом-сумма, бос-пустой, болат-булат, топас-тупой, т.б.

Бұдан шығатын қорытынды ары кеткенде түркі тілі, берісінде қазақ тілінен орыс тіліне көптеген сөздердің еніп, кірігіп кеткенін байқаймыз. Ал орыс тіліне енген сөздердің тілдік бірліктегі орнығуын қарастыру зерттеуге тұрарлық тағы бір күрделі мәселе.

Топонимдерде тұрақтанған түркі сөздерінің тарихын тану

Зерттеу жұмысымызда тағы да бір қосымша қарастыратын мәселе – жер-су атауларының атаулары, тарихы. Топонимика – жер бетіндегі объектілердің тілдік құрамын, мән-мағыналарын қарастыратын ілім. Топонимика өзінің сипаты жағынан тілдің тарихи лексикасына жақын. Қазақстан топонимдері өздерінің құрамы, құрылымы, компонентірінің тіркесу сипаты және тілдік бітімі жағынан мынадай бес түрлі қабаттардан қалыптасқанын атап өтуге болады:



  1. ежелгі тілдер элементтерін сақтап келе жатқан тым көне қабаттар (санскрит, үнді-иран тілдері элементтері: тал, ар, бал, сар, гар, канн және –ын, -ін, -үн қосымша түрлері);

  2. шартты түрдегі түркі-моңғол тіл бірлестігі элементтерін сақтап келе жатқан көне қабаттар (ал, ала, бала, қар, шар, чар, көк, бай, тоғай және –ас, -ес, -аш, қосымша түрлері);

  3. түркі тіл қабаттары немесе түркі тілдер семьясы құрамының ерекшеліктерін көрсететін қабаттар (й-шыл, ч-шыл, ж-шыл, дь-шыл тілдер және –ты, -сы қосымша түрлері);

  4. осы күнгі түркі тілдері ерекшеліктерін көрсететін қабаттар (қаза, қырғыз, алтай, қарақалпақ, башқұрт, ұйғыр, түрікмен, әзірбайжан, өзбек т.б);

  5. орыс тілі негізінде топонимикалық қабаттамалар, яғни Э.М.Мурзаевтің айтуынша «ең үстіңгі қабат». Осы қабаттағы ономаларды салғастыра зертеу алда тұрған үлкен сәселе. Ондай зерттеулер өзінің методолоиялық жағынан да лингвистиканың іргелі мәселелерін қозғаған болар еді: қазақ тілі мен орыс тілінің социологиялық, методологиялық және басқа да қарым-қатынасын салыстыру, сол арқылы олардың типологиялық ұқсастығын және бір-бірінен айрылатын жақтарын анықтау сияқты күрделі мәселелерді қамтыр еді.[14]

Мысалы: Баянауыл – тау аты, сол таудағы (авла) үңгірдің де аты, сондай-ақ ауданның, селоның аты (повладар обл). Жергілікті елдің аға буын ұрпақтары көбіне Баянаула нұсқасын қолдайды. Этимологиялық мәні толық ашылмаған, бірақ Баянауыл топонимін төркіндетпек болғандардың дені: көне түркі-моңғол тілдерінің «бай тау», «баянды тау» мәніндегі атауына балайды. «аула» немесе «ауыл» тұлғалары моңғол тілінің оло-тау түріндегі сөз деседі олар. Бірақ «оло» сөзі кейбір түркі тілдерінде «ұлы» сөзінің фонетикалық көрінісі ғана.

Дамба – Оңтүстік Қазақстандағы мекен аты және Гурьев облысындағы селоның аты. Неміс тіліндегі,бірақ орыс тілі арқылы келген дамба «үйінді,бөгет»(су байлайтын бөгет) мәнін беретін сөз .Қазақтың бөгет,бөген байлама , тоспа сөздеріне пара-пар.

Күрчүм – өзен, аудан аттары. Көне түркі тілінде («от»)және чім («жем»)сөздерінен қалыптасқан атау.Мағынасы :»отты-жемді»( жер).

Біз қарастырып отырған көркемшығармада былай делінеді: «Осылай алданғанның бірі Киев князі Мстислав Романович еді.»[5.47] Біздің назар аударғымыз келгені – қала атауы – Киев сөзі. Осы сөздің шығу тегі туралы

Ресей ғалымы Мұрат Аджидің «Полын половецкого поля» кітабында Киев қаласын 5 ғасырда ғұндар (түркілер) салғанын , оны «күйеу»(зять) деп атағанын, сонымен бірге Тула қаласы аталымы «толы» деген сөзден шыққанын, Брянск – биринчи – бірінші, Орел-өр иол-өрге барар жол мағынасын бергенін дәлелдегеніне көз жұмып қарау да орынсыз.Сонымен бірге біздің «Азов теңізі» деп жүргеніміздің түп-төркініне үңілсек, «азов» дегеніміз «азау» сөзі екенін , шыныда бұл теңіздің көлемі басқалардан шағын, аз болғандығына байланысты осы аталым қолданғанын неге ұмытамыз?! Тіпті, оның қасындағы түбектің «қырым» деп аталуына қыр-шет ұғымы негіз болғанын, оған іргелес елдің Украина аталуы да «У края» деген тіркеспен, яғни қыр шетінде, қыр маңында мағынасымен байланысты екенін ескермеуге бола ма? Сондай-ақ І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында былай делінеді: ...«Осылай шалқи қалған Қазтуған Қалқа ұрысын айтқанда кенет «әттең, әттең!»деп күңірене күбірледі.» Калка ұрысы деп аталып кеткен монғол, орыс, Қыпшақ қырғынын тарихшы Рашид-ад-Дин жазады: ...Калка өзенінде орыс пен Қыпшақ әскерінің жеңілуінде анығында екі себеп болған-ды.»[5.45-46] Осы мысалдан көріп отырғанымыздай Калка өзені, Калка ұрысы деп еніп кеткен. Бұл – қазақтың «қалқа» деген сөзінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы.Демек әр кезде басқа тілдерге ауысқан түркілік сөздерді сараламай тұрып, халқымыздың көне дәуірде және орта ғасырларда да ғылымы мәдениеті жағынан алдыңғы қатарда болғанын зерделей алмас едік.

Зерттеудің жаңалығы: Тілдерде қалыптасқан ортақ лексика қорын тани отырып, стилдік қолданылу сипатын анықтадық.

Кірме сөздердің этимологиясын анықтау арқылы қазақ тілінде кездесетін басқа тілдің сөздерін саралай отырып, оның орнығуын тілдік бірліктегі қолданысын зерттей отырып, сондай-ақ орыс тіліне енген қазақ сөздерінің бүгінгі таңдағы қолданыстарын зерделеп, тілдерде қалыптасқан ортақ лексика қорын танытуға қадам жасадық.Тілдер арасындағы сөз ауысымы және байланысы мәселесін қарастыра отырып, қазақ тілінің лексикасы басқа тілдің сөздерімен қалай толығып отырса,сол сияқты орыс тіліне де қазақ тілінен көптеген сөздердің еніп отырғанын бүгінгі ұрпақтың білуі маңызды. Бұның бүгінгі таңдағы жастардың тілімізге деген құрметтеу сезімін арттырары сөзсіз.Ол үшін арнайы қарапайым халықтың қабылдауына жеңіл түрде орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне енген сөздерді қамтыған арнайы сөздіктер шығарылса деп ұсыныс білдіре отырып, осындай сөздіктерді алдағы уақытта шығару міндетін қойып отырмыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қалиев Ғ.,Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. «Сөздік-Словарь» баспасы-2006. - 135,167,186,138,143.

2. Баскаков Н.А. Москва,Изд. «Прогресс», 1986. -82.

3. Әмір Р.,Атабаева М. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2005. -14-15.

4. Рысбаев Ә. Қазақ және түркі тілдеріндегі ортақ лексика. ҚазҰУ хабаршысы. Алматы 2003.№5. – 194-195.

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР КӨРІНІСІ
Сейітов Нариман

9 сынып оқушысы

ҚР Кіші ғылым Академиясының 38 - облыстық ғылыми-

тәжірибелік конференциясы байқауының I дәрежелі

диплом иегері
Жетекшісі: Исина Бақытжан Қапанқызы
Қазақ ақын-жазушылар тілінің қайнар көзі мен сөз мүсінін жасайтын қалыбы – ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті тілі. Әдеби тілді тану сол халықтың, соның ішінде қазақ халқының тарихында оның әдеби тілінің қалыптасып дамуы көркем әдебиетінің, әсіресе поэзияның бағыты мен барысына тікелей қатысты болып келеді. Тілдеріне оралып тұратындығы да ақын-жазушылары мен фольклор тілдерін жақындастыратын себептердің бірінен табылады.

Кез келген ақын-жазушы көркем туындыда өзіндік қолтаңбасын қалдыра отырып, түп қазығы фольклордан бастау алады.

Біз сөз еткелі отырған Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы фальклорлық дәстүр тақырыбындағы еңбекте халық ауыз әдебиетіне тән сипаттың ақын шығармашылығындағы көрініс табу ерекшеліктерін пайымдау қарастырылды.

Тақырыптың негізгі өзегі ретінде поэзиялық туындыдағы фольклорлық дәстүрдің алынуы және Мағжан Жұмабаевтың халық ауыз әдебиетінен нәр ала отырып, әдеби тілдің дамуына қосқан үлесі және ұлттық құндылықтың ақын шығармасында көрініс табуы әрі тың идеялармен жетілдірілуін зерделеу, қазақ әдебиетінің Мағжан дәуірін пайымдау алынды.

Жұмыстың мақсаты: Мағжан Жұмабаев поэзияларындағы фольклорлық дәстүрдің көрініс табу сипатын аша отырып ақынның әдеби тілді дамытуға қосқан үлесін пайымдау. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:

Біріншіден,фольклор,фольклорлық дәстүр туралы ғылыми еңбектерді зерделеу;

Екіншіден, Мағжан жұмабаев поэзиясындағы фольклорлық дәстүр көрініс тапқан шығармаларын анықтау; Үшіншіден, ақын шығармашылығында көрініс тапқан фольклорлық сипаттағы шығармаларын жүйелеу; Төртіншіден, әдеби тілді дамытудағы ақынның өзіндік үнін тану ,қосқан үлесін пайымдау.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін пайдаланылған әдіс-тәсілдер:аналитикалық талдау, жинақтау, салыстырмалы талдау, мазмұндық, тақырыптық және ішінара лингвистикалық талдау.

Ауыз әдебиеті – халықтың алтын қазынасы. Сонау талай ғасырдан бері халық туғызған мәдени мұралардың ішіндегі ең тазасын, ең нәрлісін, ең асылын өз бойына жинақтаудың нәтижесінде таптырмас мол мұраға айналған. Фольклор ағылшын сөзі «халық даналығы»деген ұғым береді. Оған халық музыкасын, халық биін, халық өленің, халық театрын, халық әдебиетін, халық қолөнерін, ұғымдар мен ғұрыптарды, салттар мен нанымдарды жатқызады. Қай елдің балмасын рухани жан азығы – ауыз әдебиеті халық дамуының ең алғашқы кезеңдерінен бастап пайда болған.Қазақ халқының фольклорлық мұрасын біріктіретін шығармалар көлемі, мазмұны, маңызы және көркемдік ерекшелігі жағынан шоқтығы биік .Қандай ақын, жыршы болмасын осы мол мұраны жанап өтпестен керісінше, мейілінше сусындап, рухани азық еткен. Егер ақынның ақыны Мағжан Жұмабаевты осы тұрғыдан алатын болсақ, бүкіл шығармашылығының ауыз әдебиетімен тығыз байланысын аңғаруға болады.

Жазба әдебиетінің өсу, даму, өрбу қадамдарын көркемдік жетістіктерін оның туған, өскен негізі-ауыз әдебиетімен тығыз байланыста қарастырмақпыз.

Орыс жазушысы М.Горкий өзінің пікірінде былай дейді: « Бар елдердің ұлы ақындар жасаған ең таңдаулы туындылар коллектив творчествосының қазынасынан алынған. Бұл қазынада тамаша поэтикалық түйіндер мен әлемге аян образдар,типтер көне дәуірден өмір сүруде. Мильтон мен Данте, Мискевич, Гете мен Шиллер түпсіз терең де өлшеусіз бай, күшті де данышпан халық творчествосымен қанағаттанғанда, ғана, халық поэзиясының сарқылмас бұлағынан нәр алғанда ғана поэзия көгіне шырқай көтерілді».[ 1]

Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудыратындықтан,ол елдің тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Сол жыларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой санасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында.

Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреті мен мұң зары, келешектен күткен арман-тілекткрі айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сыңсу, қоштасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн қосқан. Мұндай өлең-жырлар мен ән-күйлер көп жағдайда өмірдің өзінен туындайды. Оған қазақ фольлкорынан мәселелері мен тақырыбы да айғақ бола алады.Ұсақ салт жырлары мен ертегі жанрының көтерген мәселесі көбіне отбасының тірлігіне, соның бақыты мен қайғысына құрылса,халық патриотизмі мен ерлікті дәріптейтін эпостық жырлар ел қорғау сарындарына негізделген. Қазақ эпосының құндылығымен халықтығының бір белгісі-оның бай да көркем тілінде. Мағжанның халық ауыз әдебиетімен байланысын сөз еткенде мына мәселелерді ескерген жөн: Мағжанның халық қазынасын жетік меңгергендігі , әдеби көркем тілге жетіктігі, халық ауыз әдебиетінің ақын өмірінің басты мектебі болып табылатындығы. Осы тұрғыда ақын шығармашылығының халық ауыз әдебиетімен байланысын сөз еткенде Мағжанның халық ауыз әдебиетінен үйренуі, үлгі алуы, онан кейін мол үйренудің нәтижесінде мақал-мәтелдер, ертегі-жарлар, жұмбақтар, нақыл сөздер сияқты фольклорлық жанрларды туғызып жетілдіруі.

Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі тұрмыс-салт жырларының көрінісі

Мағжан Жұмабаев шығармаларының ішіінде ерекше атап өтетіні –«Бесік жыры».

Ал,бесік жыры балаларға арналған өлеңдердің ең құндысы.Оның озық үлгілерін Ә.Диваев бастырған. Ал, Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өленіңде:

Күнім, айым

Еркетайым,

Бөлейін енді.

Тыста дауыл,

Жатқан ауыл,

Ұйқың да келді. [3]

Халық – ауыз әдебиеті үлгісіндегі бесік жырының құрылымы М.Жұмабаев поэзиясында өзгеріске ұшыраған.

Адамның туғаннан бастап қартайғанға дейінгі өмір әр кезеңің атап өтуі, оған арнап өлең – жыр шығару қазақ халқының ежелгі дәстүрі болған. Бала туғанда елді жинап «Шілдехана» жасау,азан шықырып ат қойғызу, бесікке салу, аяғын опыл – топыл баса бастаған кезде алғаш рет жолға шықса «Тоқым қағар», бес жасқа келгенде «Атқа мінгізу»- бәрі де өлең – жырлар арқылы ақтарылып отырған.

Осындай салттан туған өлеңнің бірі – «Бесік жыры». Бесік жыры-балаларға арналған өлеңдердің ең құндысы. Халық ауыз әдебиетінің бесік жырында:

Әлди,әлди, ақ бөпем, Жіпке тағып берейін.

Ақ бесікке жат бөпем , Әлди,әлди, аппағым,

Жылама, бөпем ,жылама, Қойдың жүні қалпағым.

Жілік шағып берейін, Жұртқа жаман болса да,

Байқұтанның құйрығын, Өзім сүйген аппағым,

[4]-деп басталатын өлеңдердің тілі керемет, мазмұны өте бай.Асыл ана өзінің бесіктегі баласына таудан алма тергізеді,оны қыздарға бергізеді.Асыл ана өзінің бесіктегі баласына деген сезімін, арман –тілегін, махаббатын білдіреді. Онда жас бала дені сау, еңбек сүйгіш, өнерлі, елін қорғаушы ер – азамат болып өссе деген тілектері байқалады.

Түнде жылқы қайырып Ақырып жауға тиісіп,

Жаудан жылқы айырып, Батыр болар ма екенсің?

Жігіт болар ма екенсің? Бармақтарың майысып,

Айыр қалпақ киісіп, Ұста болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Шешен болар ма екенсің?-

дейтін жыр жолдары бесіктегі баланың болашығын болжау ,оның ер жетуін аңсау болмақ. Ән-күй, өлең айту- жас балаға эстетикалық тәрбие берудің басты құралы болған.

«Бесік жыры» өлеңінде ақын дәстүрлі қолданысқа сай төрт түлік малдың халық ұғымына соншалық жақын екендігін, ой-түсінігін ескере отырып, төлдерінің атауларын атайды (Қазақ тіпті ең бірінші амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп саулық сұрасады). Жырда көрініс тапқан төрт – түліктің төлдері - қозым, құлыншақтар, бағлан, марқам т.б. эмоционалды-экспрессивтік реңкте жұмсалып жырдың әсерлілігін күшейте түскен. «Бесік жыры» өлеңінің тәлім-тәрбиелік мәні де, негізгі идеясы да-сәбиді өскенде ел адамы болуға, ерлікке, мықтылыққа, қайраттылыққа баулу болып келіп халық ауыз әдебиетіндегі идея тереңдігімен үндесіп жатыр.Бұл өлеңнің халық ауыз әдебиетінен ерекшелігі – жыр құрылысында. Өлеңнің әр шумағы алты тармақтан тұрады. 1-2 - тармағы - 4 буынды , 3-тармағы – 5 буынды болып келеді. 3 тармақта біршама тиянақталған синтаксистік тұтастық байқалады. Синтактистік шумақты құрайтын негізгі шарт- поэтикалық ойдың ,интонацияның тұтастығы. Ал халық ауыз әдебиеті үлгісіндегі бесік жыры 7 буынды , қара өлең ұйқасына, аралас ұйқасқа құрылған . Екі үлгіні көркемдік ерекшелігі жағынан алып қарасақ, Мағжан өлеңінде метафоралық тіркестер дәстүрлі тілдік қолданыстағы метафора болып келеді . Мысалы:

Сен - жұлдызым, Сен - көз нұрым ...

Сен, сырттаным , Арыстаным жауды қуарсың

Жас жолбарыс Жаумен алыс ...[ 3]

Тілдік метафора белгілі бір тілде сөйлейтін әлеуметке толық таныс болып келеді. Тұрақты сөз айшық ретінде жиі жұмсалады. Жалпы халықтық сипатына қарай тілдік метафоралар дәстүрлі метафоралар деп те аталады. Бесік жырында:

Көлге біткен құрағым ,

Маңдайдағы жұлдызым,

Аспандағы жұлдызым – сияқты метафоралар көрініс тапқан. Сондай-ақ қазақ халқының өте ертеде туып , қазір де құнын жоймай, жаңа мазмұнға ие болып отырған қазынасының бір бөлігі мақал-мәтелдер деп аталған. Мақал-мәтелдер «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» білдіреді. Мағжан Жұмабаевтың поэзияларында да мақал-мәтелдер көрініс тапқан. Мақал- мәтелдің кейбір үлгілері М.Жұмабаев өлеңдеріндегі айтайын деген ойын дәл жеткізуде ұтымды қолданыс тапқан. Мысалы, «Жатыр» өлеңінде қазақ халқының күйін сынға ала отырып, әлеуметтік теңсіздік мәселесін қозғаған, мәтін мазмұнында мынадай мақал-мәтел қолданған: «Бес байтал - әйел құны» десе, ал «Өнер–білім қайтсе табылар» деген өлеңінде «Өнер-білім - қарны ашқа ас» деген мақалмен түйін жасайды. Өнер-білімнің маңызын мақалмен түйіндеген. Мақал-мәтелдің өн бойында өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас болса, Мағжанның өлеңдерінде осындай ұтымды нақыл сөз оалымдары мол көрініс тапқаны байқалады. «Балалық шақ» өлеңінде мына бір тармақтары мақал үлгісінде құрылған:

Жастық деген – бағасыз,

Қадірін білмес санасыз ...

Білімдінің сөзі - ем,

Мейірімі көп, өзі – кең.

Ұлы ақын Мағжан даналықтың бір бөлігі шешендік өнерді қымбат тұтып, өзі де шешендік танытқанын байқаймыз.



«Информатика» секциясы
«НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ – АСА ІРІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУШЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жүнісова Мадина

9 сынып оқушысы

Облыстық «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми жоба

жарысының II дәрежелі диплом иегері
Жетекшісі: Ибраева Жұлдыз Багенқызы

Мен бұл тақырыпты неге қозғап отырмын?

Қазіргі кезде бағдарламаларда және жарық көрген оқулықтарда, сайт беттерінде жергілікті аймақтардың зиялы қауымдары туралы мәліметтер жеткіліксіз.

Осы мәселеге сәйкес ақпараттық технологияны негізге ала отырып, тарих пәнінің мұғалімі Р.Қаппасовамен ақылдасып, нығметтану бағдарламасына арналған оқу-әдістемелік кешеніне «Нығмет Нұрмақов – аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері» электрондық оқытушы бағдарламасын сайтқа енгізуді жетекшімнің нұсқауымен қолға алдым.

Осы тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатым: Нығметтанушыларға арналған HTML – гипермәтінді белгілеу тілінде құрастырылған электрондық оқытушы бағдарламасына бейнефильмдер мен танымдық ойындар қосу. Нығметтану бағдарламасына сәйкес интернет желісінен сайт ашу және сайттың қолданысын көрсету.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойдым:


  • Осы бағдарламаға дыбыстық, бейнелік мәліметтерді енгізіп, әлі де болса өңдеуден өткізу;

  • Сабақ өткізуде осы бағдарламаның қолданысын жүзеге асыру;

  • Қашықтықтан оқуда қолданысқа енгізу.

  • Мектебіміздің сайтына Н.Нұрмақовтың өмір деректерін келтіру.

HTML тілінің мағынасы

Мен бұл оқытушы бағдарламасын жасамас бұрын, HTML программалау тілінің мағынасын ашып алдым. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады, яғни Hypertext Markup Language (HTML) - гипермәтіндік белгілеу тілі.

Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеу дегеніміз – келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнелейтінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу.

Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету бағдарламасын қолдандым.



Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек, онда сонымен байланысты басқа құжатты оқимын.

Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін тіл - HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.



HTML тілінің атқаратын қызметі

HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір қолданушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сондықтан HTML тілі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады. Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Мысалы,



Қарағанды 2006

Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны броузер - программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне болады.



HTML тәгтері

HTML командалары тәг деп аталатын арнайы белгілер көмегімен беріледі. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң жазылған түйінді сөз – тәг орналасады.

HTML тіліндегі әрбір тәгі бір арнаулы қызмет атқарады. Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.

Мәтінді пішімдеуде кейбір тәгтерді қолдандым:


жаңа абзац ашу;

абзацты бөлу;



, , сөз тіркестерін ерекшелеу;

..

тақырып стильдерін беру;

келесі жолға көшу;


мәтінді (center, left, right) туралау;



құжат фоны мен мәтін түсі;

мәтін бөліктерінің (size) көлемін,

(face) типін және (color) түсін өзгертуге мүмкіндік береді;

Мысалы,


6. Дәуір құжаттары.



1-ші құжат.

     

А.И.Сидельников. Елу жасқа жетпеген өмірі ішінде ат-арбамен талай жерді аралап, «Ақмола облысы», «Зайсан көлі», «Қазақ өлкесі» атты іргелі еңбектер жазған


Облыстық мұрағат №1558 фонд 1. №353.

Броузер арқылы нәтижені келесі түрде көрсете аламын




HTML файлдары

Графикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес броузер оларды біртіндеп іске қоса бастайды. Файлдардағы мәліметтерді қабылдап, броузер оларды реттеп орналастырады да, HTML командаларына қарай керекті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін қарпі мен оның өлшемін, т.б. анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді.

HTML файлдары - *. HTML деген типі бар кәдімгі мәтіндік файлдар.

HTML құжатының кез келгені





тақырыбы

құжат тұлғасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет