Мұғалімдер күніне сценарий
Өткізілетін уақыты: ...10.2015ж, сағ: 15:00
Өткізілетін жері: Акт залы
Ұйымдастырушы: 11 сынып оқушылары
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Форт-Шевченко қаласы
Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебі
Жауапты МДТЖО: Ахметова Айнұр Өндірғалиқызы
Сахна жабық. Қараңғы. Слайд көрсетіледі(ұйымдастырушылар туралы)
Сахна ашылады. Хордың орындауында:» Ғалымда, шахтерде бас иетін». (Хор шығып кетед, жүргізушілер сахнаға шығады)
1-жүргізуші:Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін «Мұғалімдер күні» де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.
2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз
1-жүргізуші:Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Ибраева Гүлнәр Сарықызына сөз береміз.(апай сөйлейді)
Қуанова Набат:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Бердіғали Ілияс:
Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!
Төлеуова Айкерім:
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Дүйсен Рысбек:
Бала елдің болашағы болғанда,
Зор пайданы тигізесің қоғамға.
Мамандығың - кәсіптердің абзалы,
Адамдығың қымбат бізге одан да.
Ізтілеуова Ақбөкен:
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
Сарин Еламан:
Ашық болсын нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды -
Анамыз деп қабылдадық сені біз!
Набат:
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!(Бәрі бірге)
2-жүргізуші:Ұстазым,менің,ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!
1-жүргізуші:Қазір сахнаға шығатын әншіміз асыл ұстазына деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді екен.
Ендеше сахнада «Ұзтазым» әнімен Қуанышұлы Аслан
2-жүргізуші:Әл-Фараби: «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген екен.
1-жүргізуші:Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”
2-жүргізуші: Ана дегендей, осы жерде отырған ұстаздар қауымының барлығы дерлік әрбір шаңырақтың ұйытқысы болып отырған сүйікті жар, аяулы ана! (осы жерде хор шығады)
1-жүргізуші: Келесі орындалатын ән сіздердің құрметтеріңізге арналады, аяулы аналар.(Попури «аналар туралы»,шығып кетеди)
2-жүргізуші: _________ қане апйларымызды отырғызып қана қоймай ойын да ойнатқызып кояық! (Осы жерде ойын ойналады,женімпазға сыйлык беріледі))
1-жүргізуші:Құрманғазы,Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүректе от жансын деп,
Елге күйін арнаған.
Сахна төріне “көңіл толқытар күйімен” Нурберген Русланды шақырамыз(Орындык пен Русик шыгады)
2-жүргізуші Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй
деп сахнаға МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ, «Екі жұлдыз» жобасының жеңімпазы Қапурнова Ақмаралды------------әнімен шақырамыз.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Осыдан бір апта бұрын 11 сынып оқушыларының ұйымдастырылуымен 9-10 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде 5 номинация қарастырылып, 5 мұғалім анықталды. Қазір 2 номинация бойынша мұғалімдерді марапаттаймыз.
1-жүргізуші:(дипломға қарап, табыстау,сыйлық беру)
(ойын)
2-жүргізуші: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!Сахнада Нұрберген Руслан «Қызыл өрік» әнімен
1-жүргізуші:
Зауытта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің - шипалы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің өзгеше тіпті басқадан:
Ол - өзің арнап ел үшін осынау жүрген жақсы адам.
2-жүргізші:
Күлкі адам өмірін 15 мин ұзартады, әрине бұл шындық . күліп жүріңіздер ұстаздар.
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !
1-жүргізуші. Сахнада сіздердің көңілдеріңізді көтеру мақсатымен,аудандық,облыстық жайдарман ойындарының жеңімпазы «Теңіз тарландар квн командасы (Шығады болған соң квнчиктер бир ойын ойнатады)
2-жүргізуші:
Жақсы адам - елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.
1-жүргізуші:
сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.
2-жүргізуші:
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір - сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер
1-жүргізуші:
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!
2-жүргізуші:9-10 сынып арасында жүргізілген сауалнаманың қалған 3 номинация бойынша ұстаздарымызды марапааттаймыз(Оқиды,сыйлық береді)
1-жүргізуші:Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. Кешімізді тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! МЕРЕКЕЛЕРІНІЗ ТАҒЫ ДА ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! (Әнмен бәріміз аяктаймыз)
.
Достарыңызбен бөлісу: |