Сценарийі 021-2022жыл маусым Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала-Бақытты ел» атты


Қарақат Біздің топта ұл – қыздар Тату тәтті ойнаймыз Әлемдегі бар жанға Тек жақсылық ойлаймыз Рухия



бет3/3
Дата23.06.2022
өлшемі110.5 Kb.
#459430
түріСценарий
1   2   3
1 маусым балаларды қорғау күні сценарий 5

Қарақат
Біздің топта ұл – қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар жанға
Тек жақсылық ойлаймыз
Рухия: Сүйкімділер, періштелер сендерсің
Қандай бақыт өздеріңе тең келсін
Данышпанда, ғарышкерде, ғалымда
Ең алдымен балалықты меңгерсін
Ханшайым: Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз
Жүргізуші: «Әліппе»
Орындайтын:Қайынбекқызы Еркеназ
Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып
Қыран биік самғайды қанат қағып
Адам үшін парыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
-Балалар,кімнің ойы ұшқыр,жүйрік екенін білу үшін жұмбақтар шешеік: 


Жұмбақтар:
Аспандағы алып доп, 
Жарқырайды жарық боп . (Күн) 

Ішін желмен толтырдым, 


Қуалап жүріп болдырдым. (Доп) 

Арлы – берлі қақпаны, 


Тербетіп – ақ жатқаны. (Жел) 

Қыс бойына жатады


Тәтті ұйқыға батады. (Аю)

Сөзі дана, үні жоқ,


Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап)
Онда әкем - шешем тұрады,
Ата - әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады.
(Отбасы)
Жабағыны ұшырдым
Жерге моншақ түсірдім.
(Жаңбыр)
Аппақ, бірақ сүт емес,
Аппақ, бірақ бор емес,
Аспаннан ол түседі,
Даланы ақпен жабады.
(Қар )
Аймереке: Бірге болсын ойымыз
Құтты болсын тойымыз
Қыздарымыз шаттана
Би билесін шаттана
«Флешмоб» биі
Жүргізуші: Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние көрікті де көңілді
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Жүргізуші:
Қолдарыңа бор алындар 
Асфальтта сурет салыңдар 
Сол суретте болсыншы 
Шаттық күн, ашық аспан көк түсті 
Бақыт деген сол екен 
Береке, бірліктерің жарассын 
Әр сынып өздері қалаған суреттер салады асфальтта.
Жақсы әдемі салынған сурет, марапатталады
Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын әрбір күнің арайың
Қадамдарың сәтті болсын балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!
(Ата-аналардан бата сұрау)
Бақшаға біз гүл ексек ,
Балдырғаным, сен үшін,
Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар, күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол, өсе бер,
Құтты болсын мерекең! –деп, «Бақытты бала-Бақытты ел» атты мерекелік ертеңгіліміді аяқтай келе, балаларды мерекелік дастарханға шақырамыз.Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.


.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет