Елбасына хат
Қайырлы күн,Нұрсұлтан ата?Қал-жағдайыңыз қалай?Бұрын соңды сіздей зиялы кісіге хат жазамын деп ойламаған едім.Алты ай бұрын әлеуметтік желіден”елбасы медалі”атты жобаны кездестірген едім.Міне,сол жобаның қалауымен сіздей тұлғамызға сәлем-хат жазу бұйыртыпты...
Жалпы аға,сіздің атыңызға орай ұйымдастырылған ауқымды жоба жастардың бағындырар шыңының тұмарына айналды.Қазақтың өнерін дәріптеп,қосымша қаншама бағыт қосу,үлкенді-кішілерге керемет нәрсе болды.Бұл жобаға қатысып,бағымды сынап көргеніме қатты қуаныштымын.Иә,басында алты ай уақытта тапсырмаларды қалай үлгеремін деген ой болды.Бірақ дана халқымыз “көз қорқақ,қол батыр”дейді ғой,осылайша алты ай уақытта зымырап өте шығыпты.Әр бағыт,әр тапсырма мен үшін құнды.Өзімді жан-жақты дамытып,ой саларлықтай кітаптар оқып зердемді аштым.Алла қаласа,алдағы күндерде “елбасы медалінің”алтын медаль иегері деген атақты да алуға талпынудамын.Сіздей жанашыр елбасымызбен өскелең жас ұрпақ әрқашанда мақтанамыз.Елбасы жобасы жаңа биіктерге жетелеп,өзіңді барынша әр қырыңнан тануға үлкен көмек береді,мен осыған қатты қуанамын.
Қорытындылай келе,сіздің біз үшін мына кішкентай Қазақстанның жарқын патриоттары үшін жасап отырған жағдайыңыз біздің жадымызда сақталады.Сізге мың алғыс!Еліміздің асқақ арманын орындайтын жастар біз екенімізге кәміл сенемін.Әсіресе,осыған атсалысып отырған елбасы медалі ұжымына үлкен алғысымды,ризашылығымды білдіргім келеді.Ауырмаңыз,сырқамаңыз!Сау-саламатта болыңыз!
Сәлеммен елбасы медалі қатысушысы-Асылзат!
2 қазан 2021жыл
Достарыңызбен бөлісу: |