Семейдің Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясының бірінші күні



Дата09.06.2016
өлшемі44.15 Kb.
#125887
Семейдің Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы
«Бір ел – бір кітап» акциясы

«Бір ел – бір кітап» акциясының бірінші күні «Қара сөзге жүгінсек...» атты абайтанушылармен кездесуден басталды.

Кездесуге республикалық «Абай» журналы қызметкерлері философия ғылымының кандидаты Асан Қайырбекұлы Омаровпен абайтанушы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, «Атилла» атты көпактылы пьесасы үшін «Атилла» медалімен наградталған Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбеков шақырылды.

Шәкәрім Құдайбердиев шығармашалығын зерттеуші және республикалық «Абай» журналында маңызды еңбектері жарық көрген Асан Қайырбекұлы Омаровтың әңгімесін кешке қатысқан педагогикалық институттың филология факультетінің студенттері зор ықыласпен тыңдады.

Мұрат Рахымжанов Абай қарасөздерінде көрініс тапқан Абай өміріндегі маңызды мәселелерге тоқталып, әр адамның өміріндегі қарасөздердің маңызы мен мәні туралы әңгімеледі. Жастар өміріне қатысты қарасөздерден ең тағылымды фактілер келтірді.

М.Р.Сұлтанбеков Абайдың қара сөздеріне жалпы мағлұмат берсе, А.Қ.Омаров қарасөздерге философиялық жағынан өзінің терең көзқарасын танытып, Абай қарасөздері өте маңызды және тағылымды мұра, оны тек қана оқып, жаттау аз, одан тағылым алып, ұрпақ арасында насихаттап отыру әр адамның парызы деп көрсетті. Ұлы ағартушының бұл туындысы әлі зерттеуді қажет ететіндігін атап өтіп, мұны алдағы уақытта зерттейтін, бүгінгі студент жастар, болашақ маман иесі сіздерсіздер деген пікірін білдірді.

Мерекелік шарада ұйымдастырылған қарсөздер тағылымына арналған кітап көрмесі бойынша кітапхана қызметкері, библиограф Жанар Чушекова ғылым, білім, ақыл турасында жазылған қарасөздердің мазмұнына шолу жасады.

Оқырман сауалдарына орай, қонақтар кезінде көздері көрген абайтанушы Қайым Мұхамедханов, жазушы А.Смеляков сияқты әдебиет зерттеушілерімен болған кездесулерінен естеліктер айтты.

Шараның соңында қонақтар мен қатысушылар, болашақ тіл мамандары акцияның алдағы уақытта да керек екендігін, елімізде алғаш ұйымдастырылып отырған ігі бастаманы жыл сайын жалғастырудың қажеттігін атап өтті.



Акцияның екінші күні Семей қаласындағы екі әскери бөлімшелерде Кітапхана керуені арқылы «Асыл ойдың өрнегі» атты ауызша журналмен өз жалғасын тапты.

Кітапхана қызметкерлері елімізде өтіп жатқан «Бір ел – бір кітап» акциясы және Абайдың қарасөздері туралы отан қорғаушыларға мағлұмат берді.

Кітапхана директорының орынбасары Б.С.Түсіпова - Абай өз шығармашылығында қарасөздерді қазақ халқының ғасырлар бойғы мәдениетінен алған. Қарасөздер ұлы ғұламаның ең тағылымды, маңызы өте зор мәдени мұрасы екендігіне, оның әлемдік мәдениеттегі әдеби ескерткіш екендігіне тоқталды.

Жас әскерилермен Абайдың қарасөздері бойынша әдеиби викторина өткізіліп, жеңімпазға Абай «Қарасөздері» кітабы сыйланды.

Анықтама-библиографиялық бөлімінің қызметкері Жанар Чушекова Абайдың кейбір қарасөздеріне шолу жасады.

Акцияға қатысушылар, қарасөздердегі тағылымды ойлар әр адамның өмірінде: білімге талпынуда, басқа халықтардың мәдениетін үйренуде, жалпы адамгершілік санатында маңызды орын алады деп санайды.



«Бір ел-бір кітап» акциясының үшінші күні библио-керуенмен Қазақстандағы үлгілі әскери бөлімшелердің бірінде өтті. Бөлімшенің командирі майор С.С. Бармаков, командирдің саяси –тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, капитан Е.П. Мусралинов елімізде өтіп жатқан оқу акциясының жас әскерилермен өтуін қабыл алды.

Әскери бөлімшенің офицерлері мен әскер қызметшілері үшін бағдарламалар дайындалып ұсынылды. Кітапхананың директорының орынбасары Б.С.Түсіпова Абайдың кітапхана оқырманы болған жылдары, Абайдың Е.П.Михаэлиспен танысуы және американдық журналист Джордж Кеннанның кітапханаға келуі туралы «Абай ғылым мен білім ордасында» атты кітапхана тарихында болған қызықты мәліметтерден шолу дайындады.

Кітапхананың абонемент бөлімінің қызметкері Ш.Әйкебаева акцияны ұйымдастырушылар, Абайдың «Қарасөздерінің» акцияға таңдалынып алынуы, қарасөздерде көрініс беретін Абай заманындағы қазақы қоғамның түрлі мәселелері жайында әңгімеледі.

Акцияның төртінші күнінде кітапхананың оқу залына «Мудрость слов Абая» атты іс-шараға №8 балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды. Қызықты хабарлама сағатын оқу залының меңгерушісі Г.К.Байкенова ашты. Абайдың философиялық шығармасы - қарасөздердің мазмұны мен мәні жөнінде оқушылар тағылымды сабақ алды.

Интернат тәрбиеленушілері танымдық сағатқа белсене қатысып, Абай шығармашылығы бойынша дайындаған суреттерін ұсынды. Абайдың қарасөздерін оқыды. Проэкциялық экраннан Абай қарасөздерінен үзінділер және қара сөздерге берілген пікірлер дайындалып, көрсетілді. . Оқушыларға арнайы дайындалған ақпарат беттер ұсынылды.



«Бір ел-бір кітап» акциясының бесінші күні «Абай қара сөздерінің өркениетте алатын орны» деген атпен өтті. Танымдық сағатта кітапхана қызметкері А. Майкенова акция қонақтарын «Бір ел – бір кітап» акциясының мазмұнымен таныстырып, Абайдың қарасөздерінің өркениетте алатын орнына тоқталды. Кітап қорын сақтау бөлімінің меңгерпушісі Ж.Мәнжібаева қаладағы көпсалалы колледж студенттеріне Абайдың «Қарасөздерінің» аударылуы туралы әдебиеттерге шолу жасады. Абайдың қарасөздерін аударған С.Санбаев, А.Токобаев, орыс тіліне В.Рождественский, ағылшын тіліне аударған Мак Кейннің аударылымдары туралы мәліметтер берілді. Студенттер акцияға белсене қатысып, Абайдың кейбір қарасөздерін рөлдерге бөліп оқыды.

«Бір ел-бір кітап» акциясының алтыншы күнінде «Абай қарасөздері әлемдік өркениеттегі мәдени мұра» атты кітап көрмесінің премъерасы әзірленді. Кітапхананың сирек басылымдар қорынан Абай шығармашылығына байланысты құнды әдебиеттер және оқырмандарға ұсынылатын кітапханадағы барлық материалдар мен деректер қойылып, кітап көрмесіндегі материалдарға шолу жасалынды. Кітапханашылар Абайдың қарасөздеріне байланысты оқырмандар сауалына жауап берді.

«Бір ел-бір кітап» акциясының соңғы күні № 5511 әскери бөлімшесінде өтті. Кітапхананың абонемент бөлімінің қызметкері Ш.Әйкебаева бүкіл Қазақстан жерінде өтіп жатқан акция мазмұны туралы баяндап, Библио-керуеннің осы мақсатпен әскери бөлімшеге келуін айтты. Әскерилер Абайдың философиялық шығармасы- қарасөздермен тереңірек танысты. Шараның соңында ккомандирдің саяси –тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ұлы ғұламаның қарасөздерінің жазылғанына ғасырдан артық уақыт өтсе де өзінің маңыздылығын жоймаған, уақыт өткен сайын өмірді түсініп бағалай білуде үлкен көмек болатын өміршең шығарма екендігін айта келе, елімізде осындай оқу акциялары жалғасын тауып жатса деген пікірін білдірді.

Ақпаратты дайындаған



Аязбаева Гүлмира

Кітапхананы дамыту секторының меңгерушісі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет