Семестрлік жұмысы №3


Саяси элиталардың қалыптасуы



бет2/3
Дата07.07.2023
өлшемі42.19 Kb.
#475579
1   2   3
Семестрлік жұмысы №3(1)

Саяси элиталардың қалыптасуы

Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке iрiктеп алудың 2 түрi бар: антрепренерлық және гиль¬дия жүйесi. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үмiткердiң ерекше қасиеттерi, көпшiлiк жүртқа ұнай бiлу қабiлетi басты орын алады. Мүнда кандидаттын. байлыгына, кәсiбiне, бiлiмiне, мамандығына, т.с.с. онша мән берiлмейдi. Ол ең алдымен өзiнiң тапкырлығын, жасампаздығын, белсендiлiгiн көрсете бiлуi қажет. Мысалы, АҚЩ-та актер болған Рональд Рейган да президенттiкке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрi өзiнiң ашықтығымен, демократиялығымен, үмiткерге қойылатын шектеулердiң аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бүл түр кең тараған.Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрiнiң кемшiлiгi -саясатқа сырттай жағымды көрiнгенiмен шын мәнiнде кездейсоқ, принципсiз, ұрыншақ, авантюрист адамдардың билiк басына келуi. Ондай адамдардың iс-әрекетiн болжап, пiшiп болмайды. Сондықтан қоғам өмiрiнде дау-жанжалдар, саяси шиеленiстердiң мүмкiндiгi көбейедi.
Гильдия жұйесiнде үмiткер билiк сатысы бойынша баяу болса да анық көтерiлiп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қыз¬метке үмiткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық бiлiмi, адамдар арасындағы жүмыс тәжiрибесi, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкiн. Талапкерлер белгiлi бiр таптың, топтьщ, тектiң, партияның мүшелерiнiң арасынан шығуы керек. Сондықтан билiк басына тандаудың бұл түрi жабық болып саналады.
Гильдия жүйесi бәсекелестiкке жол бермейдi, билеушiнi түйық қоғамдық топтан iрiктеп алатын, кер тартпа түр. Оның артықшылығы — саясаткердiң болашақ iс-әрекетiн алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеушi элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкiндiгiн кемiтедi. Осындай жүйенiң бiр түрiне бұрынғы социалистiк елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.
Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсiби маманданған басқарушыларсыз өз қызметiн толық атқара алмайды. Орыс философы Н. А. Бердяев қоғамның даму деңгейi мен саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, "элита коэффициентам" шығарды. Ол жоғары зерделi, зияткерлiк бөлiгiнiң халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бiр пайызын құраса, ол қоғам емiрiн тоқырауға әкеледi. Ал элитаның коэффициент 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкiндiгi барлығын айғақтайды дейдi ғалым.
Саяси элита әр түрлi келедi. Сондықтан ол жiктеледi, топтастырылады. Билiкке иелiгiне карай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледi. Басқарушы элита деп мемлекеттiк билiкке ие, маңызды саяси шешiмдердi қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бiрақ сол ұшiн күрес жүрғiзетiндер билiк басындағылардың iс-әрекетiн сынап, ол-қылықтарын тауып, қателiктерiн корсетедi. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды.Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсiлiне сай ашық және жабық элита деп бөледi. Ашық элитада барлық әлеуметтiк топ өкiлдерiне есiк ашық. Жабық элитада ол белғiлi бiр таптан, тектен шыққандармен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесi.
Индия саясаттанушысы П. Шаран билiк ету қорына байланысты элитаны дәстүрлi және қазiрғi деп бөледi. Дәстүрлi элитаға дiн, салт, жол-жораға байланысты бөлiнудi кiргiзедi. Оған жоғары дiн басыларын, ақсұйектердi, дамып қеле жатқан елдердегi әскери басшыларды жатқызады. Қазiргi элитаға заңға, формалды ережелерге сүйенушiлердi жатқызып, оларды өз кезегiнде 4 топқа бөледi: 1) билiк құрылымдарын басқаратын, маңызды шешiмдер қабылдайтын жоғарғы элита; 2) мемлекет қызметкерлерiнiң жоғары жiгiн (министрлiктер, ведомстволар, комитеттер басшылары) құрайтын әкiмшiлiк элита; 3) белгiлi бiр табысы, кәсiби мәртебесi және бiлiмi бар адамдар (жоғары қызметкерлер, менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер); 4) жоғарыда көрсетiлғен үш көрсеткiштiң (табысы, кәсiби мәртебесi, бiлiмi) бiреуi немесе екеуi жетiспейтiн аралық (марғиналдық) жағдайдағы адамдар.
Қоғамның толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшiн элитамен кереғарлыққа келiп, күреспей, қудаламай, шектеулер қойып, шеңберiн тарылтпай, зиялы зерделi қауымның, дарын-ды тұлғалардың өзiн-өзi көрсетiп, халыққа, елiне қызмет етуiне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал.
Бiздiң Қазақстандағы элитаға келсек, елiмiз егемендiгiн алғанымен билеушi топ опта өзгере қойған жоқ. Олардың кәоi Кеңес Оддғы кезiнде номенклатуралық қызметгер атқарып, коммунистiк партия ыдырағаннан кейiн мемлекеттiк институттарға (Президент, Үкiмет әкiмшiлiгiне) қызметко көштi. 1993 жылғы конституция бойынша билiктiң 3 тармағы тең делiндi. Алайда шын мәнiнде билiк атқарушы органның қолына тидi. 1995 жылғы Қазакстан Республикасының Конституциясы Президенттiк билiктi бекiтiп, атқарушы билiктiң мертебесiн арт¬тыра түстi. Жекешелендiру кезiнде халықтың еңбегiмен жасалған мүлiкке ие бодцы.
Қазақстан қазiргi элитасына кiмдер жатады десек, оған Пре¬зидент аппаратының құрамы (Президент, оның әкiмшiлiғiнiң бастығы, орьшбасарлары, бөлiм басшылары, кәмекшiлерi, кеңесшiлерi), Парламент, министрлiктер басшылары мен орынбасарлары, дииломатиялық элита кiредi. Олардың арасында тиiмдi несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылық. Олар қаржы-қаражат, экономикалық қорлар, қажеттi мағлұматтарға иелiк етедi. Аймақтық элитаға облыс әкiмдерi жатады.
Билеушi элитаға тарту, оларды жаңғырту мәсслесiне келеек, жоғары басшыларға берiлген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесi лауазымды орынға отырады. Соның салдарында ол "сырттан келетiн" адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көппартиялық болмаған сон, саяси билiкке олардың ыкдалы шамалы. Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билiк басындағылардың көбi өз күнiн күйiтеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп, жүмыссыздык белен, алуда.
Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяск эли¬таның саны мен сапасын көтеру үшiн оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделi, бiлiмдi, бiлiктi, елiне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететiн азаматтардан таңдаған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет