Саяси жетекшiлiк туралы ұғым
Саяси iс-әрекеттi жүзеге асыруда саяси жетекшiлердiң, топ бастаушылардың (лидер), серкелердiң орны ерекше. Оған ха¬лықтың немесе белгiлi бiр әлеуметтiк топтың мүддесiн толық сезiнiп, қорғай бiлетiн, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттердi жия бiлғен адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшiн қаланың, аймақтың, мемлекеттiң көлемiнде адамдардың күш-жiгерiн бiрiктiрiп, белсендi ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе тұстi. Өйткенi саяси топ бастаушыға басқарушы қызметтi ресми түрде атқармайтың, бiрақ саяси өмiрде беделдi, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.Саяси жетекшiлiктiң, топ бастарлықтың (лидерлiктiң) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ бiлгiлерi келген. Солардың iшiнде ерекше көзге түсетiн Н. Макиавеллидiң "Патша" деген еңбегiндегi тиiмдi басшылық. Ол басшы мен бағынушыньщ өзара катынасына негiзделген мынадай терт ережеден тұрады: 1) басшының билiгi оны жақтаушылардың қол-дауына сүйенедi; 2) бағынушылар өз басшысынан ненi күтедi және өз кезегiнде басшы олардан ненi күтуi мұмкiн — соны бiлулерi керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жiгерi, қабiлетi болуға тиiс; 4) басқару¬шы өз жақтастарына даналық пен әдiлеттiлiқтiң үлгiсi болуы керек.
Кейiн келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлi түсiндiрiлдi. Қазiр саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси үйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешушi ықпал ететiн тұлғаны айтады.
Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтердi атқарады: қоғамнын түбегейлi қүндылықтары мен арман-аңсарлары негiзiнде әр түрлi топтардың басын бiрiктiрiп, мүдделерiн үйлестiру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттiктерiн өтейтiн және қарыштап алға басуға мүмкiндiк тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдiстерi мен тәсiлдерiн айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажеттi өзгерiстердi iске асыру; жұртшылықпен, эр түрлi үйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негiзiнде өзiн-өзi саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерiн қамтамасыз ету; әдiлдiктiн, зандылықтың, тәртiптiң кепiлi болу.
Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмiрiнде бiр кездерде маңызды жағдайлар, оқиғалар кездеседi. Сонда көш бастайтын көсемге қажеттiлiк пайда болады. Сонымең қатар топ бастаушы өзiн-өзi көрсете бiлуi үшiн қоғамға белгiлi бiр саяси және азаматтық еркiндiкте болуға тиiс. Оған пiкiр еркiндiгi, көппартиялылық, парламент пен партиялардың iшiнде жiкшiлдiкке мүмкiндiк беру, тағы басқалар жатады. Мүидай жағдайда әлеуметтiк мүдделердi бейнелейтiн адамдардын. саяси ойының таласы, бәсекесi толас-сыз жүрiп жатады. Ал тоталитарлық және авторитарлық жағ¬дайда саяси көсемдер емес, диктатура, номенклатура мен бю¬рократия жеңедi. Олар билiк басына демократиялық жолмен, жетекшiлiкке жету заплылықтары арқылы емес, қулық-сұмдық, зорлық-зомбылық әрекеттердi пайдаланып жетедi. Саяси топ бастаушы (кесем) болудың 2 жолы бар: 1) көпшiлiк халықтың мақсат-мүддесiн кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделердi мақсатты түрде тапмай зерттеу нөтижесiнде.
Саяси жетекшiге қарама-қарсы ұғым — саяси бастаушы, қөсемсымақ. Ол үғым XIX ғасырда пайда болды. Оған популистiк түрғыда iс-әрекет етушi адамдар жатады. Оның неғiзгiерекшелiктерi: көпшiлiқтiңтап қазiргi қарапайым талаптарын желеу етiп құптау; өз басының атын шығару үшiн адам-дардың үлкен тобының сыншылдық сезiмге берiлген (араздыққа, қастыққа, қорқынышқа, үрейге, өшпендiлiкке негiздел¬ген) жағдайын пайдалану; көпшiлiкке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тiлiндегi сөздердi, тiркестердi қолдану; асыра сiлтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлiгiне шағыну және т. б. Билiктен айырылып қалмау үшiн ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пiкiрдiң алдьiна шықпай, ығында жүредi.
Саяси бастаушы кобiне бүлдiрушiлiк идеяларды пайдаланып өзiнiң атын шығарады, мансап құрады. Өйткенi көпшiлiк, әдет¬те, жасампаздықтан гөрi қиратып, бүлдiру идеяларын оңай және жылдам кабылдайды.
Өмiр дәлелдегендей, қейбiр саяси бастаушылардың тағдыры кездейсоқ туады. Олар өз басының iскерлiгi, абыройының аркасында емес, белгiлi бiр тарихи уақытта белгiлi бiр желiге (струя) кез келiп қалудан.
Бұрынғы Кеңес Одағының күйреуi, егемендiк алған республикалардағы өмiрдiң демократиялануы саяси жетекшiлерге сұранысты көбейттi. Оның үстiне бұрын орнаған байланыстардың үзiлуi, нағыз нарықтық реттеу тетiктерiн жете бiлместiк және т. б. себептер өндiрiстiң құлдырауына, халықтың әл-ауқатының нашарлауына әкелiп соқтырды. Мүның бәрi жүртшылықтың наразылығьш тудырды. Соның нәтижесiнде саяси және әлеуметтiк жағынан пiсiп жетiлмеген көсемсымақтар пайда болады. Бүл шынайы өмiрдi және қолда бар тәжiрибенi зер салып зерттеудi, саралауды талап етедi.
ТМД елдерiндегi ереуiлдер көрсеткеңдей, саяси бастаушы болу оңай да, сенiмсiз де. Себебi "сүйiктi" деп тауып, қолпаштап көтерген жұрт егер айтқанын iстеп, дегенiне жүрмесе неме-се езiндiк белек iс-әрекет жасаса, сырт айналуы оп-оңай.
Саяси көсемдi саяси бастаушыдан (көсемсымақтан) қалай айыруға болады? Ол қиын емес. Оиың негiзгi ерекшелiгi -саяси көсемнiң жұмысында әрдайым жаңа идеялар ұсынып оты-ру кабiлетiнде.
XIX ғасыр аяғында-ақ саясаткерлердiң арасында бұл туралы пiкiрлер айтылған. Егер халық көсемнiң идеяларын толығымен түсiнiп, кабылдаса, онда оның керегi не? Мұндай жағдайда ол не халық арасында сiңiп кетуi керек немесе жана иде¬ялар ұсынып және оның жүзеге асу тетiктерiн көрсетiп, өзiнiң алдыңғы катарлы рөлiң өрқашан дәлелдеп отыруы керек. Яғни, саяси көсем халықтың мақсат-мүддесiн жай ғана бiлiп, жинап, кұптап кана қоймай, оларды жаңаша үғынып, дамытып, дәлел¬деп, түзетiп отыруы керек.
Саясаткердiң жаңашыл дүние тануы оның бағдарламасында, саяси сенiмiнде бiлiнедi. Барлық даңқты саяси көсемдердiң тарихта калуына олардың саяси бағдарламаларының пайдалы, жемiстi, өзiндiк ерекшелiктерi себепшi болды.Саяси тұғырнаманың жаңашьш, бәсекелестiкте тойтарыс бере аларлықтай "күштi" болуы үшiн мынандай талаптарға жауап беруi керек. Ең алдымен, әр түрлi өлеуметтiк топтар мен коғамдық бiрлестiктердiң басын косьш, олардың қолдауын қамтамасыз ететiн, бiрден көзге түсерлiк басты мақсаты болғаны шарт. Екiншiден, қойған мақсатқа жетудiң терең талданған тетiгi, нақтылы жолдары көрсетiлуi тиiс. Үшiншiден, егер бағдарламада көрсетiлген мақсаттар орындалған жағдайда ол әрбiр сайлаушыға, отбасына, ұжымға кандай экономикалық, әлеуметтiк, рухани игiлiктер әкелетiнi түсiңдiрiлгенi жөн.
Саяси жетекшiлiктiң жiктелуi және топ бастаушылардың жеке қасиеттерi
Саяси, жетекшiлiктi ғалымдар жiктегенде мынандай принциптердi негiзге алып жүр:
1) тарихи принцип. Мүнда жетекшiнiң тұрпатын (типiн) дәуiрмен байланыстырады, ол өмiр сүрген әлеуметтiк ортаның жемiсi ретiнде қаралады;
2) ықпал ету көлемiне қарай жалпыұлттық, аймақтық, кала-лық, аудандық саяси жетекшi болып бөлiнедi;
3) таптық принцип. Бұған жұмысшылар, шаруалар, буожуа-зияның, әлеуметтiк топтың жетекшiлерi жатады;
4) қазiргi әлеуметтiк қүрылысқа қатынасы жағынан оны жақтайтын, оган қарсы шыратындар болып бөлiнедi;
5) қабiлеттiлiгi жағынан өзiнiң жеке басының қасиеттерi, дарындылығының арқасында немесе жағдайға карай кетерiлген жетекшi дейдi;
6) бастамашы, рух берушi жетекшi немесе басталған iстi орыыдаушы ретiнде де топтастырады.
Саяси топ бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасаған немiстiң әлеуметтанушысы М. Вебср. Ол саяси серкедердi "бедел" үғымына иегiздеп бьiлай жiктедi: i) билiк. әкеден ба-лаға мирас ретiнде қалатын әдет-ғұрып жетекшiлiгi; 2) ерехше қадiр-қасиетi, кабiлетiне (ақылдылығына, батырлығына т. т.) байланысты билiк басына келген харизматикалық топ бастар; 3) констiiтуция негiзiнде сайлау арқылы басшылық орынға кел¬ген саяси серкелер.Қазiргi кезде саяси жетекшiлердi жiктеудiң кең тараған түрiн амерыкандық профессор Дж. Херманн үсынды. Ол саяси топ бастаушыларды бейнесi (имиджi) бойынша былай жiктейдi:
1) ту көтерер саяси жетекшi. Оныц емiрге өз көзкарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарыii да бiледi, Ол өмiрде болып жаткан оқигалардың сипатын жақсы тусiн едi, оны өзгертудiңжолын, қарқынын айқындайды. Мысалы, Үндiстанда ұлт-азаттық қозғалыстын, басшысы болған Махатмг Ганди, негрлердiң азаматтық құкығы үшiн күрескен Мартин Лютер Кинг, Иран халқыиың кесемi Аятолла Хомейни;
2) қызмет етушi топ бастар. Ол өзiнiң жолын қуушылардын мүддесiң дәлме-дәл бiлдiре бiлудiң аркасында қурметке бөленедi. Мысалы, Л. И. Брежнев, К. У. Черненко, Д. Қонаевтар коммунистiк партиянын сондай өкiлдерi болатыа;
3) саудагер топ бастар. Оның ерекшелiгi — алдына қойған жоспарды iске асыруға соңына ергендердiң бәрiн жұмылды-рып, сендiре бiлу қабiлетiнде. Мысалы, Американың 40-президентi Р. Рейган, Б. Н. Ельцин.
4) өрт сөндiрушi топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарының жинақтап қойған сауалына, қысылтаяң жағдайларда шапшан шешiм тауып, жол көрсете алады. Мысалы, Д. Буш, Б. Клинтон, Я. Арафат.
Әрине, өмiрде бұл көрсетiлген торг түрi теориядағыдай таза қалпында емес, көбiне аралпс күйде кездеседi.
Қызметтi атқару тәсiлiне қарай авторитарлык және демократиялық жетекшi деп бөлiнедi. Авторитарлық жетекшi өз жұмысында күш қолдануға сүйенiп, жалғыз өзi басқарғысы келедi. Демократиялық жетекшi болса, алдағы мақсатты белгiлегенде және оны iске асырғанда қасындағы адамдарды қатынастырып, олармен ақылдаса отырып шешедi.
Түрiне қарай "формальды", "формальсыз" деп бөлiп жүр. Формальды жетекшi белгiленген ережелер арқылы басшылық орынға тағайындалады. Формальсыз жетекшiнi қатысушылар өздерi тандайды. Ондай серкелер, әдетте, кiшкентай топтарға тән келедi. Ал үйымдаскан үлкен топтарда, әлбетте, формаль¬ды басшылар болады. Мысалы, өскербасшылары, кәсiподақ, корпорация басшылары және т. б. Саяси қауымдастықтың жо-ғарғы құрылымы — үкiмет болып есептеледi.
Саяси серкенiң жұмысы мынандай кезендерден тұратын үш қызметтi атқарады:
1) "диагностикалық" мiндет: саяси серкелер қалыптасайын деп келе жатқан жағдайды зерттеу аркылы оған баға бередi; яғни "диагноз" кояды;
2) саясатты белгiлеу: жетекшi өз табының, жақтастарының мақсатына сай шешiлетiндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма бередi;
3) iске тарту: жетекшi өзiнiң белгiлеген саясатын iске асыруға тырысады. Ол үшiн өзiнiң тобы, жақтастары оның iс-әрекет жоспарын қолдауы керек, Сонын арқасында оны жүзеге асыруға жұмылдырылады.
Қоғам болған соң, оның езiне тән қиыншылықтары, қай-шылықтары болмай қоймайды. Оларды мемлекет байқап, дер кезiнде шара қолданып, өрiстетпеуге тырысады. Бiрақ бүкiл мәселе оңай шешiле бермейдi. Кейде мәселенiңтүйiнi шешiлмей дертке айнала бастайды. Мұны көрген саяси серкелер бiрiншi байқап, мөселенi көтередi. Олар жағдайды өзгертудiң жолын көрсетедi. Егер олардың ұсынған жолы көпшiлiк жүрттың көңiлiнен шығып, қолдау тапса, қоғамдық қозғалыс пайда бо-луы мүмкiн. Оны басқаратын серкелердiң шығуы езiнен-өзi түсiнiктi. Мүндай қозғалыстардың өрiсi ауқымды болып, түбегейлi жетiстiктерге жетсе, қоғамның саяси мәдениетiнде айтарлыктай өзгерiстер де болуы ықтимал.
Әлеуметтiк жүйенiң қандай субъектiсi болмасын — жеке тұлға, адамдар тобы, партия, тап, халық майданы немесе тағы баска үйымдар сиякты коғамдық қүрамалар — жетекшi бола алады. Жетекшiлiктiң күшi оз жактастарынын түпкiлiктi мақ-сат мүддесiн iске асыра бiлуiнде.
Саяси серке адамдардың көңiл-күйiн, ой-арманын, үмiтiн, үмтылысын, зәрулiгiн қай сәтге болмасын мүлтiксiз сезiнiп отыруы керек. Ол басқаларға жақын жолдасындай карап, халықтың мұқтаждығын қанағаттандырарлықтай қамқоршыл болса, калың жүрт оны шексiз сенiмге бөлейдi.
Нағыз саяси серке шиеленiс, кикiлжiндердi дер кезiнде түсiне бiлiп, ерiстетпей, уақытында жоя бiлуiмен сипатталады. Одан да жақсысы саяси дау-жанжалдардың алдын ала бiлгенi жөн. Саяси тәжiрибеде дау-дамайға қатысушылардың өзiн-өзi ұстауының бiрқатар дәстүрлi түрлерi бар. Оған шегiну, бәсекелестi таптап, басып тастау, ымыраға келу жатады.
Нағыз серке осының бәрiн есепке алады. Ол шиеленiстi шешудiң ең колайлы тәсiлi — оған қатысушылардың қай жағы болмасын ұтыста болатындай жағдайды iздестiру керектiғiне олардың көздерiн жеткiзе бiлуде. Ол үшiн жетекшi саяси кикiлжiңге қатысушылардың назарын тек өзiнiң ғана емес, сонымен катар басқаның да пайдасын ойлайтындай жағдай тудырады. Тiптi, қиын жағдай болса ол, тым болмаса, саяси тепе-тендiктi сақтауға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |