Әдебиеттер
1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы»- Алматы: Білім, 1997.- 176 б.
2. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 30 наурыз, 2010- 8б.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекетті бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 16 қазан, 2004.- 12б.
4. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. М., 1993.- с. 294.
5. Наследов А. SPSS 19 –профессиональный статистический анализ данных. – СПб:Питер, 2011 – 400 с .
6. Сафонцев С.А. Образовательная квалиметрия как фактор повышения эффективности контроля качества процесса обучения. Автореферат…дисс. Д.п.н. – Ростов-на-Дону, 2004. -36 с.
7. Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. – Алматы, 2013. 196 бет.
14-дәріс. Білім беру сапасын басқарудың жалпы мәселелері, олардың өлшемдермен байланысы
Педагогтың эксперттік қызметінің мәні. «Ұстаз қандай болса, қоғамы да сондай» деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Ұстаздық ету – қастерлі де, қасиетті мамандық. Осы бір киелі кәсіптің қасиетті жүгін арқалаған әрбір педагог шәкірт алдындағы өзінің адал парызын, терең жауапкершілігін сезіне білуімен қатар, соны шынайы орындауға ұмтылуы тиіс. Заман талабына сай туындаған мәселелер болашақ ұстаздарды ұлттың рухани қазынасымен, өнеге-өнерімен сусуындатуды талап етеді. Қоғам дамуында, өндірісте, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде, әсіресе, болашақ мамандардың ойлау қабілетін дамытуда – педагогтің қызметінің мәні жоғары.
Қазіргі жағдайда экономикалық және әлеуметтік құбылыстарды бақылап және талдай білетін, сауатты шешім қабылдап және шығармашылық белсенділігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастыруға баса назар аударылып, ата-баба дәстүрін жалғастыратын, ел экономикасын өркендетуге үлесін қосатын, қоғам талабына сай келетін болашақ жұмысшы, кәсіпкерлерді даярлауды талап етіп отыр. Бұл мәселеде әсіресе жоғары педагогикалық білім беруді жетілдірудің алатын орны ерекше. Елбасы педагогикалық жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелей алатын жаңа формациядағы ұстаз дайындау міндетін қойып отыр. Қазіргі қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер адамнан өнімді еңбек пен шығармашылықты талап етеді. Сондықтан, педагог – эксперт маман ретінде әрдайым қоғамда болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруы қажет.
«Эксперт» дегеніміз – қарастырылатын қандай да бір сұраққа өз шешімін айтатын маман, сыншы. Қазіргі кездегі жаңа формациядағы ұстаз - заман талабына сай жылдам өзгеріп отыратын өмірге бейімделген, өзін-өзі көрсете алатын, қоғам өміріне белсене қатысатын, шығармашылықпен ойланатын, ұлттық құндылықтар мен этнопедагогика қағидаларын меңгерген, ғаламдасуға байланысты, «Интернет» жүйесін жетік білетін, ғылым жаңалықтарын әлемдік деңгейге сай зерттейтін, білімді де білікті, көп оқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін мәдениеті жоғары жеке тұлғаны тәрбиелей алатын маман. Сондықтан, педагогтар – болашақ мамандардың бойында мынадай: шығармашылық, ізденімпаздық, жаңашылдық, интеллектуальдық, зерттеушілік қасиеттерін қалыптастырады.
Педагогтің заман талабына сай кәсібін жетік білуі, өз ісінде жаңа технологияны пайдалануы, жастарға әлемдік стандартқа сай білім беруі, компьютерлік және мультимедиялық технологияны меңгеруі, электронды оқу құралдары мен интернет сайттарын қолдануы, сол сияқты педагогикалық үрдістерді жаңа ғылыми-әдістемелік тұрғыда ұйымдастыруы – бүгінгі күннің талабы. Біздің еліміздегі білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы қоғамды демократияландырудың жалпы тенденцияларына сәйкес келеді, яғни болашақ мұғалімдер қазіргі экономикалық қатынас жағдайында белсенді, шығармашыл, кәсіби және әлеуметтік қызметке даярланған болуы керек. Өйткені, қазіргі кәсіби білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше, сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Ақпараттық технологияны қолдану, оқып-үйрену, меңгеру, практикада пайдалану, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы жүзеге асады. Олай болса, инновациялық технологияларды меңгеру негізінде кәсіби-педагогикалық іскерліктерін, рухани-адамгершілік қабілеттерін қалыптастыруға, сол сияқты өзін-өзі тәрбиелеу мен педагогикалық үрдістерді жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі.
Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені педагогтің шеберлігіне шәкіртті тәрбиелеп, оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағынан оқытып тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оларды қолдана білу жатады. Психология адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуіне жол сілтейді, оның өз ерекшеліктерін ажырата білуге жәрдемдеседі. Педагог-психолог адамдардың рухани-моральдық нормаларын бала бойына сіңіре біледі. Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның биологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Биологиялық тұрғыдан морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық жетілуі болса, әлеуметтік дамуына психикалық, рухани, интеллектуальдық жағдайлары жатады. Демек, педагог-психолог маманын адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат және тұлға болып, оның әрі қарай жетілуіне әсерін тигізеді. Педагог-психолог – отбасында ана, мектепте мұғалім, балабақшада тәрбиеші, жоғары оқу орнында оқытушы, жұмыста қызметкер, өз ісіне жауапты маман. Педагог-психологтың бойында әділдік, тапқырлық, қамқорлық, шыдамдылық, адамшылық, кең пейілдік қасиеттері басым болуы қажет. Педагог – психолог, тәрбиеші, ақылшы, қамқоршы, жетекші, мейірімді жан.
Педагог бала бойына мынандай жақсы қасиеттерді қалыптастырады: баланың шығармашылық қабілетін немесе өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту; пәнге терең қызығушылығын арттыру; оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру; оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту; жалпы білім, білік, дағдыларын дамыта оқыту; білім базасын арттыру; интеллектуальдық жаңашылдыққа, әдептілікке, жеке тұлғалардың эстетикалық мәдениетінің жоғары дамуына ықпал жасауда білімді мықты құрал ретінде қолдану, т.б. Педагогтың оқушылармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас сипатына негізінен педагогикалық ұжымда қалыптасқан моральді-психологиялық ахуалы әсер етеді. Мұғалімнің өз әріптестерімен, мектеп әкімшілігімен іскерлік, тату байланыстары бүкіл мұғалімдер ұжымының өз оқушыларымен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасауында тәрбиелік ықпалының біртіндеп және бірыңғай бағыт алушылығын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Жаңа заманның тарихын жазатын, оның кемшіл тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мына біздерге, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Тегінде, тәрбие – үлкен жауапкершілікті, жүйелі көңіл бөлуді талап ететін өзгеше бір әлем. Ғылымда осы өзгеше тәрбие мәселесімен айналысатын педагогика-психология саласы – халық педагогикасын зерделеуге, бала психологиясын, оның эстетикалық талғамын, ұлттың дәстүрлі мәдениетін, әскери мекемелер мен әскерилер психологиясын, өмірдегі жаман-жақсы адамдар психологиясын зерттеуге арналған бірден-бір ғылым. Осы ғылымның терең тамырлы, жан-жақты халықтық тәрбие, еңбек тәрбиесі, әскери тәрбие, патриоттық тәрбие, экономикалық тәрбие салалары бар. Барлық салалардың көздеген мақсаты - біреу ғана, ол – адам тәрбиелеу, яғни бүгінгі ұлттың менталитетіне лайық икемді, жан-жақты жетілген, нарықтық экономикаға бейім, парасатты ұлт азаматын тәрбиелеу. Сонымен қатар адам бойындағы ешқандай аспаппен өлшеп болмайтын асыл қасиет – адамгершілік нәрін адам бойына сіңіру. Содан кейін ғана еліміздің болашағы – жастарға білім беру жолындағы тәрбие. Әр жастың санасын білім нәрімен сусындатып, оны ары қарай тереңдете жалғастырып, қазіргі заманның талабына сай етіп даярлау, т.б. Бұлардың бәрі – педагогтардың қызметі. Міне, осындай түзу жолдан шығып кетпес үшін арнайы педагог-психологтардың кеңесіне сүйенеміз, үйренеміз және өзгеге үйретеміз.
Қазіргі педагогтің алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Қай елдің болсын, өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өз орнын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Ұстаз мәртебесін көтеру, олардың жұмыс істеуіне, шығармашылығына, демалуына жағдай жасау, үздік мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап, оны тарату, оларға қолдау көрсету - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |