Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна



бет10/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Инновациялардың жіктелуі.
Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты жаңалық енгізудің бірнеше түрлері енгізіледі.
Технологиялық инновациялар.Технологиялық инновациялар-өнімдерді, өндірістердің жаңа технологияларын дайындаудың жаңа тәсілі.Олар өндірістің дамуына және саланың технологиялық қолайлы қайта жабдықталуына негіз салады. Бұл жаңалықтар білім беру саласында оқытуда қолданылатын әр түрлі технологиялық құралдар мен жабдықтарға байланысты. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, ақпараттық ортаға ену және бағдарламалық қамтамасыздандыру жаңа мүмкіншіліктерге жол ашты. Компьютерлік технологиялар өзінің жеделдігінің арқасында және кең зерде қорының арқасында білім берудің жаңа құралдары болып табылады.Олар жеке тұлғаға, білім беру ортасына әр түрлі варианттарды іске асыруға мүмкіншілік береді.
Әдістемелік инновациялар. Әдістемелік инновациялар- бүл сабақ беру мен білім алу, тәрбиелеу және оқыту әдістемесі, оқыту және оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру саласындағы инновациялар. Олар білім беру саласында ең көп таралған, жаратылыстану ғылымилық және гуманитарлық пәндерді оқытуды мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, жоғары білімге дейін оқыту үрдісін, мамандарды дайындауды қамтиды.
Тәжірибеде әдістемелік инновация ұжымдық жаңартулармен тығыз байланысты. Олар жоспарланған мақсат анықталған кезде, бірақ құралдар мен әдістерін іске асыруына қосымша зерттеулер талап етілгенде, білім беру жағдайларында кездеседі. Инновацияның бұл типі жеке әдістемелерде басым, ал дидактика мен тәрбие теориясында сирек кезігеді, педагогика тарихына арналған еңбектерде кездеспейді.
Ұйымдастырушылық инновациялар. Олар еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін орнықтыруға қатынасы бар. Жекешк айтқанда әртүрлі топтарда, мектептен және мектептен тыс ұйымдарда жұмыс жасау әдісі.
Мысалы, 2001жылы жалпы білім беру мекемелерінде, былайша айтқанда жалпы білім беретін және арнайы мекемелерде «көзді сақтау сыныбын» құру шешімі қабылданда. Топ он екі адамнан тұрды. Ал күрделі кемістігі бар балалар үшін бес адамнан сынып құрды. Басқа мысал. Білім толықтыру сыныптары Ресей Федерациясының Білім туралы заңына сәйкес жалпыға білім беретін мекемелерде құрылады. Білім толықтыру мекемесі- білім алуда қиыншылықтарға тап болған балаларға арналған.
Компенсациялаушы оқыту сыныбына балаларды таңдаудың негізгі көрсеткіші ретінде жалпыға білім беретін мекемелерде, білім алуға дайындық деңгейі ол психологиялық, психофизиологиялық жағынан да төменгі деңгейде болуы орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет