Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна


Интербелсенді оқуда қолданылатын зерттеу жұмыстарының нысандары мен тәсілдері



бет17/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Интербелсенді оқуда қолданылатын зерттеу жұмыстарының нысандары мен тәсілдері:
- жобалау; аннотациялау және рецензиялау; ғылыми жұмыстарға пікір жазу; әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру; ғылыми пікірталас пен диспуттар ұйымдастыру; портфолио құрастыру; кейс-стади, мақала, реферат, сценарий жазу; идеялар аукционын өткізу; презентациялау; өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру; сауалнамалар, тестер, диагностикалық құралдар, жоспарлар, бағдарламалар әзірлеу; тәжірибелер жасап, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау, т.б.
БІЛІМ ТҮРЛЕРІ
1. Бүгінгі күні ғалымдар бір ауыздан дерлік білімнің негізгі екі түрін көрсетеді:
1) репродуктивтік;
2) конструктивтік.
Философ Джон Дьюи, психологтар Жан Пиаже мен Лев Выготский, математик және логик Алфред Уайтхэд, педагог Т.Лешкевич, философ Владимир Данченко және басқалар білімнің бұл түрлері өэ қасиеттері бойынша бір-біріне қарама-қарсы деп есептеген. Бұған қоса білім берудің де екі үрдісін ажыратуға болады: репродуктивтік тұрғыдан білім беру өткен дәуірдің әдістемесіне жатса, конструктивтік тұрғыдан білім игеру - бүгінгі және ертеңгі күннің білімі.
Репродуктивтік білім
Білімнің бұл түрі ырықсыз, бәлсенді (пассив түрдегі) түйсінуді (қабылдауды) білдіреді; мұнда үйренушінің субъективтік және өзіндік түсінігіне жол берілмейді: репродуктивтік білім «түрлендірусіз, еш өзгертусіз қайталау» деген ұғымды меңзейді.
Репродуктивтік білім есте сақтау және қайталауға негізделеді, мұнда қарастырылатын мәлімет білім алушы тұрғысынан аз мөлшерде өзгертіліп, интерпретацияланады.
Репродуктивтік білімде бағдарлама (оқытудың, пәннің бағдарламасы) негізгі рөл атқарады (бұл - «бағдарлама центристік» білім), өйткені мұндай білім шәкірттің жеке тұлғасына бағытталмай, жоғары жақтан белгіленген оқытудың бағдарламасына арқа сүйейді: «бағдарламада қалай келтірілсе, солай оқыту керек» деген қағиданы ұстанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет