Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ. д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна



бет26/61
Дата15.12.2023
өлшемі403.3 Kb.
#486735
түріСеминар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61
Білім беру саласындағы тестілеу (1)

Бірінші бағыттағы ғалымдар (Т.Г. Браже, Н.Н. Лобанова, Н.И. Запрудский және т.б.) кәсіби құзыреттілікті «сапалар мен іскерліктердің» жүйесі ретінде түсінеді және кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті философиялық, психологиялық, мәдениеттік, әлеуметтік және тұлғалық тұрғыдағы жүйе ретінде қарастырады.
Екінші бағыттағы ғалымдар (В.А. Сластенин, В.И. Загвязинский, А.И. Мищенко, Г.И. Хозяинов және т.б.) кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің педагогикалық шеберлікпен байланысын және олардың айырмашылығын зерттеді.
Үшінші бағыттағы ғалымдар (Е.В. Бондаревская, А.А. Вербицкий, Б.С. Гершунский, Н.С. Розов және т.б.) кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті тұлғаның білімділігімен, дамығандығымен, тәжірибесімен, жеке қабілеттерімен, білімін үнемі жетілдіруге ұмтылысымен, адамдармен мәдениетті қарым-қатынас жасай білуімен байланыстырады.
Төртінші бағыттағы ғалымдар (Н.В. Кузьмина, М.И. Лукьянова, А.К. Маркова, Л.М. Митина, Е.М. Павлютенков және т.б.) кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті іс-әрекеттік тұрғыдан қарастырады.
Н.В. Кузьмина құзыреттілікті жеке тұлғаның қасиеттері ретінде қарастырады. Оның пікірінше құзыреттіліктің бес түрі бар:
1) оқытатын пән бойынша арнайы және кәсіби құзыреттілік;
2) оқушылардың білім, біліктерін қалыптастыру тәсілдері бағытындағы әдістемелік құзыреттілік;
3) қарым – қатынас аясындағы әлеуметтік–психологиялық құзыреттілік;
4) оқушылардың ынтасы, қабілеті аймағындағы дифференциалды–психологиялық құзыреттілік;
5) тұлғаның өзінің және өзіндік іс-әрекетінің жетістіктері мен кемшіліктері айналасындағы аутопсихологиялық құзыреттілік.
Үшінші кезең мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін психологиялық тұрғыда ғылыми категория ретінде сипаттайды.
Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты М.В. Рыжаков өз еңбегінде:
- «құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес, әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез–құлықтық, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды;
- құзыреттілік – алған білім, білік, тәжірибе, мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;
- құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұнының интеграциясы;
- құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады .
«Кәсіби құзыреттілік» ұғымы туралы бірыңғай пікір әлі тұрақталмағаны байқалады. Көбіне бұл ұғым кәсібиліктің жоғары деңгейін бейнелеуде қолданылады. Кейбір авторлардың еңбектерінде «кәсіби құзыреттілік» ұғымы «кәсіби қызметке даярлық» (В.А. Сластенин, Н.Н. Лобанова, А.И. Панарин және т.б.) және «педагогикалық кәсібилік» (А.И. Пискунов, В.В. Косарев және т.б.) ұғымымен теңестіріледі [9].
Білім беру саласында құзыретті маман қалыптастыру мәселесінің зерттелуі ХХ ғасырдың 80-90 жылдары қарқынды жүре бастады. Кәсіби–педагогикалық құзыреттілік пен оның жекелеген түрлерінің жалпы мағынасы В.А. Адольфтің, Е.В. Бондаревтың, Н.В. Кузьминаның және т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің әртүрлі қырларын К.А. Абульханова, Л.И. Мищенко, М.В. Прохорова, Е.И. Рогов, Д.С. Савельев, В.А. Сластенин, Н.Ф. Талызина, және т.б. зерттеді. Кәсіби білім берудегі құзыреттілік тұғыр әртүрлі құзыреттілік түрлерінің жиынтығы арқылы күтілетін нәтижені қалыптастыруды көздейді.
Кәсіби құзыреттілікті зерттеу барысында ғалымдар оның жекелеген бағыттарына баса назар аударады. Мысалы, Н.В. Кузьмина арнайы педагогикалық, ғылыми–педагогикалық, әдістемелік және құзыреттіліктің басқа да түрлерін қарастырса, М.В. Прохорова – басқарушылық құзыреттілікке, А.А. Реан, Е.С. Алешина – дифференциалдық–психологиялық құзыреттілікке, Т.Б. Руденко дидактикалық - әдістемелік құзыреттілікке назар аударды.
Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге асыру керек.. «Білу» тек кәсіби қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті нақты, ақиқат білім ғана емес, сонымен қатар ақиқат мәні бар және білім мен білікті қолдануға бағыттайтын құндылық болып табылады. «Жасай алу» педагогикалық үдерісті жүзеге асыру амалы ғана емес, адамның ең басты білігі өзінің ішкі жан дүниесін еркін және саналы сезіне білуде де, сыртқы кәсіби педагогикалық қызметте де субьект бола білу.«Дегеніне жету» - қойылған мақсатқа заң, адамгершілік және мәдениет шеңберінде жете білу.
Қазіргі педагогика сөздігінде «кәсіби құзыреттілік» адамның өзіндік кәсіби білім деңгейімен, тәжірибесімен және жеке қабілеттерімен, өз білімін үздіксіз көтеруге ұмтылысымен, өзін-өзі жетілдіруімен, іске деген шығармашылық және жауапты қатынасымен анықталады.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін ғалымдар кәсібиліктің бір баспалдағы (Е.В. Андриенко, Ю.В. Варданян, В.И. Журавлев, Т.В. Новикова, Н.Ф. Талызина); мұғалімнің педагогикалық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік, дағды және қабілеттіліктің, психологиялық сапалардың жүйесі (А.А. Вербицкий, А.К. Маркова); білім және мұғалімнің тұлғалық қасиеттерінің негізінде педагогикалық қызметті орындау формасы (Е.М. Павлютенков) ретінде қарастырады.
Кәсіби құзыреттіліктің түрлі бағыттары ғалымдар еңбектерінде жан–жақты қарастырылған. Педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі – А.А. Орлов, И.Я. Фастовец, С.Т. Каргин; маңызды кәсіби сапаларды дамыту – Е.П. Белозерцев, И.А. Колесникова, Н.В. Кузьмина, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.А. Сластенин, педагогикалық шығармашылық мәні – В.Н. Андреев, Ю.Н. Кулюткин, В.И. Загвязинский, М.М. Поташник; педагогтың кәсіби қызметінің психологиялық негізі – Л.С. Выготский, В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, Б.Т. Кенжебековтің т.б. еңбектерде ғылыми негізде тұжырымдалған. Сонымен қатар жекелеген пәндер бойынша біліктіліктерді қалыптастыруға А.Е. Әбілқасымованың, Б.Б. Баймұхановтың, М.Ә. Құдайқұловтың, Ж.А. Қараевтың, С.Е. Шәкілікованың, А. Нұғысованың және басқалардың еңбектерінде ерекше көңіл бөлінген.
В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, Л.И. Мищенко және т.б. педагогтық мамандықтың ерекшелігіне орай педагогтың «кәсіби құзыреттілігі» ұғымын оның педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және практикалық жағынан дайындығы мен кәсіби шеберлігінің бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл жағдайда кәсіби құзыреттіліктің құрылымы неғұрлым жалпыдан жеке біліктілікке бағытталған педагогтық біліктілік арқылы анықталады. Мұғалімнің педагогикалық ойлай білудегі (ішкі, ойлау әрекеттері) жалпылама біліктілігі кезінде байқалатын теориялық дайындығының мазмұны мұғалім бойындағы талдаушылық, болжамдық, жобалау және рефлексивтік біліктіліктердің болуымен анықталады. Практикалық дайындығының мазмұны педагогтың әртүрлі біліктіліктерінің (сыртқы, практикалық) қалыптасуымен айқындалады. Оларға: біріктіре білу, ақпараттық, дамытушылық және бағдарлық қабілеттерді біріктіретін ұйымдастырушылық қабілеті; перцептивтік, педагогикалық қарым қатынас және педагогикалық техниканы (жеке оқушының және оқушылар ұжымының белсенділігін көтере білу); қолданбалы біліктілігі (ән айта білу, сурет сала білу, музыкалық аспапта ойнай білу, үйірме жетекшісі, нұсқаушы т.б.) жатады. Осындай көзқарасты кәсіби құзыреттілікке мұғалімнің алға қойылған педагогикалық міндеттерді тиімді шешудегі жеке мүмкіндіктері деп анықтама бере отырып, «Мамандыққа кіріспе» оқу құралының авторлары В.А. Мижериков және М.Н. Ермоленко да қолдайды. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық теорияны жете білумен қатар оны практикада қолдана білу қажет, сондықтан педагогтық құзыреттілікті оның теориялық және практикалық даярлығының педагогтік қызметті жүзеге асырудағы бірлігі деп түсінуге болады .
Л.М. Митина мұғалімнің кәсіби дамуының психологиялық факторларын, шарттары мен қозғаушы күштерін зерттей келіп, тұлғаның интегралдық сипаттарының қатарындағы кәсіби дамуының факторларының бірі ретінде мұғалімнің кәсіби бағыттылығын және педагогтық құзыреттілігін бөліп көрсетеді. Педагогтық құзыреттілікті Л.М. Митина психологиялық әдебиеттердегідей тек қызмет аясында ғана емес, пәнді оқытудың әдістемесі мен дидактикасының үйлесімді сәйкестігі ретінде кең түрде қарастырады.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің психологиялық тұжырымдамасын жасай отырып, А.К. Маркова мынадай анықтама береді: «кәсіби құзыреттілік - бұл мұғалімнің білім, білік және осы еңбекті жүзеге асыруға қажетті олардың нормативтік белгілерінен хабардарлығы; психологиялық сапаларды меңгеруі, нормаға және үлгіге сай нақты кәсіби әрекет» және оның мазмұнын екі көрсеткішке –үдерістік және нәтижелілікке бөледі. Үдерістік көрсеткіш үш блоктан тұрады: педагогикалық әрекет, педагогикалық қарым–қатынас және мұғалімнің жеке бас тұлғасы – теориялық жағынан тепе–тең емес, практикалық жағынан жиі сәйкес келетін оның еңбегінің үш жағы. Нәтижелік көрсеткіш екі блокқа бөлінеді – оқу және оқыту, тәрбиелілік және тәрбиелену.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «базалық құзырет» ұғымы қолданылып келеді Бұл құзыреттіліктер - өмірдегі мәселелер мен жағдайаттарды шешуде іс-әрекеттің сапалы, табысты өтуін қамтамасыз ететін жеке тәжірибеге енген білім, білік, дағды, қабілеттің жинағы немесе әмбебап жүйесі. Сондықтан осы тұрғыда жоғары кәсіби білім беру базалық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзырет білім, білік, шығармашылық әрекеттің қорытындысына сүйеніп, төмендегідей негізгі белгілерімен ерекшеленеді:
1) Көп қызметті күнделікті, кәсіби және әлеуметтік өмірде кездескен кез келген жағдайдан шыға алады және кез келген мақсатты және міндетті шеше алады;
2) метапәнділік және пәнаралық – бұл түрлі жағдайда қолданылады;
3) интеллектуальдық дамуды, яғни абстракциялық ойлауды, рефлексия, өзінің жеке позициясын анықтай алуды, өзін - өзі бағалауды, сын тұрғысынан ойлауды талап етеді;
4) көпқырлылығы–түрлі ақыл-ой үдерісін, интеллектуальды біліктілікті, ақыл-ойды қажет етеді.
Отандық педагогикада «құзыреттілік» ұғымы көбіне кәсіби дайындық, кәсіби шеберлік пен мамандықты меңгеру деңгейі ретінде қарастырылып келеді.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың әртүрлі қырлары көптеген ғалымдарымыздың зерттеулерінде көрініс тапқан. Айталық бұл мәселені Б.Т. Кенжебеков (жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі), Г.Ж. Меңлібекова (болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-педагогикалық құзыреттілігі), С.И. Ферхо (мұғалімдердің электрондық оқу басылымдарды пайдаланудағы кәсіби құзыреттілігі), М.В. Семенова (жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары) өз зерттеулерінде зерделеген.
Ғылыми–педагогикалық еңбектерге жасалған талдау, сонымен бірге, болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру, университеттік білім берудің кәсіптік бағыттылық ұстанымына негізделген педагогикалық компонентінің мазмұнын іріктеу, мектепке дейінгі білім берудегі болашақ педагогтарды коммуникативтік іс-әрекетке кәсіби тұрғыдан дайындау, педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру, жоғары оқу орнында болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімін кәсіби даярлау жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білуге даярлау, жоғары оқу орнында болашақ еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімін кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасы, болашақ математика мұғалімдерін оқушылардың есеп шығару білігін қалыптастыруға даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздері, электрондық-әдістемелік жүйе жағдайында оқушыларда экономикалық білім қалыптастыруға болашақ бастауыш сынып мұғалімін даярлау, болашақ мұғалімдерді ақпараттық–компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау, университеттік білім беру жүйесінде болашақ маманның креативтілігін қалыптастыру, болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау теориясы мен практикасы, студенттері кәсіби даярлауда бос уақытты пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздері, болашақ мұғалімдердің тәрбиеші ретінде кәсіби қалыптасуының теориялық-әдістемелік негіздері т.б. еңбектер болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мәселелері бүгінгі күн талабына орай әртүрлі тұрғыдан қарастырылғанын байқатты.
Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының ғалымдары М.Ж. Жадрина, С.Д. Мұқанова, Н.Н. Нұрахметов, С.Н. Лактионова, Р.А. Сүлейменова және басқалар білім берудегі құзыреттілікті зерделеу негізінде төмендегідей анықтама береді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет