«Педагогикалық әдіснама» ұғымы осы кезеңге дейін көпмағыналы, тіпті даулы мәселелердің бірі күйінде қалып отыр. Бүгінгі күні педагогикалық әдіснамаға түрліше анықтама беріледі. Педагогикада қалыптасқан диалог дәстүрі бойынша көптеген педагогтар педаггикалық әдіснаманың анықтамасы мен трактовкасын ұсынуда.
Отандық педагогикада әдіснаманы түсіндіруге алғаш қадам жасаушылардың бірі О.В.Трахтенберг, ол оны танымның қағидалары мен әдістері туралы білімдер мен таным әдістерінің жүйесі ретінде танытты. Оның ұстанымы бойынша «педагогикалық әдіснама педагогикалық үдерісті ұйымдастыру үшін және іске асыру қағидаларын жасау үшін қызмет етуге тиіс» [152]. Педагогика әдіснамаларының (А.М.Арсенов, Н.К.Гончаров, М.А.Данилов, Ф.Ф.Королев және т.б.) кейінгі жұмыстарында бұл ұстаным бекіп дами түсті. Отандық белгілі педагог М.А.Данилов «педагогика әдіснамасы – педагогикалық болмысты бейнелейтін білімді дамытудың қағидалары мен тәсілдері туралы, педагогикалық теорияның бастапқы ережелері, негіздері мен құрылымы туралы білімдер жүйесі» деп санайды [153].
Әдіснаманың басқа, процессуалдық аспектісін баяндау үшін В.В.Краевский педагогикалық әдіснама анықтамасына: «...сондай-ақ, арнаулы-ғылыми педагогикалық зерттеулердің сапалық бағасын, бағдарламалар, логика және әдістерін негіздеу және осындай білімдерді алу бойынша қызмет жүйесі» деп қосты [154]. Нәтежиесінде, педагогика әдіснамасын барынша кең мағынасында теориялық және практикалық қызметті құрудың қағидалары мен тәсілдері жүйесі, сондай-ақ, осы жүйе туралы білім ретінде» түсіне бастады [12].
Ерекшеліктерін іздей отырып зерттеушілер педагогика әдіснамасына педагогикалық зерттеулердің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, қызмет-міндеттері мен әдістері жөніндегі ілім деген анықтамаға тоқталды [38]. Бұлайша түсінудің аясында педагогикалық әдіснама мыналарды қамтиды:
педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметтері, соның ішінде, педагогикалық проблематика туралы ілім;
әдіснамалық мағынадағы негізгі, іргелік әлеуметтік-педагогикалық ережелер (теориялар, тұжырымдамалар, ғылыми болжамдар);
практиканы жетілдіру үшін өндірілген (алынған) білімдерді пайдаланудың тәсілдері туралы ілім;
әлеуметтік-педагогикалық ізденістің логикасы мен әдістері туралы ілім [155].
Әдіснаманың «осы қызметтің құралдары, нәтежиелері және әдістері, белгілі бір саладағы қызметі туралы ғылыми (теориялық жүйе) білім» деген жалпы анықтамасына сүйене отырып, педагогикалық әдіснаманы «педагогика ғылымы немесе кейде айтылатындай педагогика ғылымдары туралы ілім, оның объектісі – бұл біздің білімді (яғни теориялық жүйені) онда жүретін үдерістерді, педагогикалық білімді зерттеу» [139].
Әдебиетте кездесетін педагогикалық әдіснама анықтамаларына талдау тұғырларындағы айырмашылықтарына қарамастан осы заманғы ғылымдағы басты үрдіс әдіснаманы ғылыми зерттеу саласы ретінде шектеуге ұмтылыс ұзақ уақыт сақталды және әдіснаманың мәнін былайша түсінгенін көрсетті:
зерттеу рәсімдерінің құрылымы және олардың дәйектілігі;
осы рәсімдерді қолдану нәтежиесінде алынған білімдер құрылысы;
ғылыми зерттеулерде қолданылатын, қандай дәрежедегі дәлдікпен қиыстырылғанына және мүлде қиыстырылған-қиыстырылмағандығына тәуелсіз жалпы ережелер, қағидалар мен әдістердің жиынтығы.
ғылыми зерттеулерде басшылыққа алынатын қағидалар, құралдар және ғылыми талдау және т.б. талаптарын іске асырудың нақтылы құралы қызметін атқаратын теориялық білімдер жүйесі.
Мұндай түсінік бойынша әдіснама деп ғылыми зерттеу әдістемесін немесе практикалық қызмет негізіне жататын әдісті таниды. Осы уақытқа дейін педагогика әдебиетінде «оқушылардың білімін тексеру әдіснамасы» немесе «тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтежиелерін бағалау әдісннамасы» деген сияқты қисынсыз тұжырымдар пайда болуда.
Педагогикалық әдіснаманы ғылыми зерттеу, оның әдістері немесе ғылыми ізденісі логикалық ұйымдастыру аясымен шектелмейтін әдіснама деп мына төмендегілерді түсінідіретін анықтамалар да бар:
педагогикалық теория негізі мен құрылымының негіздері жөніндегі жүйе;
педагогикалық білімді алу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі;
ғылыми-педагогикалық білімдердің конструктивті өсуі теориясы;
педагогикалық теорияны жетілдіру, оны құру және дамыту әдістемесін игеру метатеориясын жасау, құрылымын, логикалық аппаратын зерттеу;
педагогтардың ғылыми-зерттеу қызметінің заңдылықтарын анықтау, педагогика ғылымында жаңа білім алуға жол ашатын (көмектесетін) құралдар және әдістерді зерттеу, ғылыми-педагогикалық қызметтің теориясы;
ғылыми білімнің мазмұнын байыту және дамыту үрдістерін зерттеу;
педагогикалық зерттеу және басқа әдіс, тәсілдер, нормаларды жасап шығару.
Барлық анықтамалардан көрінетін даусыз факті сол, әдіснама ғылыми-зерттеу және жобалау-қайта құру қызметтерін бағыттайтын, реттейтін және қалыптандыратын құралдармен қамтамасыз етеді.
Ғылыми-педагогикалық әдебиетте әдіснамаға берген теориялық жәее практикалық қызметті ұйымдастыру және құру қағидалары мен тәсілдерінің жүйесі екендігі туралы Э.Г.Юдиннің анықтамасы кеңінен таралады. Бұл анықтаманы көптеген педагогтар танып, қабылдады. Мұнымен байланысты педагогикалық әдіснаманы зерттеушінің өзінің зерттеу немесе жобалау қызметінің стратегиясы мен мақсатын, логикасы мен құрылымын анықтаудағы ізденісінде әдіснамалық рефлексия формасы (нысаны) ретінде анықтайды. Бірақ «стратегия» ұғымы әдіснама ерекшелігін толық дәрежеде анықтауға мүмкіндік бермейді, өйткені, әдіснама танымдық және/немесе практикалық қайта құру қызметінің құндылықтары мен бағдарларын ғана емес, сонымен қатар, нақтылы тәсілдерін және қағидаларын, олардың қолданылу логикасын қамтиды.
Анықтамалардың санын бұдан әрі де жалғастыра беруге болар еді. Алайда, педагогикалық әдіснамаға деген көзқарастар айырмашылықтарын тіркеп қою ғана емес, түрлі зерттеушілердің ұстанымдарын жақындатып, педагогикалық әдіснама мен педагогикалық жүйелендіру ғылымдарының қиылысында құндылық-мағыналық, мазмұндық-мақсаттық және қызметтік өрісін анықтауда жоғары деңгейде келісімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігімен маңызды.
Педагогикалық әдіснама (гр.metodos – зерттеу немесе таным жолы және logos – сөз, ілім) түрлі мағынада, мәнде және аспектілерде түсінілуі мүмкін. Әдебиетті талдау аталмыш мәселеге түрлі авторлар көзқарастарының жақын келуі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді, мысалы, педагагогикалық әдіснаманы педагогтардың ғылыми-танымдық және жобалау - қайта құру қызметінің тиімділігі мен нәтежиеге қол жеткізуін қамтамасыз ету саласындағы қызметінің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері және құралдары, олардың мақсаты мен міндеттері жөніндегі ілім анықтамасына қатысты айтуға болады.
Педагогика әдіснамасы кең мағынасында – оның пәнін зерттеудің жалпы ғылыми және арнаулы әдістері мен теориясын, ал тар мағынасында – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпараттарды алу, оны талдау мен түсіндіру әдістері жүйесін қамтитын жаңа педагогикалық білімдерді алудың тәсілдері туралы жүйені қамтиды, яғни, былайша түсіндіреді:
педагогикалық ғылымдағы зерттеу қызметінің бағыттарын, оның мақсаттары мен құрылымын, сондай-ақ, жаңа білім алу қағидалары мен әдістерін анықтайтын жалпы гносеологиялық нұсқаулар жүйесі;
педагогикалық әдіснама аясында, нысанасы педагогикалық зерттеу үдерісі мен оны қамтамасыз ету әдістері болып табылатын арнаулы пән;
былайшша қарастырады:
ғылыми әдістер туралы теориялық ілім;
әдіс жөніндегі ғылым негізін педагогикалық зерттеулер құрайтын неғұрлым жалпы қағидалар мен әдістер жүйесі;
жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі;
белгілі бір немесе одан басқа теория мен зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже.
Өз қызметінің ғылыми-ізденісін немесе мазмұнына әдіснамалық негіздер мен бағдарлардың ерекшелігі мен мазмұнын ашуда педагог-зерттеушілер көбінесе «әдіс», «тұғыр», «қағида», «заң», «идея», «логика», «парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады. Осы ұғымдарды салыстыруға көптеген педагогтар жүгінді. Алайда, бүгінгі күні аталған ұғымдардың «әдіснама» туыстас түсінігімен өзара байланыс сипатын айқындау ғана емес, олардың педагогикалық зерттеулер немесе жобалаулардағы әдіснамалық бағдар болудағы маңызын нақтылау маңызды.
Педагогикалық болмыстың ғылыми таным немесе қайта құрудағы әдіснамалық рөлін ұғымдар тобы қашан атқарады? Әдіснамалық қағидалар басқа қағидалардан несімен өзгешеленеді, әдіснамалық тәсілдер, идеялар, логика педагогикада қолданылмайтын тәсілдер, идеялар, логикадан қандай айырмашылығы бар?
Зерттеуші үшін әдіснамалық нұсқау ретінде әдістер немесе тәсілдер, тұғырлар немесе қағидалар, логика немесе зерттеу бағдарламасы, парадигма немесе теория қолданыла алады. Олар ғылыми-педагогикалық және жобалау қызметінің жалпы бағытын анықтайтын негізгі ережелер болып табылады. «Әдіснама» ұғымы мағынасы жағынан жоғарыда атап көрсетілген ұғымдар тобына жақын педагогикалық әдіснаманың негізгі категориясы, сондықтан осы заманғы педагогикалық әдіснаманың ұғымдық қатарын құруда біз оларды бірінші топқа жіктедік. Бұл ұғымдардың оларға туыстас, негізгі ұғым – «әдіснамамен» байланысына жасалған талдауға жүгінейік.
«Әдіснама» ұғымына мағына жағынан неғұрлым жағын ұғым, сөзсіз «әдіс» ұғымы. Оның жақындығы әдіснаманың көптеген анықтамаларында белгіленген. Ғылыми пәннің анықтамасы сияқты кез-келген нақтылы әдіснама өзіне сәйкес келетін белгілі бір әдістерді қамтиды. Сондықтан, өзін қамтитын әдіснаманы көрсетеді және бұл ретте, оның ерекшеліктерін білдіретін ұғым ретінде қолданыла алады. Мысалы, диалектикалық-материалистік әдіс диалектикалық-материалистік әдіснама, жүйелілік талдау-жүйелілік әдіснама т.б.әдәсі ретінде қаралады. Бірақ әдіснама бір ғана әдіспен шектеле алмайды. Бұдан басқа әдіс әдіснамадан өзгеше әрбір қадамын және ғылыми-педагогикалық қызмет сатысын қатаң детерминирует, алайда, зерттеушінің өзінің елеулі түрде араласуын жоққа шығармайды. Әдіснама педагог-зерттеушінің педагогикалық практика объектілерін жетілдіру немесе өзгерту мақсатымен байланысты жаңа педагогикалық жобаны әзірлеу барысындағы ғылыми немесе жобалау қызметіне жалпы бағыт береді. Сондықтан, қандай да бір әдіс педагогикалық зерттеудің немесе педагогикалық жобалау үдерісінің бүкіл кезеңінде қолданылып, өзіне басқа әдістерді тәуелді етсе, онда ол оның әдіснамасы болады. Мысалы, «жүйелілік талдау-жүйелілік әдіснама».
Ғылыми әдебиетте «әдіснамалық тәсіл» деген ұғым (сөз тіркесін) кездеседі. «Тәсіл» ұғымы педагогикада ғылымның пайдаланатын нақтылы тәсілі, деталі, элементі ретінде қолданылады. Тәсіл – бұл ғылыми-педагогикалық қызметтің қандай да бір үдерісінің элементі, жеке әрекеті. Егер «әдіс» ұғымы ғылыми-педагогикалық қызмет тәсілдерінің жиынтығын білдірсе, «әдіснамалық тәсіл» ұғымы аталмыш тәсілдің зерттеушінің ғылыми-педагогикалық қызметінің бүкіл кезеңінде пайдаланылатынын білдіреді. Мысалы, эксперименттік жағдаятты туғызу, егер қолданылуы ғылыми-педагогикалық қызмет субъектісінің мақсаты мен жалпы нұсқауына айналса зерттеу түрі, эксперименттік әдіс және әдіснамаға экспериментті айналады. Егер бұл шарт сақталмаса және тәсілі түрлі әдістерде пайдаланылса, онда оны әдіснамалық деп санауға болмайды. Ол әдіске айналады немесе жай тәсіл болып қалады.
Зерттеу тәсілдерінің жиынтығы, олардың қолдану дәйектілігі мен логикасы педагогикалық зерттеуді жүргізу технологиясын анықтайды (грек сөзі techne – өнер, logos – ілім). Бір қарағанда «технология» ұғымы әдіснамаға жатады, өйткені технология ғылыми-педагогикалық қызметтің басынан аяғына дейін сипатын анықтайды және әдістер мен зерттеу тәсілдерін таңдау үшін нұсқау жасайды. Белгілі болғандай, технологиялық инвариант кез-келген ғылыми-зерттеу немесе жобалай қызметінде болады, ол барлық шығармашылық актіні ықтимал варианттардың таңдау технологиясына жатқызуға болады. Технологиялық қасиет ретінде кез-келген ғылыми-педагогикалық немесе жобалық қызметтің мазмұнының операциялық рәсімделушілігіне байланысты және технологиялық тұғырды дәйекті іске асыру осы заманғы педагогикалық зерттеу немесе жобалау идеологиясының технологиялық парадигмасын қайта бағдарлауға мүмкіндік береді. Ғылыми-педагогикалық зерттеу және педагогтың жобалау қызметін технологияландыру идеясының танымалдылығы педагогикалық болмысты тану немесе қайта құруға тек бірігей шығармашылық акті ретінде қатынасы даму проблемасын талқылауға мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты. Технологиялық сипаттамасы ғылыми-педагогикалық және жобалау-педагогикалық қызметті әлеуметтік елеулі ауқымда, әсірісе, педагогтардың инновациялық ізденісі мен эксперименттеу жұмыстарына жаппай қатысуы жағдайында дамыту (қалпына келтіру, өндіру) үшін жасалады. Ғылыми-педагогикалық танымды және педагогикалық болмысты қайта құруда технологияландырудың мақсаты – ғылыми шығармашылық және жобалау, тұрақта нәтежиеге жету, ғылыми-педагогикалық және жобалау-педагогикалық қызметтегі субъективтік фактордың әсерінен туындаған кемшіліктерді жою үдерісін басқару. Алайда, технология ғылыми-зерттеу немесе педагогикалық жобалау мақсаттарының «шеіберіне шыға алмайтындықтан», оның ғылыми-педагогикалық таным және педагогикалық жобалаудағы мүмкіндіктері шектеулі. Технологияны педагогикалық зерттеу немесе педагогикалық мақсаттарын біреулер анықтап қойған кезде ғана қолдануға болады. Педагогикалық зерттеу немесе жобалау мақсаттарын анықтау және оларға қол жеткізу құралдарын іздеу – технологияның емес, әдіснаманың мақсаты. Әдіснама педагогы – зерттеушінің іздену белсенділігін немесе практиктің бастамашылығын технологиялық талаптарымен шектелмейді, ғылыми ізденуге немесе жобалауға кең өріс береді. Бұл арқылы ол педагогикалық зерттеушілердің және педагогикалық жобалаудың «әдістеме» және «технология» ұғымдарынан өзгешеленеді. Технология ғылыми-педагогикалық немесе жобалау-қайта құру қызметінің аталмыш нақтылы түріне тиесілі. Ол нақтылы және бір типтің мақсаттарын шешуде басқа педагогикалық зерттеу немесе жобалаудан қызметтің дәлме-дәл қайталануын талап етеді. «Әдіснама» ұғымы зерттеушіге немесе жобалаушыға бағдар беріп, таңдау ұсынады. Сонымен қатар, әдіснамалық нұсқауларды практикалық қолданудың өз технологиясы бар. Оның әзірлемесін жасау осы заманғы педагогтардың зерттеу және жобалау қызметінің бір мақсаты болып табылады.
«Әдіснама» ұғымына мазмұны жағынан «қағида» ұғымы өте жақын келеді. Педагогикалық зерттеу немесе педагогикалық жобалау.
Мониторинг – педагогикалық өлшем ретінде. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында: «Мониторинг (лат. Monitor – қараушы, қадағалаушы, сақтандыру) – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер – ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі», - деп анықтама берілген. «Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясының кезінде (1972) «бақылау» ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты мониторингке деген қажеттілік артуда. Мысалы, соңғы он жылдың ішінде 4 миллионннан артық жаңа химиялық қосылыстар синтезделіп, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндірілген. Мониторинг телевизия, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің базалық, ғаламдық, аймақтық, авиациялық, ғарыштық т.б. деңгейдегі түрлері бар»[1;355].
Заман талабына сай ғылым мен техниканың қарқынды дамуы білім беру тәсілі мен сапасын арттыруды, жаңашылдықпен ілгері жүргізуді талап ететіні сөзсіз. Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктеп, сол салада қызмет етіп жүрген мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жаңа ұстанымдарға сай ұйымдастыруды қажет етуде. Еліміздің білім беру мекемелерінде білім сапасын бақылаудың әртүрлі бағыттары, әдіснамалық алғышарттары қалыптасқан. Осы ретте білім сапасын бақылаудың кеңінен тараған түрі - білім беру жүйесін мониторингілеу үрдісі.
ҚР Білім беру туралы Заңында «Білім беру мониторингі – білім беру үрдісін жүзеге асыру үдерістерінің нәтижелері мен шарттарының, білім алушылар контингентінің, білім беру ұйымдары желісінің жай-күйін және өзгерістер серпінін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау» деп көрсетіледі [2].
Педагогикалық мониторингтің жалпыға белгілі, бақылаудан айырмашылығы – білім деңгейі мен оқыту жағдайын үзіліссіз қадағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және таратуды ұйымдастыру. Сондай-ақ, педагогикалық мониторинг диагностикалау, оқу және оқыту, білімді игеру дәрежесін анықтауға, болжам жасауға мүмкіндік береді. Білім беруді дамытудың ең негізгі, түпкі нәтижеге бағытталған жүйесі мониторингілеумен тікелей байланысты.Педагогикалық мониторинг - оқыту мен тәрбиелеу сапасын көтеруді ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге, мұғалімнің іс-әрекетін зерттеуге негізделген. Білім беру үрдісін құруда ақпараттық, қозғаушы және ынталандырушы, түзетушілік қызметтер атқарады.
Педагогикалық мониторингтің қозғаушы, ынталандырушы қызметіне мониторинг нысандарының әлеуметтік, қаржылық, құқықтық, материалдық-техникалық жай-күйіне жағдай жасау, олардың дамуына кері әсер етуші мәселелерді анықтау, балалар қылмысының, есірткі қолдануының азаюына, аудандағы, қаладағы, облыстағы тәрбиесі қиын балалар жұмысына тигізетін әсерін бағалау кіреді. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс ұйымдарға көптеп келуіне жағдай жасау, мониторинг сұрақтары бойынша жергілікті, орталық басқару ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу, электронды мәліметтер базасын енгізу және қалыптастыру.
«Педагогикалық үрдістің нәтижесін айқындай отырып нысанның жағдайы жөнінде мәлімет алу, кері байланысты қамтамасыз ете отырып нағыз білім беру үрдісін, оның қиындығын, бұрмалануын анықтау педагогикалық мониторингтің ақпараттық қызметіне кіреді» [3;231]. Жинақталған ақпарат толық, әділ, дәл мерзімді болуы керек. Білім мазмұнын анықтауда, үздіксіз білім беруде жаңа мақсаттар, міндеттер, құрылымдық өзгерістер ғылыми және әдістемелік қорлардың пайдаланылуы арқылы жүзеге аспақ. Мысал ретінде Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының педагогикалық мониторингілеу арқылы жүзеге асырылған ізденіс-зерттеу жұмысына назар аударсақ. «Бұл институттың ғылыми зерттеу нысаны – білім беру сапасын арттыру жағдайында мемлекеттік білім стандартын, инновациялық үрдістерді енгізуде ғылыми-әдістемелік бағыт ұстану болып табылады» [4;237].
Ұжымның алдына қойған ауқымды міндеттері мынадай:
білім беру қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін арттыру, оның мониторингтік жүйесін жүргізу; – білім беруде жаңа буын шеберлігі мен біліктілігін арттыру; – мамандардың біліктілігін арттырудың мемлекеттік жүйесінің кеңінен дамуын қамтамасыз ету; – білім беруде ғылыми-әдістемелік көмек ұйымдастыру; - озық тәжірибелі мұғалімдердің жұмыстарын зерделеу, жинақтау, тарату.
Сол себепті де Шығыс Қазақстан облыстық институтында бірнеше жылдан бері мониторингтік қызмет қалыптасқан. Оның негізгі мақсаттарына: 1. Мамандарды даярлау жүйесінің жағдайы туралы, оның өзгеруі жайлы жалпы мәліметтер беретін кешенді көрсеткіштерді анықтау; 2. Білім беру қызметкерлерінің курстық дайындықтарының жағдайы, оны дамыту туралы ақпараттарды жүйелеу; 3. Курстық дайындық жағдайы, оны талдау және болжау ақпараттарын жүйелеу жатады.
Институтта мониторингтің мазмұнын белгілейтін шығармашыл топтар құрылған: 1. Білім мазмұнына аймақтық компоненттерді енгізу; 2. ШҚО мектептеріндегі педагогикалық инновациялардың мазмұны. Мектеп басшыларының инновациялық бағыттылығы, басқару әдісі, жеке бас сапасы; 3. Облыс мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісіне қазіргі оқыту технологияларын енгізу ерекшеліктері; 4. ШҚО білім беру қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру мазмұны болжамының курстық дайындықтарды жетілдірудегі нәтижелері мен негізгі бағыттары; 5. ШҚО білім мекемелерінде тәрбиенің мемлекеттік кешенді бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары;
Сонымен қатар мониторинг құрылымында қызметтің негізгі түрлері анықталған:
жобалау;
мониторинг индикаторын іріктеу мен бағалау;
бақылау;
сауалнама алу;
зерттеу көрсеткіштерін талдау;
статистикалық өңдеу;
дамудың басты бағыттарын болжау;
оқу-әдістемелік қызметті түзету;
Педагогикалық мониторингтің қозғаушы, ынталандырушы қызметі облыс мұғалімдерін жан-жақты тануға түрткі болады, институттың жұмысына талдау жасауға машықтандырады және ұжым қызметінің зерттеушілік бағытын күшейтеді. Сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеу сапасын көтеру мақсатына, оқыту мен тәрбиелеу әрекетін басқаруды ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге негізделген.
Соңғы қорытынды – диагностикалық кезеңінде мониторинг нысанының жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады. Мониторинг мақсат-міндеттерінің сәйкестігіне логикалық талдау жасай отырып, жүргізілген жұмыстың тиімділігімен анықталады.
Білім сапасы – ең алдымен білім беру әдістемесінің жетілуіне тікелей байланысты дамығандықтан, біліктілікті арттыру әрдайым бақылауды қажет етеді. Белгілі бір жүйедегі бақылаудың түрлері, әдіснамалық негіздері өзіндік ерекше тұстарымен дамып, жетілуді қажет етеді. Өйткені, білімге деген көзқарас өзгерген уақытта мониторингілеу жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеу қажеттілігі туындап, оның алғышарттары пайда болуда. Сапаның мәні белгілі бір деңгейді талап ететіндіктен, сол талапқа сай болып, оған жету жолдарын мониторингілеу арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз. Сол себепті білім берудің ұйымдық-құрылымдық компоненттерін біржақты, бағдарланған жүйеге жақындату үшін оның логикалық даму бағытын анықтап, біліп алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |