Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих факультеті
Семинар сабақ - 1
Тақырыбы: Орыс картографиясы.Ресейдің мемлекеттік түсірілімдері бойынша жасалған карталар
Орындаған: Фрунзеқұл Н.Е
1-курс магистрант, тарих және география мамандығы
Тексерген: профессор м.а. Қозғамбаева Г.Б
Алматы, 2022 ж.
Орыс картографиясы.Ресейдің мемлекеттік түсірілімдері бойынша жасалған карталар
Патшалық Ресей тұсындағы картографияның даму ерекшеліктері.
Ресейде алғашқы географиялық сипаттауларға ХІ-ХІІ ғасыр- лардағы жылнамашылардың жазбалары жатады. І Петрге дейінгі кезеңдегі (1700 жылға дейінгі) бірінші картографиялық матери- алдар қатаң математикалық негіздері болмағанымен, көптеген сапалы ақпараттар бар сызбалар немесе сызбалар кітабы деп аталған жазбаларда сақталған.
ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы карта-сызулар мемлекеттік меншігі болғандықтан сауданың пəні болған жоқ. Орыс картографиясы пайда болған алғашқы күннен бастап алынған деректері нақ- ты болуымен ерекшеленетін далалық жəне мемлекеттік карто- графиялық қызметті қамтыды.
ХVІ ғасырдағы орыс картографиясының шыңы шамамен 1600 жылы құрылған «Мəскеу мемлекетінің Үлкен Сызбасы» болды. 1627 жылы ол қайта сызылды жəне оған толықтырулар енгізіліп, аты «Үлкен Сызба Кітабы» деп өзгертілді. «Үлкен Сызбаның» өзі сақталмағанымен оның көптеген көшірмелері белгілі.
Қалалар мен монастрлардың жоғары дəлдікпен сызылған картографиялық сұлбалары (пландар) негізінен сол кезеңдегі икон- дарда сақталған. Ресей үшін құрылған ХVІ-ХVІІ ғасырлардың сақталған сызбалары ел аумағын əркелкі жапқан. Сызбаларға берілетін жазбаша түсініктері алғаш рет Киев-Печера лаврының жерасты құрылыстарының сызбаларында берілген. Ондағы жа- зулар еңбектің мазмұнын ашатын түсіндірме сөздік емес, тек картографиялық кесінді толықтырып отырды.
ХVІІ ғасырлардағы көптеген карталар шығысқа бағытталып, тұсбағдарлық кестелер пайда болды жəне сол ғасырдың соңында құрылғандарында оны кескіндеу міндетті болды. Ал ХVІІІ ғасырлардағы карталар үшін солтүстіктің бағдарсыздығы міндетті түрде көрсетілді. ХVІІ ғасырларда шекарасы шығысқа қарай кеңейген көп ұлтты Орыс мемлекетін нығайту жұмыстарына баса назар аударылды. Сібір мен оны шаруашылықтық мақсатта иге- ру маңызды географиялық ашылулармен қатар жүріп, өкіметтің нұсқауымен жаңадан ашылған жерлердің карталары құрыла ба- стады. Тобылдық Семен Ремезовтың 1701 жылы үлкен пішімде құрылған 23 картадан тұратын «Сібірдің сызу кітабы» атты ат- ласы сол кезеңдегі маңызы зор танымал еңбек болып табылады.
Картография тарихының барлық зерттеулері І Петр дейінгі кезеңде Батыс Еуропа ғылымдарының Орыс картографиясына ықпалының шамалы болмағанын көрсетеді.
І Петр кезеңінде картографияның дамуы. І Петр кезеңіндегі түбегейлі өзгерістер картографиялық жұмыстарға да өзгерістер енгізді. Жаңа міндеттірді бұрынғы құралдармен шеу- ге болмайтын болды. Сондықтан картографиялық жұмыстарды орындау үшін қажетті деңгейде білімі бар мамандар дайындау ісі қолға алынып, Мəскеу математика жəне навигация мектебі мен Санкт-Петербург теңіз мектебінде картография жəне геодезия саласының мамандары дайындала бастады.
1724 жылы І Петрдің жарлығымен Ресей ғылым Академия- сы құрылып, ел аумағында топографиялық түсіру жұмыстарын жүргізе бастады. 1721 жылы түсіру жұмыстарына 1732 жылы 111 геодезис тарылды. Түсіру жұмыстары уездерде жүргізіліп, аталған əкімшілік-аумақтық құрылымның құрылған картала- ры Сенатқа жіберілді. Кейіннен Ресейде карта басып шығару ісі қолға алынды.
Түсіру жұмыстарын басқарған Сенаттың обер хатшысы И. К. Кирилов (1697-1737) 360 картадан тұратын Бүкіл Ресей империясының Үлкен атласын құруды ойластырды. Ол 1734 жылы жекелеген аумақтық-əкімшіліктік құрылымдардың тек 14 арнайы карталарынан тұратын бірінші бөлімін ғана шығарып үлгерді. Бірақ бұл карталар Сібірдің сызбалар кітабынан біршама нақты болғанына қарамастан, бойлықтары бойынша 8o-10o үлкейтілгіп берілуіне байланысты қателері болды. 1745 жылы Ғылым Акедемиясының география департаменті дəлдігінен кет- кен қателіктер біршама аз Ресейдің атласын басып шығарды.
І Петр мен одан кейінгі кезеңдерде барлық экспедициялардың құрамына геодезистер кірді. Сол кезеңдегі көптеген экспедиция- лардың басты мақсаты картографиялық материалдар жинап, кар- та құру болды. Геодезистер Қазақстанды, Сібірді, Кіндік Азияны, Камачатканы, Тынық жəне Солтүстік мұзды мұхиттарын зерттеу- ге зор үлес қосты.
Орыс геодезиясы мен жерді орналастырудың дамуына 1765 жылы жаряланған ІІ Екатеринаның бас межелеу манифесінің маңызы зор болды. Монифеске сəйкес Ресей аумағында ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында басталып, ХІХ ғасырдың екінші жартысында аяқталған межелеу алдымен уездік қалалардың жерлерінде, содан кейін қалалық жерлермен шектесетін саяжайлық телімдерде содан кейін уезд шекарасына дейін жүргізілді. Жер телімдерінің сыртқы шекаралары бұрыш өлшеу əдісіне сəйкес астролябтың көмегімен түсіріліп, арақашықтықтары он сажалық темір шынжырлармен өлшенген.
Картографияның жаңа кезеңде дамуы. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап топографиялық түсірулердің бірқатар бөлігі əскери ведомстваларға өте бастады. 1797 жылы император- дың Карта депосы ұйымдастырылды. Депоның бастамасымен «кар- талар мен атластар құру картасы» құрылды. 1812 жылы Əскери министрліктің құрамына өтіп атауы «Əскери-топографиялық депо», 1822 жылы əскери-топографиялық корпус болып өзгертілді. Жүз жыл ішінде əскери-топографиялық қызмет триангуляцияны қолдау, астрономиялық қосындарда бақылау жəне 10 млн шақырым2 аумақта топографиялық түсіру жұмыстарын жүргізді.
Жаңа топографиялық карталардың қатарына ХІХ ғасырдың ортасында бастырыла бастаған Ресейдің Еуропалық бөлігінің 1:162 000 масштабты картасын жатқызуға болады. Аталған кар- тада жазық жерлер бедерінің ерекшеліктерін ашып көрсету үшін штрихтардың арнайы түрлері жасалды.
ХІХ ғасырда ғалымдардың қолдауымен арнайы мекемелер құрылып тақырыптық картаға түсіру ісі қарқынды жүргізіле ба- стады. 1882 жылы елдің геологиялық картасын құруда жетекші рөл атқарған Геологиялық комитет құрылды.
Экономикалық карталар ертерек шыға бастады. Олардың қатарына «Еуропалық Ресейдің өнеркəсібі» (1842ж.) жəне «Еуропалық Ресейдің шаруашылықтық-статистикалық атла- сын» (1851ж.) жатқызуға болады. П. П. Семенов-Тян-Шанский экономикалық жəне халықтар карталарын, В. В. Докучаев топырақ карталарын құрудың негізін қалады.
Ресей картография өндірісіндегі маңызды жетістіктердің бірі орыс шаруаларын Орта Азияға, Қазақстан мен Сібірге, Қиыр Шығысқа қонысаудартуға байланысты 1914 жылы Қоныстандыру басқармасы шығарған «Азиялық Ресейдің атласы» болды. 1884 жылдан бастап картография Д. Н. Анучин география кафедра- сында университеттік картография пəнін енгізеді. ХІХ ғасырдың соңында картографияның дамуына Орыс география қоғамы зор үлес қосты. Олар ұйымдастырған көптеген экспедициялар нəтижесінде жиналған орасан зор материалдар карталар мен ат- ластар құру барысында қолданылды. ХІХ жəне ХХ ғасырлардың аралығында қалыптасу үрдісі мен картография мен географияның байланысы жөніндегі анықтамалар күшейді.
К. А. Салищевтің көзқарасы бойынша өз алдына дербес ғылым ретінде картография жаңа кезеңде қалыптасты. Өйткені В. Н. Татищевтің анықтамасы бойынша картография математикалық география ретінде физикалық жəне саяси география сияқты географияның құрамында болған.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ресейде картографияның дамуына əскери геодезист профессор Василий Васильевич Вятковский зор үлес қосты. 1898 жылы оның три- ангуляциялау барысында жүргізілетін есептеуге негіз болатын «Практикалық геодезия», 1904 жылы əскери топографтарға арналған «Топография», 1907 жылы картографиялық проекция- лар туралы іргелі еңбегі «Картография» оқулықтары жарық көрді.
К азіргі кезеңдегі картографияның теориясы мен əдістемесінің дамуының негізін КСРО кезеңіндегі ғалымдар мен тəжірибелі мамандар салды. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін халық шаруашылығын, қорғаныс пен білім беру салаларын картамен қамтамасыз ету міндетін шешу мақсатында 1919 жылы кейіннен «Мемлекеттік геодезия жəне картография басқармасы» болып қайта құрылған «Бас геодезия басқармасы» құрылды. 1923 жыл- дан бастап топографиялық карталар үшін біртекті проекция, стандартты метрлік масштаб, əр бетті беттерге бөлу, номенклату- ра жəне тік бұрышты жазық координаттар жүйесі енгізілді. Осы жылдары топографиялық карталарды құруға аэрофотографиялық түсіру (құрамдасқан кескінді жəне стереографиялық түсіру) əдісі енгізіле бастады.
Ұлы отан соғысы басталар алдында КСРО-ның, дүние жүзінің, жеке материктер карталарына арналған проекциялардың теориясы бойынша зерттеулер жүргізіліп, 1940 жылы Красов- ский элипсоидының өлшемі есептелініп шығарылды. Сол жыл- дары КСРОда бірқатар атластар құрылды. Солардың ішіндегі ең құндыларының бірі ретінде «Дүние жүзінің үлкен кеңестік атла- сын» атап өтуге болады.
Біліктілігі жоғары мамандар дайындау ісіне де баса назар аударылып, Геодезия, Аэрофото түсіру жəне картографияның орталық ғылыми зерттеу институты ашылды.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары карталарды жаңарту жəне геодезиялық торларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, аэротүсіру əдістері жасалды. 1950 жылдардың орта- сында КСРО-ның барлық аумағының 1:1 000 000 масштабты кар- таларын құру толық аяқталды.
Алынған ірі масштабты карталардың негізінде ғылым мен іс-тəжірибенің алуан түрлі талаптарына жауап беретін топографиялық шолу карталары, сонымен қатар, мемлекеттік маңызы бар жоғары сапалы тақырыптық карталар да құрыла ба- стады. Олардың қатарына КСРО-ның геологиялық (1:200 000, 1:1 000 000), топырақ (1:1 000 000), гипсометриялық (1:2 500 000), жоғарғы мектепке арналған 1:4 000 000 масштабты қабырға (геологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық, тағы да басқа) карталарын жатқызуға болады.
Бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпаған атластардың қатарына алға рет 1954 жылы басылып шыққан орта мектептің мұғалімдеріне арналған «Мұғалімдердің географиялық атла- сын», «Үш өлшемді теңіз атласын» (1953-1958), «Дүние жүзінің физикалық-географиялық атласын» (1964), «Антарктида атласын» (1966-1969), «Мұхиттардың үш өлшемді атласын» (1971- 1974) тағы басқаларды жатқызуға болады.
Біршама көп тиражбен шығарылатын карталардың қатарына мектеп карталары мен атластарын жатқызуға болады.
КСРО кезеңінде картография мен тақырыптық картаға түсіру ісінің дамуына экономикалық жəне əлеуметтік географияның негізін қалаушы Н. Н. Баранский (1881-1963) зор үлес қосты. Ол географиялық зерттеулер барысында карта мен картографиялық талдау əдісіне баса назар аударып, экономикалық карталарды құру жəне талдау əдістері мен қағидаларын негіздеді.
Н. Н. Баранский картаның географиядағы маңызы мен атқа- ратын қызметін айқындап төменде көрсетілген ой қорытындыла- рын шығарды:
1. Карта географияның альфасы мен омегасы немесе геогра- фиялық зерттеулер картадан басталып, картамен аяқталады.
2. Карта бос орынды толтыратын ынталандырушы.
3. Карта географиялық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
4. Карта зерттеу мен нысанды байланыстыратын дəнекер.
5. Карта географиялық зерттеулерге қажетті құрал ғана емес, географиялық ойды жеткізудің ажырамас құрамдас бөлігі.
КСРО-да картографияның дамуы кеңестік география мен картография мектебінің негізін салушы аса дарынды ғалым К. А. Салищевтің (1905-1980) есімімен тығыз байланысты болды. Ол нақылы бір картографиялық өнім мен оны құру əдістеріне зор мəн беріп, карографияны техникалық пəн ғана емес, дүниені тану тура- лы ғылым ретінде қарады. К. А. Салищевтің теориялық еңбектері географиялық картаға түсірудің іргетасы болуымен қатар, ол гео- кешен ретіндегі табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық кешендер (геожүйелер) мен олардың құрамдас бөліктерін картаға түсіруді жүйелеуге мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиет:
Тоқпанов Е. А., Мазбаев О. Б. Картография жəне топография негіздері: Оқулық. – Алматы: «Дəуір», 2012, 217-230 бб.
Достарыңызбен бөлісу: |