Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы


тақырып . Экологияның ғаламдық проблемалары



бет2/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7

тақырып . Экологияның ғаламдық проблемалары.

  1. Климаттың ғаламдық жылынуы.

  2. Озон қабатының таусылу проблемалары.

  3. Биологиялық әр алуандылықтың ғаламдық өзгерістері.

ХХ ғ. 60 ж. Соңына қарай жиырма тыныштықтан кейбір бір мезгілде барлық сынап бағаналарының жоғары көтеріле бастағанын ғалымдар аңғара бастады. 80ж. Ортасына таман тағы да көтерілді. 90ж. әлемнің орташа температурасының жылына бастағанын метереологиялық станциялар байқады. әрине, бұл өзінше рекорд еді.

Ғалымдар мен экологтар саясатшыларға қарсы «шабуылға» шыға бастады. Нәтижесінде климаттың өзгеруі бойынша мемлекетаралық комиссия жұмыс жасай бастады. 1995 ж. Алғаш рет адамзаттың бейберекет жаққан отындларының нәтижесі жер шарында температураның жылынуына әкелгенін ресми түрде мойындалды. Дүрлігу мен алаңдаудың негізгі көздері – автомобиль газдары мен өндірістік түтіндер озон тесіктерін тудырып, одан ультракүлгін сәулелер «жылыжай» әсерін туындатып отыр.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша жапон ҒЗИ – ның ғаламдық экологияның проблемаларын зерттеу бойынша топ жетекшісі Сюдзо Ниноко: «ғаламдық климаттың өзгеруі шындыққа айналып отыр. Жылына «климаттық зоналардың» шамамен бір жарым километр экватордан екі полюске қарай жылжуы үлкен көлемде өзгерістерге ұшыратуы мүмкін» - тұжырымдайды. Жағдайдың бұлай дамуы 2030 жылы Токионың климатын тропикалық ауа райына әкелуі мүмкін.

Егер көмір қышқыл газы осы үрдіспен шығарыла беретін болса, онда жапон аралында жылдың орташа температурасы 70 жылдан соң 2 – 3° Сөседі. Бұл мұхиттағы су деңгейінің көтеріліп, 4 млн. Адамды көшірумен аяқталады. Температура 33о С ыстықты көрсетсе, 65 жастан асқандардың өлімі 20 % артады – деп, ғалымдар қоғамды сақтандырады.

Ең тиімді нұсқасы қазірден бастап кәсіпорындарды аз мөлшерде ластайтын технологияға, баламалы энергия көздерін пайдалануға көшірген дұрыс болар еді. Республикада энергияны тиімді пайдалану бойынша заң жобасы дайындалып, бағдарлама қабылданды. Қазақстанның стратегиялық дамуының көп жылғы шаралары белгіленді. Соның ішінде СО2 тұтқыштары, шабындықтар мен ормандарды қалпына келтіруге, органикалық тұрғыда жерді игеру т.б. бірақта, экономикалық өтпелі кезеңнің қарждылай қиындығы қол байлауда. Сондықтан, тысқары жерден қаржылай және технологиялық көмек болмайынша ол шараны ойдағыдай іске асыру екі талай.

Сондықтан республика коммерциялық тұрғыда газдарды шығару үшін жолды қайтадан білуге мүдделі.

Бұрынғы министр С.Дәукеевтің мәлімдемесі бойынша Киото конференциясында әлемдік банк АҚШ пен өзге мемлекет бастамаларын қолдай отырып, Қазақстанда шығарылым бойынша сауданы бастау керектігін ұсынады. Ол шараны 2008 – 2012 жылдары емес, жақын арада іске асыру керек дейді. Сондықтан, конфернцияның адамгершілік жағын тани отырып, Қазақстан экономикалық даму деңгейі әр алуан елдермен бірдей жағдайды қажет ететіндіктерін мәлімдеді. Осыған орай біздің Республика Бонн қаласында Танзания өкілінің конвенцияға енгізген түзетулеріне оң көзбен қарайды. 77 топ атынан дамушы елдерге жаңа технологияны тезірек беру керектігін, міндеттемені орындау ғаламдық өзгерістерге қойылатын тосқауыл екендігіне дау туғызбас, - дейді топ өкілдері.


2.2. Озон қабатының таусылу проблемалары.

«Озон тесігінің» ұлғаюы жайында ғалымдардың айтқан болжамдары шындыққа айналуда. «Ньюсуик» журналының хабарламасында Американың ұлттық аэронавтика мен ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі басқарма мамандары соңғы кезде атмосферада шоғырланған химиялық заттардың аса көп мөлшері туралы айтады. Олар жердің озон қабатын бұзып, барлық тіршілік иелеріне ультракүлгін сәулелердің өтуіне ықпал етуде. Бұрын озон тесігі адам аз қоныстанған жерде болса, енді халық жиі тұратын аймақтарда да пайда бола бастады.

Озонның үлесі өте аз – атмосфера көлемінен бірнеше ондаған миллион үлесіндей ғана. Күннің қатқыл ультракүлгін сәулелеррінен ол барлық тіршілк иелерін қорғайды.

Озон қабатында тесіктің пайда болуы – адамдарда тері рагы және көзді шел басу ауруларының өсуімен қауіпті болуда.

БҰҰ – ның ресми мәліметтеріне сәйкес озон қабаты 1% - ке қысқарса, әлемде 100мың адамның көзін шел басып (катаракт), 10 мың адам тері рагы ауруына ушырайды екен. АҚШ мамандарының пікірінше атмосферадағы озонның әрбәр процентке азайып кетуі, экватор аймағындағы халықтың (барлық тіршілік иелерінің) 4 – 5 % иммунитетін төмендетіп, ауру – сырқауды асқындырып жібереді. Мысалы: соңғы 7 жылда АҚШ – та тері рагының қауіпті түрі маленоммен ауыратындар саны 3 – 7 % - ке артып отыр.

Денсаулыққа әсер етумен қатар, озон қабатының азайып, кеміп кетуі жылыжай әсерін күшейтіп, егін шығымы түседі, топырақ бұзылады, жалпы қоршаған ортаның ластануы етек алады.

70 ж. Басында озонға деген қызығушылық бұрқ ете қалды. «Озон тесігі» өте жүйрік «Конкорд» (ағылшын – француз фирмасы) пен ТУ – 144 ұшақтарының әсерінен деген болжамдар айтылды. Яғни, олардан шыққан газдар озон қабатының бұзылуына әкелуде, десті мамандар. Бірақ, ол айтқан болжамдар кейіннен дәлелденбеді.

ЖТҒК – не адамның әсер етуінің төмендегі түрлерін атап өтсек:



  • Зымыран қозғағыштарының жұмыс істеу нәтижесіндегі химиялық заттекті шығарындылар;

  • Зымыран ұшуынан соң энергетикалық және динамикалық ауытқулардың болуы;

  • Ғарыш қалдықтарымен, қатты бөлшектермен ластануы;

  • Радио хабарын таратушы мен басқа өнеркәсіпті жүйелердің электромагниттік сәулеленуі;

  • Жер бетіндегі атмосферадан ластайтын заттектілердің енуі;

  • Ғарыш апаттарында қолданылатын ядролық энергетика қондырғысының зиянды сәулелері мен радиоактивті ластануы.

ЖТҒК көзқарасы бойынша өте қауіпті өзгерістердің бірі – химиялық заттекті шығарындылар. Негізінен жоғары температуралы және жылдамдығы бар газтекті өнімдер зымыранның қуыс каналының жанына орналасқан. Сондықтан, массаның гидродинамикалық тез кеңеюі болады да, шығарынды газдар соңынан қоршаған ортаның температурасына теңесіп суи бастайды. Осы принциптердің салдарынан атмосфераның жоғарғы жағынан өн бойында ұшу траекториясының барлығында газды бұлт қалыптасады. Ал, оның химиялық құрамы күрделі болып келеді де, компоненттері жоғары атмосфера мен ионосфераның негізгі шығарынды өнімі – су және көміртегінің диоксиді. «Протон» зымыранының ұшқанынан ЖТҒК – не 100т су мен 90т. – дан астам көміртегінің диоксиді бөлініп шықты.

Ұшқан зымырандардың озон қабатына әсер етуін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әр ай сайын ұшқан «Шаттл» 4 жылдың ішінде жалпы озонның мөлшері орта кеңістікте 0,3 % және жоғарыда 0,4 – 0,5 % - ке төмендейді.

«Шаттл» мен «энергия» зымырандарының ғарышқа ұшырылуы озонның ғаламдық азаюын болдыруы мүмкін.

Ғарыш аппаратында ядролық энергия құрылымдарын пайдалану салдарынан туындайтын ЖТҒК – нің радиоактивті ластануы бұл ортаға аса қауіп төндірмейді. Солай дей тұрғанмен, жақын ғарыштан жердегі атмосфераға радиоактивті заттектердің шөгуі мен оны қоршап алуы сөзсіз.

Жердің сыртқы қорғаныс қабаты ретінде ЖТҒК – ін сақтап қалу үшін зымырандардың ұшуын қысқарту, ғарыш аппараттарын орбитаға шығару әдісінің техникалық құралын өзгерту керек, - дейді мамандар. Олай істемеген жағдайда ЖТҒК түгелге жуық бұзылуы мүмкін.
2.4 Биологиялық әр алуандылықтың ғаламдық өзгерістері.
Жерде қоныстанғаннан организмдердің саны өте көп, бірақ бұл шаманың мөлшері сол 5 пен 80 млн арасы деуге болады. Соның өзінде көбірек немесе азырақ дегендей, шыққан тегі таксоманиясының 1,4 млн түрі анықталды. Осылардың ішінде белгілі түрлерінің саны шамамен 750 мыңы шыбын – шіркей, құрт – құмырсқа, 41 мыңы – омыртқалылар, 250 мыңы - өсімдіктер; қалған түрлері күрделі жиынтықпен беріледі: омыртқасыздар, саңырауқұлақ, балдырлар және басқа микроорганизмдер. Түр – тұқымының «байлығы» әр түрлі климаттық, географиялық зоналарда анағұрлым ерекшеленеді. әрине, олардың полюстен экваторға дейін көбейген тенденциясы нақты байқалуда. Мәселен, қалыпты жағдайдағы тропикалық ормандарда тұщы су насекомдары 3 – 6 есе көп. Тропикалық ормандардағы алаңдардың бірлігіне жердегіден мейлінше көп ұсақ қоректілер тіршілік етеді. Латын америкасының тропикалық ылғалды орманының әр гектарында ағаштың 40 – 100 түрі, Солтүстік Америкада бар жоғы 20 – 30 түрі бар. Малайзия ойпатының Куала – лумпур ауданында бір гектарда діңінің ені 2см биік ағаштың 600 түрі бар, ал Данияның барлық аумағында оған қарағанда 2 есе кем.

Көптеген түрлер арасындағы себеп – салдарлық қатынасатр адаммен тікелей байланыстығы экожүйенің компонентерінде, энергия ағыны мен заттектердің айналымында үлкен рөл атқарады. Мысалы, сүзгіш заттар мен қалдық қоректілер, жануарлар адам азыққа пйдаланбайтындарды қорек етіп, биоген элементтерін айналымға шығарып, елеулі үлес қосады.

Биоәралуандылық түсінігіне, әсіресе, экологиялық биоценоз бен экожүйенің экологиялық жағымдылығына және жағдайына баға берген кезде жиі сөз болып, төрден орын беріледі. Ол уақыт өте келе жан – жақты болып және биология ғылымының арнаулы бөлімінің мәртебесіне ие болып отыр. Қазіргі таңда биоәралуандылық деген түсінікке: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің барлық түрлері, сонымен қатар олардың өздері кіретін экожүйенің экологиялық процестері жатады.

Биоәралуандылық үш деңгейде қарастырылады: генетикалық, түр – тұқым белгілері және экожүйелік.



Генетикалық әр алуандылық – жерде мекендейтін организмдердің генінде болатын генетикалық ақпараттың көлемі. Түр – тұқымының әр алуандылығы – бұл жерде мекендейтін барлық организмдердің әр алуандылығы. Экожүйенің әр алуандылығы түрлі мекен ететін ортаға қатысты. Мәселен, биотикалық бірлестіктер мен биосферадағы экологиялық процестер, сонымен қатар мекендеу ортасындағы көп мөлшердегі әр алуандылық және экожүйе шеңберіндегі процестер.

Түрлердің жоғалуы. Түрлі геологиялық кезеңде болған эволюциялық процестер жерді мекендейтін түрлердің тұқымына маңызды өзгерістер әкелді. 65 млн жыл бұрын бор дәуірінің соңғы кезеңінде құстар мен ұсақ қоректілердің түрлері көптеп жоғалды. Динозаврлар толығымен жойылды.

Кейіннен бор дәуіріндегі ұлы жойылуларға қарағанда, биологиялық түрлер жылдамырақ жоғала бастады, осының барлығы табиғат құбылыстарының және адам әрекетінің салдарынан болды.

Биоәралуандылыққа төніп тұрған қатер үнемі артуда. 1990 – 2000 жж. Аралығында 5 – 15 % түрлердің құрып кетуі мүмкін деп айтылды. Оған мысал, тропикалық ормандардың селдірей бастауы. Бұл жылына 15 мыңнан 50 мыңға дейінгі түрлердің бір жылдағысы немесе күніне 40 – 140 аралығында түр жойылады деген сөз. Қазір 22 мыңдай өсімдік пен жануарлар жоғалып кету шегінде тұр. Олардың 66% - і омыртақалы жануар түрлеріне жатады және олар ғаламшарды мекен етеді.

Түрлердің жоғалып кетуінің негізгі төрт себептері бар:



  • Мекендейтін ортаның жоғалуы, түрлену мен фрагменттелуі;

  • шамадан тыс ресурстарды пайдалану;

  • қоршаған ортаның ластануы;

  • жерсіндірілген экзотикалық түрлердің табиғи түрлерді ығыстыруы.

әр жылда тропикалық орманды алқаптың 11,1 млн га (әр минутта 21 га) жері жойылып барады. Тропикалық орманның 70% қысқаруы сол түрлердің 30 % қысқаруына әкеледі.

Антропогенді әсер етудің үлкен қауіптілігі – қоршаған ортаның ластануы. Олар әсіресе, химиялық заттектермен, ксенобиотикпен, соның ішінде, пестицидпен жиі ластануда. Мәселен, ДДТ экологияға қауіпті заттек ретінде бұрыннан тыйым салынған болатын, бірақ, әлі күнге дейін топырақта емес, тірі организмдердің клеткаларында байқалып отыр. Бұл себептерден ДДТ – ның тұрақты екендігін, оның ауа ағыны және құстар арқылы тарайтынын көрсетіп отыр.

Басқа сөзбен айтқанда, қазіргі сәтте басым болып көрінбей, орта жағдайының өзгеруі кезінде басымды бола алады. Биоәралуандылықты жоғалтқан жағдайда экожүйенің әрекетіне қалай көрінетінін қазір болжауға болмайды. Мұндай жоғалтып алу ісінің жанға жайлы болмайтынын мамандар айтып жатыр.
Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық – экономикалық стратегиясы.

Саяси-құқықтық қыры:

Экономикалық қыры:

Әлеуметтік қыры:

Халықаралық қыры:

Адам ғаламшарда қуатты фактор. Енді ол осы ғаламшардағы ең ақылды және сезімтал тіршілік иесі болуы қажет. Өйкені ол парасат иесі – адам ретінде табиғаттың тағдыры үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі тиіс. Ғаламшардың болашағы енді өзінің қуаттылығын қалай жұмсайтынымен, оның қоршаған табиғат тынысын терең сезіне алатындығымен байланысты.

Өндіріс өркениетінің дамуына ғана бағытталған сипаты тұтыну үшін болса, онда ол талан-таражға салудың барып тұрған ессіздігі болып табылады. Сонымен қатар, табиғат қорларының сарқылуының өзі қылмыспен парапар ерекше жағдай болып отыр.

Әлеуметтік теорияда-экотехника, экодаму, экобілім, экологиялық тәрбие мен мәдениет т.б. бағыты маңызды орын алуда. Көріп отырғанымыздай, адам қызметінің біршама бөлігін әлеуметтік-экономикалық проблемалар құрайды, сондықтан да қоғамның экономикалық тіршілігін экологияландыру жағы айрықша маңызды. Алғаш рет ғылым ретінде әлеуметтік экологияның жарыққа шығуы 1972-1974 жж. Рим клубындағы баяндамалар болды. Алдымен онда табиғат процестерін және әлеуметтік экономикалық дамудың тенденциясын зерттеу бойынща математикалық еліктеу әдісі қолданылды. Америка ғалымы Джим Форрестердің «Әлемдік экономика» кітабында ғаламдық көптеген компоненттер процестеріне динамикалық еліктеу үлгісімен болжамдар берілді.

Егер өткендегі болжамдар оптимистік сипатқа ие болса, экологиялық заттарды есепке ала отырып, жасалған ғаламдық болжам пессимистік тұрғыда болып отыр. ХХІ ғасырдың ортасына таман барлық минералды шикізат қорлары таусылып бітеді, қоршаған орта шектен тыс ластанады. Рим клубының тапсырысы бойынша Д. Медоуздың жетекшілігімен «Пределы роста» (1972), М. Месарович пен Э. Пестелдің «Человечество у поворотного пункта» (1974), Дж. Форрестер құрастырған еңбектерде негізінен болжамды дәлелдейді. Алыс болашақта емес, нақты осы уақыт ішінде өркениеттің ақырғы заманы болады деген суық болжам алғаш рет айтылды. Сондықтан болар, тап қазіргі проблеманы зерттейтін сол саланың біліміне деген қажеттілік туындап, ғаламдық апатты болдырмау жолдары белгіленуде.

Қоршаған ортаның ерекшеліктерімен адамдық қоғамның бірлесуі мүмкіндігінің рөлін зерттейтін сала-әлеуметтік экология болды. Солай болғандықтан, адамның қызметі өзінің сан қырлылығымен ерекшеленеді, мейлі ол жалпы теориялық мәселелер болсын және әлеуметтік экология болсын, одан бөлініп мына бөлімдер шықты: адам экологиясы, инженерлік экология, геоэкология, урбоэкология, ауыл шаруашылық экологиясы және т.б.

1968 жылы халықаралық беделге ие болған үкіметтік емес ұйым-«Рим клубы» құрылған болатын. Оның мүшелері-ғаламдық экологиялық-экономикалық дағдарысты болдырмау үшін қажетті шаралар туралы, әлемдік бірлестіктерге пайымдауларын ұсыну мен жақын болашақтың болжауын құруды алдарына мақсат етіп қойып отыр. Алғаш рет олар компьютерлік жүйелі талдаудың негізінде және көп деңгейлі иерархиялық жүие теориясының, әлеуметтік және экологиялық жүйенің математикалық үлгісін жасауға әрекеттенді.

1971 ж. Дж.Форрестер «Мировая динамика» кітабында әлемдік дамудың мүмкін нұсқалары есебінің нәтижелерін келтірген болатын. Оның бір-бірлеп шыққан сценарийі бойынша даму тенденциясын ойда сақтау кезінде ол 1960 жылдарға сәйкес табиғи қорлардың тез сарқылып бітуі нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы мен өзге де өзгерістерінен адамдардың қырылуы басталды. 20-30 жылдың ішінде жер шарының халқы 1,5-2 млрд-қа дейін төмендейді-міс. Көп кешікпей Форрестердің болжауы сенімді болмай шықты (2030 жылы емес 2006 жылдың өзінде адамзат саны 6,5млрд болмақшы, қордың таусылуы да өте ұзақ мерзімге шегеріліп отырт). Бірақ , соған қарамастан көптеген айқындалған тенденциялар мен қолданылған талдау амалдары өзінің маңызын сақтауда.

Комиссияның (1987) есебіндегі тұрақты дамудың тұжырымдамасына келесі негізгі ережелер кірді.


  1. Бүгінгі өмір сүріп жатқан адамдардың қажеттіліктеріне сай болатындай ұзақ мерзімді және тұрақты дамуды сақтауға адамзаттың қауқары жетеді. Сонымен қатар, болашақ ұрпақтың өздерініңқажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айырмау бүгінгі ұрпақтың міндеті. Басты жағдайы мыналар болып саналады: қолайлы ортаны мекендеу мен экологиялық қауіпсіздікке орай адамдардың құқықтарын іске асырудың әділдігі; орны толмайтын табиғи қорлардың қайтымсыз шығыстарын тоқтату; қоршаған ортаның қажетті сапасын сақтау мен экологияны қалпына келтірудің мүмкіндігі; қоршаған орта мен адамзаттың тектік қорын жоғалтуды жеңіп шығу мен тоқтату.

  2. Тұрақты дамудың негізінде ғаламшардың экологиялық әлеуетіне және қолдағы бар ғаламдық қорларға деген қатынаста ұқыпты болу жатыр. Табиғи қорлар саласын пайдалануды шектеудің қажеттілігі абсолютті емес, бірақ ол салыстырмалы және әлеуметтік ұйымдар мен қазіргі техниканың деңгейімен, сонымен қатар адамзат әрекетінің зардаптарын биосфераның жеңіп шығуы қабілеттілігіне де байланысты. Халықтың саны жағынан алғандағы қарқыны мен мөлшерінің болжауы тұрақты дамуға, егер олар өндіріс әлеуетінен экологиялық-экономикалық жүйенің өзгермелілігімен келіссе жол береді.

  3. Қайыршылық шарасыз болып табылмайды және ол өз-өзінен келмейді. Тұрақты және ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ету үшін, барлық адамдарға және бәріне қарапайым қажеттілігін, жақсы өмірге деген үмітін іске асыру үшін мүмкіншклік беру керек. Әлемде қайыршылық созылмалы сипатқа айналып отыр, әрқашанда экологиялық және өзге де апаттардың мүмкіндігі болады. Кедейлік категориясына жататын адамдарға экономикалық өсу кезінде есептелетін үлесін алу үшін кепілдік берілуі керек. Шешім қабылдау процесіне азаматтардың қатысы үшін демократиялық қамтамасыз етілуі тиіс.

  4. Көп қаражаты бар адамның өз өмірінің экологиялық жағын ғаламшардың мүмкіндігіне қарай ғаламдық тұрақты дамумен үйлесімді жүргізуді талап етуі. Мысалы, энергия тұтынуын алсақ, ол үшін дамушы елдерге көмек беремін деп, елдің табиғи қорларын шамадан тыс ашкөздікпен пайдалануға жол бермегені абзал.

  5. Тұрақты даму үйлесімділік жағдайының өзгермейтінің емес, қайта өзгеру процесін көрсетеді. Капитал салымы бағытталған ресурстарды пайдалану көлемі мен техникалық бағыттағы дамуы бүгінгі мен алдағы қажеттілікпен келісіледі. Тоқ етерін айтқанда, тұрақты дамудың негізінде саяси ерік-жігер жатуы қажет.

Тұрақты даму түсінігі бірнеше қырынан қарастырылады.

Саяси-құқықтық қыры:

-қазіргі демократияның дамығаны (халық үкіметі, конституциялық үкімет, құқықтық мемлекет, шынайы азаматтық қоғам);

-парасатты заң шығару мен салық салу жүйесі;

-әлеуметтік әділеттілік (еңбегіне қарай лайықты төлем, адам құқығын қатаң сақтау);

-заң алдында барлық адамдардың бірдей болуы мен еркіндігін қамтамасыз ету;

-патриотизм бірлігі мен интернационализм, халықтар достығы, қоғам меназаматтың өзара жауапкершілігі;

-мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың қоғамдағы ноосфералық дамуын қамтамасыз етуді үйлестіру.

Экономикалық қыры:

-халық шаруашылығындағы мемлмкеттік, қоғамдық және жеке меншіктің парасатты түрде үйлесімі;

-монополиясыздандыру және өндірушілер мен сатдшылардың еркін бәсекелестігі;

-ғаламшардағы барлық тұрғындардың негізгі тіршілікке қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшерде мәдени игілікті, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру;

-жердегі тұрғындардың пайдалы қызметін (әрекетін) тиімді және адамгершілік тұрғыдан ынталандыру.

Экологиялық қыры:

-қоғамның қатарлас эволюциясы мен табиғатты, адм ьен биосфераны, барлықөзгерістерді ноосфераны (ноосферогенез) қалыптастыруға бағыттап, олардың арасындағы салыстырмалы үйлесімділікті қалпына келтіру;

-бүгінгі ұрпақтың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып қоймай, болашақтың да шынайы тіршілігіндегі мүмкіндікті сақтап қалу;

-теория жүзінде жасалғанды іс-тәжірибеде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әдісімен жүзеге асыру;

-ноосфералық дамудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-алдымен қалдығы аз, кейіннен жабық цикл бойынша ойластырылған биотехнологияны жетілдірумен қалдықсыз өндірісті күшейту;

-органикалық отын негізінде жағылатын энергетикадан біртіндеп көздерінің орны толатын баламалы энергетикаға ауысу (күн, су, жел, биомасса энергиясы, жер асты жылуы т.б.).

-табиғатты қорғаудың экономикалық, әкімшілік, құқықтық әдістерін жетілдіру;

-биосферадағы түрлер әр алуандылығын сақтап қалуға тұрақты қамқорлық;

-ел арасында экологиялық тәрбие жұмыстарын, әсіресе жастарға жүйелі түрде жүргізу мен азаматтардың табиғатқа деген ұқыпты қатынасын өз үйіндегісіндей қалыптастыру;

-экологиялық-парасатты кодекстің талаптарын сақтауды мүлтіксіз орындау;

Әлеуметтік қыры:

-жер бетіндегі аштық пен қайыршылықты тамырымен жою;

-балаларға, қарттарға, ауру мен мүгедектерге қамқорлық;

-мектепке дейінгі және мектепте жалпы білім беру, балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеу;

-жалпы қол жететін кәсіби орта және жоғарғы оқу орындарының жүйесін кең түрде дамыту.

Халықаралық қыры:

-бейбітшілік үшін күрес, аймақтық қақтығыстар мен әлемдік жаңа соғыс өртін болдырмау, кез келген қайшылықтарды бейбіт, саяси жолмен шешу;

-барлық елдер мен халықтардың өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, мәдениет пен ғылымда екі жақты және көп жақты ынтымақтастығы мен әріптестігін қамтамасыз ету;

-экономикалық дамудың түрлі көріністері бойынша әлсіз дамыған елдерге жан-жақты көмек көрсету;

-БҰҰ-ның бейбітшілік пен табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді түрде жәрдемдесу.

Көріп отырғанымыздай, тұрақты экодаму түсінігі көп қырлы екен, әлемнің әр түрлі мемлекеттері үшін де көп қырлы. Тұрақты дамудың тұжырымдамасы болашақтағы адамзат қоғамының барлығы біртұтас болуына бағытталған. Сондықтан, ол осымен ерекше маңызды және мәнге ие болып отыр.

3.3. Рио-де-Жанейродағы БҰҰ конференциясы

1992 жылдың маусымында Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ның қоршаған орта және даму бойынша ҚОДК-92 (КОСР-92) Конференциясы болды. Оған 179 мемлекеттің басшылары, үкімет мүшелері мен сарапшылары, көптеген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылыми және іскерлік аумақтың адамдары қатысты.

ҚОДК-92 ашылуына дейін әлемде көптеген өзгерістер болып жатты. Осыдан 20 жыл бұрын Стокгольмде аталған ғаламдық қаіпті тенденциялар бірнеше еселеніп күшейе түсті. Адамзат Чернобыль апатын бастан өткерді, ұлы мемлекеттердің әскери теке тірестері аяқталды, қарусыздандыру мен әскери бюджетті қысқартудың шынайы алғышарттары көрініс берді.

Тағдырдың тәлкегі мен тоталитарлық жүйенің құлайтынын, қщғамдағы және тарихтағы шалт бұрылыстарды ешкім де болжап айта алмады.

Жаңа тарихи ахуалдарға байланысты әлемдегі демократияның дәуірлеуі, шекараның ашықтығы мен ақпараттың бұқаралығы, елдер мен адамдардың экономикалық және олардың ғаламшар ресурстарын пайдаланудағы теңсіздігі мен қайшылығы бірдей еместігін көрсетеді. Конференцияға қатысушының бірі айтқандай:»Егер»салқын соғыс» бай мен кедей елдердің арасындағы қиын соғыстың кіріспесі болса, онда ол трагедиямен аяқталды».

Сондықтан ҚОДК-92 ортақ идеялары ретінде төмендегілер жорамалданды:

- тұрақты даму мен әділетті бейбіт жолда дамыған елдер тарапынан ымыраға келу мен құрбандардың болу шарасыздығы;

- дамыған елдердің сәттілігіне жеткен жолмен жүрудің дамушы елдерге мүмкін еместігі;

- ұзақ мерзімді тұрақты дамудың даңғыл жолына әлем бірлестіктерінің ауысуының қажеттілігі;

- барлық елдердің барлық топтарына осы талаптарға ауысудың қажет екендіктерін түсініп, барынша жәрдемдесу.

Конференция бірнеше маңызды құжаттар қабылдады. Соның ішінде:

- Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио Декларациясы.

- Барлық орман түрлерінің тұрақты дамуы мен басқарылуы, сақталуы бойынша ғаламдық консенсустың принциптері туралы мәлімдеме.

- Жақын болашақтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық-экономикалық мәселелерін шешу үшін әлем бірлестіктерін дайындауға бағыттайтын ХХІ ғасырдың күн тәртібіндегі-құжаты.

Сонымен қатар, конференция шеңберінде климаттың өзгеруі туралы Рамалы конвенция мен биологиялық әр алуандылық туралы Конвенция дайындалды. ҚОДК-92 тұрақты даму тұжырымдамасының барлық құжаттары өзінің өткірлік өтімділігімен ерекшеленеді.

Конференция ортадағы климаттың бар проблемаларын танумен және солармен күресудің қажет екендігін көрсетті. Рамалы конвенция 1994 жылы күшіне еніп, 150-ден аса мемлекет оны бекітіп үлгерді. Жылы жай газдарының атмосфераға шоғырлануының қалыпты деңгеіне жету мен оның климат жүйесіне тигізетін антропогенді әсерін болдырмау жөнінде Конвенция алдына мақсат етіп қойды. Сонымен қатар, экожүйенің түрлі ахуалдарға табиғи бейімделуінің мерзімдері халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге төніп тұрған қауіпті болдырмай және оның тұрақты дамуының экономикалық негізін жасайды – деп конвенция қорытынды шығарады.


3.4. Киото хаттамасы (Жапония)

1997 жылдың желтоқсан айында әлем қауымдастығының елдері атмосфераға жылыжай газдарының шығарындылары ғаламдық жылынуға әкелетініне бақылау жасау жөніндегі тарихи келісімді жалғастырды. Оның негізінде заңды түрде міндеттемей, қайта өз еріктерімен 2000 жылға дейін атмосфераға шығарылатын жылыжай газдарының көлемін 1990 жылдың деңгейіне дейін жеткіземіз деген өнеркәсібі дамыған елдердің мәлімдемесі болды. Осы келісімнің экологиялық және экономикалық негізі берік болуы үшін басты үш міндет қалыптастырылды.

1. Қатысушы – мемлекеттер үшін жылыжай газдарының шығарынды көрсеткіштерін және мерзімін шынайы белгілеу.

2. «Міндетті сызбалар мен шараларды» емес, көміртегінің екі тотығының шығарындыларына икемді нарық механизмін қолдану. Атап айтқанда, шығарынды газдарға салынатын салық.

3. Дамушы елдердің бұл шараға шындап қатысуына қол жеткізу.

Қатысушы – мемлекеттер 2008 – 2012 жылдары айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізулері керек. өйткені, ол оңтайлы шығынмен жаңа технологияны біртіндеп енгізуге молынан мүмкіндік береді және оның салдары компания мен оның қызметкерлері үшін тиісінше бәсеңдеу болады.

Басты өнеркәсібі дамыған елдердің жылыжай газдары шығарындысының ауқымы, (1990 –1995 жж.) 6-дан 8%-ке дейін базалық деңгейінен төмен сараланып белгіленді.

Белгілі бір қызмет түрінен шығарындыларды қысқартуды есепке алуға мүмкіндік беретін ұсыныс енгізілді. Мәселен, ағаш отырғызу арқылы көміртегінің қос тотығын бойына сіңіретін «табиғи сіңіргіштер» құру. Климаттың өзгеру проблемаларын шешуге экономикалық әдістерді енгізуге көмектесу, ағаш отырғызуды ынталандыру т.б.

Екінші тапсырманы орындау келесіде айтылады.

Киото хаттамасында нарықтық тәсілдеменің негізгі элементі белгіленді – компаниялар мен елдер енді бір-бірінен шығарылатын газдардың квоталарын сатып алуға және сатуға мүмкіндіктері бар. Соған қарай квоталар да - өзінің бағасы бар тауар болып саналады. Квотаны сату мен сатып алуды есепке алу банк жүйесіндегі ақшалай қаражаттың есепке алуына ұқсас келеді. Банк өзінің артық ақшасын басқа банкке жоғары процентпен береді. Сатудан түскен табысты банк өзінің қалауынша жаратады. Банк ішіндегі операцияларға қарамастан, қорытындысында ақша балансының шамасы өзгеріссіз қалады.

Ал енді, жылыжай газдарының шығарындысына квотаның сатылуы мен сатып алуының мысалын қарастырайық (1-кесте). Үш елді алайық: А, В және С. Хаттамада белгіленгендей әрқайсысының шығарынды лимиті жылына 150, 100 және 200 млн тоннаға сәйкес болады. Есептеу талдауының мәліметі А. Райсова мен А. Сартбаевадан алынды.

1. Киото хаттамасының екінші міндетінің орындалу мысалы






Шығарынды

өлшемі


(млн т)

Квотаны

сату


(млн т)

Киотаны

сатып алу

(млн т)


Рұқсат берілген шығарынды

(млн т)


А елі

150

20

10

140

В елі

100

-

30

130

С елі

200

20

-

180

Қорытынды:

450

40

40

450

А елі өз мөлшерінің шамасында 20 млн т жылыжай газын сатуды шешті, соңынан өзге себептермен 10 млн т сатып алмақшы. Қорытындысында рұқсат етілген шығарындының шамасы А елі үшін жылына 140 млн т құрайды (150 – 20 + 10). В және С елдері үшін де рұқсат етілген шығарынды осылай есептеледі. Сонымен, алғашқы жалпы лимит шамасының үш елге шығарындысы 450 млн т өзгерген жоқ. Бірақ, алғашқы шығарындылары бұл елдердің бөлінгенінен ерекшеленеді. Мұндай дәлелдеулердің өзгеруі экономикалық тиімділіктен, әрбір жақтардың квота саудасына қатысуымен болып отыр. Оның үстіне бұл мысал «осы шығарындылардан климат зардап шеге ме?» деген сұраққа жауап береді. Квотамен жүргізілген сауда шығарындының көлемін өсірмейді, тек оларды бөліп береді. Бұрындары белгіленген шектеулердің негізін шайқалтпай, қоғам шектеуді орындаудың ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік алады.

Киото хаттамасының үшінші міндеті дамушы елдердің қатысуымен байланысты.

Ғаламдық жылыну проблемасын шешу – кезек күттірмейтін талаптардың қатарына жататын маңызды істердің бірі. Бұл іске тек дамыған елдер ғана қатысып қоймай, экономикасы даму үстіндегі елдердің де қатысқаны абзал. Дамушы елдерде жылыжай газдарының шығарындылары жан басына шаққанда біршама кезеңдер мерзіміне дейін аз болады. Ал, атмосфераға шығарылатын газдардың 70% үлесі өнеркәсібі дамыған елдерге келеді.

Мысалы, дамыған А елі жылына 10 млн т көмірқышқыл газының шығарындысын қысқартпақшы. А елі энергия үнемдеуге мол қаржы жұмсады, сондықтан осы салымның әзірге экологиялық жағынан қайтарымы шамалы. Көміртегі қос тотығының жылдық шығарындысының 1 тоннасы 40 долл. инвестициядан келеді. В елі енді ғана энергия үнемдеуге шын ден қойып отыр. Олардың 1 т шығарындысының қысқарғаны 10 долл. болды. Егер де міндеттемелерін тәуелсіз орындаса, онда тиісінше 400 және 100 млн долл. шығарады. Бірақта, А елі 400 шығарудың орнына, өз үйінде 100 млн долл. шығаруы тиіс (10 долл. х 10 млн т). В елінде де осындай тиімді экологиялық жолмен; соның өзінде В елі 100 млн долл. инвестиция алады, ал, А елі (10 млн т х (40 – 10) өз міндеттемесін орындағаны үшін 300 млн долл. үнемдейді. Міндеттеменің инвестициясына байланысты А елдері шаралардың өтеуін сәтті жасайды. В елі өзінің міндеттемесі бойынша шығарындыны 10 млн т қысқартуы үшін 100 млн долл. (10 млн т х 10 долл.) инвестиция қажет болады.

Сонымен, осындай ынтымақтастық бұл елдерге тек инвестиция ғана әкеліп қоймай, пайда да әкеледі.

Сатып алушы елдердің (2-кесте) жаңа технологиялар мен денсаулыққа зиянды шығарындыларға тазалау қондырғыларын орнатуға байланысты олардың атмосфераны ластауын қысқартумен пайда жағы қорытындыланады.

2. Киото хаттамасының екі міндетінің орындалу мысалы




А дамыған елі

В дамушы елі

ЖГ (млн т) шығарындысын қысқарту бойынша міндеттеме

10

10

Шығарындының бір тонна шығысы (долл.)

40

10

Шығыс қорытындысы

400

100

Сщнымен, Киото хаттамасының шешімі дамушы елдердің экономикасын дамытуға мүмкіндік беретін тәсілдерді кеңінен қолдап отыр. Бірақ, бұл даму экологияға дәлелденіп және алдыңғы қатарлы технологияға бағытталып, тұрақты экономиканың негізінде болуы керек.

Қатысушы елдер былай деп келісті: бірінші кезектегі келіссөзге өнеркәсібі дамыған елдер үшін ғана шектеу белгіленеді. Өйткені, олар жылыжай газдары эмиссиясын атмосфераға шектеудің заңды түрде міндеттемесін алуға келісімін беріп отыр. Шешімнің қорытындысында атмосфераға шығатын жылыжай газдары шығарындыларының көлемі 2008 – 2012 жж. бойынша 1990 жылғы деңгейден жоқ дегенде 5% кем болады деп көрсетілуде.

Тіпті, дамушы елдердің шындап қатыспауының өзінде осы елдер арасындағы атмосфералық эмиссия квотасымен жасалған сауда есебінен шығыстар көлемі әжептәуір түсуі мүмкін. Киото хаттамасының тарихи маңызы ерекше, әрине бұл ұзақ процесс шеңберіндегі алғышарттардың алғашқы қадамы ғана.

3.5. Қазақстанда тұрақты экологиялық дамудың бағдарламасы

2000 ж. ҚР мемлекеті БҰҰ-ның дамыту бағдарламасымен бірге «2001 – 2004 жж. тұрақты даму үшін институционалдық күшейту» атты Қазақстандағы халықаралық жобалардың міндеттері бойынша күрделі және ұзақ мерзімді бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрақты даму (ТД) институттары арқылы ведомствоаралық және сектораралық кедергілерді болдырмауды жетілдіру. Сонымен қатар, зияткерлік, ақпараттық және тұрақты даму бойынша әлеуетті әрекеттің сарапшылылығын арттыру болып табылады.

Бұл бағдарлама тұрақты даму институттарын дамытуға, басқару жүйесін жетілдіруге, экологиялық қызметтің зияткерлік әлеуетін және ұйымдастырушылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бағдарлама шеңберінде талдаулар өткізіліп, Қазақстанның күн тәртібіндегі ХХІ ғасырға тұрақты дамуын зерттеу, сектораралық ынтымақтастықтың кедергілерін жеңуі жөнінде ұсыныстар дайындайды. Сонымен қатар, тұрақты дамудың Ұлттық Кеңесін құруға ықпал етеді. Бағдарламаны басқару комитеті жүзеге асырады, оған министрлік өкілдері мен ведомстволар, донорлар кіреді. Сектораралық басқару үлгісі болатындай оның отырысына Парламент мүшелері мен халықаралық ұйымдар шақырылады.

Ел бойынша оперативті мәлімет базасында ұлттық сарапшылар бағдарлама бойынша жұмыстардың түгелге жуығын атқарады. Алынған нәтижелер Қазақстан жағдайында шынайылығымен көрініп, қаржылай ұсталған шығынды қысқартады.



Каталог: ebook -> umm
umm -> Әдебиеттер тізімі: Негізгі
umm -> 0 және 1 цифрларынан қанша төрттаңбалы сан құрастыруға болады? Шыққан сандарды «бұтақтар» әдісі арқылы көрсет
umm -> Әскери өнер тарихы ” 5В010400 “Бастапқы әскери дайындық” мамандығы бойынша
umm -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың қазіргі заман теориялық – методолгиялық іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары
umm -> Биологияға кіріспе. Дәрістер жинағы
umm -> Семинар сабақтарға әдістемелік нұсқаулар Семей қаласы-2007 жыл
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> «Аударма ісі» 050207 мамандығы үшін жаттығулар жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет