Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмыстары. Глоссарий



бет12/44
Дата23.09.2023
өлшемі189.81 Kb.
#478381
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Саясаттану лекциялар (қосымша)

Тәуелсіздік мағынасы өте зор, тамыры терең ұғым. Тәуелсіздік жер бетіндегі, әсіресе Азия, Африка, Оңтүстік Америка құрлықтарындағы көптеген мемлекеттер үшін аса қастерлі ұғым. Өйткені тәуелсіздікке олар жерлерін жаулап алған басқыншыларға, отаршыларға қарсы үздіксіз жүргізген қантөгіс соғыстар мен көтерілістер арқылы мыңдаған, миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізді. Ал Қазақстан ше? 70 жыл бойы билік жүргізген КСРО империясы тарқағаннан кейін Қазақстан ел тәуелсіздігіне бейбіт, даңғыл жолмен жеткен сияқты. Бірақ бір сәт ойланып көрейікші

  • 1916 жылғы ұлттық көтерілісте 150 мыңдай қазақ құрбан болған;

  • 1918 – 22 жылғы Азамат соғысында 800 мың ер азамат шейіт болған;

  • 1928 – 33 жылдардағы күштеп коллективтендіруде 2 миллион 300 мың адамдарымыздан айырылдық;

  • 1931 – 33 жылдары жасанды аштықтан 615 мың адам қырылған;

  • 1937 – 38 жылдары 25 мың қазақ зиялысы атылған;

  • Ұлт азаттық қозғалыс кезінде 250-300 мың қазақ туған жерлерін тастап шетелге кетуге мәжбүр болған;

  • 1986 жылдың желтоқсанында қаншама жастарымыз шейіт болып, кейбіреулері әлі күнге дейін зардабын көріп отыр.

Осының барлығы да бізге тәуелсіздіктің оңай келмегендігін көрсетеді.
1991 жылы 25 желтоқсанында КСРО президенті Горбачев қызметінен босатылды. Бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.НазарбаевҚазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Міне, содан бастап тәуелсіз ел болу дегеніміз кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт – дәстүріңді, әдет – ғұрпыңды айқын көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін – еркін сөйлеу деп білемін.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойларға не жатады?

  2. Қазақ даласындағы саяси ой пікір кімдерден басталады?

  3. Ыбырай, Абай, Шәкәрім саяси көзқарастарына талдау жаса?



ӘДЕБИЕТТЕР:

    1. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж

    2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.

    3. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.

    4. Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К. //Алматы: “Жеты Жаргы”, 1995.

    5. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.

    6. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет