Семинар тапсырмасы Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, оның зерттелуі мен өзіндік ерекшеліктері Жаттығу. Берілген мәтінге кешенді фонетикалық талдау жа­сау, анализдеу



бет2/6
Дата15.02.2022
өлшемі59.72 Kb.
#455399
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
4-семинар тапсырмасы
Грамматикалық мағына түрлері форма, Дулат Бабатайұлы, Жас ерекшеліктер психологиясы тест
Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і

Ашық дауыстылар — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.

Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.

Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.

Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и). Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.

Енді осы дауысты дыбыстардың жасалу ерекшеліктерін жеке- 


жеке сөз етіп көрелік:

А - иектің төмен түсіп, ауыз қуысының кең ашьшуьшан пайда 


болатын ашық дауысты дыбыс. Тілдің артқы жүмсақ таңдайдың 
артқы гусына қарай көтерілуі арқылы пайда болып, тіл үшы астыңғы 
қызыл иекке жанасып турады да, ауыз қуысында кең дыбыс 
резонаторы (жаңғырықты қуыс) пайда болуымен жасалады. 
Сондықтан А - тіл арты, жуан (гуттураль) езулік дыбыс.

Ә - тіл алды мейлінше ашық езу фонемасы. Ол - тілдің 


тандайдың алғы шеніне жуықтаудан жасалатын жіңішке (палаталь) 
дыбыс. Ә-ні айтқанда, тіл ілгері созылып, жақ (иек) барынша төмен 
түсіп, ауыз куысында үлкен жаңғырықты қуыс жасалады. Ә - а-ның 
жіңішке сьщары, жүбы. Қалыпты ашық дыбысталады, сөздің барлық 
буынында кездеседі.

Ы - тіл ортасы езу фонемасы. Ол тіл үшының астыңғы қызыл 


иекке нық тиіп, ауыз қуысының тар ашылуынан жасалатын жуан 
(гуттураль) дауысты, қысаң дыбыс.

I - тіл үшының астыңғы күрек тістердің үшына нық тиіп, жақтың 


тар ашылуымен жасалатын жіңішке (палаталь) дауысты қысаң 
дыбыс. Езудің жиырылуынан барып езулік болады.

О - иектің томен түсіп, ауыз қуысының орташа ашылуымен 


жасалатын дауысты дыбыс. Тіл үшының астыңғы қызыл иекке тиіп, 
тіл арты жүмсақ тандайдың артқы түсына қарай көтеріліп, ал қос 
еріннің дөнгеленіп алға жылжуынан жасалатын еріндік фонема. Буын 
тандайды, сөздің бастапқы буынында ғана кездеседі. Жеке 
дыбысталуындағы және ырғақтық топтың басында келгенде пайда 
болатын дифтонгоидгық қасиеті сөз ішінде жэне сөз басында 
байқалмайды.

Ө - иектің томен түсіп, ауыз қуысының орташа ашылуымен 


жасалатын дауысты дыбыс. Тіл үшының астыңғы күрек тістердің 
үшына тиіп, тіл ортасы жүмсақ таңдайдың алдына қарай көтеріліп, 
қос еріннің дөнгеленіп алға жылжуымен жасалатын еріндік фонема. 
Буын талғамай, сөздің барлық буынында қолданыла береді. Жеке 
дыбысталуындағы және ырғақтық топтың басында келгенде пайда 
болатын дифтонгоңцтық қасиеті сөз ішінде жэне сөздің басқа 
буындарында қолданылғанда байқалмайды.

Ұ - иектің төмен түсіп, ауыз қуысының тар ашылуымен 


жасалатын қысаң дауысты дыбыс. Тіл үшының астыңғы қызыл иекке 
тиіп, қос еріннің дөңгеленіп алға жылжуынаи жасалатын жуан еріндік 
фонема. Сөздің барлық буынында қолданыла береді.

Ү - иектің төмен түсіп, ауыз қуысының тар ашылуынан 


жасалатын қысаң дауысты дыбыс. Тіл үшыньщ астыңғы күрек 
тістердің үшына тиіп, қос еріннің дөңгеленіп алға жылжуымен 
жасалатын жіңішке еріндік фонема. Сөздің барлық шенінде кездесе 
береді.

Е - иектің төмен түсіп, ауыз қуысының орташа ашылуымен 


жасалатын дауысты дыбыс. Тіл үшының астыңғы күрек тістердің 
төменгі түсына тиіп, тіл ортасы жүмсақ тандайдың орта түсына қарай 
көтеріліп, езудің жиырылуынан жасалатын езу фонемасы. Буын 
талғамай, сөздің барлық буынында қолданыла береді. Жеке 
дыбысталуындағы жэне ырғақтық топтың басында келгенде пайда 
болатын дифтонгоидтық қасиеті ырғақтық топтың ішінде және сөз 
соңында байқалмайды.

Қосар (дифтонг) дауыстылардың жасалу ерекшеліктері


Қосар (дифтонг) дегеніміз - ауа тар жолдан сүзіліп, жан-жағын 
қоршаған сөйлеу мүшелерінен сығылысып шығарда оған үстеме, 
жанама үн қосылып жасалған дыбыстар.

Егер дауыстылардың айтылуында ауаның сыртқа шығар жолы 


неғүрлым тар болса, ондай дыбыстар осы тар жолдан қысылып 
сыртқа шығарда, негізгі үнге аздаған қосынды үн үстеп алады. 
Осыдан дифтонг дыбыстар пайда болады. Дифтонг дыбыстардың үн 
сапасы біркелкі таза емес, бөліп-жаруға келмейтін екі үннің 
косындысынан бірігіп, жинақталган тұтас бір фонемадан түрады. 
Дифтонг дыбыстардағы қосынды екі дыбыстың негізгі үні анық, 
көтеріңкі айтылады да, жанама, косынды үні оған қарағанда, едэуір 
көмескі, солғын айтылады.

Қазақ тіліндегі о, ө, е дауыстыларын Ә.Жүнісбеков ашыққа да, 


қысаңға да қоспай, өз алдына дифтонг (лат. цос дыбыс) дыбыстар 
деп беліп қарайды.

Дауыстыларды талдаудың үлгісі:

а - езулік, ашық, жуан дауысты;

ә - езулік, ашық, жіңішке дауысты;

е - езулік, ашық, жіңішке дауысты;

ы - езулік, қысаң, жуан дауысты;

і - езулік, қысаң, жіңішке дауысты;

о - еріндік, ашық, жуан дауысты;

ө - еріндік, ашық, жіңішке дауысты;

ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты;

ү - еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.

    Дауыстылардың ерекшеліктері- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;  


- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу шығады;  
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;  
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;  
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады;  
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды және дауыссыздармен тіркесе алады.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, оның ішінде дауысты дыбыстары жөнінде алғаш пікір айтқандар орыс ориенталистері (лат. ozientalis — шығыстық) болды. Атап айтқанда, Н.И.Ильминский, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, И. Лаптев, Н. Созонтов т.б. Олар қазақ тіліндегі дауыстыларды тап басып, дәл анықтай алған жоқ. Қайсібірі а мен ә-ні, е мен і-ні ажырата алмай, енді біреулері н мен у-дауыссыздарын көрші дауыстылармен біріктіріп әуре болды. Тіпті беріде, 1927 жылы «Қазақ тілі грамматикасын» (орыс тілінде, әрине) жазған Г.В.Архангельский негізінен А.Байтұрсыновты қайталаумен қанағаттанды. Мұны ол өзі де жасырмайды. Кітапты 1924—1925 жылдары

Қ.Кемеңгеров оқыған лекциялардың негізінде жазғанын және мұны

А. Байтұрсыновтың мақұлдағанын айтады. Қазақ тіл білімінің, соның ішінде фонетикасының да негізін қалаған А. Байтұрсынов өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жариялаған «Жазу тәртібі» деп аталатын алғашқы мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты, Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е», — деп анықтаса, осы пікірін кейінгі оқулықтарында, 1927 жылы жазған «Дыбыстарды жіктеу туралы» деген мақаласында қайталанды.

А. Байтұрсынов жіңішке дауыстыларды ескермеген деген ұғым тумауға тиіс. Ол: «дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады»,— дейді де, сөздің алдында дәйекше (арнайы белгі) тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішіке айтамыз»,— дейді. Яғни төрт жуап дауыстының төрт жіңішке сыңары болатынын әсте ұмытпаған. Ал бес дауысты, бес әріп сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген.

М. Томановтың тіл тарихына арналған зерттеулерінің ішінде шоқтығы биігі қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің қалыптасу заңдылықтарын анықтап, оларды қазіргі қазақ тілімен салыстыруы дер едік. Ғалым қазақ тіл білімінде алғаш рет тарихи фонетиканы жүйелеп, оның негізгі нысаны мен зерттеу әдістерін анықтады. Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің негізгі ерекшеліктерін ашып көрсетті. Дауысты дыбыстар жүйесі мен дауыссыз дыбыстар жүйесін бөлек саралай келе, олардың даму ерекшеліктерін ғылыми сипатта дәлелдеді.

Тегі мен түп тамыры бір болғандықтан да, түркі тілдерінің жалпы сипаты, негізгі қалыптасу жолы ортақ. Сондықтан жалпы дыбыстық жүйелердің ерекшелігін зерттегенде, өзге түркі тілдеріндегі деректерді келтірмеу, айқындамау мүмкін де емес. Қазіргі жеке түркілік тілдердегі тілдік ерекшеліктер мол болғанымен, тарихтың терең қойнауына қарай барған сайын, ортақ бірліктер көбейе бастайтынын айтуға болар еді. Мұның өзіндік ішкі заңдылығы да бар. Түркі тілдерінің дамуының ежелгі сипатында етістік және есім негізді бір буынды түбірлер ортақ болады да, олардың кейінгі кезеңдегі тұлғалық және мағыналық дамуында дыбыстық ерекшеліктері көбейеді, дауысты дыбыстардың жіңішке нұсқалары жасалып, дауыссыз дыбыстардың бірнеше бір­бірінен жіктелетін жаңа варианттары қалыптаса бастайды.

М. Томанов өзінің “Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы” атты еңбегінде түркі тілдерінің негізгі жүйелілік ерекшеліктерін анықтай келе, олардың ішіндегі ең бастысы фонтикалық жүйе екенін алға тартқан болатын. Ол түркі тіліндегі топтардың өзіне тән, оларды өз алдына дербес семья ретінде ерекшелейтін белгілерді көрсеткенде де, оның бастысы ретінде фонетикалық жүйені атайды .[1, 315-316 –б.].

М.Томановтың пікірі бойынша, фонетикалық жүйе бойынша жеке түркі тілдерінде мынадай жағдайларда дыбыстық өзгерістер болады: а) сөздің бірінші буынында кездесетін дауыстылар мен сөздің келесі буындарында ұшырайтын дауыстылар екі түрлі жүйе құрайды. Бірінші буында ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып жұптасатын 8 дауысты дыбыс жұмсалады[2,7-б.].

Ғалым қазіргі қазақ тіл білімінің ғылыми әдебиеттерінде дауыссыздардың саны әртүрлі болып белгіленіп жүргенімен, қазақ тілінің тарихи грамматикасында 8 дауысты дыбыс бар деп берілетіндігін атап көрсеткен.

Қазақ тіл білімінің алғашқы білімпазы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің зерттелуінің ғылыми негізін қалаған Ахмет Байтұрсынов 1912 жылғы жариялаған “Жазу тәртібі“ атты мақаласында бес дауысты дыбыс, екі жартылай дауысты дыбыс бар деп жазған екен. Дауысты дыбыстарға автор а, о, ұ, ы, е дыбыстарын жатқызады.

С.Аманжолов 1941 жылғы жазған “Жаңа алфавиттің принциптері” атты мақаласында қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың санын 14 деп көрсетеді. Олар: а, ә ,е, о, ұ, ү, ы, і, и, у, э, я, ю.

Проф. К.Аханов қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың санын 11 деп көрсеткен. Олар: а,е,ы,і,ә,о,ө,ұ,ү, и, у. [3,22].

Проф. А.Нұрмаханова ” Қазақ тілінде он бір дауысты дыбыс (ә, а, е, ы, і, й, о, ө, ұ, ү, у) бар” болғанын дәлелдеген.

Дауысты дыбыстардың саны туралы ғылыми зерттеу жүргізе келіп, С.Мырзабеков көптеген пікірлерді қорыта келіп былай деп жазады: “Қазақ тілінің байырғы құрамында тоғыз (а, е, о, ө, е, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбыс бар. Мұны ешкім де жоққа шығара алмайды“ [4 ,33-бет]. Осы пікірге біз де тоқтаймыз.

Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың классификациясы үш түрге бөлінеді: біріншісі – сөйлеу, яғни сөйлеу мүшелерінің пайда болуын зерттейді; екіншісі – есту (құлақ) мүшелерінің әсерін зерттейді; үшіншісі – акустикалық классификация.

Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарай, атап айтқанда:


  1. тілдің қалпына (қызметіне)

  2. еріннің қатысына (қызметіне) және

  3. жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.

Қазақ тіліндегі бір буынды сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстар мен көп буынды сөздердің бірінші және келесі буындарындағы дауыстыларды бір-бірінен ажыратып қарау керек болады. Зерттеушілердің көрсетуінше, бір буынды түбір құрамындағы дауысты әрі тұрақты, әрі сапалық жағынан басқа сөз құрамындағы дыбыстарға ешқандай бағынышты емес. Ал көп буынды лексемалар құрамындағы дауысты дыбыстарда мұндай қасиет жоқ. Олар көбінесе айнымалы, өзгермелі болып келеді екен. Әсіресе мұндай буындағы дауысты дыбыстар сингармонизм заңы бойынша өзге дыбыстардың ықпалына түсіп кетіп отырады. М.Томановтың пікірі бойынша, “фонемалар жүйесін анықтау үшін, комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдайдағы дауыстылар қарастырылуы тиіс. Ал комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдай тек бір буынды түбір құрамында ғана болады“[2, 15-б.]. Демек, бір буынды түбірлердің құрамындағы дауысты дыбыстардың сапалық сипатын тұрақты деп бағалай отырып, олардың қазақ тіліндегі сапалық өзгерістері мен қалыптасу заңдылықтарын зерделеуге болар еді. Бұл арада оғыз тобына жататын түрік тілі мен қыпшақ тобына жататын қазақ тілінің негізгі өзіндік даму заңдылықтарын анықтап алу орынды болмақ.

Түркологтардың дәлелдеуінше, түркі тілдерінің көпшілігінде созылыңқы дауысты дыбыстардың сақталуының негізгі себебі бірінші буындағы болған фонетикалық өзгерістермен тығыз байланысты. Яғни бір буынды лексемалардағы сөз басындағы әуелгі қатаң дыбыстар екпінмен айтылған кезде, дауыстылардың созылыңқылығын туғызды. Кейін түркі тілдерінің ұяңдану процесі кезінде сөз басындағы қатаң дыбыстар ұяңданды да, созылыңқы дыбыстар қысқа дауыстыларға ұласты. Мұндай пікірге де ден қою орынды деп білеміз.

Қазақ тілінде созылыңқы а дауысты дыбысы жоқ.

Түркі тілдеріндегі созылыңқы а дыбысы тұрақты дыбыс ретінде бағаланбайды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде созылыңқы а дыбысы кездеседі де, кейін бірте-бірте қысқа а дыбысы дамыған.

М. Томанов жеке дауыстылардан “ә” дыбысының тарихына ерекше тоқталған. Ғалым бұл дыбысты шығыс тілінің әсерінен пайда болған деген пікір айтады. Қазақ тіліндегі әр сөзінің арғы түрі Һар болғанын айта келе, осы түбірден әркім, әрдайым, әралуан, әркез, әрқилы т.б. сөздердің тарағанын көрсетеді.Сонымен бірге автор байырғы қазақ сөздерінде кездесетін әпер, әкелсөздерінің де жасалу сипатын терең түсіндіреді. Бұл сөздер екі түбірдің бірігу процесінен кейінгі әсерінен жіңішкеріп кеткен деп анықтайды.

Профессор М. Томанов у, и, ү, ұ, о, өдыбыстарының тарихын терең қарастыра отырып, олардың ерекшеліктерін, дифтонгтық, монофтонгтық сипаттарын ашып көрсетеді. Мәселен, “у дифтонг дауыстысы көне түркі тілінде қолданылған уғ (кейде іг) дыбыс тіркесі негізінде қалыптасқанын”, “и дифтонг дыбысының қазіргі тілде монофтігіге айналу процесі байқалатынын” жазады. Көне түркі, қызғыз, қазақ тілдеріндегі дифтонгілерінің бір ізділігін нақты тілдік деректермен көрсетеді.

2. Дауыссыз дыбыстар жүйесі, дамуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет