Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет44/55
Дата26.03.2024
өлшемі219.56 Kb.
#496583
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
кестелі биология

Өсімдікке тән белгілері

бір орыннан қозғалмайды, тарамдалады, жасуша қабықшасы қалың, қоректік заттарды бүкіл денесімен сіңіреді.

Жануарларға тән белгілері

хлоропласттары болмайды, фотосинтез жүргізбейді, органикалық заттар түзе алмайды, дайын органикалық заттармен қоректенеді, жасуша қабықшасы хитинді, жасушасында жиналған қор заты гликоген.

Көбеюі

Көбею түрлері - өсімді, жыныссыз, жынысты.
Өсімді көбеюі - жіпшелері үзіліп, әр жіпшумақта бүртіктер пайда болады (бүршіктенеді).
Жыныссыз көбею зооспора (талшықты спора), спора, конидий (шаң тәрізді спора) арқылы іске асады. Суда тіршілік ететін түрлері зооспора арқылы көбейеді. Споралар спорангиде дамиды. Споралар, конидилер қолайлы жағдайға түскенде жіпшелер дамиды.
Жынысты көбею - гаметалар қосылып зигота түзеді.



Төменгі сатылы саңырауқұлақтар



1.Зең саңырауқұлағыпеницилл, аспергилл
2.Ашытқы саңырауқұлағы.
3.Паразит саңырауқұлақтар

Қалпақшалы саңырауқұлақтар

Жіпшелері 10 – 12 см тереңдікте болады. Денесі қалпақша және түбіртектен тұрады.
Жасушасындағы вакуольде гликоген, май, май қышқылдары қорға жиналады.
Жемісті денесі қалпақтан және түбіртектен тұрады. Жемісті дене бір қатарға орналасқан ұзын жасушалар - жіпшумақтан дамиды. Бұл саңырауқұлақтар түтікшелі және қатпарлы болып бөлінеді:
Түтікшелі саңырауқұлақтарға ақ саңырауқұлақ, қайыңқұлақ, т.б. жатады.
Қатпарлы саңырауқұлақтарға арышқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық, т.б. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет