45
ШЫҒАРМАЛАРЫ
көзін ашпай бұдан құтылмайсың, тегінде. Мәшһүр Жү сіп атамыз:
«Өнерге ғылым-білім болсаң же рік, Берілер ақыр бір күн басыңа
ерік...» – деп қай заманда айтқан?! Олай болса?...»
Жасы есейіп, ақыл тоқтатып қалған шә кірт жолсыздықтың
алуан түрлерін аяқ басқан сайын кө ріп жүр. Оған алыстан мы-
сал іздеудің қа же ті жоқ, екі басқышты училищенің өзі-ақ тең сіз -
діктің үлгісі: қаладағы мектептер дің ең сорлысы,
оқу құралын
сатып алу да әлдебір қалталының мырзалығына байланысты;
мұғалімдерінің жалақысы да 3-басқышты қалалық училище-
нің оқытушыларынан әл де қайда кем. Өйт ке ні бұлар – семина-
ристер, ал ана мектепте уни верситет, институт бітір гендер сабақ
береді. Ол мектептің оқушылары да «құдайдың қалаулыла-
ры» – көпестер мен мещандар мұрагерлері.
Екі мектептің айыр-
масы шәкірттердің киімінен де көрініп тұр: қалалық училище-
нің ақсаусақтары бір келкі фор ма киіп, бойларына шақтап тігіл-
ген әде мі киімдермен жарқырап жүрсе; бұлар дікі – ала-құла,
ұсқынсыз бірдеңелер; ал ауылдан келгендердің киімі кісі кү лер-
лік – қол пыл даған сірі тон, көбінің ете гі жер сыпырғандай ұзын
тігілген; өйт кені әлденеше қыс киюге, тон иесінің өсуіне есеп-
теп
әдейі кең пішілген; көбінде бұл да жоқ – жыр тық күртелер,
аяқтарында қонышы қол қыл да ған саптама, қайқы бас пималар...
Әбікей ағасынан теңсіздіктің себебін сұ ра са: «Оқуыңды қа-
дағала, Қанышжан, – дей ді. – Ғылым киім талғамайды, көкірегі
ояу, ынта қойған кісіге қонады. «Бі лекті бір ді жығады, білімді
мыңды жығады» деген сөз ді шығарма жадыңнан!..»
1914
жылдың қысында, Қаныштың соң ғы бөлімде оқып жүр-
ген кезі, халық үйінде тағы бір үйірме жұмыс істей бастады. Неше
түрлі бал билерін үйретеді екен. Шәкірттің көңілі бұған да ауады.
Бірақ оған қатынасу үшін жасы жетпейді, әмбе жарна төлеу ке-
рек...
Амал бар ма, ағасынан көмек сұрауға тура келді.
Әлкей МАРҒҰЛАННЫҢ естелігінен:
Достарыңызбен бөлісу: