халық шаруашылығы үшін өнімдік құ ны на ау дарып айтқанда 25 мил-
лиард сом ның кенін тауып, әрбір тәулікте 2 миллион сом кіріс кіргіздім.
Осы айғақтың өзі-ақ менің адалдығыма айқын дәлел емес пе?.. Егер менің
«ісімді» қайыра тексертіп, бостандыққа шығартсаңыз – мен өзіме
социалистік міндеттеме алып: 3-4 жыл дың ішін де бір ғана Орталық
Қазақстан атырабынан бұрынғы барланған қорға қосымша бір мил-
лион тонна мыс кенін іздеп тауып әрі соны темір жолға 75-100 шақырым
жерден көрсетер едім, бұл мені кінә лау шы геолог Шестакова көзір еткен
басты айғақ – «зиянкестікпен әдейі көрмей кеткен Краснояр өлкесіндегі
1931 жылғы кен қорынан» кем дегенде 4-5 есе көп мыс...» – деген мә лімдемесі
де бір жыл бойы жауапсыз қалыпты...
Қ.И. Сәтбаевтың Русаковты арашаламақ болып Мәскеуге ба-
рып, үкімет адамдарына шағынғаны текке өтпеді. Жазалаушы
жүйе мұндай әрекетті ешкімге, ешуақытта кешірмеген. Әрдайым
жазалап отырған, реті келсе – жер жастандырған...
Т.А. СӘТБАЕВАНЫҢ естелігінен:
«Бір күні кеште, қараңғылық қоюлан ған шақта... пәтерімізге
Н.Г. Кассин келді, қатты абыржығанын бейуақта есік қақ-
қанынан сездік, түнерген түрі де адам шошырлық еді. Айтуын-
ша, Мәскеуден келген Гос технадзордың комиссиясы өзін тек-
серуге тартыпты. «Олардың не іздегенін бүгін білдім: Қаныш
Имантаевич, сіздің Қарсақбай мен Атасу темір кендерін барлау-
ды қасақана «кешеуілдетіп», мемлекет мүддесіне зиянкестік
жасағаныңызды дәлелдемек; мені де сол мақсатпен, ғылыми ай-
ғақ тауып беруге шақырыпты; таппасам баяғы Отан жанкүйері
емеспін... – деді ол бізге үрейлене қарап. – Ал менің мұндай пасық
іске былғанғым келмейді! Жас кезімде айтпаған өтірікке егде жа-
сымда қалайша барамын? Сізді мен аса талантты, құдай тағала
данышпан іздеуші етіп жаратқан нағыз геолог деп білемін. Бұл
ойымнан мені ешкім де ешқашанда айныта алмайды!..» – деді ол.
31-0196
482
Медеу СӘРСЕКЕ
Ішін кернеген ашудан қалш-қалш еткен шынайы досымыз,
жаны кіршіксіз таза Николай Григорьевичті шайға отырғызып,
көңілін жайлауға тырыс тық. Өйт кені оның да қан қысымы
жоғары екенін біле тінбіз....
Комиссияда одан әрі не жайында сөз бол ғанын білмеймін, бірақ
қадірменді Николай Григорьевич екі-үш күннен соң қа тер лі криз-
ге ұшырап, ауруханаға түсті. Тамаша ғалым, Қазақстан жер
қыртысының геологиялық тұңғыш картасын жасаушы, КСРО
Мемлекеттік сыйлығының иегері Н.Г. Кассин сол құлағаннан
қайта оңал ған жоқ, ауруханада дүниеден қайтты».
Қысқасы, пәле-жала іздеуші Одақтық комиссия мүд
десіне
жетті: рас, көздеп келген «күнә
кар
ды» емес, геология ғылы-
мының аса ірі тұл
ғасы, Қазақстанның геология ілімінің не-
гізін қалаушылардың бірін жер жастандырып, іле-шала қайтып
кетті... Алайда көктем шыға қарамды топ болып қайта оралып,
ГҒИ жұмысын қайыра тексереді, бұл жолы кен барлауды ғана
емес, күллі шар уа шылық саласына, ғылыми зерттеуге жұмсалған
шығындар көлеміне шұқшияды. Тіпті директордың зайыбы
жұмысқа түске дейін келеді, ал еңбекақыны толық алады деген
сыбысқа да қадалады. Таисия Алексеевна үйде зерігіп бос отыр-
мас үшін бір мезгіл институтқа келіп, екі-үш сағат Жезқазған
кендерін минералогиялық зерттеумен шұ ғылданатын-ды, бірақ
соңғы жылдары бұл үшін соқыр тиын айлық алмаған...
Қаншама шұқшиғанымен бұл комиссия да Қаныш Иман-
тайұлының геологиялық ізденісінен ешқандай ілгешек таба ал-
мады. Жезқазған сынды алыпты ел игілігіне жаратуға мұрындық
болған, Жездіні ашқан, Атасу мен Қарсақбай кендерін де жетімсіз
қаржымен ондаған жылдар бойы зерттеп, Қара металлургия
комбинатына шикізат бере алатынын соғысқа дейін-ақ толық
дәлелдеген іздеушінің тұрлаулы барлауынан нендей олқылық
табасың? Әйтсе де, тырнақ астынан кір іздеушілерге бұл – уәж
емес. Нысанаға алған пендені зиянкес етіп шығару – қызметтік
мақсаты болған соң, не шара?!.
II
Қазақтың зиялы қауымын түгел дерлік қамтыған саяси жа-
ңа нау қанның өріс алуына «Правда» газетінің 1950 жылдың
26 желтоқсан күнгі санында, етектей боп екі бетіне жариялан-
483
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ған қазақстандық үш тарихшы – Т. Шо йын баев, Х. Айдарова
мен А. Якуниннің «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-
лениндік тұр ғыдан баяндайық» деген атының өзінен-ақ жаныңды
түршіктіретін мақаласы түрткі болған. Әділін айтқанда, өртеңге
шыққан гүлдей қайыра бой түзеп, өркен жая бастаған қазақтың ат
төбеліндей оқымысты қауымы үшін сол күннен былай кешегі аты-
шулы 37-жылды қайталаған қаһарлы қуғындау қайта басталған.
Ол тарихшылардың, әдебиет пен өнер зерттеушілердің, ақын-
жазушылардың қарамды да көрнекті тобын қамтып, бәрі де
ұлтшыл, яки социалистік қоғамға жат адамдар деп жарияланған.
Басты күнәкар – Тарих ғылымдарының докторы, ҚазМУ-дың про-
фессоры Ермұхан Бекмаханов. Өйткені ол үстем таптың өкілі,
Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлын 1837-1847 жж. ұлт-
азаттық күресін бастаушы етіп ерекше марапаттаған.
Әрине, алғашқы талқы ұлтшылдық пиғылға ұрынған ҒА-
ның Тарих институтында басталып, іле-шала Тіл және әдебиет
ұжымына ойысқан. Ал онда Кенесары мен оның айбынды батыр-
лары жайында ел ішінде тараған дастан, толғау, жоқтауларды
әскездеп жинап, шексіз дәріптеу арқылы тежеусіз мадақталған.
«Ұлтшылдар көсемі» Мұхтар Әуезов «Хан Кене» драмасын
жазған. Кейбір ақындар осы көтеріліске қатысқан Ағыбай,
Наурызбай, Таймас, Иман батырлар туралы дастандар толғаған.
Ең сорақысы, Кенесары қозғалысын дәріптеген шығармалар
әдеби жинақтарға, оқулықтар мен хрестоматияларға енген. Енді
соның бәрін де сыпыра күзеп, дәріптеушілер есімін қара тақтаға
жазу керек...
1951 жылдың басында ұлтшылдық пиғылды із деу науқаны
ҚазМУ мен ҚазПИ-ге, соларға ілесе облыстардағы педагогика-
лық институттар ға, келе-келе техникумдар мен училищелерге,
тіпті қазақ мектептеріне ойысқан. Республикалық, облыстық га-
зет-журналдар бұл тақырыпқа күн сайын орын беріп, қыза келе
«жау элементтерді» көптеп табуға «соцжарыс» ұйымдастырған.
Аупартком нұсқаушыларының қадағалауымен колхозшылар
мен еңбек артельдері ұжымдарында өткен жиындарда тіл безе-
ген қарапайым мұғалімдер ғылым докторы Е. Бекмахановтың
«қателігін» әшкерелеп, жөнең оркестрдің барабаншысы саз білгі-
рі, академик А. Жұ ба новқа қай тақырыпты баса зерттеуге «ақыл»
айтқанын не деуге болады? Әрине, жер-жердегі жойқын талқы-
ның нысанасына алғашқы кезекте Әуезов, Жұбанов, Жұмалиев,
Ысмайылов, Бекхожин, Кенжебаев, Марғұлан, Кеңесбаев, Ыс-
484
Медеу СӘРСЕКЕ
қақов, Мұ хамедханов еңбектері ілік кен. Бекмахановтың тарихи
монографиясын әрбір сөйлеуші оңды-солды іреген, өзін де әрбір
шешен «тірідей сойған».
Бірде-бір басылым сын тезіне түскен бейбақтардың ақталған
мақаласын, ғылыми желеуін қабылдамаған. Оның есесіне қара-
лаушылар еңбе гі не даңғыл жол ашылған. Т. Шойынбаев, Х. Ай-
дарова, М. Ақынжанов және соларды жақтаушылардың «ел та-
рихын қасақана бұрмалауы» туралы әш кере сындары әрдайым
көр
некті жерге жарияланған. «Күнәкарларды» талқылаған
жиындар да солай біржақты өткен. Мысалы, ұлт мәдениетінің
көрнекті тұлғалары Әуе зов пен Кенжебаевты «дүрелеген» жиында
екеуін де сөйлетпей, залдағы тобыр айқай-шу көтеріп, мінберден
қуып түсіру өздері ұстаздық еткен ҚазМУ-де жүзеге асқан.
Немесе көрнекті сазгер, академик Жұбановтың же ке басының
ісі қаралып, Компартия қатарынан аластауға арналған баста-
уыш партия ұйымының жиынында, одан соң Сталин аупарт -
комының бюро мәжілісінде Ахмет Қу анұлына сөз берілмегенін
не деуге болады? Сондай қысасты ҒА президенті Қ.И. Сәт баев та
көрген: Алматы қаласының партактиві бас қосқан келелі жиында
ол академия қызметкерлері ортасында туған ахуалды тү сіндіруге
тырысқанда, коммунистердің саналы, сауатты дер лік озық тобы
балық үлесіне жиналғандай айқай-шу көтеріп, ұлт мақтаны сана-
латын ғұлама тұлғаның аузын аштырмай, мінберден қуып түсір-
ген.
Осы дан-ақ Қазақстан партия ұйымының дем беруімен қызу
жүрген «ұлт шыл дарды аластау» науқаны қандай көлемде және
дөрекі түрде өріс алғанын шамалау қиын емес. Бұл да, Қазақстан
ғана емес, КСРО билігін уысында ұстаған ат төбеліндей топтың
білім-танымының таяздығын, обал-сауапты, әділдікті тәрк етіп,
ойына келгенін жасағанын айқын аңғартады. Ең ғажабы, қолдан
жасалған осынау саяси науқанның басы-қасында Қазақстан КП(б)
ОК-нің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, Мәскеуден ар-
найы жіберілген партия функционері И.П. Храмков болғаны
мәлім*.
* 1951-1953 жылдарда Қазақстанда ерекше қызу әрі сорақы дөрекілікпен жүзеге
асқан саяси қуғын-сүргін «Шығармалар жинағымның» 6-кітабында жарияланған
«Ноқталанған тарихшы» ғұмырнама-эссемде егжей-тегжей баяндалғандықтан сол
оқиғаларды бұдан әрі тәптіштеп жазбаймын. «Қазақтың Қанышы» немесе «Дара да-
рын» кітаптарымнан оқырманға кеңінен мәлім жайттарды жаппай тізбей, солардың
Қ.И. Сәтбаевқа байланысты күрмеуін ғана тарқатамын…
485
ШЫҒАРМАЛАРЫ
* * *
Мезгіл қоңыр күзге ауған мезет, Ғы
лым академиясының
президентін Орталық Комитеттің бірінші хатшысы оңаша сұх-
батқа шақырды.
– Қан-еке, Хан-еке дегенге сен өзіңді, сірә, хан дәрежесіне
жеттім деп кеуде соғып мардымсып қарайтын болыпсың, біздің
қызметкерлердің ескертуіне құлақ асуды қойыпсың, байқа,
Имантай бидің мұрагер кенжесі!.. Сені тау басына шығар-
ған – Коммунистік партия, қажет деп білсе – етегіне қарай дома-
лата салуы да оп-оңай. «Аяз би, әліңді біл!» деген ескі нақылды
ұмытпаған шығарсың?..
Хатшылық биік құзырын ғана емес, қайраткерлік қажырын
да ерекше сыйлайтын Жұмабай Шаяхметовке ғалым ә дегеннен
дау айтпады. Жанына батыра сөй леп, қасақана тиісіп отырғанына
ғана таңғалды. Бұл кісі де жыл бойы жүрген үздіксіз сүргіннен
шаршаған-ау деп ойлады. Бәлкім, әлдекім өзін жамандап, пейілін
бұ зып қойған деген де күдікке сайды. Әрине, солай: бірінші хат-
шы ондай пендешіліктен құралақан емес; оған қоса тез шытынай-
тын адам, ашуланған кезде қарсы уәж айтпай үнсіз тыңдасаң –
қайтымы тез, демек, не десе де шыдау керек...
Жұ мекең бұл жолы шындап қатуланған тәрізді, әлі де бірқан-
ша уақыт ауыр да дөрекі сөздерді аяусыз төкті.
– Ау, сен неге үндемейсің? Саған тарих пен әдебиетте нең
бар? Жел сөз қуған соғындылардың дүрмегіне араласпай тыныш
жүрмейсің бе? Дардай академик орынбасарың бар, сал соны қып-
қызыл даудың ортасына!
Нендей қияс сөз айтса да шыбын шаққан ғұрлы көрмей,
таңданған қалпы әрі мысқылдағандай шырайда көзінің астымен
барлай қарап отыр ған президентке хатшы түңіле состиып, басын
шайқады.
– Ау, сен кімдерді қызғыш құс тай қорғап жүргеніңді білсең
етті, ең құрығанда!..
– Жұмеке, қарауымдағы ғалымдарды кім көрінген тауықша
жүндеп, оңды-солды тү
тіп жатқанда, академияның басшысы
емес пін бе, қалайша соған көз жұмып, түк естіме ген кісіше қол
қусырып, қарап отырамын?!
– Жә, жә, басқа бірдеме айт! – Бірінші хатшы тыңдағысы
келмейтінін аңғартып, терезе жаққа қарады.
486
Медеу СӘРСЕКЕ
– Жұмеке, бұл даңғазаны тоқтату керек! Шынымды айтайын,
жұрт алдына шығып, тура қараудан қалдым. Масқара! Көп-көрім
атақ-даңқы бар, Қазақстан түгілі, күллі Одаққа еңбегі мәлім
ғалым, жазушыларымыздың абыройын ойлаған бір пенде жоқ.
Неше түрлі қағылған-соғылғандар итше үріп, балағынан шалу-
да. Солар және жай қапса жөн-ау, сірә, біржола жер қаптырмақ...
Қашан айтты демеңіз, Жұмеке, мына даңғазаны тоқтатпасақ,
халықтың да, тарихтың да өшпес қарғысына қаламыз! Ал маған
кабинетте бұғып отырып, ездікпен сақтап қалған дәрежелі
мансаптың керегі жоқ!..
– Сен, сен өзі, ақыл-зердесі сұңғыла, ойы те рең кісі ме деп
жүрсем – ештеңеге әлі түсін беп сің. Ең құрығанда, өкпек желдің
қайдан соққанын аңғарсаң етті, саяси әуенге мұншама кеще
болармысың, жетеді! – деп кабинет иесі үстелді жұдырығымен
сарт-сұрт соқты.
– Сіз де тыйылыңыз, жетеді, жілікше шағатын сізге мен қой-
дан жуас көмекшіңіз Жілікбаев емеспін, он жас үлкендігім өз ал-
дына!..
Қаныш Имантайұлы да бұдан әрі басынан сөз асырмауға бе-
кінгенін аңғартты.
Дес бергенде соңғы сөзі тым өрекпіп отырған хатшыға тыйым
болды. Тақыр басын әрлі-берлі сипалап үнсіз отырып қалды.
Әлден соң терең күрсініп:
– Қанеке, өнбейтін керісті қоялық, құр ойбаймен іс бітпейді.
«Ойбайымнан үйба
йым артық еді» деп байынан таяқ жеген
долы қатынның оп-оңай жуасығаны туралы қалжыңды естіген
шығарсыз? Турасын айт қанда, Қанеке, бізге сіздің амандығыңыз
керек, халыққа да!.. Сынның сұғына тап болған дарды қорғаудан
тыйылыңыз! Сол үшін шақырдым: академия
ны пиғылы те-
рістерден тазарту керек!..
– Қалайша, не дейсіз?! Жолдас Шаяхметов, мұның арты
қазақтың бетке ұстар жайсаңдарын ана жылғыдай қойша көгенге
тізу емес пе, маған не істе деп отырсыз?!.. – Академия президенті
манадан бергі тәжікеден ештеңе ұқпаған сыңай танытты. Тіпті
ұққысы келмеген ашық қы ңырлық. Үні де еркінен тыс қатты
ес
тілді. – Бекмаханов кімнің егініне түскен? Бек Сү
лейменов
кімнің несібесін тартып алды? Немесе мүгедек Ысмайылов?.. Со-
ларды оқытуға, ғылыми атаққа жеткізуге мем лекеттің қаншама
қаржысын шығындадық? Жұмыстан қу деп отырған ғалымдар-
дың көпшілігі академияға филиал атанған ке зінде келген. Мар-
487
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ғұлан, Кеңесбаев, Кенжебаев, Жұмалиев... Бәрі-бәрі ғылым
ордасының іргетасын бірге қаласқан маңдайалды саңлақтарымыз.
Апыр-ай, Жұмеке, Мұ хаң ды, мақтан тұтар ардағымыз Әуезов ті,
бұрнағы жылы «Абай» романы үшін Ста лин дік сыйлық алған
дарабозымызды немесе өз қатарынан қара үзіп шыққан Ахмет
Жұбановты қалайша дәтім барып, қолым қалтырамай, ғылыми
ортадан аластауға бұйрық жазамын? Қателессін дейік, қате лік-
тен де ғы лым туындайды. Ал партияның түпкі саясаты адас қанды
оң жолға салып тәрбиелеу емес пе, жолдас хатшы? Мен сізді түсі-
нуден қалдым. Қысқасы, мені бұған зорламаңыз, жо-жоқ, мұндай
тазартуға жан-тәніммен қарсымын! Қарсымын, Жұмеке!..
– Қарсы тұрам деп өзіңнің тазартуға түсіп қалмауыңды ойла,
жолдас Сәтбаев! – деген хатшы әріптесін тыңдауды қажетсінбеген
ыңғай танытты. – Айтқанға көн бесең, есіңде болсын, басқаның
құзырымен жүзеге асырамыз...
Қаныш Имантайұлы бұдан әрі аянған жоқ. Неше айдан бері
жүрегін тырнап, ұйқысын қашырып жүрген ащы өксікті тежеусіз
ағытып, тіпті соны қай жерде, кімге айтып тұрғанын да ұмытып,
ішін кернеген ашу-ызаны аяусыз төпеді...
Мәртебелі кабинеттің иесі терезе алдында теріс қарап тұр. Кімге
өктемсіп тұрсың деп те ескерту жасаған жоқ. Сәт баев та тайсалма-
ды, кілем төселген еденді тырп-тырп басып, қоштаспаған томаға
қалпы шығып кетті.
Қаншама тығыз жұмыстар күтіп тұрса да, Қаныш Имантайұлы
сол күні де, ертеңінде де кеңсеге барған жоқ, академия маңына
қадам басуға дәті жетпеді. Өз-өзінен қу ыс танып, әлдекімнен сес-
кенгендей, әлденеден безгендей беймәлім күй кешті. Өмі
рін де
тұңғыш рет жұмыстан себепсіз қалып, үй ін де жатып алуы, сірә,
сол жолы шығар-ау...
Анығында, ұйқысыз өткізген түннің ертеңінде-ақ қан қысымы
көтеріліп, жан-дүниесін бейжай енжарлық билеп, қос шекесін
сығымдаған дерттен айыға алмады. Министрлер Кеңесінің емха-
насынан шақырыл ған емдеуші дәрігері А.В. Владимирова бірден-
ақ қатерлі жағдайын ашық айтып, ауруханаға әкетпек болған-
ды, науқасты иліктіре алмады. Ақырында күн құр ғатпай келіп,
мейірбикелерді де жіберіп, емді үйден жасайтын болды.
Дер кезінде жасалған көмек қан қысымын үш-төрт күнде
қалпына келтірді. Тек ұйқысын бұзған іштегі жегі ойды тарқата
алған жоқ, солайша шала дегдіген, шала-шарпы емделген қалпы
сүлдерін сүйретіп жұмысына қайта шықты...
488
Медеу СӘРСЕКЕ
Достарыңызбен бөлісу: |