ЖАҢА БИІКТЕРГЕ
І
Президент болып қайта сайланғаннан беріде ғалымның жұмы-
сы тағы да ұлан-асыр көбейді. Ғылым ордасы – бұл кезде сан-
салалы ірі орталық. Зерттеу институттарының өзі отыз қаралы.
Оларда он мыңдай қызметкер істейді. Ізденіс өрісі жан-жақты өсіп
тереңдей түскен, ғылымның әр түрлі саласын қамтиды. Бәрін бол-
маса да, ең бастыларын президент білуге тиіс. Одан өзге кісі ше ше
алмайтын күрделі жұмыстар қаншама!
Қаныш Имантайұлы басқарған мәжіліс тер әрқашан да қысқа
өтеді және іскерлік сипатымен есте қалады; біріншіден, мәселеге
қатысы бар адамдар ғана шақырылады; екіншіден, сөй леушілер
әңгіменің тоқетерін мәлімдеуге тиіс – жалпылама есеп, жұтаң
ой, даурықпа ақпармен құтыла алмайсың; үшін
шіден, нақты
ұсыныспен сөй ле... Ал тал қыға түскен тақырыптың ғылыми мә-
ні ұтым ды болса – Қаныш Имантайұлы оның бағыт-бағдарын
әрдайым назарында ұстап, тиісті көмек көрсетеді. Сынақ
жүргізушілерге де маза бермейді. Көңіл-күйін тәптіштеп, қажет
деп білсе – тұрмыс ахуалын түзетуге жағдай туғызады.
Ал Жезқазған тағдырына байланысты мә
селе – Қаныш
Имантайұлы үшін әрі азап, әрі рахат. Жезқазған қыртысының
жылма-жыл
ғы ахуалын, барлау жаңалықтарын, оның төңіре-
гіндегі ізденістер, барланған қабаттардың қуаты... – бәрі-бәрін ол
жадында ұс тайды. Мүмкіндік тауып, жылына бір мәрте сол өңір-
ге барып қайтуға тырысады. Алда-жалда бара алмаса – кәдімгідей
аңсап, ерекше сағынады. Сағынышы үдеп, түсінде кө ріп зеріге
бастаса – өз институтындағы ми нералогия мұражайына келеді де,
Жезқазғанның кен тасы тізілген шыны шкафтың ал дында жа рым
сағат тапжылмай қарап тұрды-ақ, о тоба, едәуір сергіп қалады.
Осы осалдығын жақсы білетін егде әріптестері сол хақында әзіл-
оспақ айтып, күл кіге айналдырса, ол: «Жезқазған ми не ралдарына
мен өлердей ғашықпын. Солар ға қарадым-ақ, неше түрлі қиялға
беріліп, кәдімгідей ләззат аламын. Мен үшін олар – екінші ты-
ныс, қиыр далаға шығып, дәру самалын жұтқандай боламын.
Тіпті Жез қазғанға барып қайтқандай қуанамын!..» – дейді. Бұл да
имандай шыны.
Жезқазғанның келешегіне байланысты қандай да бір шаруаға
Қаныш Имантайұлы бейжай қарамай, іле-шала араласаты-
555
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ны жұртшылыққа мәлім. Өзі куә болған сондай бір іс жайында
жезқазғандық инженер Далабай Оспанұлы Ешпанов 1969 жылы
бізге мынадай әңгіме шерткен-ді.
– Бір күні 44-шахтының бастығы Сәдуақасов Темеш екеу-
мізді, мен ол кезде осы шахтаның бас инженерімін, комби-
нат директорының кабинетіне төтенше мәжіліске шақырды.
Жедеғабыл келсек, кабинетте бір топ инженерлер отыр, негізінен
комбинаттың өндіріс-техникалық қыз
меті
нің жетекші маман-
дары, төрде – Қаныш Имантайұлы. Әлқисса содан жұрт тың бәрі
үстел басына жайғасты. Комбинат директоры Виктор Васильевич
Гурба мәжілісті ашып, Қаныш Имантайұлына сөз берді.
– Сіздер, осы, Жезқазған кенін қалайша қа зып келесіздер? –
деді академия президенті. – Әуелгіде кә дуілгі қайламен, күрекпен.
Одан кейін перфора тор ға көштіңіздер, күректі сүйретпе скрепер-
лер ауыстырды. Тәшкелердің орнына вагонеткалар келді. Яғни
әжептәуір өнімді әдіске көш ті ңіз дер. Шындығында соның бәрі –
арқадағы ауыр жүкті атан түйеге ауыстырғандай әншейін амал...
Инженерлердің қайсыбірі мырс етіп, академиктің тосын
теңеуіне таңданыс білдірді.
– Сіздер күлсеңіздер, менің жылағым ке ліп отыр, – деді Қаныш
Имантайұлы кенет түсіп суытып. – Төзуге болмайтын дәрмен-
сіздік! Кен қазатын осы заманғы жабдық жа сау туралы неге ой-
ланбаймыз, мысалы, өнім
ділігі жоғары, қуатты механизмдер
қолдануды армандап?! Техникалық ой қазірде алға шығып кетті,
қымбатты жолдастар. «Кен қазу проблемасын түбегейлі түрде
өзгертуге болады!» – дейді біздің ғалымдар. Солардың бірі, әне,
қастарыңызда отыр...
Президент үстелдің шеткергі түкпірінде монтиып отырған,
Қазақ КСР ҒА Кен институындағы ол сынақ зертханасының
меңгерушісі Уахит Шәріповты нұсқады. О күнде жасаң инже-
нерлер Ешпанов пен Сәдуақасов та сол қатарда отырған. Қа ныш
Имантайұлы әлдеқандай себеппен бұдан арғы сөзін осы үшеуінен
көзін алмай шұқшия қарап қойып, аса қатқыл үнмен естіртті.
– Жә, Шәріпов жолдастың неше жылдан бері шұғылданып
жүр ген өзекті ойын «Тау-кен өндірісінде төң керіс жасайтын, кен
қазуды ондаған, жүздеген есе арттыратын жаңа техника жасайық!»
деген ұсынысын елеп-ескерген кімдер? – Үстел басындағылар
тым-тырыс, не дерін білмей тұқиып төмен қарады. – Қане, өндіріс
мамандары, шын
дарыңызды айтыңыздар, Уахит Шә
ріп
ұлына
556
Медеу СӘРСЕКЕ
нендей көмек бердіңіздер? Ақыл-кеңес қо сып, кісі беріп, сынақ
өткі зетін учас ток, шеберханадан орын сайлап?.. Уәке, мына кісі-
лер дің мазасын алып, Жезқазған шахталарын жағалай адақтап
жүргеніңізге неше жыл болды?
– Биыл алтыншы жыл... – деді Шә рі пов әлденеге кінәлі адам-
дай қызараңдап.
– Түсінікті ахуал!.. – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев мырс етіп,
басын шайқады. – Өндіріс басындағы азаматтардың көкейінде
не тұратыны маған мәлім... Жоспар, тек қана жоспар! Күні-түні
жанталасып жүріп кен беру! Ал ғы лыми сынақ – ғалымдардың
міндеті, академия институттарының пешенесіне жазылған азап.
Әлбетте, Уақит Шәріпұлы шұғылданып жүрген тың істен бірдеме
шығады деп сенбейсіздер. Әрине, сену де қиын. Бұл үшін қиялы
асқақ фантазер болу керек: осы күнгі тұрқы кісі бойындай аласа
забойда алып экскаватор істейді, қазылған кенді вагонеткалар
емес, жер астында жүруге жабдықталған қырық тонналық авто-
мобильдер тасиды, ал өнімсіз перфораторларды қуатты бұр ғылау
қондырғылары ауыстырады дегенге қалайша сенуге болады?!
Нағыз қиял! Сенбеген соң да Уахит Шәріпұлын осы заманның Дон
Кихоты деп кү лесіздер, ол құрастырған қондырғыны «Шәрі повтің
арбасы» деген атау да де сіздерден тараған әжуа...
44-шахтаның әйдік басшылары осы әжуаны естігенде ғалымға
тура қарай алмай, төмен қарап үстел үстін сипалады.
– Менің кәміл сенген ойымша, Жезқазғанның келешегі,
жігіттер, мендей кекседе емес, тек қана сіз дер де! Бүгінгі барды
қанағат етпей, келешекті қиялдау жастардың асыл мұраты болса
керек-ті. Ал сіздер әкелеріңізден қалған ескі скре пер-күрекшені
даңғырлатып, бәз-баяғыдай әрлі-берлі жер астында сүйрете
бергілеріңіз келеді. Сонымен-ақ қыруар өнім бергенге мәз бола-
сыздар. Жос парларыңыз сонда көңіл көншіткендей зор болса?
Бүгінде біз оны мардымсыз аз дейміз. Жезқазғанның арзан да
мол қазынасы күні ертең көбірек керек болары анық, осы жерде
бой көтере бастаған алып зауыт жүрген кезде, ескерту парыз, кен
қазу жоспары ондаған есе өседі. Сонда қайтпексіздер? Шахты са-
нын молайтып, кен беретін участоктарды көбірек ашу ма амал?
Жоқ, жолдастар, бұл жердегі қисапсыз мол кенді тиімді әдіспен,
айталық, алып шахтылар са лып та алуға болады. Бұл үшін тек
осы күн
гі перфоратор мен бұрғылау станоктары жарамайды,
мүл дем жаңа техника қажет! Сол себептен де, қымбатты жолдас-
557
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тар, тілесең де, тілемесең де – кен қазатын жаңа техника туралы
ойлануға тура келеді. Мәселен, он жылдан соң, жиырма жылдан
соң кенді қа лай қазамыз, немен тасимыз деп... Ал, оны ойламай,
сол мәселені Уахит Шәріпұлының мойнына артып қойсаңыздар,
турасын айтайын, бұл іс тен ештеңе өнбейді. Кен қазу технология-
сында таяу мерзімде ешқандай өзгеріс болмайды. Мұн дай келелі
іс бір не
месе бірнеше маманның қолымен жасалмайды, оған
жүздеген адамның кө мегі керек, қаражат, уақыт, сынақ жүр гі зе-
тін орын, шеберхана, ең бастысы, осыдан бір деме шығады деген
шексіз сенім, қажыр-қайрат, ынта қажет! Әл бетте, қажет болса,
бұл істі ресми орындар арқылы міндеттеу қиын емес. Сөйтсе де біз
соны әзірше өздеріңіздің еріктеріңізге ұсынып отырмыз. Өйткені
мұндай келелі іске құлай сенген мамандар ғана өзгерту жасайты-
нын мен жақсы біле мін. Сонда ғана бұл істен нәтиже шығарына
сенемін!..
Директордың кең кабинетін шыбынның ызыңы естілгендей
тыныштық жайлап, бі р азға дейін ешкім үн қатпай, тым-тырыс
отырды. Не айтарын білмегендіктен бұ й ы ғып отырған жоқ, әрине.
«Жарайды, мой нымызға аламыз!» дедің екен – сөзіңде тұр; Қаныш
Имантайұлын бірде-бірі алдай алмайды; ҒА президентін анау-мы-
нау шығарып салма сөзбен аттандырып жіберуге тағы болмайды.
Абзалы, шыныңды айт та бірден құтыл. Болмаса, тәуекел деп
беліңді бу...
– Қаныш Имантайұлы, сіздің алдыңызда кінәлі екенімізді
білеміз, – деп бастады сөзін Темеш Сәдуақасов.
– Теме, менің емес, Уахит Шәріпұлының.
– Эксперимент агрегаттың 44-шахтада сыналуына қарсы-
лығымыз жоқ. Көмектесуге әзірміз, – деді Ешпанов.
– Міне, бұл басқа әңгіме, – деп бірден келісті президент. –
Бәріңізге сәтті еңбек тілеймін! Рақмет, жігіттер! Бұл істен күні
ертең игі іс туатынына мен сендім.
Он бес жылдан соң, Сәтбаев та, Шәріпов те өмірден аттанып кеткен кез-
де, сол күні директордың кабинетінде бас қос қан инженерлердің жетеуі
кен қазуға аса қуатты жабдықтар жасап, өндіріске енгізген үздік еңбектері
үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Жезқазғанның алып
шахталары содан бы лай дүние жүзіне әйгілі. Оларда автоматты бұрғылау
қондырғылары ғана емес, алып экскаваторлар мен кен таситын қуатты ав-
томобильдер жұмыс істейді. Сол алыптардың әрқайсысы содан бері бұрын ғы
Жезқаз ған ның он, жиырма шахтасының өнімін беруден жаңылған емес.
558
Медеу СӘРСЕКЕ
* * *
Қазақ КСР Ғылым академиясының бас ғимараты тұрғызыл-
мақ алаң алапат соғыс жеңіспен аяқтал ған жылы коршалғаны-
мен, жетіспеушілік пен түрліше кедергілер себеп болып,
құрылысы ке шігіп басталған. Белгісіз фотограф бұл оқи ға ның
болған күнін 26 сәуір, 1951 жыл деп көр сетіп, ғылым үйінің
іргесіне Қаныш Иман тайұлы ның бетон құйып жатқан сәтін бей-
нелеген деректі сурет қалдыр ған...
Қазірде бұл үй – Алматының ең әсем, айшықты ұлттық
өрнекпен мүсінделген, бітім-тұлғасы дара, сырт келбетіне ішкі
безенуі, кеңдігі, сыңғырлаған үлкенді-кішілі залдары, еңселі
холл, неше түрлі кабинеттері жарасты ансамбль түзеген тама-
ша ғимараты. Оның тұрған орны да сирек кездесетін сұлу та-
биғат келбетімен табиғи жарасқан: алды-арты – бұлақ сылдырап,
фонтандар шапшыған кең алаң; ту сыртында – мәңгі көгерген
ну жынысы шымылдықтай керіліп, кү
дір
ейген тау жоталары
өркештеніп, басында сүрі қар жатқан ақ бас шың; сол бір ғажап су-
реттің етегінде алтын шапақты күн нұрына шомылғандай ақсары
реңде тұлғаланып ең селі де парасатты, таңғажайып сәулетті ғы-
лым сарайы андыздап тұрады. Сол жарас тық Шоқан Уәлиханов
атындағы кең көшемен төмендеген сайын зорайып, екі жақтан қа-
тар ласа сап түзеген академия институттарының біркелкі тұлғалы
үйлерімен ұлғая түсе ді. Қысқасы, бұл маңдағы барлық құрылыс
сымбаты шебер сәулетшінің қиял тербеген ойынан туған.
Бұл да Қаныш Имантайұлының ынта-жігерімен дүниеге кел-
ген мансұқ ісі. Ғылым ордасының жобасын жасауға ол белгілі
сәулетші, академик А.В. Щусевті (В.И. Ленин мүрдесі жатқан
мавзолей ғана емес, «Мос ква» қонақүйін, Мәскеудегі Қазан вок-
залын, Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы опера және балет
театры сияқты ХХ ғасырдың сәулетті ғимараттарын жобалаған
атақты һәм шебер архитектор) беделін салып осы жұмысқа
жеккені мәлім...
Ш.Ш. ШӨКИННІҢ «Өмірдің төрт мез гілі» кітабынан:
Достарыңызбен бөлісу: |