Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет224/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

«Жер асты сулары» атты мақаланың мә селеге мемлекеттік 
сипат беру үшін жа зыл ғанын аңғару қиын емес: Қазақстанда 
бір неше жерасты теңіздері бар; олардың үс тінен бұрғыланған 
әрбір ұңғыма тәулігіне 500-ден 5000 текшеметрге дейін, ал кей-
бірі 8-10 мың текшеметр су бере алады; бұлардың ең «кедейі» 
деп есептелетін «Қарағанды теңізі» секундына 25 текшеметр 
су бермек..» Тағы бір жазба «Жер асты теңіздері» деп аталған-
ды: «...Қа зақ даласындағы жер асты суының мол дығы соншалық, 
солардың жиынтық қоры 23 мың миллиард текшеметр. Бұл бол-
са Арал теңізінен 18 есе артық көлем, яғ ни Балтық те ңізінің су 
қорымен парапар. Со ның ішінде жер қыртысының ауыртпалық 
күші нің әсерінен үстіге өзі шапшып шы ға тын су қоры 2 мың мил-
лиард текшеметр ша ма сында. Бұл да Балқаш көлінен 15 есе, Куй-
бышев жасанды теңізінен 35 есе ар тық су...» деп жазған-ды акаде-
мик У.М. Ах мед сафин «Бі лім және еңбек» журналында сол жылы 
жа рық көр ген екінші мақаласында.
Жарма қазуға қарсы мамандар өз уәждерінің дәлеліне мұнан 
да өзге айғақтар келтірген: АҚШ-тағы барлық қа лалардың 80 па-
йызы жерасты суын пайдаланады – өндіріс қажетіне, ішуге ғана 
емес, бүкіл егісінің 27 пайызын суғаруға да; ал Қазақстаннан он 
есе кіші Жаңа Зеландия аралы жер астынан күн сайын 270 мың 
текшеметр су шығарып отыр; оны аз десеңіз, техникалық күш-


585
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қуаты біздің ширегімізге келмес Индия елі де бұл істе көп жұртқа 
үлгі болғандай өнеге көрсетуде. 
Рас-ау, шалғай қиырда әрі еңісте жатқан Ертісті өрге айдап 
азап не? Табан астында миллиардтаған текшеметр су қоры бар 
алып теңіздер әжетке аспай жатқанда?! Жер-жерден ұңғып бұрғы 
сал, құрдым тереңге бойла да, артезиан суын үстіге тарт. Құбыр 
құрап, көл табанына, иә қолдан соққан тоспаға жина! Бітті шаруа! 
Ешқандай жарманың қажеті жоқ...
Оп-оңай сияқтанған қарапайым жобаның сол күндерде біраз 
жұрттың көңілін аулағаны анық. Әсіресе бейнелі теңеуге әуес 
тіл 
шілер қауымының, үлкенді-кішілі газеттер 
дің. «Жер асты 
теңіздері» деген әсерлі сөздің дүйім жұртты қызықтырғаны сон-
ша, жарма қазу мәселесін қайта талқылау қажеттігі және оны 
«жершілдік» пиғылмен, яки туып-өскен өлкесі Сарыарқаға бұр-
май, шынайы мемлекеттік көзқараспен қарау жөнінде сыпсың 
сөз қозып, жер асты суларын ұтымды пайдалану жайында кейбір 
үлкен газеттер бас мақалалар жариялаған...
1959 жылдың 26 маусымы күні академик Қ.И. Сәтбаевтың 
төрелік етуімен шақырыл 
ған ГҒИ-ның ғылыми кеңесінің 
төтенше мәжі лісі осы мәселені талқылауға арналды. Оған рес-
публиканың су, энергетика, гидрогеология мекемелерінің же-
текші ғалымдары, білгір мамандары түгел қатысқан.
«Қ.И. СӘТБАЕВ: «Ертіс – Қарағанды жар масының құрылы-
сын бастауға әзірлік қызу жүруде. Водоканалжоба бұған қарсы 
екендігін мәлімдеді. Олардың кереғар ойын қызу жақтаған пікір-
лер өз іші міз ден де шығып отыр. Осының бәрі жарма тағдырын 
таяу арада шешуге кереғар әсер етуі мүмкін. Сол себепті, біз бүгін 
өзара талқылап, аса маңызды шаруа хақында нақты пі кірге 
келгеніміз жөн...»
У.М. АХМЕДСАФИН: «Соңғы жылдарда көптеген ұжым-
дардың зерттеуі жинақтаған гидрогеологиялық материалдарды 
талдау Орталық Қазақстанды сумен жабдықтау проблемасын 
жер астындағы мол көздер арқылы шешуге иландырып отыр. Бұл 
үшін тек гидрогеологиялық зерттеуді одан әрі кеңейту қажет. 
1965 жылдың өзін де бұл өңірдегі артезиан құдықтары секундына 
3,5-4,0 текшеметр су беретініне еш қандай күмән жоқ».
Ж.А. АЙТАЛИЕВ: «...Алайда артезиан құдықтары осы же-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет