Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет39/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

қайыспен буып алған. Суық сорған түріміз бозарған...
Жағдайларың жақсы емес екен, балалар. Әйтеуір, ауы-
рып қалмасаңдар болғаны. Мен кісі жіберейін, есік-терезені бү-
тіндеткенше, үйлеріңе бара тұрыңдар, – деп ол орнынан тұрды.
Жылы жүзді, түр-тұлғасына кісі тоярлық бұл адамның кім 
екенін біле алмай бір-бірімізге қарап қалыппыз...
– Біздің ревкомның мүшесі, осы отаудың шаңырағын көтеріп, 
сендерге қамқорлық жасаған Қаныш Имантайұлы, – деді 
мұғалім». 
...Тамылжыған тамыздың аяқ шені. Ағаш тардың жапырақ-
тары түсе бастаған. Бірақ күздің жылымық жаңбыры жоқ. 


93
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Күн ашық. Мектептің ересек балалары мен мұғалімдері, оларға 
қолғабыс еткен аудан азаматтары аулада жұмыс істеп жүр. Бір 
тобы ағаш тіліп, екіншілері соны балташыларға тасып, үшін-
шілері отындық ағашты бөлек үйіп жат 
са, әйелдер тобы қаз-
қатар тұрып қабырғаны сылауда. Павлодардың 2-бас 
қышты 
училищесін бітірген Пәуен Жүсіпбаев мұғалім партаның қағазға 
сызған үлгісін балташыларға көрсетіп, нақты түсіндіре ал май, 
қыбыжықтап жан-жағына қарайды. Сол мезетте әлдеқайдан 
Қаныш келе қалды. Қолына қысқа ара алып, ағаш кесе бастады. 
Кішкенеден соң даяр лаған кесінділерін балташыларға көрсетіп:
– Міне, парта деген осындай болады. Осы үлгімен әр бөлмеге кем 
дегенде он-оннан парта жасау керек. Даярлаған тақтай жететін 
сияқты,– деп еді, балташылар даурыға күліп, жұмысқа кірісті.
Көп болып жұмылған соң қойсын ба, сол күні-ақ мектептің 
бірталай жұмысы бітіп қалды. Мектеп ауласы жәрмеңке базарын-
дай той-думан. От жағылып, қазан көтерілген. Жұрт Қанышты 
қоршап алған.
– Бүгін біз үлкен шаруаның басын қайырдық, ағайын, – дейді 
желпіне сөйлеген жас сөдия. – Өйткені ертеңгі сүйенішіміз – ба-
лалар үшін еңбек еттік. Бұл мектепке ертең өздеріңіздің ізбасар 
ұрпақтарың келеді. Жылы үйде, жайлы партада отырып, өнер-
білімге сусындайды. Ал, қане, осы игілікке арнап аз-маз ән 
шырқайық. Шаршаған көптің көңілі жадырасын, жақсы ән – жан 
азығы деген...
Бұл да оның әлеумет жұмысына араласқаннан бергі машығы: 
қандай жиын өткіз бесін, соңын ойын-сауықпен бітіреді; қасына 
ерген серіктері де сол үшін жүргендей жас басшысы ә десе-ақ 
ортаға шығып, домбыраларын күйлеп, төңіректі ән-күйге бөлеп, 
ойын-сауық бастайды. 
«Қаныштың қасына бір жаз 23 жігіт еріп жүрдік. Осы күнгі 
жөнмен айт қанда, сондағы қызметіміз – ойын қою, – деп еске 
алады Баянауыл тұрғыны Иген БАЯЗИТОВ ақсақал. – Көбіне 
көрсететініміз – Мұхтар Әуезов жазған «Ең 
лік-Кебек» пен 
өзіміздің Жүсіпбектің «Жебір болысы». Қа тысқан жігіттер – 
Әбдікәрім Сәтбаев, Сапарбек Құдайбергенов, Сәрмен Қариев, 
Өміржан Әділбеков, ал Қабден деген өнерлі жігіт әйелімен... Еңлік 
болып соның келіншегі Төкен ойнайды. Есмағанбет, Балабек 
де ген әншілеріміз де болатын. Есмағанбет жұрт алдына шығып:


94
Медеу СӘРСЕКЕ
«Есмағанбет әнші мін Баяндағы,
Танып қал өнерімді, айтам тағы.
Қасымда бір топ жігіт өнер қуған,
Тасындай Баянтаудың Арқадағы...» –
деп ұзақ жырмен бізді таныстырып, ойын бастайды. Қаныш 
оны еркелетіп, Еске дейтін. Ме ні Иске деуші еді».
Халық сотының қасындағы топ ойын көрсетумен ғана тынбай-
ды. Әрбірінің мойнында тиісті міндеті бар: бірі – сот хатшысы; 
екіншісі – финагент; үшіншісі – газет, кітап оқып, өкімет саяса-
тын көпшілікке ұғындыратын қызыл үгіт ші; төртіншісі – мили-
ционер... Ал кешке қарай бәрі де бетіне сақал-мұрт байлап, киімде-
рін ауыстырып, бірі – молда, екіншісі – болыс, үшін ші сі – бойжет-
кен қыз, төртіншісі – жалшы болып, тіркестіре тігілген киіз үйдің 
төрінде ойын-сауық бастайды. 
Әлбетте, төңкеріс комитетінің жұмысы мектепке бала тар-
тып, көпшілікке ойын ұйымдастырумен ғана бітпеген. 
1921 жылдың басында Баянауыл комитеті жатақ тұрғындары 
мен айналадағы жалшыларды біріктіріп мойынсерік ұйым-
дас ты ру ға қаулы алған. Пайдалы шаруа екен дігі көзге ұрып 
тұрғанымен, бәлкім, аңқа улық салдары, қалың кедей әліптің 
артын бағып, бірден құптай қоймады. Амал қанша, жер-жерге 
өкілдер шығарып қайталап түсін 
діруге тура келді. Соның бірі – 
станицадағы халық үйіне шақырылған көпші лік жиыны. Баян-
дамашы – жас үгітші Қа ныш Сәтбаев.
– Бүгінгі жиын кешегіден бөлегірек, – деп бастаған-ды ол 
сөзін. – Өйткені әңгіме осында отырған тақыр кедей, жалшы 
қауым, сіздердің ертеңгі тірліктерің жайлы... Кімге болсын, жа-
рандар, нан керек! Әсіресе шиеттей балалы-шағалы кедей-кеп-
шік үшін. Кеңес өкіметі сіздерге оны әлдеқайдан әкеп бермейді, 
қол қусырып қарап отырсақ – аспаннан нан жаумайды. Ала 
білсеңіздер, мол астық Баянауылдың баурайындағы құйқалы 
қара жерден өнеді. Оның қазіргі иесі – сіздер. Кеңес өкіметі 
Зонов, Дроздов тәрізді әлділерден тартып алып, меншіктеріңізге 
жер берді. Соны енді қалай пайдаланбақсыздар? Дроздовтардың 
күш-көлігі, құрал-сайманы сіз дер де жоқ. Ау, сонда, Баянауыл 
жұртын асырап келген құнарлы жер әжет ке аспай бос жатпақ па, 
кулактардан оны сол үшін алып па едік? Жоқ, ағайын, бұларың 
ке шірілмес бейғамдық! Қызыл қарын бала қамын ойлаған шаруа-
ның ісі емес... Күллі кедей өзара жұмылып, соған кірісу қажет. 


95
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Айта лық, мына отырған Әбең ақсақалдың қолы өнерлі адам, әмбе 
ол – неше атасынан бері егін салып келе жатқан кәнігі диқан. Анау 
Өмекең, Әбекеңдерде соқа-сайман бар. Ал Садық пен Сағын күш-
көлік шығарсын. Осылайша біріксеңіздер, әлденеше мойынсе-
рік шығады. Әңгіме тек ауызбірлікте. Ең бектеріңіз жанып, егін 
бітік шықты екен – қыруар астық аласыздар. Демек, одан қарын 
тоқ. Ішерліктен артқан астықты қайтеміз деп қауіп ойламаңыз-
дар. Кооперативке өт кізесіздер. Ал кооператив бүгіннің өзінде 
сіз дерге қарызға тұқым, құрал-сайман бермек. Әрине, кооператив 
шаруасы мардымсыз жарлы-жақыбаймен әуре болмайды, оған да 
ертеңі сенімді, күш-көлігі сай мойынсеріктер керек...
Бұлар – науқандық жұмыстар. Бәріне қолғабыс етіп, басы-
қасында болу керек. Заман талабы солай. Ал оқыған азамат, көзі 
ашық жақсылар қырда саусақпен санағандай.
* * *
Әрине, бозбала атаулыға тән серіліктен де жан-жақты өнерлі, 
өз қатарынан оза оқыған сөдия жігіт құралақан болмаған. 
Сондай бір жағдаятты кезінде бізге Нұрлан Қасенов ақсақал 
майын тамыза шерткен еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет