Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет46/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

СӨДИЯ МЕН ПРОФЕССОР
І
Том технология институтының профессоры (кейiннен КСРО FА-
ның толық мүшесi) Ми ха ил Антонович Усовтың Семей губерния-
сына 1921 жылғы сапары, күнделi гiнде өзi жазғандай, «кездейсоқ 


111
ШЫҒАРМАЛАРЫ
саяхат» емес-тi. Бұ дан екi жыл бұрын ол өкпе дертiне ұшыраған. 
Емдеушi дәрiгерлер оған қыр елiне шығып, қазақтардың дәру 
қымызын тоя iшуге ақыл берген. Соңғы екi жылдың аласапыраны 
қыр сахарасына шығуға жағдайын келтірмедi, туған өлкесi Бараба 
даласына барып, әл-қуат жиды. Ал өткен қыс Том тұрғындары 
үшiн ауыр болды: жөндем ас табу әр күннiң күрделi мә селесiне 
айналды; суық пәтерде тұру да күннен-күнге қиындады. Ақы ры, 
шама-шарқы жеткендер аштық кеулей бастаған қаладан тезiрек 
кетудiң амалын қарастыруға мәжбүр болды. Сол босқындардың 
бірі  М.А. Усов. Ежелгі машығы күнделігінің 15 ма мыр күнгi жаз-
басында ол өзінің зейінді шәкірті Ә.Ә. Ер мековтiң ша қы руымен 
қазақтың қыр сахарасына аттанғанын айтады. Жолшыбай бiр-
қанша бейнет көрiп, жүк вагонына отырып, бес тәулiк жүрiп («жа-
нымды тон мен пима алып қал ды» деген сөз де, сiрә, сол себепті 
жазылған), ақыры Семей шәрiне тап болады. Ертіс жағасындағы 
жүдеу қалада бөгелмейді. Әлiмхан Әбеуұлының аяғы ауыр ке-
лiншегi Рақлиямен үшеуi Шыңғыстау баурайындағы Абай 
ақынның кiшi баласы («Ауыл иесi орысша жақсы сөйлейдi, зиялы 
жан, өз ортасында беделi күшті...») Тұра ғұл Құнанбаевтың ауы-
лына ат басын тірейді. Ежелгі тұрмыс күйі әзірше бұзылмаған 
қонақжай ауылда геология профессоры бiр жарым ай болып, бой 
дертін едәуір дегдіткен. Бәлкiм, одан да ұзағырақ жа тар ма едi, 
кiм бiлсiн, бiрақ ауыл иесі сол жы лы қалаға ұрымтал жерден 
қыстау сатып алып, соны қысқа қамдау үшiн жайлауға шығудан 
бас тартқан. Усов болса шыбын-шiркей қаптаған ескi қыстауда 
қалғысы келмейдi әрi Семейге келмек үй-iшiн қарсы алуды ойлап, 
Тұрағұл ауылымен 7 шiлде күнi қош айтысқан... 
10 шілде (жексенбi): «...Алаш қаласына Шыңғыстаудан 
жайма-шуақ ашық күні келдік. Үй-ішім жап-жақсы пә тер ге ор-
наласыпты, қаланың даламен шек тескен шеті, еншілеріне тек 
бір бөлменің жартысы тиген. Ираға (М.А. Усовтың қызы – М. С.) 
мамырдың аяғында шешек шығыпты, сірә, жеңіл түрі, жүдемеген. 
Үй ішімде азық-түлігі жұтаң қаладан тезірек кетуге қарсы емес. 
Ертіс жағасындағы станицалардың біріне бас сауғалауды жөн 
көрдік. Томға жуық маңда оралуға болмайды, азық-тү ліктен 
мүлдем жұтаған десе ді...»
11 шілде (дүйсенбі): «Өзеннен өтерде қайық жалдап, қалаға 
шықтым. Қайықшыға 500 сом төледім. Өзеннің қаланы қақ жа-
ратын тұсындағы аралға қалың ағаш өс кен, саясы мол тамаша 


112
Медеу СӘРСЕКЕ
бақ. Әуелі Ә.З. Сәт баевқа барғаным жөн болды, пәтерінен шығып 
келеді екен, қақпа алдында кездес тік. Денсаулығымды біржола 
түзеу үшін қыр сахарасында жүре тұруым қа жет тігін айтып, 
мархабатты Ә.З. мені үгіттей бас тады. Маған ол үй-ішімді 
алып, өзімен бірге Павлодар уезіне, Баянауланың теріскей-батыс 
бөктеріндегі туған ауылына бірге баруды ұсынды. Өзі отбасымен 
сол жаққа бүрсігүні жүрмек ...бір жарым айға демалыс алыпты. 
Павлодарға дейін ке мемен бармақ, одан әрі земство жолымен 
Баянауылға түседі, одан арғы сапар, айтуынша, қиын емес, ал 
ауылында біз үшін барлық жағдай бар, тек жеті күнге созыла-
тын жол мехнатына төзсек болғаны...
Ә.З. Сәтбаевпен бірге қырға кетуге Томдағы землемерлер 
курсы және Сібірді зерттеу қоғамы арқылы ежелгі танысым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет