Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


Жаңа және қалпына келтірілетін құрылыс жобаларында энергия қуатының үнемделуіне жүргізілетін сараптама әдістемесі



бет3/7
Дата03.07.2016
өлшемі321.5 Kb.
#173984
1   2   3   4   5   6   7

5 Жаңа және қалпына келтірілетін құрылыс жобаларында энергия қуатының үнемделуіне жүргізілетін сараптама әдістемесі


Жаңа және қалпына келтірілетін нысандардың құрылыс жобаларына сараптама жүргізу үшін жұмысты бөлек-бөлек конструктивті элементтер мен инженерлік коммуникациялар бойынша жоба зерттеуі мен бөліктердің әрқайсысы үшін энергия қуатын үнемдеу шараларының тізбесін қамтитын бірнеше құрамдас бөліктерге бөлген орынды болады.


5.1 Қабырғалар



5.1.1 Жобалық құжаттамамен жұмыс барысындағы сарапшының әрекеті:


- орындалған жылу техникалық есептеулерді ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-03-2002 сәйкес тексеру;

- ғимараттың сыртқы қоршаушы конструкциялардың жылу сақтау тиімділігін қажетті R0 жылу өткізуге кедергісінің негізінде бағалау;

- қабырғалардың сыртқы жағынан жылу сақтау тиімділігін бағалау;

- желдетілетін қабырғалардың құрылысының тиімділігін бағалау;

- сыртқы қабырғаның жылыту аспабы орнатылған жерде жылу сақтау тиімділігін бағалау.

5.1.2 Сарапшының қабырғаларға қатысты қолданылатын жобаға енгізетін энергияны үнемдеу шаралары:


5.1.2.1 Қабырғалардың сыртқы жылу қорғауы:

- жылытқыш заты (пенопласт, пенополиуретан ерітіндісін) бүрку;

- тақталы жылытқышты (пенополистиролды, минералды мақтаны) желімдеу;

- жылу оқшаулағыш материалмен қаптау.

Қабырғалардың жылу қорғауы 1-Кестеге сәйкес жүзеге асырылады; қоршаушы конструкцияның R0 жылу өткізуге кедергісі оның көрсеткіштеріне сәйкес келуі тиіс.

1-Кесте - Ұсынылатын сыртқы қоршаушы конструкциялардың жылу қорғау деңгейлері




Қабырға материалы

Қабырғаның конструктивті шешімі

Конструкция-лық

Жылу оқшаулағыш

Екі қабатты, сыртынан жылу оқшаулан-ған

Үш қабатты, ортасы-нан жылу оқшаулан-ған

Желдетіл-мейтін ауа қабаты-мен

Желдеті-летін ауа қабаты-мен

Қаланған кірпіш

Пенополисти-рол

5,2/10850

4,3/8300

4,5/8850

4,15/7850

Минералды мақта

4,7/9430

3,9/7150

4,1/7700

3,75/6700

Темірбетон (иілмелі байланыстар, буат)

Пенополисти-рол

5,0/10300

3,75/6850

4,0/7430

3,6/6300

Минералды мақта

4,5/8850

3,4/5700

3,6/6300

3,25/5300

Керамзитбетон (иілмелі байланыстар, буат)

Пенополисти-рол

5,2/10850

4,0/7300

4,2/8000

3,85/7000

Минералды мақта

4,7/9430

3,6/6300

3,8/6850

3,45/5850

Ағаш (қырлы бөрене)

Пенополисти-рол

5,7/12280

5,8/12570

-

5,7/12280

Минералды мақта

5,2/10850

5,3/11140

-

5,2/10850

Ағаш қаңқада, жұқа тақталы қаптамамен

Пенополисти-рол

-

5,8/12570

5,5/11710

5,3/11140

Минералды мақта

5,2/10850

4,9/10000

4,7/9430

Металл қаптамалар (сэндвич)

Пенополиуре-тан

-

5,1/10570

-

-

Кірпішпен қапталған, саңылаулы бетон блоктар

Саңылаулы бетон

2,4/2850

--

2,6/3430

2,25/2430

Ескерту - Сызық алдында – сыртқы қабырғаның жылу өткізуге келтірілген кедергісінің мөлшерлі мәндері, м2×°С/Вт, сызықтан кейін – өздері болған жағдайда қабырғаның осы конструкциясын пайдалануға болатын градус-тәулік шектік мәні, °С×тәулік.

5.1.2.2 Желдетілетін ауа қабатшасы бар қабырғаны салу. Әрекеттер алгоритмі:

- Қабырғаларға (сыртқы бетіне жақын) тік саңылау каналдар тесіледі;

- бұл каналдар арқылы табиғи тартым күшімен сырттағы ауа өтеді;

- күн суықта ауа ішкі қабырға температурасынан жылып, ішке беріледі;

- күн жылыда каналдар жапқыштармен жабылып, қабырғаның термикалық кедергісін күшейтіп, қоршаудың қызуына жол бермейтін тұйықталған ауа қабатшаға айналады.

Энергия мыналардың есебінен үнемделеді:

- қыс мезгілінде сыртқы қоршаулардан жоғалатын жылудың бір бөлігінің жайдың ішіне қайтуы есебінен;

- жаз мезгілінде тұйықталған ауа қабатшасы құрылған уақытта сыртқы қоршаудың жылу беру кедергісінің артуы есебінен.

5.1.2.3 Сыртқы қабырғаның жылыту аспабы орнатылған жерде жылу сақтауы.

Жылудың жоғалуын сәулелі жылу алмастырғыштың есебінен азайту үшін:

- қараңғылық дәрежесі төмен экран түріндегі қорғанысты орнату қажет.

Жылудың жоғалуын жылу өткізгіштіктің есебінен азайту үшін:

- жылу өткізгіштік коэффициенті төмен жылу оқшаулайтын қабатты сыртқы қабырғаның бүкіл қуысына орнатыңыз;

- жылу оқшаулауды қабырғаның бетіне қараң жақындатыңыз.


5.2 Терезелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет