5.4.1 Үймереттер және ғимараттар негіздерінің деформацияларын шектейтін шаралар
5.4.1.1 Негіздердің шектік күйі бойынша есептелуінің талаптарын орындау үшін іргетастың жоспарлық өлшемдерін немесе оларды орнату тереңдігін (қасиеттері қанағаттандырмайтын топырақтарды тіліп өтуді қосқандағы), өзгерту мүмкіндігі мен жөнділігінен басқа, іргетастардың ауытқуларын шектейтін қосымша байланыстарды енгізуінен, басқа типті іргетастарды қолдануынан, негізге түсетін жүктемелерді өзгертуінен және т.б. шараларды да қарастырған жөн: негіз топырақтары қасиеттерінің төмендеуінен сақтандыру шаралары, топырақтардың құрылыстық қасиеттерін өзгертуге бағытталған шаралар, негіз деформацияларынан ғимараттың әсералғыштығын төмендететін құрылымдық шаралар.
5.4.1.2 Негіз топырақтарының құрылыстық қасиеттерінің төмендеуінен сақтандыру шаралары: ылғалдылығының өзгеруінен әсералғыш топырақтардан тұратын құрылыс алаңдарын судан қорғау, негіз топырақтарының шөгуіне, ісінуіне, карсттық-суффозиялық құбылыстардың жандандырылуына, жерасты суларының көтерілуіне және т.с.с. алып келе алатын химиялық белсенді сұйықтардан қорғау, сыртқы әсер көздерін (мысалы, дірілден) шектеу, ғимаратты тұрғызу барысында орындалатын сақтандыру шаралары.
5.4.1.3 Негіз топырақтарының құрылыстық қасиеттерін өзгерту (жасанды негіздер орнату)келесі шаралар арқылы жүзеге асырылады: топырақтарды тығыздау, негіз топырақтарын толық немесе жарым-жартылай ауыстыру, үйінділерді орнату, топырақтарды, арнайы қоспалар енгізу, салымдау арқылы бекіту.
5.4.1.4 Негіз деформацияларына деген ғимараттың әсералғыштығын төмендететін құрылымдық шараларға келесі шаралар жатқызылады: ғимаратты жоспарлы түрде және биіктігі бойынша ұтымды пайдалану, ғимараттың негізімен өзара әсерлесулері есептелуінің нәтижелеріне сәйкес құрылымдарды, әсіресе, іргетастық-жертөлелік бөлігінің құрылымдарын күшейту арқылы ғимараттың беріктігін және кеңістіктік қатқылдығын жоғарылату, иілгіш немесе бөлшектенген құрылымдарды қолдану арқылы ғимараттың икемділігін арттыру, ғимарат құрылымдары мен технологиялық жабдықтарды түзетуге арналған құрал жабдықтарды орнату.
5.4.1.5 Ғимараттың негізімен өзара әсерлесуі кезіндегі, оның құрылымдарындағы күштерді төмендете алатын шараларға мына шаралар жатады: ғимаратты, құрылыс ауданына, оның инженерлік-геологиялық құрылымын және зиянды әсерлер көздерінің болу мүмкіндігін ескере отырып, орналастыру; сәйкес келетін құрылымдарды қолдану; ілінісуі мен үйкелуі аз болатын материалдардан іргетастар астына төсемдер орнату және қойындарды жабу, арнайы ұйкеліске қарсы жабындыларын қолдану, негіздің көлденең деформацияларынан түсетін күштерді төмендетуге арналған уақытша қабылдағыш орлар қазу, құрастырмалы-тұтас құйылған және құрастырмалы құрылымдар түйістерін тұтас құю уақытын реттеу, ғимараттың жеке бөліктері тұрғызылуының негізделген жылдамдығы мен реті.
5.4.2 Топырақтарды нығайту
5.4.2.1 Топырақтарды нығайту, олардың жобаланып жатқан немесе тұргызылған ғимарат негізінде су сіңірмеушілігін және беріктігін жоғарылату мақсатымен орындалады.
Нығайтылған топырақтардан тұратын сілемдер (бекітілген массивтер) іргетастар және басқа тереңдетілген құрылымдар ретінде қолданылуы мүмкін.
5.4.2.2 Нығайтылған сілемдерді, олардың міндеті мен топырақ жағдайларына байланысты орнату үшін келесі тәсілдер қолданылады:
- топыраққа химиялық цементтендіретін ерітінделерді еккіштердің көмегімен немесе ұңғымаларға (шайырландыру, силикаттандыру, цементтендіру) ендіру арқылы іске асатын егу;
- бұрғылай араластыру (ұңғымаларда топырақты өндіріп, цементпен немесе цемент ерітінділерімен араластыру);
- термиялық (ұңғымаларға жоғары температуралық газдарды ендіру арқылы немесе топырақты электр тоғымен күйдіру арқылы).
Нығайту тәсілі мен ерітінділердің құрамтізімі нығайтылған топырақтың есептік физикалық-механикалық сипаттамаларымен қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауды қанағаттандыруға тиісті.
5.4.2.3 Нығайтылған сілемдердің пішіні мен өлшемдері мен нығайтылған топырақтардың физикалық-механикалық сипаттамаларын құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларына, қабылданған тәсілге және топырақтарды нығайту жұмыстарының технологиясына, сондай-ақ нығайтылған сілемнің қоршаған топырақтармен өзара әсерлесулерін ескере отырып негіз есептелуіне байланысты анықталу керек.
5.4.2.4 Еккіштер мен ұңғымалардың орналасуы және жұмыс тәртібі, талап етілетін пішіндегі және өлшемдегі нығайтылған сілемдердің жасалуын қамтамасыз ету керек. Нығайтылған сілемнің жасалу тәртібі жобадағы немесе тұрғызылған ғимараттардың әркелкі шөгуін тудыратын мүмкіндікті жою қажет.
5.4.2.5 Жобада жұмыс өндірісінің бастапқы кезеңінде, нығайтылған топырақтың физикалық өлшемдерінің жобалық мәндеріне сәйкес екендігіне баға беретін, бақылау жұмыстарын қарастыру керек.
5.4.2.6 Топырақтарды еккіштер қолдану тәсілдерімен бекіткен кездегі ендірудің шектік қысымы, бекітілетін топырақтың тұтастығының ажырау мүмкіндігін болдырмайтын шартқа байланысты тағайындалуға тиісті.
5.4.3 Суды төмендету
5.4.3.1 Бұл бөлімнің талаптары тереңдетілген және жерасты ғимараттары мен қазаншұңқырларды құрылыс және (немесе) пайдалану барысында суағызарларды, дренаждарды, суды төмендететін ұңғымаларды және инесүзгілерін қолдана отырып, жерасты су деңгейін жасанды төмендетуді жобалағанда орындалуға тиісті.
5.4.3.2 Су төмендетуді жобалағанда, жерасты сулары күйінің, құрылыс және пайдалану барысында жер бетіндегі сулардың ағу жағдайының өзгеру мүмкіндіктерін, жерасты суларын төгуге арналған орындарын, жерасты суларының химиялық құрамының және олардың деңгейі төмендеуінің қоршаған ортаға және тұрған ғимараттарға тигізетін әсерін, құрылыс жұмыстарының технологиясы мен уақытын ескеру қажет.
5.4.3.3 Дренаждарды, суды төмендететін ұңғымаларды және инесүзгілерін жобалағанда, сондай-ақ су төмендету есептеулерінде, талап етілетін бақылаулардың тәжірибелі (байқап көрілген) су төмендетуінің қажеттілігін анықтау және оларға қоршаған ортаны қорғауға арналған шараларды қою кезінде бұл бөлімнің талаптарынан басқа «Радиациялық қауіпсіздікті қамсыздандыратын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын» ескеру керек.
5.4.3.4 Жерасты су деңгейінің талап етілген төмендетілуі келесі түрде болады:
- арынсыз сулардан тұратын, сулы қабаттардағы суды төмендететін жүйелердің апаттық түрде істен шыққан уақыт аралығында, судың рауалы деңгейге көтерілуіне;
- қазаншұңқыр түбінен немесе тереңдетілген ғимарат еденінен төмен жатқан арынды сулы қабаттардағы судың жарып шығуын болдырмау шартына және ғимарат негізіндегі топырақтардың орнықтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне;
5.4.3.5 Құрылыстық су төмендетуді жобалағанда, мүмкіндігінше, пайдалану уақытына арналған су төмендету жүйелері құрылғыларының қолдануын қарастыған жөн.
5.4.3.6 Құрылыстық су төмендету жүйелерінде қазаншұңқырлардан және орлардан құрғату әдістерін қолданған жөн.
5.4.3.7 Экономикалық пайдалылығына байланысты дренаждардың келесі түрлері қолданылынады: орлық дренаж, жабық құбырлы дренаж, жерасты галерея түріндегі дренаждар.
5.4.3.8 Дренаждық галереялардың сүзілулік қабілетін қамтамасыз ету үшін, құбырлы дренаждардағыдай себінділермен толтыру немесе кеуекті бетон қолдану, «сүзілу терезелер» орнату арқылы арнайы қаптаулар қарастырған жөн.
5.4.3.9 Су төмендетуші ұңғымаларды пайдалану кезеңі мен құрылыстық су төмендету үшін қарастырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |