Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары


 Күрделі топырақтардағы қадалы іргетастарды сенімділігі мен орнықтылығы бойынша қамтамасыз ету талаптары



бет4/11
Дата09.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#124533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5.3 Күрделі топырақтардағы қадалы іргетастарды сенімділігі мен орнықтылығы бойынша қамтамасыз ету талаптары




5.3.1 Шөккіш топырақтардағы 

5.3.1.1 Шөккіш топырақтардан құралған құрылыс алаңдарындағы инженерлік-геологиялық ізденістер барысында, шөккіштіқ бойынша топырақтық жағдайлардың түрі, топырақтардың өз салмағынан (үйінділер болғанда-үйінділер салмағы ескеріліп) лықсып шөгулерінің жеке және ең жоғары мүмкін деген мәндері көрсетіле, анықталуға тиісті.

5.3.1.2 Шөккіш топырақтардан құралған құрылыс алаңдарындағы инженерлік-геологиялық іздестірулер барысында, шөккіштіқ бойынша топырақтық жағдайлардың түрі, топырақтардың өз салмағынын (үйінділер кезінде-үйінділер салмағы ескеріліп) лықсып шөгулерінің жеке және ең жоғары мүмкін деген мәндері көрсетіле, анықталуға тиісті. Ұңғымалар бұрғылаумен қатар, топырақ сынамалары алынатын, шурфтар қазылуы қарастырылу керек. Құрылыс салынатын жерлердегі жерасты суларының жағдайы зерттелгенде және оның ұймереттер мен ғимараттарды салу және пайдалану кездерінде өзгеруінің болжамымен бірге, әртүрлі себептер әсерінің нәтижесінде топырақтардың сулану мүмкіндігіне де болжам жасалуға тиісті. Шөккіш топырақтардың физикалық-механикалық, оның ішінде, беріктік және деформациялық сипаттамалары, табиғи ылғалдылықтағы және суға толық қаныққан күйлерде анықталуга тиіс [3].

5.3.1.3 Топырақтардың өз салмағынан лықсып шөгуі мүмкін, шөккіштік бойынша ІІ типті топырақтық жағдайлардағы қадалы іргетастарды жобалағанда, әдетте, топырақты сылып алу немесе алдын ала суландыру, суландырып жару, топырақтық қадалар және басқа әдістерді колдана нығыздап, ІІ типтегі топырақтық жағдайларды І типке ауыстыру шараларын қарастыру керек. Ұсынылатын әдістер, үймерет немесе ғимарат алып тұрған аудан бойынша және де одан, айналасындағы шөккіш қабаттың жартысына тең қашықтықтағы топырақ қабатының өз саламағынан лықсып шөгуден арылуын қамтамасыз етуге тиісті.

5.3.1.4 Шөккіш топырақ тараған жерлерде қадалы іргетастарды, топырақтардың сулануы мүмкін, сулану кезінде беріктік және деформациялық сипаттамалары төмендейтін, шөккіш топырақтардың барлық қабаттарын қадалармен тіліп өту мүмкін болған жағдайларда қолданған жөн. Қадалар әдетте, таутасты топырақтарға, тығыз және тығыздығы орташа құмдарға.

5.3.1.5 Егер инженерлік ізденістер нәтижелері бойынша қағылатын қадаларды батыру қиынға соғатыны анықталса, онда жобада, I типтегі топырақтық жағдайларда қада қимасы диаметрінен кішірек, ал II типтегі топырақтық жағдайларда-тең немесе кішірек диаметрлармен бағыттаушы ұңғымалар бұрғылануы қарастырылуға тиісті.

5.3.1.6 I типтегі топырақтық жағдайларда қолданылатын қадалардың көтеру қабілетін, қаданың түгел ұзындығы бойынша топырақты жеке суландыру кезінде [4] сай жургізілген статикалық сынақтаулар нәтижелері бойынша анықтаған жөн.

I типтегі топырақтық жағдайларда салынатын жердегі құрылыс тәжірибесі және ертерек, ұқсас жағдайларда жасалған, қадалардың сынақталу нәтижелері болса, онда қадалардың жаңа сынақтауларын жүргізбеуге болады.

Шөккіш топырақтарда орнатылатын қадалар мен қабыршақ қадалардың көтеру қабілетін, олардың динамикалық сынақтаулар нәтижелері, сондай-ақ қадалардың астындағы және бүйірлі бетіндегі шөккіш топырақтардың есептік кедергісін, бұл топырақтарды динамикалық зондтау далалық сынақтары нәтижелерінің мәліметтері бойынша анықтауға болмайды.

5.3.1.7 I типтегі топырақтық жағдайларда қағылатын қадалардан басқа, бұрғыланған ұңғымаларға, тереңдікке шақпақтас тапталған, толтырылатын бетонды және темірбетонды қадалар орнатқан жөн. IІ типтегі топырақтық жағдайларда лықсып шөгетін қабатта орналасқан қада діңінің бөлігінде қажалуды жоятын қабыршақтары бар қадаларды қолдану ұсынылады.

5.3.1.8 ІІ типтегі топырақтық жағдайларда қағылатын қадалардың көтергіштік қабілеттілігін статикалық сынақтар нәтижелері бойынша анықтау ұсынылады.

5.3.1.9 Суға қаныққан және табиғи ылғалдағы топырақтардың қада бүйірінде әсер ететін кері үйкелісін, жұлатын жүктемемен [4] бойынша суға қаныққан және табиғи ылғалдағы топырақтарда жургізілген сынақтармен анықталған, ұзындығы қаданың шекті кедергілерінің ең жоғары мәніне теңейді.

5.3.1.10 Шөккіштік бойынша ІІ типтегі топырақтық жағдайларда, батыратын жүктемеге жұмыс істейтін, қадалы іргетастардың көтеру қабілетін:

- қадалардың жеке сулану жағдайындағы статикалық сынақтар нәтижелері бойынша- ұзындығы қаданың батыру жүктемесін көтеру қабілетінен, ұзындығы қаданың жұлу жүктемесін көтеру қабілетін алу арқылы анықтаған жөн.

5.3.1.11 Шөккіштік бойынша ІІ типтегі топырақтарда қадалардың статикалық сынақтары міндетті түрде жүргізілуге тиісті.

5.3.1.12 Жауапкершілігі аса маңызды ғимараттар үшін және топырақтық жағдайлары зерттелмеген аудандардағы жаппай салыну кезінде қадаларды, негіздің ұзақ, лықсып шөгу толық білінгенше, сулануымен өтетін, мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұжымдары нақты жағдайларға әзірлеген бағдарлама бойынша сынақтаған жөн.

5.3.1.13 Шөккіш топырақтардағы қадалы іргетастардың шөгу әркелкілігінің анықталуы, үймереттер мен ғимараттар конструкцияларын есептегенде, салыну ауданының гидрогеологиялық жағдайларының болжамды өзгерулерін және есептелінетін іргетасқа немесе бүкіл ғимаратқа қарасты суландыру көзінің мүмкін деген, ең коласыз түрі мен орналасуы ескеріле жүргізілуге тиісті.

5.3.1.14 Қадалы іргетастардың қолданылуы судан қоргау шараларының орындалу қажеттілігін жоймайды. Шөккіштік бойынша ІІ типтегі топырақтық жағдайларда да үймереттерді шөгулік жіктермен сырт пішіні қарапайым блоктарға бөлу қарастырылуға тиісті. Көтергіш крандармен жабдықталған өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік үймереттерінде, сонымен бірге, қадалы іргетастардың есептік шөгу мәнінің екі еселенген, бірақ топырақтың өз салмағынан лықсып шөгуінің жартылай мәнінен кем емес, мәніне, кранасты жолдарын тұзету мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылымдық шаралар қарастырылуы керек.

5.3.1.15 Топырақтың өз салмағынан лықсып шөгуі, шөккіштік шұңқырдың қисықсызықты бөлігінің шектеріне түсетін қадалы іргетастардың көлденең ауытқуларының мүмкінділігін ескерген жөн.

5.3.1.16 ІІ типтегі топырақтық жағдайларда, қадалы іргетасқа түсетін жуктемені анықтағанда, қада ростверкі табанынан жоғары орналасқан, үймереттің немесі ғимараттың топыраққа тереңдетілген бөліктерінің бүйірлі беттерінде пайда бола алатын кері үйкеліс күштері ескерілуге тиісті.



5.3.2 Ісінгіш топырақтардағы 

5.3.2.1 Ісінгіш топырақтардағы қадалы іргетастарды жобалағанда, ісінгіш топырақтардың бүкіл қабатын қадалармен толық кесіп өтуді (төменгі жактарын ісінбейтін топырақтарға орната) және жарым-жартылай тіліп өтуді де (төменгі жактарын тікелей ісінгіш топырақтарға орната) қарастыруға болады.

5.3.2.2 Ісінгіш топырақтардағы қадалардың көтеру қабілетін пайдалану кезіндегі шекті күйлері бойынша есептегенде, топырақтың ісінуінен қаданың көтерілуін анықтау есептелуі жүргізілуге тиісті.

5.3.2.3 Батыратын жүктемеге жұмыс істейтін ісінгіш топырақтардағы қадалардың көтеру қабілетін:

- ұзындығы қаданың батыру жүктемесін көтеру қабілетінен, ұзындығы қаданың жұлу жүктемесін көтеру қабілетін алу арқылы анықтаған жөн.

5.3.2.4 Ісінгіш топырақтардағы қадалы іргетастарды жобалағанда, ростверктің астыңғы жазықтығы мен топырақ бетінің арасында, топырақтың ісіну кезіндегі ең жоғары көтерілуінен кем емес саңлау қарастырылуға тиісті.

Iсінгіш топырақтардан құралған негіздер, осындай топырақтардың ылғалдылық өскен кездегі көлемінің ұлғаюы-ісіну қабілеті ескеріле, жобалануға тиісті. Одан кейінгі, ылғалдылықтың төмендеуіне байланысты, ісінгіш топырақтарда кері үрдіс жүреді- кеберсу.

Iсінгіш топырақтар, берілген қысымдағы салыстырмалы ісінуімен ісіну қысымымен, ісіну ылғалдылығымен және кепкен кездегі салыстырмалы кеберсуімен сипатталады.

Iсінгіш топырақтардан құралған негіздерді жобалағанда келесі мүмкін деген жағдайларды:

- жерасты суларының көтерілуіне немесе су сіңірілуіне - топырақтардың өндірістік немесе жерүсті суларымен ылғалдануына байланысты;

- құрылыс салынған және асфальтталған жерлердегі (жер бетінің көлеңкеленуі, күн тиместік жағдайда қалуы) буланудың табиғи жағдайларының бұзылуы салдарынан, ғимарат астындағы тереңдігі шектелген зоналардағы жиналған ылғалдан;

- ауалау аймағының жоғарғы жағындағы-сулық-жылулық жағдайдың өзгеруінен (мерзімдік климаттық себептер);

- жылу көздерінің әсерінен кебу кезіндегі кеберсуін ескерген жөн.

Ісінгіш топырақтардан құралған негіздерді есептегенде, топырақтың ісінуінен немесе кеберсуінен пайда болатын негіз деформациялары, негіздің жеке қабаттар деформацияларын жинақтау арқылы анықталуға тиісті. Негіздің сыртқы жүктеме мен ісінгіш топырақ ылғалдылығының төмендеуінен туындаған деформациялар біріктіріле анықталуға тиісті. Топырақтың ісіну салдарынан негіздің көтерілуі анықталғанда, негіздің сыртқы жүктемелерден шөгуі тұрақтанды деп қабылданады.

Салыстырмалы ісіну ісіну қысымы және салыстырмалы кеберсу, ісіну немесе кеберсу себептеріне байланысты зертханалық сынақта нәтижелері бойынша анықталынады.

Ісінгіш топырақтардан құралған негіздің есептік деформациялары шекті мәндерінен асатын немесе негіздің көтеру қабілеті жеткіліксіз болған жағдайларда келесі шаралар қарастырылуға тиісті:

- судан қорғау шаралары;

- ісінгіш топырақтардың қалыңдығы толығымен немесе бөлігі енетін негізді алдын ала суландыру;

- қабылдағыш (компенсациялық) құмды төсемдер қолдану;

- ісінгіш топырақты ісінбейтін топыраққа толық немесе жартылай алмастыру;

- ісінгіш топырақ қабатын іргетаспен толық немесе жартылай тіліп өту.

5.3.3 Кен өндірілу жерлеріндегі

5.3.3.1 Кен өндірілген аймақтарда қадалы iргестарды жобалау кезiнде, осы нормалардың талаптарынан басқа құрылыс нормалары талаптары да сақталуы тиiс; бұл жағдайда инженерлiк iзденiстердiң деректерiмен қатар, қадалы iргетастарды жобалау үшiн, таулық-геологиялық iзденiстердiң және жер бетiнен күтiлетiн деформациялары туралы мәлiметтер пайдаланылуға тиiсті.

5.3.3.2 Кен өндірілген аймақтардағы қадалы iргетастарды жобалауға берiлген тапсырысты, маркшейдерлiк есептiң нәтижелерi бойынша алынған, құрылыс бөлiмшелерiндегi жер бетiнен күтiлетiн максималды деформациялар туралы мәлiметтер, соның iшiнде отыруы, еңiстiгi, созылуы немесе сығылудың салыстырмалы көлденең деформациялары, жер бетiнiң қисықтық радиусы, кемердiң биiктiгi болуы тиiс.

5.3.3.3 Кен өндірілген аймақтарда тұрғызылатын ғимараттар мен үймереттердің қадалы iргетастарының есептелуі, шектi күйлерi бойынша, кен өндіру кезiндегi негiздердiң деформацияланатын жағының әсерiн есепке ала отырып, белгiленетiн жүктеменiң ерекше бірлесуіне жүргiзiлуге тиісті.

5.3.3.4 Қада бастарының ростверкпен түйiсу сипатына және кен өндіру салдарынан көлденең деформациялардың даму үрдісінде, негiздегi топырақпен iргетастың әрекеттестiгiне байланысты қадалы iргетастардың келесi сұлбалары қабылданады:

а) қатқыл - қада арматурасының сырықтарын қарнақтау жолымен, қада бастарын ростверк iшiнде қатқыл бекiту кезiнде немесе қада бастарын ростверк iшiнде бекiткенде;

б) икемдi - қадалардың бастарын ростверктiң iшiне орындалған немесе сырғу жiгi арқылы түйiндескен қадалардың ростверкпен шартты - топсалы түйiндесуi кезiнде.

5.3.3.5 Кен өндірілген аймақтарда қадалы iргетастарды және олардың негiздерiн есептеу:

а) аймақ топырақтарының физикалық-механикалық қасиеттерiнiң, кен өндіру салдарынан өзгеруi;

б) көлбеуліктен, қисаюдан және жер бетiнде кемерлер пайда болуынан болған тік жүктемелердiң жеке қадаларға қайта бөлiнуi;

в) топырақ негiзiнiң салыстырмалы көлденең деформацияларынан пайда болған көлденең жазықтықтағы қосымша жүктемелері;

ескеріле жүргiзілуге тиiсті.

5.3.3.6 Батыратын жүктемелерге жұмыс iстейтiн қадалардың барлық түрлерiнiң, топырақтың негiздерi бойынша көтергiштiк қабiлетiн, кен өндіру кезiнде топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттерiнiң өзгеруiн және кен өндіру кезiндегi тік жүктемелердiң қайта бөлiнуiн ескеретiн жұмыс жағдайының еселігі арқылы анықтау керек.

5.3.3.7 Ғимараттар мен үймереттердің қатқыл құрылымдық сұлбаларындағы қадаларға және қабыршақ қадаларға қосымша тік жүктемелердi, көлбеуліктен, қисаюынан жер бетiнде кемерлер пайда болуынан, сонымен қатар:

а) қапсырылған қадалардан тұратын қадалы iргетастардың және олардың негiзi табиғи негiздегi шартты iргетаспен ауыстырылған жағдайдағы;

б) шартты iргетастың негiзi, ғимараттардың (үймереттердің) ұзындығы бойынша, тұрақты сызықты деформацияланатын етiп немесе iшiнде топырақтың деформация модулi және төсем еселігі бар бөлiкке бөлiп қабылдаған жағдайдағы, топырақ негiзiнiң көлденең деформацияларынан пайда болатын қаданың тік ауытқуының есептiк мәндерiне байланысты анықталуы керек.

Қосымша тік жүктемелердi анықтау, үймереттердің бойлық және көлденең бағыттағыштарына қатысты жүргiзiледi.

5.3.3.8 Кен өндірілген аймақтарда тұрғызылатын қадалы iргетастарды есептеуде, қаданың жобадағы жағдайына қатыстылығы бойынша, кен өндіру кезiндегi топырақ негiзiнiң көлденең сырғуының әсерінен қадаларда, олардың иiлуге жұмыс iстеуiнiң салдарынан пайда болатын күштердi ескеру керек.

5.3.3.9 Кен өндіру кезiндегi топырақтың көлденең есептiк ауытқуларын, жүктеме бойынша сенiмдiлiк және салыстырмалы көлденең деформацияға арналған жұмыс жағдайының еселіктерін ескеру арқылы анықтау керек.

5.3.3.10 Кен өндірілген аймақтарда тұрғызылатын ғимараттар мен үймереттердің қадалы iргетастарын, жер бетiнiң деформацияларының нәтижесiнде, қадаларда пайда болатын күштердiң ең аз мөлшерiнiң ростверкке берiлу қажеттiлiгiнiң шарттарына байланысты жобалау керек.

Бұл талаптардың орындалуы үшiн, жобаларда:

а) топырақ негiзiнiң көлденең сырғуының әсерін азайту үшiн, ғимараттарды немесе үймереттерді бөлiктерге бөлінуін;

б) құрылымдық сұлбалары қатқыл ғимараттар мен үймереттер үшiн, негiздiң қисаюынан тік жазықтықтағы қосымша пайда болатын күштердi азайту үшiн, көбінесе қапсырылған қадаларды қолдануды;

в) қатқылдығы төмен қадаларды мысалы, призмалық, көлденең қималары шаршы түрiндегi немесе тiк бұрышты, соның iшiнде қималары тiк бұрышты қадаларды үймерет бөлiгiнiң бойлық бағытында кiшi жағымен орналастырылуын;

г) қадалардың ростверкпен түйiндесуiнiң икемдi құрылымын;

д) үймереттерді домкраттар көмегiмен немесе басқа да түзетуші құрылғылармен түзетуді;

қарастыру керек.

Ғимараттарды немесе үймереттерді бөлiктерге бөлу кезiнде, олардың ростверктерiнің арасында, мөлшері құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес, ғимараттар мен үймереттердің төменгi құрылымындағыдай анықталатын саңылаулар (деформациялық жiктер) қарастыру керек.

5.3.3.11 Қадалы iргетастарды негiзiнен I - IV топтардағы аймақтарда қолдану керек, соның iшiнде:

а) қапсырылған қадалармен - I - IV топтардағы аймақтарда ғимараттар мен үймереттер құрылымының кез келген түрi үшiн;

б) тiреуiш қадалармен - III және IV топтардағы аймақтарда негiзiнiң қисаюы кезiндегi ғимараттың икемдi құрылымдық сұлбасымен жобаланатын ғимараттар мен үймереттер үшiн, ал IV топтар үшiн - қатқыл құрылымдық сұлбамен жобаланатын ғимараттар мен үймереттер үшiн.
ЕСКЕРТУ 1 Диаметрi үлкен қабыршақ қадаларының, құйма және бұрғылы қадалардың және қатқыл қадалардың басқа түрлерiн, ростверкпен сырғу жiгi арқылы түйiндескен қадалы iргетастарда ғана қолдануға болады.

ЕСКЕРТУ 2 Кен өндірілетін аймақтардағы қаданың топыраққа тереңдетiлуi, қадалардың таутасты топырақтарға тiрелуге тиiсті.


5.3.3.12 Кемерлердің пайда болуы мүмкiн Iк - IVк топтардағы кен өндірілетін аймақтарда, сонымен қатар, геологиялық бұзылулар болған алаңдарда қадалы iргетастарды қолдануға арнайы негiздеме болғанда ғана рұқсат етiледi.

5.3.3.13 Қаданың ростверкпен түйiсуі құрылымы топырақ негiзiнiң күтiлетiн көлденең ауытқуының мәндерiне байланысты тағайындалуы тиiс.


ЕСКЕРТУ Топырақ негiзiнiң көлденең ауытқу әсерiнен қадаларда және ростверкте пайда болатын күштердiң мәндерiн төмендету үшiн, тұтастай алған ғитмараттың (үймереттің) қадалы iргетастарының кеңiстiктегi орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн, қада алаңының топырақтың шамалы ауытқулары әсер ететiн аймағындағы қадалардың қатты түйiндесуiн, ал қалғандарында икемдi (топсамен немесе сырғу жiктерi арқылы) түйiндесуiн қарастыру керек.
5.3.3.14 Қада ростверктерi, ортадан тыс созылуға және сығылуға, сонымен қатар, топырақта кен өндіру кезiнде, деформацияланатын негiздің бүйiрлі қысымынан болған қадалардың көлденең кері әсерінен және аударушы күштен бұралуға есептелуге тиісті.

5.3.3.15 Биiк ростверкті қадалы iргетастарды қолдану кезiнде, топырақ бетiне жасалатын бетон едендi немесе басқа қатқыл құрылымдарды қаданың бүкiл периметрi бойынша, қатты құрылымдардың бүкiл қалыңдығында саңылау қарастырылуы керек. Саңылауды, топырақ негiзiнiң көлденең ауытқуының әсерi кезiндегi қадалар үшiн қатқыл тiрек құрамайтын, пластикалық немесе серпiмдi материалдармен толтыру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет