Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


СУ БАСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ



бет6/6
Дата13.06.2016
өлшемі147.27 Kb.
#133202
1   2   3   4   5   6

В қосымшасы
СУ БАСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Алдын алу шараларына мыналар жатады:

- құрылыс салынып жатқан немесе оның жекелеген бөлiктерiн ыза суларының көтерiлуiнен қорғайтын, топырақты жалдап үю мен оны ылғалдандыру және олардың салдары - беткi сулардың ағындысын реттеу және жерасты сулары ағындысының белсендiлiгiн арттыру, түрлi тұтып қалушы және кәрiздеушi имараттар мен құрылымдар, өзендердi реттеу және т. б;

- жекеленген ғимараттар мен имараттарды, сондай-ақ коммуникацияларды ыза суларымен су басудан қорғайтын шаралар; жергiлiктi қорғау шаралары - гидрооқшаулау, қабырға маңы, қат-қабаттық, сәулелiк және сақиналық кәрiздер және т.б;

- түрлi беткi және өндiрiстiк сулардың сiңiуiнiң, өндiрiстiк ағындылармен су тасушы коммуникациялар, су жинаушы, түрлi суқоймаларынан, хауыздардан, технологиялық процестерi “ылғалды” цехтардан және т.б. ысырап болған сулардың сiңуiнiң алдын алу шаралары;

- ғимараттар мен имараттардың негiздерiнде және қазаншұңқырлар мен орлардың қайта көмiлген топырақтарында ылғалды булардың шықтану мүмкiндiгiн және оларда ылғалдың шықтануының алдын алу шаралары;

- қайта көмiлген жердiң топырақтарын нығыздау, желдеткiш кәрiздеу және т.с.с.


Г қосымшасы
БӨГЕНДЕРДІ ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
1. Инженерлiк қорғаудың экономикалық орындылығын салыстырмалы тиiмдiлiк әдiсi бойынша анықтау ұсынылады. Келтiрiлген шығының шамасы бөлiнген күрделi қаржының салыстырмалы тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi болып табылады.

Салстырылатын нұсқалардың iшiнен келтiру шығындары ең аз болатын нұсқа таңдалады.



2. Ауыл шаруашылығы жерлерiн, елдi мекендердi, өнеркәсiп және басқа да кәсiпорындарды бiр мезгiлде қорғау кезiнде, келтiрiлген шығындарды 33 төмендегi формула бойынша анықтау ұсынылады:
33= Ен К3 + И3 ;
мұндағы Ен - 0,12 тең болып қабылданатын нормативтiк тиiмдiлiк коэффициентi

К3 - елдi мекендердiң, өнеркәсiп және басқа да кәсiпорындардың су басатын жерлерiн инженерлiк қорғау имараттарының құрылысына бөлiнетiн күрделi қаржы;

И3 - елдi мекендердiң, өнеркәсiп және басқа да кәсiпорындардың су басатын жерлерiн инженерлiк қорғау имараттарының құрылысына жұмсалатын жылдық шығындар.

3. Альтернативтi нұсқа бойынша келтiрiлген шығындар Зальт. төмендегiлердi құрайды.
Зальт. = Енальт..а-.ш. + Кальт. өө.қалд.үлес.)+Иалть.а-ш.альт.ө.
мұндағы Кальт.а-.ш. - альтернативтi нұсқа бойынша ауыл шаруашылығына бөлiнетiн қаржы;

Кальт. ө - аталған өнеркәсiп және азаматтық имараттарды қорғауды, жаңа орында олардың құрылысын дер кезiнде жүргiзумен алмастыруға бөлiнген күрделi қаржы;

Фө.қалд - инженерлiк қорғау құрылысын жүргiзген сәтте су басу аймағында жатқан өнеркәсiп кәсiпорындарының, елдi мекендердiң, темiр және тас жолдардың қалдық баланстық құны;

Фүлес - қалған қорды үлестiру сомасы;

Иалть.а-ш - альтернативтi нұсқа бойынша ауыл шаруашылығына жұмсалатын жылдық шығын;

Иальт.ө.-қорғау шараларының орнына жаңа орында салынған аталған имараттардың жұмысы кезiнде жұмсалатын жылдық шығын;

Кальт..а-.ш. - шамасын су басатын жерлердi қарқынды пайдалану кезiнде, осы жерлерден алынатын ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң мөлшерiндей мөлшерде, өнiм алу үшiн, су басу аймағынан тыс жатқан алқаптарды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қарқындату мақсатында жаңа жерлердi игеруге жұмсалатын шығынды есептеудiң негiзiнде анықтау ұсынылады.

Су басатын жерлердiң орнына игерiлетiн жерлер алдын ала белгiлi болса, онда Кальт..а-.ш. шамасы тiкелей есептеу арқылы анықталады. Олай болмаған күнде Кальт..а-.ш. шамасын мелиорациялауға жұмсалатын меншiктi күрделi қаржы нормативтерi бойынша, ауыл шаруашылығынан басқа қажеттiлiктер үшiн алынған жерлердiң орнына пайдаланылатын жерлердi игерудiң нормативтерi

бойынша анықтау ұсынылады.

Иалть.а-ш шамасы су басатын жерлердiң өтемi ретiнде тұрғызылатын мелиоративтiк жүйелердi күтiп ұстауға жұмсалатын жылдық шығынды сипаттайды. Егер айналымнан шығарылатын жерлердiң орнына қайта құнарландырылған немесе құнарландырылған жерлер енгiзiлсе, онда Иалть.а-ш шамасын жаңа игерiлген жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын өндiрудi белгiленген деңгейге дейiн жеткiзуге қажеттi, жылдық қосымша шығынның мөлшерi бойынша анықтау ұсынылады.



4. Iрi объектiлердi инженерлiк қорғауды жүзеге асыру, әсiресе қолда бар альтернативтi нұсқаларды күнi бұрын даярлау бiрнеше жыл жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда экономикалық тиiмдiлiктiң есебi уақыт факторын есепке алуы тиiс. Сонымен, әр жылдың шығындарын қандайда бiр негiз болатын тiрек жылдық шығынына келтiру ұсынылады.

5. Бiрқатар жағдайларда аумақты немесе объектiлердi (ерекше құнды ауыл шаруашылығы жерлерiн немесе жаңа жерде қалпына келтiру iс жүзiнде мүмкiн болмайтын айрықша объектiлер және т.б.) сақтап қалуды қамтамасыз ететiн инженерлiк қорғау iс жүзiнде мүмкiн болатын бiрден бiр шара екендiгiн есепке алу қажет. Бұл жағдайда инженерлiк қорғаудың экономикалық тиiмдiлiгiн күрделi қаржы жұмсаудың қалпы (абсолюттiк) тиiмдiлiгi әдiсi бойынша негiздеу ұсынылады.

6. Республиканың түрлi табиғи аймақтары жағдайында инженерлiк қорғаудың оңтайлы нұсқасын техникалық экономикалық есептеудi мыналарды:

- қоршаған ортаның өзгерiсiн;

- топырақ, өсiмдiк жамылғыларының және жануарлар әлемiнiң өзгерiсiн;

- табиғи жағдайдың өзгерiсiн және iргелес аумақтардың ресурстарын экономикалық бағалауды;

бөгеннiң әсерiнiң зардаптарын;

- табиғи жүйелердi қалпына келтiруге бағытталған, орнын толтыру шараларын есепке ала отырып жүргiзу қажет.



7. Iргелес жатқан аумақтың табиғи жағдайының өзгерiсiн, табиғи, экологиялық, технологиялық және эконмикалық бағалауды есепке ала отырып анықтау қажет.

Табиғи бағалауды, айқындалған өзгерiстердiң (экологиялық, климаттық, гидрологиялық, ботаникалық, топырақтық және басқа да), және сол көрсеткiштердiң тұрақты немесе уақытша өзгергiштiгiн салыстыру арқылы жасау керек.

Экологиялық бағалау бiр көрсеткiштердiң (желдiң жылдамдығы, топырақтың ылғалдылығы, атмосфералық жауын-шашын және т. б.) өзгерiсiн басқа көрсеткiштердiң (шалғын және орман өсiмдiктерiнiң биологиялық және шаруашылық өнiмдiлiгi мен өсiмдiктердiң фенологиялық фазаны өтуi) өзгерiсiмен салыстыру жолымен орындалады.

Технологиялық бағалауда, аталған өзгерiстердi түрлi шаруашылық, өндiрiс салаларының қәзiргi және келешектегi талаптары тұрғысынан және адамның iс-әрекетiнiң түрлерi (ауыл шаруашылығы, балық, орман және аңшылық шаруашылығы, рекреация және т. б.) тұрғысынан қарастыру көзделуi тиiс.

Экономиялық бағалау, iргелес аумақтардың аулышаруашылығы жерлерiнiң құнарлылығының, шалғын мен орманның биологиялық өнiмдiлiгiнiң төмендеуiнен (немесе артуының әсерiнен) болатын шығынды есепке алуы тиiс.

8. Энергетикалық мақсаттағы бөгендердi жасау кезiнде жағалаулық аумақтарды инженерлiк қорғаудың анағұрлым ұтымды сұлбасын бөгеннiң жағалаулық аумақтарға тигiзетiн барлық әсерлерiнiң түрлерi мен ауқымын есепке ала отырып, айқындалатын жер пайдаланушылардың шеккен зияндары мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеудiң (орнын толтырудың) қажеттiлiгiне негiздеп таңдау керек.

Бөгендер салынған жағдайда ауыл шаруашылығын оңтайлы қайта құруды және белгiленген шаралардың түрлi нұсқаларының тиiмдiлiгiн негiздеу кезiнде төмендегi жұмыстарды бiрiншi кезектегi жұмыстар ретiнде қарастыру қажет:

- жаңадан игерiлетiн жерлердiң топырығын құнарландыру және өнiмдiлiгiн арттыру;

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы бұталар, жаппай кесiлген ағаштар, батпақтар алып жатқан және басқа да ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлердi құрғату жұмыстарын, сондай-ақ мәдени-техникалық шараларды есепке ала отырып меңгеру;

- су астында қалған жерлердi, саяз жерлердi, уақытша су басатын және төменгi бьефтiң сусыздандырылған жерлерiн пайдалану;

- жаңа шаруашылықты ұйымдастыру.



9. Инженерлiк қорғаудың экономикалық тиiмдiлiгiн бағалау кезiнде қорғау шараларын жүргiзбей тұрып, инженерлiк қорғау шараларын жүзеге асырғаннан кейiнгi экономикалық дамудың техникалық экономикалық көрсеткiштерiн және болуы мүмкiн шығынның көрсеткiштерiн есепке алу қажет.

Бөгендер салған жағдайда жағадағы аумақтарды инженерлiк қорғаудың экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау үшiн мыналарды есепке алу қажет:

- жүргiзiлетiн шаралардың қоршаған ортаға тигiзетiн оң және терiс әсерiн;

- барлық мүдделi немесе мүдделерi жанамалап қозғалатын салалар немесе жекелеген су пайдаланушылар - су шаруашылығы кешенiнiң (СШК) қатысушыларының алған пайдасы немесе шеккен зияны түрiнде сипатталатын су тұтынушылар мен су пайдаланушылардың экономикалық және әлеуметтiк мүдделерi;

- техникалық шешiмдердiң, имараттардың, құрылымдардың және СШК элементтерiнiң iс-әрекетiн қамтамасыз ететiн шаралардың өзара байланысты жүйелерiн;

- су-жер ресурстарының анғұрлым тиiмдi пайдалану мүмкiндiгi мүдделерiнiң көрсеткiштерiн қоса алғанда су тұтынушылар мен су пайдаланушылардың арасында жағалық аймақтар мен бөгендер айдыны аудандарының үлестiрiлуi;

- қорғалатын аумақ пен айдынның тынысжайлық әлеуетiн төмендету мүмкiндiгi қажет болған жағдайда өтемдiк шараларды қарастыру қажет.
Ескерту: Қорғау әсерi бөгендерде жүргiзiлген шаралардың қосынды әсерiнiң құрамында қарастырылса, онда жүргiзiлген шаралардан әсердiң барынша өсуiн айқындайтын есептердi орындау керек.
Қорғау имараттары жүйесi тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi барлық сушаруашылығы кешенiнiң осы тәрiздi көрсеткiштерiмен салыстырмалы болуы тиiс.

10. Су басу мен су астында қалудан болатын зиянды есептеу кезiнде төмендегiлердi:

- ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердi қолданудан қалдыруды;

- су басу, су астында қалу ұзақтығының артуына, су басу мерзiмiнiң ығысуына немесе жерлердi қыста су басуына байланысты жердiң сапасының нашарлауын;

- ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердiң өнiмдiлiгiнiң және егiстiктiң, жемiс жидек екпе ағаштары құрылымының, шабындықтар мен жайылымдардағы шөптiң биiктiгiнiң өзгеруiн және пайдаланылатын жердiң түрленуiн;

- реттелетiн жайылмалық аумақтың келешекте экономикалық дамуын есепке алу қажет.

Сонымен, қазiргi бар мелиоративтiк жүйенi қайта қалпына келтiруге жұмсалатын қосымша шығынды, жаңа объект жасаумен туындаған өтемдiк шығындарға жатқызу қажет.

Энергетикалық мақсаттағы бөгендердi тұрғызғанда су басатын немесе су астында қалатын ауыл шаруашылығы жерлерiн қорғау кезiнде, жобаның құрамына инженерлiк қорғау имараттарынан басқа, қажеттiлiгi тұрақты және бiтiк астық өсiрудiң технологиялық талаптарымен анықталатын, аумақты мелиоративтiк тұрғыдан игеруге керектi имараттарды енгiзу қажет.



11. Суы саяз жерлердi жалдап үймей ауыл шаруашылығы, тынысжайлық және басқа мақсаттарға пайдаланған жағдайда, санитарлық шараларды орындауға, батпақтануды жоюға, өсiмдiктердi дер кезiнде жинауға, ластанудан қорғауға, сонымен қатар ортаның қолайлылығын арттыруға, тынысжай аймақтарын аумақтық және көлiктiк тұрғыдан игеруге кететiн шығындарды анықтау керек.

12. Су басқан жерлердi, қорғау шараларын жүргiзбей пайдаланған жағдайда, өсiмдiктердi өсiмдiктердiң ұрықтарын үстемелеп себуге, жердiң табиғи құнарлылығын сақтауға және ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға жағдай жасауға кететiн пайдалану шығындарын анықтау керек.

13. Инженерлiк қорғау шараларын жүзеге асырғаннан кейiнгi аумақтың экономикалық даму көрсеткiштерi мыналарды ескеруi тиiс:

- анағұрлым бағалы жерлердiң ресурс қайтарымдылығының өсуiне байланысты, қорғалған жерлердiң уақыт бойынша артатын тиiмдiлiгiн;

- қорғалатын аумақта судың ағындысын реттеудi жүзеге асыруға байланысты ресурс қайтарымдылықты арттырудың мүмкiндiгiн;

- ауыл шаруашылығы жерлерi мен жайылымдағы ағынды суларды реттеудiң нәтижесiнде су баспайтын жерлерден қосымша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн алу;

- су басу және су астында қалу процестерiнiң нәтижесiнде табиғатқа келтiрiлген зиянның орнын толтыруға мүмкiндiк беретiн экологиялық жағдайларды қалпына келтiру.
Д қосымшасы
ҚОСЫМША СУРЕТТІК ИМАРАТТАРЫНЫҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ

Аумақтың атауы мен сипаттамасы



Су тегеуiрiндi имараттарға салмақ түсiретiн судың ең жоғары есептiк арыны, м, қорғау имараттарының дәрежелерiне сәйкес

I

II

III

IV

Қоныстық
Тұрғын үй ауданы аумағының, тұрғын үй қорының тығыздығы, м2 1 гектарға:

2500 жоғары

2100-ден 2500-ге дейiн

1800-ден 2100-ге дейiн

800-ден төмен

Сауықтыру-тынысжайлық және санитарлық қорғау мақсатындағы


Өнеркәсiптiк
Өнеркәсiптiк кәсiпорындар:
Тұрмыстық-коммуналдық
Жалпыға ортақ тұрмыстық-коммуналдық кәсiпорындар

Басқа да тұрмыстық-коммуналдық кәсiпорындар


Мәдени және табиғи ескерткiштер


*

*

*



-

-

*


-

-


-

5-ке дейiн

8-ге дейiн

10-ға дейiн

10-нан артық

-

8-ден артық


8-ге дейiн

8-ден артық
3-ке дейiн


3-ке дейiн

5-ке дейiн

8-ге дейiн

10-ға дейiн

10-нан артық

8-ге дейiн


5-ке дейiн

8-ге дейiн
-


-

2-ге дейiн

5-ке дейiн

8-ге дейiн

10-ға дейiн

5-ке дейiн


2-ге дейiн

5-ке дейiн
-

* Қорғау имараттарының iстен шығуы iрi қалалар мен өнеркәсiптiк кәсiпорындарда апаттық сипаттағы зардаптарды туғызатын болса, онда тиiсiнше негiзделген жағдайда оларды I дәрежелi имараттарға жатқызуға рұқсат етiледi.



Е қосымшасы


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ ЖОБАСЫНЫҢ ТҮРЛІ САТЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЗЕРТТЕУ ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ

Зерттеу деректерi



Кескiндемелiк қосымшаның масштабы

сұлблардың

жобаның

жұмыс жобасының, жұмыс құжаттамасының

Карталар


  1. Гидрогеологиялық

  2. Гидрогеологиялық-мелиоративтiк аудандастыру

  3. Инженерлiк-геологиялық аудандастыру

  4. Инженерлiк-геологиялық

  5. Пайдаланылатын жер асты суларының ресурсы

  6. Геологиялық кешендер

  7. Гидроизогипс және топырақтық сулардың жату тереңдiгi

  8. Сүзiлу сұлбалары бойынша аудандастыру

  9. Болжамдық пайдаланылатын жер асты сулары ресурсы

  10. Құрылыс материалдары кен орны

  11. Ауыл шаруашылығы құрылысының сұлбасы

  12. Топырақ жамылғысы

  13. Топырақтық-мелиоративтiк

  14. Сортаңдар

  15. Топографиялық




1:500 000-1:200 000

1:500 000-1:200 000
1:500 000-1:200 000

1:500 000-1:20 000

-
1:50 000-1:20 000

1:500 000-1:200 000


1:500 000-1:200 000

1:500 000-1:200 000


1:500 000-1:200 000

1:500 000-1:200 000

1:500 000-1:100 000

-

-



1:500 000-1:100 000

1:100 000-1:50 000

1:100 000-1:50 000
1:100 000-1:50 000

1:25 000


1:50 000
1:50 000

1:100 000-1:50 000


1:100 000-1:50 000

1:100 000-1:50 000


-

-

-



1:25 000

1:10 000


1:50 000-1:25 000

1:10 000


-
-

1:10 000


1:10 000
1:10 000

1:10 000
1:10 000

-
-

-

-



1:10 000

1:5 000-1:2 000

1:10 000-1:2 000

Басқа деректер




  1. Инженерлiк-геологиялық және гидрогеологиялық бөлiмдер1

  2. Жыныстардың аэрация аймағының сортаңдану эпюрасы

  3. Топырақтық сулардың деңгейiнiң тербелiсiнiң кескiнi

  4. Инженерлiк-геологиялық және гидрогеолоиялық деректер

  5. Топырақ сілемдері типтес тәжiрибелiк алаңшаларда (тұтасқұймаларда) сортаңданған топырақтардың тұз қайтарымдылығын зерттеу

  6. Топырақтың су-физикалық қасиеттерiн зерттеу

  7. Топырақтық-мелиоративтiк зерттеулердiң деректерi

  8. Қорғалатын жер ауданының климаттық сипаттамасы

  9. Қорғалатын аумақтағы өзендер мен су қоймаларының гидрологиялық сипаттамасы


есеп бойынша


с.с.





жоба бойынша


с.с.



1Қиманың масштабы жобаның тиiстi сатысына сәйкес келетiн, картаның масштабымен үйлестiрiлуi тиiс.

Ж қосымшасы


Терминдер мен анықтамалар
Аумақты, ғимаратты және имаратты инженерлік қорғау – қауіпті геологиялық, экологиялық және өзге процестердің аумаққа, ғимаратқа және имаратқа теріс әсерін ескертуге, сондай-ақ олардың салдарынан қорғауға бағытталған инженерлік имараттар мен шаралардың кешені.

Су басу – аумақ учаскесінде суағар, суқойма немесе жерасты сулары деңгейі көтерілуі нәтижесінде судың еркін бетінің пайда болуы.

Су астында қалу – нәтижесінде су режимі мен аумақ балансы өзгеретін, құрылыстың берілген түрі үшін қауіпті мәндері арта түсетін және құрылыстың және объектілерді пайдаланудың қажетті жағдайларын бұзатын жерастыт суларының деңгейі (арындары) және/немесе топырақтардың (жер қыртысы – топырақтардың) ылғалдылығының артуы болатын кешенді гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық процесс.

Мониторинг – инженерлік геологияда – мыналар кіретін біртұтас жүйе:

- инженерлік-геологиялық процестерге, инженерлік қорғаудың тиімділігіне, объекті құрылысы және пайдаланылуы кезіндегі имараттардың және аумақтардың жағдайына арналған кешенді бақылаулар;

- бақылаулар, есептер және үлгілеулер нәтижелерін талдау, инженерлік қорғанысты күшейту, имараттың құрылымын жетілдіру және т. б.

- имараттардың сенімділігін және инженерлік қорғаудың тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі, әлеуметтік-экологиялық салдарларды ескерту жөніндегі қосымша шараларды жобалау;

- белсенді геологиялық бақылау кезінде қосымша шараларды жүзеге асыру.


З қосымшасы
Сiлтеме жасалған нормативтiк-техникалық құжаттардың тiзiмi


НТҚ-ның белгiленуi

НТҚ атауы

ҚНжЕ 2.01.14-83


ҚНжЕ 2.06.14-85

ҚНжЕ 2.04.03-85


ҚНжЕ 2.01.15-90

ҚНжЕ 2.02.01-83*

ҚНжЕ 2.05.02-85

ҚР ҚНжЕ 3.03-01-2001

ҚНжЕ 2.06.05-84*

ҚНжЕ 3.07.01-85


ҚНжЕ 2.06.01-86

МСТ 25100-95

МСТ 28622-90

МСТ 17.5.3.05-83

МСТ 17.5.3.05-84

МСТ 8020-90




Есептiк гидрологиялық сипаттамаларды анықтау


Кен қазбаларын жерастылық және беткi сулардан қорғау
Қазақстан Республикасының құрылыс салынып жатқан аумақтарының суға кетіп қалуын ескерту жөніндегі ұсыныстар
Канализация. Сыртқы тораптар және имараттар
Аумақтарды, ғимараттарды және имараттарды қауіпті геологиялық процестерден инженерлік қорғау. Жобалаудың негізгі ережелері
Ғимараттардың және имараттардың негіздері

Автомобиль жолдары

Темір жолдар

Топырақтық материалдардан жасалған бөгеттер

Өзендік гидротехникалық имараттар
Гидротехникалық имараттар. Жобалаудың негізгі ережелері.

Топырақтар. Ісінушілікті зертханалық анықтау әдісі

Топырақтар. Ісінушілікті зертханалық анықтау әдісі

Жердің табиғатын қорғау. Жерді қалпына келтірудің жалпы талаптары


Жерді қалпына келтірудің табиғатын қорғау. Жерді иеленудің жалпы талаптары

Канализациялық, суқұбырлық және газқұбырлық тораптардың құдықтарына арналған бетондық және темірбетондық құрылымдар. Техникалық талаптар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет