«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару 6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу 6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу 6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктеріне талдау беру 6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу 6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу
І нұсқа
Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыз:
a) Ауданы 63м2 болатын тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;
b) 100 тетікті жасау станогының өнімділігі мен уақыт;
c) Шаршының периметрі мен оның ұзындығы;
d) 30 км арақашықтықтағы жылдамдықтық пен уақыт. Тура пропорционалдығы бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін жазыңыз. [5]
Баланың велосипедпен қозғалысының графигін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз:
a) Графикте бала қанша уақыт жолда болған?
b) Бала қанша уақыт орнында тұрған?
c) Баланың ең үлкен жылдамдығы қандай болған?
d) 10-шы секундтан 50-ші секундқа дейін бала қанша жол жүрген? [4]
В(3; –4) нүктесінен өтетін және тура пропорционалды болатын графикті салыңыз. Суретті пайдаланып, графиктің формуласын жазыңыз. [3]
«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару 6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу 6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу 6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктеріне талдау беру 6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу 6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу
ІІ нұсқа
Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыз:
a) Ауданы 54м2 болатын тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;
b) 120 тетікті жасау станогының өнімділігі мен уақыт;
c) Шаршының периметрі мен оның ұзындығы;
d) 50 км арақашықтықтағы жылдамдықтық пен уақыт. Тура пропорционалдығы бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін жазыңыз. [5]
Баланың велосипедпен қозғалысының графигін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз:
a) Графикте бала қанша уақыт жолда болған?
b) Бала қанша уақыт орнында тұрған?
c) Баланың ең үлкен жылдамдығы қандай болған?
d) 20-шы секундтан 50-ші секундқа дейін бала қанша жол жүрген? [4]
В(2; –3) нүктесінен өтетін және тура пропорционалды болатын графикті салыңыз. Суретті пайдаланып, графиктің формуласын жазыңыз. [3]
Достарыңызбен бөлісу: |