Шамаларды оқыту барысында цифрлық технологияларды пайдаланудың МҮмкіндіктері



бет1/2
Дата12.02.2024
өлшемі32.82 Kb.
#491636
  1   2

ШАМАЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ


ОҚМПУ Шымкент, 4-курс студенті Мысжасар Қ.Б.

Аңдатпа


Бұл мақалада математикада шамаларды оқыту барысында цифрлық технологиялардың қолдану жағдайы қарастырылған.


Резюме
В данной статье рассмотрен случай применения цифровых технологий при обучении величинам в математике.


Summary
This article discusses the case of the use of digital technologies in teaching quantities in mathematics.

Қоғам талабына сай цифрлық технологияларды сабақта тақырып негізін ашу мақсатында қолдану-уақыт талабы. Осы негізде қабылданған Цифрлы Қазақстан бағдарламасы технологиялық негізде дамуды көздейді. ІТ бағдарламалардың көмегімен біз уақытты тиімді пайдалана аламыз, адамдар қызметтер мен тауарлар алмаса алады. Жаңа индустрияларды өркендету үшін цифрлы технологияларды жетік меңгере алуымыз керек. Дамыған елдердің экономикалық құрлымын индустриялар арқылы өзгертіп, дәстүрлі салалардың сапасын арттырды. Қазақстан Республикасының 17 мамыр 2022 жылғы №311 қаулысында экономика қарқынды, жедел даму үшін цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың өмір сүруін жақсарту, сонымен қатар алға қойған мақсатымыз Қазақстанның экономикасын болашақтағы цифрлы экономиканы құру арқылы жаңа бағытта даму траекториясына көшуге ықпал ету болып табылады [1].«Болашаққа цифрлық индустрия құру»-адами құндылықты жетілдіру, жалпы цифрлық экожүйені қарқынды жеделдету есебінен орнықтылықты ұзақ мерзімге қамтамасыз ету, трансформациялауды жүзеге асыру.


Қазақстан Республикасының президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында «.... сапалы білім беру-Қазақстанның индустриясы мен инновациялық дамуының негізіне айналу тиіс» деп атап өткен [2].
Қазақстан Республикасы 2020-2025 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытуды мемлекеттік бағдарламасы негізінде адами капиталдың дамуында: «Ғылыми инфрақұрлымды жаңғырту және ғылымды цифрландыру»деп айтылған.
Білім беру үдерісін әр қырынан қарастыру маңызды рөл атқарады. Білімді цифрландыру дегенде, қашықтықтан оқыту, электрондық оқыту, ашық оқыту, жаңа формадағы оқытудың 10 тиімділікпен қолдану болып табылады. Атап айтқанда, математикада шаманы оқыту барысында цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін кең ауқымда қолдану туралы шетел зерттеулері мен қазақстандық зерттеулер жетерлік. Зерттеген ғалымдар:
«Цифрлық технологияға» түсінік бере отырып оны оқытуды қолданған ғалымдар: В.В. Давыдовтың, В.П. Беспалько, А.Ю. Уваров, А.А. Кузнецов, В.А. Садовничий, В.В. Гузеев, Е.Ы. Бидайбеков, Б.Б. Баймуханов, Д.М. Джусубалиева, С.С. Кунанбаева, Б.Д. Сыдықов, Г.Ж. Лекерова, Ж.Ы. Сардарова, Г.С. Базарбаеваның т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Оқытуда цифрлық технологияны пайдалануға дайындаудың мақсаты мен мазмұны, принциптері, психологиялық-педагогикалық негіздері жөнінде: А.Б. Медешова, Т.О. Балықбаев, А.Е. Сағымбаева, Е.А. Вьюшкина, Г.Нургалиева, Д.Н. Кулибаева, С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ж. Нұржанова, В.В. Гриншкун, Н.Т. Ермеков т.б. еңбектерінде зерттелген.
Жоғарыда ғылыми еңбектерге жасалған талдау негізіне қарасақ математикада шамаларды оқыту барысында цифрлық технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктерінің зерттелмегенін көрсетті.
Қазіргі таңда білім беру саласында «шығармашылықпен ойлап, әрекет ететін, өз бетінше дами алатын адамдарды» қалыптастыру процесі жүруде. Дәстүрлі оқуда оқушы пассивті болса, ал қазіргі білім беру жүйесінде мұғалім ассистент рөлінде. М.И. Махмутовтың пікірі бойынша сабақтың құрлымына тоқталайық:

  1. Алған білімдері мен іс-әркеттерін жаңғыру;

  2. Іс-әрекет әдістерін жаңа біліммен жаңғырту;

  3. Сабақта іс-әрекет дағдыларын қолдану [3].

Сондықтан сабақта цифрлық технологияларды қолданып сабақты сәтті өту, мақсатқа жетудің негізі болып табылады.
Математика сабағын қалай оқу нені керектігін шешу үшін алдымен қысқа мерзімді сабақ жоспарын нақты, мақсатқа жету жолын көздей отырып құру керек.
Әрбір сабақты ұйымдастырарда мұғалім мақсатын үлкен жауапкершілікпен қою керек. Себебі сабақтың ары қарай дұрыс берілуі соған байланысты. Оқушылардың бойында жаңа ұғым, дағды содан қалыптасады.
Кейбір оқушылар сабақты бірден қабылдаса, ал кейбірі бірнеше сабақта қайталап отырғанда ғана ұғады. Математикадағы нақты дағды-есептер шығару барысында қолданатын білім. Ал шеберлік-математикада бірнеше жаттығулар мен тапсырмалар, бақылау жұмысын шеудің әсерінен автоматты болады.
Математикада шамаларды оқыту барысында жеткілікті білімді алу үшін цифрлық технологияларды қолдана отырып толық және қолжетімді алу қажет. Оқыту процесін тиімді ету үшін цифрлық технологияларды қолдану оқушылардың шама тақырыптарын түсінуде оң әсерін тигізеді.
Сабақта жаңа тақырыпты түсіндіру үшін bilimland.kz вебсайтындағы видео түсірілім, презентациялар, графикалық смартфон мүмкіндіктерін пайдалану өте тиімді.
Сабақты бекіту тапсырмаларына Liveworksheets.com сайтында, Whiteboard.fe, Whiteboard.chat, Miro, Google онлайн тақталарында тапсырмаларды қолдануға болады.
1-сынып 6 тараудан тұрады. Сандар және заңдылықтар тарауында «Ұзындықтың өлшем бірліктері», «Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу. Тік бұрыштың, шаршының қабырғаларын өлшеу», «Масса. Килограмм-масса өлшем бірлігі», «Көлем (сыйымдылық). Литр сыйымдылықтың өлшем бірлігі», «Уақыт. Уақыт-өлшем бірліктері», «Сағат бойынша уақытты анықтау» тақырыптары қарастырылған. Біз өз жұмысымызда осы тақырыптар негізінде берілген жаттығалар мен өзін тексеруге арналған тапсырмаларды ұсынамыз. Bilimland.kz білім беру ресурсын қолдану арқылы «шамалар» тақырыбын түсіндіру өте қызықты және нәтижелі болды [4].
3-сынып математика пәнінде «Шама» тақырыптарын өткенде цифрлық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдерін ұсынамыз.
Жалпы 3-сынып математика пәнінде шама өлшем бірліктеріне байланысты мынадай тақырыптарды қарастырады.

  • Миллиметр-ұзындықтың өлшем бірлігі

  • Километр – ұзындықтыңөлшембірлігі

  • Аудан. Палетканыңкөмегіменаудандыөлшеу

  • Грамм – массаныңөлшембірлігі

  • Тонна – массаныңөлшембірлігі

  • Сыйымдылық. Көлем

  • Аудан өлшем бірліктері. Аудан өлшем бірліктері арасындағы қатынастар

  • Центнер. Масса мәндерін түрлендіру және оларға арифметикалық амалдар қолдану

  • Секунд

Қорыта айтқанда еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында: «Цифрландыру- еліміздің болашағы мен ертеңі. Оны дамыту жастардың қолында. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты», — деп жазған болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет