Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының
2010 жылғы 21желтоқсандағы
№351 бұйрығына 8-қосымша
«Шаруа (фермер) қожалықтарына займдар және олар бойынша сыйақы ставкалары туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7521201, индексі 7-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Бұл Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және ведомстволық статистикалық байқаудың «Шаруа (фермер) қожалықтарына займдар және олар бойынша сыйақы ставкалары туралы есеп» статистикалық нысанын (коды 7521201, индексі 7-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру тәртібін нақтылайды.
2. Статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:
1) шаруа (фермер) қожалығы – дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты тұлғалардың отбасылық-еңбек бiрлестiгi. Шаруа (фермер) қожалығының субъектілері заңды тұлға құрмай және заңды тұлғаның белгілері жоқ кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар болып табылады;
2) несиелік берешек – негізгі борыш бойынша клиенттің банк алдындағы берешегі (несие бойынша пайызды, өсімпұлды есептемегенде);
3) мерзімі өтіп кеткен берешек – негізгі борыш бойынша клиенттің шартпен қарастырылған мерзімде банк алдында өтелмеген мерзімі өтіп кеткен борышы;
4) кезеңде берілген займ – банктің клиенттерге белгілі мерзімде берген займы;
5) берешекті өтеу – шартпен белгіленген соманы белгілі мерзімде займ берген банкке ақшалай аударым немесе қолма-қол ақша аудару;
6) сыйақы ставкасы – банк клиентінің несиені қолданғаны үшін төлейтін пайызы;
7) бағамдық айырма – мәміле жасасқан сәттен ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты өзгерісінен болатын шетел валютасындағы активтер сомасындағы айырма;
8) займ көлеміндегі басқа өзгерістер – операцияға қатысты емес актив құнының басқа өзгерістері. Несие көлеміндегі басқа өзгерістер активтің сандық және сапалық өзгерістеріне әкелетін, сонымен қатар, активтің классификациясын өзгертуді талап ететін жағдайлар нәтижесі болып табылады. Мысалы, клиенттің экономика секторына қатысы, займ валютасы, займ мерзімі өзгергенде, үмітсіз қарыздарды шығарып тастағанда, қате жазулардан және тағы басқа жағдайларға байланысты пайда болатын сомалар;
9) қысқа мерзімді займдар – бір жылға дейінгі мерзімге берілген займдар;
10) ұзақ мерзімді займдар – бір жылдан жоғары мерзімге берілген займдар;
11) ұлттық валюта – қазақстандық теңге;
12) еркін айырбасталатын валюта – басқа шетел валютасына және халықаралық төлем құралдарына еркін айырбасталатын валюта. Еркін айырбасталымды валюта толық ішкі және сыртқы қайтымдылықты, яғни елдің резиденттері мен резидент еместері (жеке және заңды тұлғалар) үшін бірдей айырбас режиміне ие;
13) валютаның басқа түрлері – «ұлттық валюта» және «еркін айырбасталатын валюта» түсінігіне жатпайтын басқа шетел валюталары.
3. Бұл статистикалық нысан резиденттермен (жеке тұлғалармен – шаруа (фермер) қожалықтарымен) займдар бойынша операцияларды жүзеге асыратын барлық банктер ай сайын жасайды және есеп мың теңгемен ұсынылады. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүзге тең және жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – ҚР ҰБ) криптографиялық қорғау құралдарын пайдаланумен VIDO электрондық байланыс арқылы электрондық түрде ұсынылады.
ҚР ҰБ ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, есептіліктің субъектілері ҚР ҰБ бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрі бойынша хабардар етуге және есепті ҚР ҰБ өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге электрондық түрде ұсынуға міндетті.
4. Салымдар өтеу мерзімдері бойынша былай жіктелуі тиіс:
01 шифры – шаруа (фермер) қожалығына берілген займдар бойынша есептік кезеңнің басындағы несиелік берешек және мерзімі өткен берешектің қалдық сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі. Барлық символдар бойынша 01 шифры алдыңғы айдың есебінің осы символдары бойынша 04 шифрына тең болады;
02 шифры – шаруа (фермер) қожалығына есепті кезеңнің басында берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді займдарының сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі;
Егер осы немесе басқа шоттар бойынша ақша берілмеген болса, онда 02 шифры бойынша нөлдер көрсетіледі;
03 шифры – займ бойынша мерзімі өткен берешектерді өтеген соманы қоса алғанда, шаруа (фермер) қожалықтары есептік кезеңде өтеген займдардың сомалары көрсетіледі;
04 шифры – шаруа (фермер) қожалықтарына берілген займдар бойынша есептік кезең аяғындағы несиелік берешек және мерзімі өткен берешек қалдықтарының сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі;
05 шифры бойынша бағам өзгерген кезде есептік валютадағы шетел валютасы бірлігін дәл осы санымен бухгалтерлік есеп жүйесінде, қаржылық және өзге есепте көрсету нәтижесінде пайда болған бағамдық айырмашылық көрсетіледі;
06 шифры бойынша актив құнының басқа өзгерістері сомасы көрсетіледі;
07 шифры – шаруа (фермер) қожалықтарына берілген займдар бойынша есептік кезең басындағы мерзімі өткен берешектер қалдығының сомасы валюта түрлері бойынша көрсетіледі.
5. Есепте сыйақы ставкаларын есептегенде 2, 4, 6, 8, 10, 12 символдары бойынша шарттың алғашқы жағдайларына сәйкес берілген займдар бойынша сыйақы ставкаларына байланысты орташа алынған сыйақы ставкалары көрсетіледі.
01 шифры бойынша сыйақы ставкасы шаруа (фермер) қожалықтарына берілген займдар және мерзімі өткен займдар бойынша есептік кезеңнің басында нақты пайда болған сыйақы ставкаларының орташа алынған көлемі сияқты есептеледі. 01 шифры бойынша сыйақы ставкасын есептеген кезде шаруа (фермер) қожалықтарына берілген займдар бойынша несиелік берешектің сомасын және сол сияқты мерзімі өткен берешекті есепке алған дұрыс.
02 шифры бойынша сыйақы ставкасы шаруа (фермер) қожалықтарына нақты берілген займдар бойынша есептік кезеңдегі орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі.
03 шифры бойынша сыйақы ставкасы шаруа (фермер) қожалықтарының нақты өтелген займдары бойынша есептік кезеңдегі орташа алынған сыйақы ставкалары ретінде есептеледі. 03 шифры бойынша сыйақы ставкаларын есептеген кезде шаруа (фермер) қожалықтарына берілген займдар бойынша несиелік берешектің сомасын және сол сияқты мерзімі өткен берешекті есепке алған дұрыс.
04 шифры бойынша сыйақы ставкасы шаруа (фермер) қожалықтарына берілген займдар және мерзімі өткен займдар бойынша есептік кезеңнің аяғындағы нақты пайда болған сыйақы ставкаларының орташа алынған көлемі ретінде есептеледі. 04 шифры бойынша сыйақы ставкасын есептеген кезде шаруа (фермер) қожалықтарына берілген займдар бойынша несиелік берешектің сомасын және сол сияқты мерзімі өткен берешекті есепке алған дұрыс.
07 шифры бойынша сыйақы ставкасы шаруа (фермер) қожалықтарына берілген мерзімі өткен займдар бойынша есептік кезеңнің аяғындағы нақты пайда болған сыйақы ставкаларының орташа алынған көлемі ретінде есептеледі.
6. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 05 шифры, 01, 02 және 06 шифрлары шегерілген 04 пен 03 шифрларының сомасына тең: 05 = 04 - 01 - 02 + 03 - 06;
1, 3, 5, 7, 9, 11 символдары бойынша 07 шифр сол символдар бойынша 04 шифрынан кем немесе тең.
Достарыңызбен бөлісу: |