1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында ата-анасының зарыға күткен перзенті дүниеге келді. 1992 жылы ақпан айының 29-шы жұлдызында Алматыда дүниеден өтті. Композитор, Қазақстанның халық әртісі атағын 1991 жылы алды. Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан Шәмші бірден өнер жолына түспеген, әуелі Қапланбектегі зооветтехникумды бітірсе, кейін Сахалиндегі әскери училищені, елге келген соң Ташкент қаласындағы Хамза Ниязи атындағы музыка училищесін, содан соң Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясының композиторлар дайындайтын факультетінде білім алған.
Шәмшінің «Қайықта» әні 1957 жылы демократиялық жастардың бүкіл дүниежүзілік фестиваліне арналған Республикалық байқауға байланысты жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |