Шермахан Баян Саматқызы «ТҰздар гидролизі» тақырыбын дамыта оқыту әдістемесі 6В01540- химия білім беру бағдарламасы


Сабақ: Тұздар гидролизін оқыту әдістемесін талдау



бет14/20
Дата28.03.2023
өлшемі268.11 Kb.
#471278
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
18 мартта Баян 23жылы

3.2.1 Сабақ: Тұздар гидролизін оқыту әдістемесін талдау

І. «КӨПІР» тапсырмалары (студенттер үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)



  1. Судың иондық көбейтіндісі дегеніміз не? Жауабы: Су - әлсіз электролит, ол өте аз мөлшерде иондарға ыдырайды:

H2O = H++ OH-
Массалар әрекеттесу заңын пайдаланып, судың диссоциациялық константасысын жазамыз:

Кд =



Су өте әлсіз электролит болғандықтан, тұрақты шамаларды теңдіктің оң жағына шығару арқылы- Кд * [H2O] = Кс судың иондық көбейтіндісін аламыз.
Кс = [Н+]·[ОН-] немесе Кс = [Н+]·[ОН-] = 10-14.
Судағы [Н+]·[ОН-] иондар концентрациясының көбейтіндісі тұрақты шама, оны судың иондық көбейтіндісі деп атайды және Кс немесе Кw деп белгілейді.
2.Сутектік көрсеткіш дегеніміз не?
Жауабы: Есептеулерге ыңғайлы болу үшін сутектік көрсеткішті рН арқылы өрнектейді. рН ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясын көрсетеді. Ол сандық түрде моль/л өлшенетін сутек иондары [Н+] концентрaциясының теріс ондық логарифміне тең:
рН = - lg[H+] немесе pOH = - lg[OH-].
Олай болса, рН + pOH = 14.
Осыдан:

  1. егер рН = 7 , онда орта бейтарап, мұнда [H+] = [OH-];

  2. егер рН > 7, онда орта сілтілік , мұнда [OH-] > [H+];

егер рН < 7, онда орта қышқылдық ,мұнда [H+] > [OH-].
ІІ. теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.

  1. Қандай реакцияны гидролиздену деп атайды? Жауабы:Тұздардың сумен әрекеттесіп, алмасу реакциясына түсуін гидролиз деп аталады.

  2. Гидролизтермині қандай ұғым береді? Жауабы:Грекше «гидро» - су, «лизос»-айрылу деген мағананы білдіреді.

  3. Гидролиз дәрежесі дегеніміз не? Жауабы:Гидролиздің жүру жиілігі гидролиз дәрежесіне (hr) тікелей байланысты. Гидролизге ұшыраған иондар санының жалпы иондар санына қатынасын гидролиздену дәрежесі деп аталады: hr =Ch/C, бұл өрнектен гидролиз дәрежесінің Оствальдтың сұйылту заңына өте ұқсас екенін байқаймыз.

  4. Катион немесе анион бойынша тұздар қалай гидролизденеді? Жауабы: Гидролиз – тепе-теңдіктегі қайтымды процесс, оны калий цианиді гидролизінің мысалында қарастыруға болады:

CN-+ H2O «HCN + OH-
Ка –қышқылдың күш көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, қышқыл соғұрлым әлсіз болуына сәйкес гидролиз күшті жүреді. Катион бойынша гидролиздену - Kh= KW/Kbформуласы арқылы өрнектейді, мұндағы Kbәлсіз негіздің диссоциациялану константасы, ал катион бойынша да анион бойынша да гидролизденуді: Kh= Kw/Ka×Kb – деп белгілейді.

  1. Толық гидролиз дегеніміз не? Жауабы: Гидролиз қайтымды процесс, бірақ кейбір жағдайларда қайтымсыз жүруі де мүмкін. Ондай жағдайлар: 1)Тұздың катионының заряды үлкен болғанда (+4, +5); 2)Тұз катион да, анион бойынша бір мезгілде гидролизденгенде; 3)Зат тұзға жатпай, екі металл еместен немесе активті металл мен металл еместің қосындысынан тұрғанда.

  2. Гидролиз процесінің тереңдігі анион немесе катион бойынша жүруіне байланысты ма? Жауабы: Жоғарыдағы мысалдан: KHCN= 7.2×10-10 Kh= 10-14/7.2×10-10. Егер КCN концентрациясы С = 0.1 моль/л болса, онда осындай төменгі константаны (1-h) »1 деп алып, осындай әлсіз қышқылдың гидролиз дәрежесі соншалықты үлкен емес - 1.2% жуық шамаға тең. Гидролиз дәрежесі неғұрлым төмен болғанымен рН-тың мәні айтарлықтай жоғары– 4.

Егер [OH-] = Ch = 0.0012, болса, онда рН - ? Жауабы: онда рOH »3, pH »11.

  1. Тұз бен су арсында жүретін алмасу реакциясын қалай атайды? Жауабы: Тұздардың сумен әрекеттесіп, алмасу реакциясына түсуін гидролиз деп аталады.

  2. Тұздар гидролизінің дәрежесі қандай факторларға тәуелділікте болады? Жауабы: 1)Тұздың табиғатына; 2) Ортаның температурасына; 3) Ерітіндінің концентрациясына; 4) Ионның зарядына; 5) Ионның радиусына; 6) Ионның электрондықшеңберінің деформациялануына; 7) Түзілген әлсіз электролиттің диссоциация константасы (Кд) тәуелділікте болады.

  3. Көпзарядты (Na2CO3) ионның гидролизін қалай анықтауға болады? Жауабы:

CO32- + H2O « HCO3- + OH-
HCO3- + H2O « H2CO3+ OH-
KaI(H2CO3) = 4×10-7 KhII= 2.5×10-8
KaII(H2CO3) = 5.6×10-11 KhI = 1.8×10-4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет