Шешім жобасы
Қазақстан Республикасы
бесінші шақырылған Зайсан аудандық
мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы
Зайсан қаласы 25 желтоқсан 2013 жыл
ШЕШІМ №
«2014-2016 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы»
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2013 жылғы 13 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 17/188-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3142 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
-
2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
-
кірістер – 5188077 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 763034 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 15611 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12348 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 4397084 мың теңге;
-
шығындар – 5152077 мың теңге;
-
таза бюджеттік кредиттеу – - 13771 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 16632 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 2861 мың теңге;
-
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 36000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 36000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
-
бюджет тапшылығы (профициті) – 13771 мың теңге;
-
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –
- 13771 мың теңге;
қарыздар түсімі – 16632 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 2861 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 0 мың теңге.
2. «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2013 жылғы 13 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 17/188-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
3142 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес аудан бюджеті үшін 2014 жылға арналған әлеуметтік салық, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен ұсталатын шетел азаматтарының жеке табыс салығы, төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығы, төлем көзінен ұсталмайтын шетел азаматтарының жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері 100 пайыз мөлшерінде орындауға алынсын.
3. Аудандық қазынашылық басқармасы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті бюджеттерге кірістер сомасын есепке алуды белгіленген нормативтер бойынша жүргізсін.
4. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 2009419 мың теңге сомасында белгіленгені ескерілсін.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238- бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салалары азаматтық қызметшілеріне бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайларда шұғылданатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда еңбекақылары жиырма бес пайызға көбейтіліп белгіленсін.
Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салалары мамандары лауазымдарының тізбесін жергілікті өкілетті органның келісімі бойынша жергілікті атқарушы орган анықтайды.
6. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес 2014 жылға ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек беруге (отын алуға) біржолғы ақшалай төлем түріндегі қаражат 7500 теңге мөлшерінде белгіленсін.
7. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2014 жылға арналған резерві 15820 мың теңге.
8. 2014 жылға арналған аудандық бюджетті атқару барысында секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
9. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте 5 қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттен 737415 мың теңге сомасында трансферттер көзделгені ескерілсін.
10. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте 6 қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен 1650250 мың теңге сомасында трансферттер көзделгені ескерілсін.
11. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға 16632 мың теңге сомасында кредит көзделгені ескерілсін.
12. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламалары 7 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
13. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М.Ануаров
Аудандық мәслихат хатшысы Д.Ыдырышев
Достарыңызбен бөлісу: |