Шетелден әкелінген асыл тұқымды төлді, сондай-ақ лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды ірі қара малдың төлін қоспағанда, асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату шарты



Дата30.06.2016
өлшемі69.5 Kb.
#167900


Үлгілік нысан

____________облысы әкімінің

2012 жылғы «____» _________

№ _____ шешімімен бекітілген

№ 1 қосымша
Шетелден әкелінген асыл тұқымды төлді, сондай-ақ лизинг шарты

негізінде сатып алынған асыл тұқымды ірі қара малдың төлін қоспағанда,

асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату шарты

_______________ «___»_________ 2012 ж.

(елді мекен)

Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісі (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – асыл тұқымды ірі қара мал төлін сатқан кезде) _________________________ атынан ____________________________________

(толық атауы) (қызметі, толық аты-жөні)

Жарғының және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, ірі қара мал тұқымдары бойынша Республикалық палаталардың 20____ жылғы «___» ___________ берілген № _______, Аттестаттың, асыл тұқымды куәліктің негізінде әрекет етуші, бұдан әрі Сатушы деп аталатын, бір жағынан, және _______________________________________________________

(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің толық атауы – керегін көрсету)

Жарғы негізінде іс-әрекет ететін басшысы тұлғасында_____________________,

(толық аты-жөні)

екінші жағынан, бұдан әрі Сатып алушы деп аталатын, Тараптар бірлесе отырып төмендегілер туралы осы шартты жасасты.


1. Шарттың мәні
1.1. Осы шарттың мәні асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату болып табылады.


  1. Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) саны

2.1. Осы шарт бойынша қарастырылған Сатушының сататын және Сатып алушының сатып алатын асыл тұқымды өнімінің (материалдың) саны төмендегіні құрайды, (қажеттісін көрсету):

1) _________ бас, жалпы тірілей салмағы ___________ килограмм;

2) ____________ дана асыл тұқымды жұмыртқа;

3) _________________ бас тәуліктік балапандар.


  1. Шарттың жалпы құны

3.1. Осы шарттың жалпы құны ___________________________________ теңгені құрайды. (цифрмен және жазумен)

3.2. Бір бірлік асыл тұқымды өнімнің (материалдың) құны (қажеттісін көрсету):

1) 1 бас үшін _______________ теңге;

2) 1 кг тірілей салмағы үшін _______________ теңге;

3) 1 дана асыл тұқымды жұмыртқа үшін _____________ теңге;

4) 1 бас тәуліктік балапан үшін _______________ теңге.



  1. Есеп айырысу шарты

4.1. Төлем нысаны: _____________________________________________

(қолма-қол немесе есеп шоттық есеп айырысу,

______________________________________________________________________________________________________________

№, күні және төлем құжатының атауы)

4.2. Сатушы сатады, Сатып алушы құнын төлеп, сатып алады _____________________________________________________________________________________________________________

(ескертуге сәйкес толтырылады *)


  1. Уағдаласушы Тараптардың жауапкершілігі және міндеттері




    1. Сатушы міндеттенеді:

осы шарттың 2.1. тармағында көрсетілгендей Сатып алушыға сапалы асыл тұқымды өнім (материал) көлемін қоюға;

сатылған асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық көлеміне асыл тұқымдық куәліктерді және ветеринарлық паспортты (сертификатты) Сатып алушыға беруге;

5.2. Сатып алушы міндеттенеді:

сатып алынған өнімнің құны төленген күннен бастап бір апта ішінде (сатушының аумағында карантиндік шараларды қоспағанда) оларды өз аумағына алып кетуді қамтамасыз етуге;

сатып алынған асыл тұқымды өнімнің көлемі туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша аудандық мемлекеттік инспекторды келген жері бойынша хабардар етуге.

5.2.1. Асыл тұқымды өнімді (материалды) тек асылдандыру мақсаты үшін, сондай-ақ асыл тұқымды төлді табынды өз төлінен өсіру мақсатында пайдалануға:

- асыл тұқымды ұрғашы тоқтылар, шошқалар, таналар, биелер және інгендерді екі рет төлдегенге (боталауға) дейін (шошқалар, таналар, құлын-тайлар);

- асыл тұқымды бұқаларды, айғырларды және бураларды шағылыстыру маусымы – кемінде екі рет (шағылыстыру маусымы мамыр-қазан айлары);

- асыл тұқымды жұмыртқа - инкубация үшін;

- тәуліктік балапандарды аталық табындарды қалыптастыру үшін (ет бағытындағы құс шаруашылығында) және өнеркәсіптік табын қалыптастыру үшін (жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында).

5.3. Асыл тұқымды малдар белгіленген мерзімнен ерте шығарылған жағдайда иесі округтің ветеринар дәрігерімен және мемлекеттік ветеринариялық инспекторымен себебін көрсетіп шығарылу туралы акті толтырады.


  1. Қорытынды ережелер

6.1. Даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар осы мәселені реттеу бойынша шаралар қабылдайды, келісімге келе алмаған жағдайда шешім сот тәртібімен қабылданады.

6.2. Осы шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалады: тараптардың әрқайсысына бір-біреуден.

6.3. Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және міндетті болып табылады.



  1. Тараптардың заңды мекен-жайы және деректемелері

«Сатушы» «Сатып алушы»

___________________________ _______________________

(пошталық мекен-жайы) (пошталық мекен-жайы)

___________________________ _______________________

(банкілік деректемелері) (банкілік деректемелері)

___________________________ _______________________

(аты-жөні, басшының қолы) (аты-жөні, қолы)


МО МО




Ескерту:
* асыл тұқымды төлді сатып алған кезде жануарлардың түрі, тұқымы, жыныстық-жастық тобы және олардың жасы көрсетіледі;

асыл тұқымды жұмыртқаны және (немесе) тәуліктік балапандарды сатып алған кезде асыл тұқымды құстың кроссы және өнімділік бағыты көрсетіледі.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша аумақтық бөлімшенің мемлекеттік инспекторлары өз құзіреттілігі шегінде өз қызметтерін жүзеге асырады.
Сатып алынатын асыл тұқымды малдардың жасы ересек болмауы тиіс:

Мүйізді ірі қара:

қашарлар – 18 айға дейін;

құнажындар және тұқымдық бұқалар - 26 айға дейін.

Қойлар:

Ұрғашы тоқтылар - 18 айға дейін;

Тоқты қошқарлар - 18 айға дейін.

Жылқылар:

Биелер - 3 жылға дейін;

Айғырлар – 5 жылға дейін.

Түйелер:

Ұрғашылары - 3 жылға дейін;

Еркектері - 5 жылға дейін.

Шошқалар:

Мегежіндер - 12 айға дейін;



Еркек шошқалар – 14 айға дейін.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет