Шығармашылық жоба жұмысы Тақырыбы: Сый кәделік киіз үй жасау Жетекшсі: Манасов Шыңғыс Аманқұлұлы



Дата27.06.2016
өлшемі173.32 Kb.
#161362
Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Қорғантұз орта мектебі


Шығармашылық жоба жұмысы

Тақырыбы: Сый кәделік киіз үй жасау

Жетекшсі: Манасов Шыңғыс Аманқұлұлы

Қорғантұз орта мектебі

Жоба жұмысын орындатудағы мұғалімнің міндеті:
- Шығармашылық жоба жұмысы жөнінде толық түсінік беру.

- Шығармашылық жоба жұмысының тақырыбын таңдауға дұрыс

бағыт- бағдар беру.

- Шығармашылық жоба жұмысының оқушы балалардың жас

шамасына сәйкес келуін ескеру.

- Жоба жұмысын орындайтын оқушының қабілеті, шеберлігі,

ісмерлігі т.б. қажетті мүмкіндіктерін бақылау.

- Ата- анамен тығыз байланыс орнату, жобаны жүзеге асыруға

қатысатын ата- аналарға ақыл- кеңес беру.

- Мектептің, қоғамдық орындардың қандай да бір өнімге және

көпшілікке қызмет көрсетуге деген тұтыну қажеттілігін анықтау.

- Мектеп шеберханасының материалдық- техникалық базасының

жағдайын ескеру.

- Жобаның қойылған талаптарға сай орындалуын қадағаау.

- Жоба жұмысы барысында жұмыс істеудегі қауіпсіздік техника-

сының қатаң сақталуына бақылау жасау.

- Жоба жұмысын орындау кезінде оқушының іс- әрекетін

қадағалап, жіберген кемшіліктерін түзетуге көмектесу.

- Жоба жұмысының сапасын тексеру.

- Жоба жұмысын бағалау.



Аннотация

Тақырыбы: «Сый- кәделік киіз үй»

Мақсаты: Өскелең ұрпақ бойына қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дарыту.

Қазақтың салт- дәстүр, әдет ғұрыптарын дәріптеу

Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Болжам: Өзіндік бақылау жүргізу мен шығармашылық жоба жұмыстары арқылы, киіз үй жасау технологиясын меңгере отырып, оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарына деген қызығушылығын оятып, оларды қазақтың ұлттық қолөнерін дамыту ісіне тарту.

Шығармашылық жоба жұмысының орындалу барыстары, кезеңдері:

І.Проблеманы болжау.

ІІ.Жоба жұмысының тақырыбын таңдау және оны нақтылау.

ІІІ.Жоба жұмысын жасауда мақсат қоя отырып, болжам жасау.

ІҮ.Жоба жұмысының тақырыбына сай ғылыми әдебиеттерді іріктеу.

Ү.Жоба жұмысын орындаудағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіру.

ҮІ.Жоба жұмысын орындауға материалдар таңдау.

ҮІІ.Жоба жұмысын («Сый- кәделік киіз үй») жасауды жоспарлау.

1.Технологиялық (нұсқау) карта жасау

2.Кереге бөліктерін жасау

3.Уықтарын жасау

4.Шаңырақ жасау

5.Сықырлауық (киіз үй есігі) жасау

6.Тұғыр дайындау

7.Дайын бөлшектерді құрастырып- бекіту

8.Әрлеу- әсемдеу жұмыстары

9.Киіз үй жабынын кигізу

ҮІІІ.Экономикалық негіздеу (киіз үидің құнын есептеп шығару)

ІХ.Дайын өнімді жарнамалау.

Х. Киіз үйді сый- кәделік бұйым немесе балалар ойыншығы ретінде пайдалануды жоспарлау.



Жұмыс нәтижесінің қорытындысы: Шығармашылық жоба жұмысы барысында киіз үйдің сый- кәделік нұсқасы дайын болып, көпшілік сұранысына ие болды.
Проблеманы болжау (жобаны негіздеу)

Мен Байқадам ауылында тұрамын.Сабақтан соң үйдегі кішкене інімді балалар бақшасынан алып келу менің күнделікті міндетім.Балалар бақшасына барған кезде байқағаным балалар ойыншығының барлығы да пластмасса немесе резеңке материалдарынан жасалған.Бұл материалдар негізінен мұнай өнімдерінің қалдықтарынан жасалған болғандықтан,адам денсаулығына өте зиян екендігін блеміз.Балалардың зиянды нәрселермен уланбауына кішкене де болса үлесімді қосу мақсатында табиғи материалдан сый- кәделік (ойыншық) бұйым жасауды ойластырдым.

Ойлана келе қазақтың киіз үйінің сый-кәделік үлгісін жасауды таңдадым.Осы ойымды жетекші мұғалімге айттым және де жетекші мұғалім пікірімді тыңдай келе,осы жұмысты қолға алуыма бағыт-бағдар берді.

Жетекші мұғаліммен ақылдаса отырып тақырыпты таңдап өз мүмкіншіліктерімді қарастырдым.Жобаға байланысты бірнеше нұсқаларға шолу жасап,сол нұсқалардың біреуін нақтылап- таңдадым.

Киіз үй үлгісін жасау үшін негізгі материал табиғи өскін тал. Бұл-табиғаттың тамаша туындысы тоғайдың ішінде өседі.Мен тұратын Байқадам ауылы Ұлы Борсқ құмы бойында орналасқандықтан ,осы Ұлы құм бойында бізге қажетті материал жеткілікті. Тоғайдан, яғни құм бойынан қажетті материалды жетекшім екеуміз дайындап алып келдік.

Материалдарым дайын болған соң киіз үй жөнінде мәлімет жинақтау үшін ғаламтор (интернет) желісіне шолу жасап,кітапханаларда іздену жұмыстарын жүргізіп, киіз үй жөнінде көптеген мәліметтер алдым.

Ендігі негізгі жұмыс киіз үй жасаудың нұсқау картасын сызу. Нұсқау карта сызып болған соң ыңғайлы жұмыс орнын қарастырдым. Бұл үшін мен жетекші мұғаліммен ойласа отырып, мектептегі шеберхананы жоба жұмысын орындау орны ретінде таңдадым.

Шеберханада жұмыс жасауға барлық мүмкіндіктер бар, құрал – саймандар, жабдықтар жеткілікті. Материал дайын, жұмыс орны

белгіленді. белгіленді.


Р/с

Жұмыстың орындалу реті

Сызбасы

Қажетті құрал – сайман жабдығы

1

Киіз үйдің керегесіне арнап 290 мм, 48 дана тал дайындау

прямая соединительная линия 1прямая соединительная линия 4прямая соединительная линия 5

прямая со стрелкой 6

290 мм


Ара, өлшеуіш, қарандаш,жұмыс үстелі

2

Дайындалған талдың екі қапталын жону, араларын 50 мм қылып тесу

диагональная полоса 8


прямая соединительная линия 7прямая соединительная линия 11прямая соединительная линия 13

прямая со стрелкой 12

50 мм


Арнайы пышақ, қол бұрғы, қарындаш жұмыс үстелі

3

330мм 14 дана шыбық дайындау, сыртын жону және қалыпқа отырғызу

прямая соединительная линия 9диагональная полоса 10прямая соединительная линия 14прямая соединительная линия 18
прямая со стрелкой 19

330 мм




Ара,өлшеуіш, арнайы пышақ, қарындаш,

жұмыс үстелі



4

Уықтың жоғарғы басын жону, төменгі басын тесу

диагональная полоса 17




Арнайы пышақ,

қол бұрғы,

жұмыс үстелі


5

Шаңыраққа арнап 450мм тал кесіп алу, арнайы дөңгелек қалыпқа отырғызу




Ара,өлшеуіш, арнайы пышақ, қарындаш, жұмыс үстелі

6

Дайын болған диаметрі 135мм дөңгелекті тесу

овал 22молния 23


Ф135мм прямая со стрелкой 29


Қол бұрғы, жұмыс үстелі

7

ДВП материалынан тұғыр жасау

прямоугольник 24прямая соединительная линия 30прямая соединительная линия 31прямая соединительная линия 32прямая соединительная линия 33прямая со стрелкой 35

650мм
прямая со стрелкой 34650мм



Қол ара, жұмыс үстелі

8

Дайын бөлшектерді құрастырып- бекіту, әрлеп- әсемдеу




Жіптер, бояу, лак, жұмыс үстелі
Жоба жұмысын орындау үшін,нұсқау картаны басшылыққа ала отырып іске кірісіп
кеттім.

Модельдер

Материал таңдау

Құнын есептеу

Құралдар мен жабдықтар таңдау

Еңбек қауіпсіздігін ескеру

Орындау технологиясы

Киіз үй
прямая соединительная линия 37 прямая соединительная линия 38 прямая соединительная линия 39 прямая соединительная линия 40 прямая соединительная линия 41 прямая соединительная линия 42

Киіз үй- құтты мекен

Киіз үй-көшпелі өмірге бейімделген, ерте заманнан келе жатқан көшпелілер баспанасы. Еуразия далаларындағы жартылай көшпелі және отырықшы халықтардың арасына кеңінен таралған. Көшіп-қонуға лайықталып жасалады, түйе мен атқа тиеу арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күнде киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екіқабат киізбен қаптап, ошақ жағып, жазға дейін отыра беруге болады. Киіз үй-өзіндік баға жетпес өнер туындысы, қазақ халқы үшін өмір салты мен әдет-ғұрпының, дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Көшпелілердің кіші әлеміне айналған киіз үй олардың өмірінің көп бөлігі өтетін дәстүрлі тұрақты мекенжайы болған.

Киіз үйдің пайда болуы қола дәуіріне саяды. (б.з.б. 3-мыңжылдық). Киіз үй б.з.б. 7 ғасырда кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір кәсіпке айналды. Киіз үйдің сол кезден бастап кең таралғанын сол заманда тасқа қашап түсірілген (Алтай,Сібірдегі Баяр жар тасы, Қырым) суреттерден айқын байқауға болады. Көшпелі сақ тайпаларының киіз үйде тұратынын алғаш рет ежелгі грек тарихшылары (Геродот, т.б) жазды. Киіз үйдің сыртқы пішіні байырғы дың, домбауылдарға ұқсас, қабырғалары шеңбер, төбесі күмбезденіп келеді. Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ) сүйегі деп атайды. Киіз үйді тіккенде үй сүйегі бір-бірімен бау-басқұрлар (басқұр, құр, таңғыш, шалма, белдеу, бау) арқылы біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан ши (шым ши немесе ақ ши) тұтылып, киіз әбзелдер (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады.

Туырлық-кереге іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік- кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты, түндік-шаңырақты, киіз есік-сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Шиыршықтап түріп қоюға ыңғайлы. Көбінесе, жел болғанда немесе салқын түскенде пайдаланылады.

Киіз үй сүйегін бір-бірімен ұстастыру, сыртқы киіздерін бастырып тұру мақсатында бау-басқұрлар қолданылады. Олар: басқұр, құр, таңғыш, шалма; Туырлық; үзік және түндік баулар, балақ бау,иық бау, жел бау, т.б. Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жыртуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Алуан түрге боялған қой жүнін шиге орау арқылы геометриялық өрнекпен тоқылған шиді «шым ши» деп атайды. Ши кейде туырлықтың сыртынан да ұсталады. Бай жиһаздалған киіз үйлерде, қазан-аяқ жаққа болмаса, ши ұстамайды.

Киіз үйдің сыртқы әбзелдері( туырлық, үзік, түндік) күн сәулесі мен тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірілген шаңқан ақ киізден (кей жағдайларда киіз түсін ағарта түсу үшін бор қосатын болған) пішіп, ою-өрнектермен безендіреді. Пішілген киізді таңдай өрнекті жіппен жиектеу, мақпал немесе шұғадан дөдегеге ою бастыру киіз үйге салтанатты сән береді. Киіз үйдің басқұрлары мен желбаулары да әшекейлі өрнекпен көмкеріліп, түрлі түсті жіппен тоқылады.

Киіз үйді тігу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тәжірибесіз адам тіккен киіз үй бір жағына қисайып немес уығы ырғып кетеді. Киіз үйді тіккенде ең бірінші кереге жайып, оның сағанақтарын таңғыштармен біріктіре таңады, есігін орнатады. Басқұр-таңғыштармен мықтап таңылған кереге шеңберінің үстінен бақанмен шаңырақ көтеріп, оған уық шаншады. 12-18 қанат үйлер өте биік болғандықтан, атты кісі шаңырақты көтеріп тұрғанда, өзге атты кісілер уықты шаншатын болған. Уықты керегенің басына балақ бау арқылы байлап, бекітеді. Уықтарды шалма жіппен ортасынан байлап, бір-бірінің арасын жалғастырады. Әрбір уық қаламын шапңырақ қаламдығына сұғынта кіргізіп, екінші жағын құрмен шалмап шығады. Осыдан кейін туырлық, үзік, түндік, киіз есік деп аталатын киізден жасалған бөлшектермен жабады да, баумен байлап бекітеді.

Киіз үйге лайықталған ішкі жиһаз (әбдіре, жүкаяқ, тұс киіз, кілем, т.б), төсеніш (алаша, сырмақ, текемет, т.б) сондай-ақ, тұтыну заттары (аяққап, кесеқап, тұлып, қоржын, т.б.) болады. Негізінен, киіз үй қазақ үй, ағаш үй, қара үй деп үшке бөлінеді. Оның себебі- батысы мен шығысы, түстігі мен терістігі мыңдаған км-ге созылған қазақ жерінің географиялық жағдайы киіз үйдің сырт пішіні, жасалу технологиясына да аздаған өзгешеліктер енгізген. Оны киіз үйдің әр жерде әр түрлі атауларынан да байқауға болады. Мысалы, оңтүстік облыстарда оны киіз үй деп атаса, батыс облыстарда ағаш үй, киіз үй деп қатар атайды.

Жалпы, киіз үйдің үлкен-кішілігін санына қарай белгілейді. Киіз үйдің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Киіз үй керегесінің басы 70-80-нен 360 – қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйі 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріліп, әшекейлеген. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруаларға тән киіз үйді алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа, жолым үй, көтерме туырлықты, қалмақы үй, жаба салма, жаппа деп атаған. Ең үлкен киіз үй 30 қанатқа дейін барған.

Қазақтың киіз үйі өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты, негізінен, үш түрге бөлінген:



  1. Жаздыгүні тұруға арналған киіз үй;

  2. Мереке-жиын кезінде немесе қадірлі қонақты күтіп алатын киіз үй;

  3. Жорық кезінде тігетін киіз үй Бұдан басқа негізгі үйден бөлек асханаға, қоймаға, сарайға арналған да киіз үйдің түрлері болған.

Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін Абылайша, ақ қос, қос, қаңқа (арбаның үстіне тігілетін үй), жорық үй деп атаған. Сондай-ақ, құрым киізден, қамыстан, шиден-қақыра, доғара, аран, қалқа, тошала сияқты киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер де салынатын болған. Мұндай қақыра немесе қалқа сияқты үйлер, көбінесе, жаугершілікте, майдан шебіндегі далаға, жауын-шашыннан қорғану үшін тігілген.

Молшылық пен сәттіліктің белгісі болып есептелген, таңғыштармен, арқан-жіптермен байланыстырылатын қаңқасы (сүйегі) құрастырылып-ажыратылатын киіз жабынды киіз үй үлгісі-ақ боз үй. Ол биіктігі 135-140 см-дей 15 басты алты керегеден, күмбезін құрайтын ұзындығы 240-250 см-дей 80-90 уықтан, диаметрі 180-190 см-дей шаңырақтан, босаға, маңдайша, табалдырыққа бекітілетін қос қанатты ағаш есіктен (сықырлауық) құрастырылады.Төрт туырлықпен, екі үзікпен, түндікпен жабылады. Жылжымалы тұрғын үйдің көп тараған және мейлінше жетілдірілген нұсқасы. Ақ боз үй деп аталатыны-көбінесе, шынайы ақ реңк алу үшін бор қосып басылатын ақбоз киізбен жабылатындығына байланысты.

Ақ боз үйдің өзімен қатар тігілетін қосалқысы-қараша үй деп аталады. Оны асхана ретінде пайдаланған. Ақ боз үймен салыстырғанда көлемі кішілеу, төрт қанатты, уығы қысқа, тікелеу болғандықтан, бойы аласалау келеді. Көбінесе, қоңыр киізбен жыбалатындықтан, қара үй немесе қараша үй деп аталған.

Қазақ киіз үйінің шоқтығы саналатын, құрастырылып- ажыратылатын киіз жабынды тұрғын жайдың аса сыйымды түрін орда деп атайды. Бұл ел билеген хан мен сұлтандар үшін көпшіліктің қатысуымен салтанатты, рәсімді жиындар өткізіліп тұруға, елшілер мен құрметті қонақ қабылдауға, келіссөздер жүргізуге, шартқа қол қоюға ыңғайластырылған 12, тіпті одан да көп қанатты киіз үйдің үлгісі көлемі 130-140 м2, керегесінің биіктігі 240-250 см-дей, уығының ұзындығы 310-32 см-дей, шаңырағының диаметрі 200-220 см-ден кем түспейді.



Киіз үй- қазақ халқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге асқан заттық, тұрмыстық мәдениетінің көрінісі. Ол сонымен қатар қазақ халқының материалдық мұрасының бірегейі ретінде бағаланады. Киіз үй бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай жетіп, ауылдық жерлерде қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланылып келеді.

Киіз үйдің құнын есептеп шығару

(экономикалық есеп)


Р/с

Бөлшектің атауы

Материалы

Өлшемі (мм,л)

Бағасы (1м/тг,1л/т)

Материалдың жалпы бағасы

1

Табаны

ДВП

650х650

150

1200

2

Кереге

Тал

1392

139

10

3

Уық

Шыбық

462

46

10

4

Шаңырақ

Тал (шыбық)

450

45

10

5

Сықырлауық

Рейка

1200

24

20

6

Жабын

Мата




300

300

7

Жіп

Шпагат

5000

20

100

8

Бояу

Лак

0,5

1000

500

9

Сым

Темір

1000

40

40


Барлық шығын :

ДВП-150 тг

Тал (шыбық) – 230 тг

Мата – 300 тг

Рейка – 24 тг

Бояу(лак) – 500 тг

Жіп (шпагат)-100

Сым-40

Қосымша шығындар – 300 тг

Киіз үй жасауға жұмсалған уақыт – 5 күн

1 күндік еңбек ақы 1000 тг болса, еңбек ақы 5000 тг.

Есептеу : 150+230+300+24+500+100+40+300+5000=6644

Киіз үй құны: 6644 тг
Жарнама
Сый- кәделік киіз үй

Ерекшелігі:

  • Ағаш материалынан жасалған;

  • Әсем, безендірілген;

  • Жеңіл, шағын;

  • Берік, шыдамды;

  • Экологиялық қауіпсіз.


Жарнама беруші: Жақсылықов Шыңғысхан

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Байқадам селосы

Қорғантұз орта мектебі

Байланыс телефоны: 8 713 49 24 421
ҚОРЫТЫНДЫ

Киіз үй төбесінің конус сияқты күмбезденіп дөңгелеген формасы бар, өте ертеде пайда болған, шығыс халықтарының барлығына ортақ, ең алғашқы көшпелі жылжымалы үй типінің бір түрі.

Көшпелі халық өмірінде, жорықтары мен аң аулаушылықта киіз үй құрылысының тез тігілуі мен тез жылжуға арналып жасалуының маңызы зор болған.

Киіз үйді тігу мен жинауды негізінен тек әйелдер атқарады, сондықтан мұның өзі олардан дағды мен ептілікті талап етті. Осының бәрі жеке отбасының немесе тұтас бір ауылдың қысқа мерзім ішінде тез қоныс аударуып кетуіне мүмкіндік берді.

Бұл ертеректегі көрініс.

Заман өзгерді. Қазақ халқы отырықшы халық негізінде қалыптасты.

Ғаламдық ғылым мен техниканың қарыштап өркендеуі, жаһандану процесіне қазақ халқы да ере білді. Үлкен өндіріс орындары, әсем, биік ғимараттары бар қалалар тұрғызды.

Осы қарқынды даму кезеңінде де киіз үй өз құндылығын ойған жоқ. Ұлттық мереке, үлкен тойларды қазақы киіз үйінсіз елестету мүмкін емес.

Қазір киіз үйдің берік металдан жасалған түрі үлкен тойларда жиі қолданылады.

Еліміздің мемелекттік елтаңбасында да осы киіз үйдің шаңырағы бейнеленген.

Қазақ киіз үйінің кішкене үлгілерін қазір сый- кәделік бұйым ретінде пайдаланып жүр.

Мен шығармашылық жоба жұмысын орындай отырып мынадай тұжырымға келдім:

Менің жасаған сый- кәделік киіз үйім экологиялық таза материал, сый- кәде немесе балалар ойыншығы ретінде қолданылады, қазақ халқының өшпес мұрасы қол өнерді насихаттайды, жеткіншектердің ұлтжандылық сезімін оятады.

Қорыта айтар болсам,менің бұл жұмысты орындай отырып үйренгенім.Киіз үй жөнінде толық мағлұмат алдым,киіз үйдің біздің халқымыз үшін аса қадірлі баспана,құтты мекен екенін ұғындым.Елімнің болашағы кішкене сәбилерге үлкен қуаныш сыйлайтыныма өзім риза болдым.



Өзімнің бастапқы негіздемеме сүйене отырып, мен бұл бұйымды балалар бақшасына тарту етуді ұйғардым.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет