ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ПОӘК 042-14-5-02.1.20.01 /03- 2013
|
«Шығыс алашорда тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№1 басылым
13.09.13
|
«Шығыс Алашорда тарихы» пәні бойынша
тарих мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
СЕМЕЙ
2013
Мазмұны
-
Глоссарий
-
Дәрістер
-
Практикалық сабақтар
-
Студенттердің өздік жұмысы
1 Глоссарий
-
Алаш козғалысы - XX ғасырдын алғашкы ширегінде Ресей империясының отарлык билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттык қозғалыс. Сол кезде қазақ қоғамы үшін халкының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайык жана күрес құралдары, әдіс - айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат мүдделерді түсіндіретін, жеткізетін саяси әлеуметтік күшке сұраныс үлкен еді. Ол күш сан жағынан аз болғанымен, тез ысыла бастаған, ұлттык интеллегенция, қазақ оқырмандары болатын, олар осы қозғалыстың негізін қалады. Алаш қозғалысы 1917 жылы ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылы көктемде және жазда қазақ комитеттерінің пайда болуы, күзге қарай Алаш партиясының және Алашорда өкіметтерінің кұрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болды.
-
Алаш партиясы - Қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы /1917-1920жж./. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен жалпы қазақ съезі саяси партия құру туралы мәселе қарады, шешім қабылданды.
-
Алашорда /Ұлт Кеңесі/ өкіметі - Екінші жалпықазақ съезінде /1917 ж. желтоқсан /өмірге келді, құрылды. Ұлттық Кеңес мүшелері түгелге дерлік Алаш партиясы атынан қатал күрделі жағдайда жұмыстар жүргізді. Қым-қиғаш азамат соғысының сұрапыл күндерінде Алашорда өкіметі халқының ертеңгі нұрлы болашағы үшін жұмыстар атқарды. Алашорда - Алаш автономиясының өкіметі ретінде /1917 жылғы желтоқсан - 1920 жылдар/ аралығында Қазақстанды Ресей орталығындағы жеңіске жеткен «социалистік» революциядан қорғау мақсатында іс-шаралар жасап, оны қорғауға тырысты. 1918 жылы 18 қаңтарда қызылдар жасағы Орынборды басып алғаннан соң, Алашорда біртұтас қазақ автономиясын құрып үлгермей, бірлігінен айырылып қалды. Семей және Орал өңіріне Шығыс және Батыс бөлімдері болып бөлініп кетті. Ендігі жерде негізінен Алашорданың уакытша тұратын орны - Семей қаласы болып белгіленді. Ә.Бөкейханов және оның серіктері Кеңес өкіметін танымай, өз өкіметінің жұмыстарын орындауға бел буды. Алашорда азамат соғысы жылдарында Кеңес кұрылысына жау күштері жағында болды. Алаш қозғалысына қатысқандарға /1919-1920 жж./ кешірім жасалғанымен олар түгелге дерлік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды.
-
Аграрлық мәселе - жер иелену; жерді пайдалануға байланысты мәселелер; өнеркәсіпке қарағанда ауыл шаруашылығы өндірісінің басымдылығын сипаттайтын мәселелер.
-
Ақ гвардия - Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде Кеңес республикасына, большевиктерге қарсы күрес жүргізген құрамалар. Ақтардың әскери күші Қызыл гвардияға (Кеңес тәртібіне) қарсы күрес жүргізді.
-
Азамат соғысы - Бір мемлекеттің аясындағы, ішіндегі әлеуметтік күрестің неғүрлым өткір формасы, бір-бірімен жауласушы жақтардың (азаматтардың) өкімет билігі үшін күресі.
-
Анархия - өкімет билігінің жоқтығы; стихиялық, берекесіздік, ұйымдаспағандық т.б.
-
Автономия (өзін-өзі басқару) - Мемлекеттің белгілі бір аймағындагы кең көлемді ішкі басқару; бірыңғай заң (конституция) негізінде басқарылатын мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі.
-
Апогей - Қандай да бір құбылыстың гүлдену, шарықтау шегі.
-
Анархизм - белгілі бір мемлекеттік билікті, ұйымдасқан саяси күресті жоққа шығаратын анархияны насихаттайтын қоғамдық саяси ұйым.
-
Антанта - құрамында Ұлыбритания, Франция, Ресей енген әскери одақ. Блок 1904-1907 жылдардан бастап қалыптаса бастады, алғашқы жаһандық соғыста Германия бастаған Үштік одаққа қарсы соғысты.
-
Авантюризм - кездейсоқ табысқа жету есебімен, тәуекелге бел бұған әрі күдікті іс.
-
Анархист - анархизмнің жақтасы, анархистік ұйымның мүшесі.
-
Амнистия - жоғарғы өкімет орындарының адамдардың белгілі бір топтарын сот жазасынан ішінара немесе толық босатуы.
-
Әскери коммунизм - Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920жж.) әлеуметтік экономикалық саясаты.
-
Бірінші дүниежүзілік соғыс - 1914-1918 жж. аралығында /Антанта-Үштік Одақ/ оны жақтаушылардың арасында болған соғыс.
-
Билік - Ерік, бедел, күш, құқықтарды пайдалана отырып, адамдарға әсер ете білу қабілеті, саяси үстемдік, саяси органдар жүйесі, саясатты жүзеге асыру құралы.
-
Буржуазия - кейінгі ортағасырлар кезеңінде пайда болып, буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде үстем тапқа айналған әлеуметтік топ.
-
Буржуазиялық революция - басты міндеті феодалдық құрылыспен оның сарқыншақтарын жою, буржуазиялык билік орнату, буржуазиялық мемлекет құру үшін жасалынатын төңкеріс.
-
Большевиктер - Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының фракциясы.
-
БОАК - Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті.
-
Гегемон - басшы, кесем
-
Гегемония - басшылық жағдай, қозғалыс күрес барысындағы басшылықты қолға алу үшін саяси күштерді пайдалану.
-
Дүниежүзілік соғыс - Дамыған капиталистік елдердің ықпал ету аймақтары, шикізат көздері, дүниежүзілік үстемдік жолындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісу нәтижесі.
-
Диктатура (шектеусіз билік) - Жеке адамның, топтардың, таптардың ешқандай шектеусіз үстемдік етуі. Көсем бастаған адамдардың белгілі бір тобының саяси экономикалық, идеологиялық салалардағы билікті жүзеге асыруы.
-
Декрет - Мемлекеттік жоғары органдардың заңдық күші бар құжаты (Бітім туралы, Жер туралы декрет т.б.).
-
Директория — кейбір уақытша өкіметтердің атауы.
-
Декларация /жариялау/ - Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялар мен халықаралық ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме.
-
Дискредитация - әлдекімге, әлде нәрсеге деген сенімге, әлде кімнің атақ-абырой, беделіне нұқсан келтіру
-
Ереуіл - жұмысшылардың, қызметшілердің ұжымдарының белгілі экономикалық және саяси талаптарының қанағаттандыру барысында наразылық көрсетуі (жұмыстарын тоқтатуы, шерулерге шығуы т.б.), еңбек ету барысындағы дауларды реттеуге арналған шаралар.
-
Жұмысшы депутаттарының Кеңестері - өзін-өзі басқару ұйымдарын құру нәтижесінде, халық бұқарасының құруы негізінде пайда болған, сайланбалы саяси жұмысшы органдары, Жерді национализациялау - өтемсіз тартып алу, немесе толық, ішінара сатып алу арқылы жерді жеке меншіктен мемлекеттік меншікке айналдыру.
-
Империя - император басқаратын монархиялық мемлекет, бірорталықтан басқарылатын, экономикалық саяси дербестігінен айрылған аумақтардан құралған мемлекет; өнеркәсіптің тұтас бір саласына, қандай да бір қайраткерлікке бақылауды жүзеге асыратын ірі монополия.
-
Кеңестер - 1905-1917жж. төңкеріс жылдарында пайда болған (жұмысшылар мен қызметшілердің Кеңестері, шаруа депутаттарының кеңестері, солдат (матрос) депутаттарының кеңестері) тәрізді саяси сайланбалы ұйымдар.
-
Халық Комиссарлары Кеңесі (ХКК) - Кеңес мемлекетінің 1917-1946 жылдар аралығындағы жоғарғы атқарушы және жарлық етуші органы, өкіметі.
-
Контрреволюция - әлеуметтік революцияның нәтижесінде кұлатылған таптың немесе басқа да әлеуметтік топтардың күні біткен қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қалпына келтіру немесе сақтап қалуға бағытталған күресі. Контрреволюцияның формалары мен әдістері әртүрлі: қастандықтар, бүліктер, Азамат соғысы, саботаж, диверсиялар, блокада, шетелдік интервенция т.б.
-
Коррупция (сатып алу) - зандылықты бұзу жолымен лауазымды адамның өзінін қызмет ету жағдайын, жеке басының баюы мақсатында пайдалануы.
-
Қос өкімет - Ақпан төңкерісінен соң (1-2 наурыз - 5 шілде, 1917 ж.) Ресейде екі өкімет билігінің қатар өмір сүруі. Екі диктатураның жеке дара билігі үшін күресуі. Уақытша өкімет - буржуазия мен помещиктердің бір бөлігінің диктатурасын жүзеге асыратын билік. Бұл Өкімет Парламенттік монархияны орнатқысы келді. Жұмысшылар мен солдат депутаттарының кеңестері, өз мақсатын жұмысшы табымен шаруалардың революцияшыл демократиялык диктатурасымен демократиялық республика орнату деп жариялаған өкімет.
-
Қазақ комитеттері - Ұлттық қоғамдық саяси ұйым. Ол ақпан төңкерісінен кейінгі Ұлт-азаттық қозғалыстың даму нәтижесінде қалыптасып, мемлекеттік еркінділікке, ұлттык мемлекет болуға ұмтылған халықтың алғашқы қадамы болатын.
-
Милитаризм - әскери күш-қуатты арттыру, қауырт қаруланумен соғысқа дайындықтағы белсенділік саясаты.
-
Мобилизация - мемлекеттің қарулы күштерінің, азаматтық қорғанысымен халық шаруашылығының немесе қарулы күштерінің белгілі бір бөлігінің әскери жағдайға көшірілуі; запастағы әскери міндеттілерді әскерге шақыру;
-
Национализациялау — жеке меншіктен еріксіз түрде айыру, өтемсіз тартьп алу, толық немесе ішінара сатып алу, кооперациялау арқылы ұсақ меншікті коғамдастыру жолымен жеке меншік кәсіпорындар мен экономика салаларын мемлекет қарамағына көшіру.
-
Пролетариат — капиталистік қоғамдағы негізгі таптардың бірі, өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктену құқығынан айрылған жалдамалы жұмысшылар табы; өмір сүруінің жалғыз қайнар көзі өзіндік жұмыс күшін меншік иелеріне сату болып табылады.
-
Партия (бөлік, топ) - идеялары, көздеген мақсаттарының ортақтастығы негізінде біріккен адамдардың тобы.
-
Реквизиция (талап ету) - мүлікті мемлекеттік меншікке немесе уакытша пайдалану үшін еріксіз тартып алу.
-
Реабилитация - бастапқы кұқықтар мен бастапқы жаксы беделді қалпына келтіру.
-
Революция – төңкеріс, бетбұрыс - қоғамда, экономикада, дүниеге келген көз-қарастарда, ғылымда, мәдениетте, сапалық өзгерістердің жүзеге асуы.
-
Революциялық ахуал - төңкерістің болу мүмкіндігін қалыптастыратын экономикалық, саяси және өмір жағдайларының жиынтығы.
-
Самодержавие – төңкеріске дейінгі Ресейдегі патшаның шектеусіз жоғарғы билігімен осындай билікке негізделген басқару жүйесі.
-
Таптар - қоғамдағы мүліктік құкықтық, саяси жағдайына, қоғамдык өндіріс жүйесіндегі алатын орнына қарай ерекшеленетін, үлкен әлеуметтік топтар.
-
Шовинизм - ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.
-
Элита - қоғамның қандайда бір бөлігінің, топтарының неғұрлым көрнекті өкілдері.
-
Эссерлер - Социалист революционерлер партиясы, көп санды және ықпалды революцияшыл партиялардың бірі.
-
Экспансия - ықпал ету аймағын кеңейтуге, бөгде аумақтарды басып алуга, басқа елдерді экономикалық және саяси жағынан бағындыруға бағытталған саясат.
-
Эмиссар - саяси тапсырмалармен басқа елге жіберілген адам.
2 Қысқаша дәрістер
Дәрістердің тезистері
№ 1. Дәріс (2сағат)
Тақырыбы: Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
1) Алаш қозғалысының шығуы
2) Ұлт зиялылары Алаш қозғалысының тірегі
3) Алаш қозғалысы және Мемлекеттік Дума
4) Алаш қозғалысы және Қазақ Газеті
5) Алаш қозғалысы және 1916жылғы көтеріліс
20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 1907 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын.
Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов
жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда өкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.
Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайұлының қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ. Алаш ісі.
№2. Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс (1917 ж.)
1) Қазақстан және Ақпан төңкерісі
2) Алғашқы қазақ облыстық съездері
3) Жалпықазақ съездерінің шешімдері
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сондай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1.Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
6. Орыстандыру саясаты.
Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша өкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:
1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.
2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша өкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.
Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:
1. Жетісуда – Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ.Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков.
2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов.
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев.
4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев.
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
Жетісудағы көтеріліс.
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.
Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:
1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.
2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады.
3. котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.
Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.
Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.
Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша өкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.
Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Зардаптары: 1) Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2) мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.
Торғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ, Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.
Төрғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Торғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.
1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.
Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді... . Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Торғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Торғай көтерілісі талқандалды.
Салдары:
3 мың адам жауапқа тартылды, оның 201-і өлім жазасына кесілді.
Достарыңызбен бөлісу: |