Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
№16 орта мектептің технология пәні мұғалімі
Арайгүл Серікқалиқызы
ЖАҢА ҮЛГІДЕ САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүргізілетін білесіздер.
Биылғы 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ? Яғни, 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Көркем еңбек 2,5,7- жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол әртүрлі шығармашылық әрекет барысында көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің маңыздылығы шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы туралы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады.
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік.
«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
Оқу процесінде әр түрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын, орта мерзімді жоспарының соңында ұсынылған үлгі бойынша мұғалімнің өзі әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспарды әзірлегенде мұғалімге саралап оқыту тәсіліне және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне назар аудару ұсынылады. Сабақты жоспарлау мұғалімнің оқу мақсаттарына тиімді қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекет түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;
орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру ұсынылады;
мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдау және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т. б. көздейді.
Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс.
Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды анықтап, әзірлеуі қажет:
– тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.;
– саралау: білім алушыларға қолдау көрсету қалай жоспарланады? Қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?
– метапәндік байланыстар;
денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету.
Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, білім алушылардың өздерінің оқу-танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Осыған байланысты сабақты жоспарлау бойынша барлық жұмысты оқытудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, жүзеге асыру ұсынылады. Сондықтан, жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру аясында озық тәжірибелерді, оқыту мен оқудағы, бағалау жүйесіндегі жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту, оқытудағы әртүрлі сандық білім беру ресурстарын, мектепаралық желілік өзара іс-қимылды, мектепаралық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, «мұғалімдермен алмасуды», мектептегі пәндер бойынша оқытуда жаңа технологияларды қолданудың шеберлік сабақтарын пайдалануды кеңейту қажет. Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан мұғалім қысқа мерзімді жоспар әзірлеуде ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.
мұғалімі жаңартылған оқу бағдарламаларын іске асыру аясында ұсынылған оқу процесін, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды өткізуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік құралдар мен нұсқауларға назар аударғаны жөн. Олардың электрондық нұсқалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (www.nao.kz), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының (smk.edu.kz) сайттарында орналастырылған.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Жүйелі-әдістемелік кешен» (бұдан әрі – ЖӘК) порталы (smk.edu.kz) әзірленген.
збаны белсендердіруге болады. ЖӘК мұғалімдер үшін ақпараттық-әдістемелік база, педагогикалық тәжірибе алмасу алаңы, желілік өзара әрекеттестікті дамытатын ақпараттық кеңістік, орта білім мазмұнын жаңарту аясында дайындалған онлайн платформа болып табылады.
Тіркелуден өткеннен кейін есеп жазбаны (аккаунтты) белсендендіру қажет. Бұл үшін тіркелу кезінде көрсеткен электрондық поштаға кіру керек. Жүйеден бірнеше секунд ішінде осы поштаға хабарлама келіп түседі. Хабарламаның ішінде көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, есеп жа
ЖӘК-тен нені табуға болады?
ЖӘК көруге/жүктеуге арналған қолжетімді файлдар орналастырылған төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1. «Жұмыста қолдануға арналған құжаттар» бөлімінде Үлгілік оқу бағдарламалары, Үлгілік оқу жоспарлары, ҚР МЖМБС, орта мерзімді жоспарлар, қысқа мерзімді жоспарлар орналастырылған.
2. «Сабақ бойынша жоспарлау» бөлімінде пәндер және сыныптар бойынша оқу жоспарына сәйкес құрылымдалған сабақ жоспарлары, таныстырылым, аудио/бейне материалдар орналастырылған.
3. «ОӘК» бөлімінде бастауыш мектептің пәндеріне сәйкес оқулықтар мен жұмыс дәптерлері, мұғалімге арналған нұсқаулықтар мен оқу құралдарының электрондық нұсқалары, оқу мақсаттарына жету бойынша шеберлік сабақтары орналастырылған.
4. «Критериалды бағалау» бөлімінде критериалды бағалау бойынша нұсқаулықтар, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинақтары, бейне және таныстырылым ресурстары орналастырылған.
5. «Онлайн сабақтар мен семинарлар» бөлімінде қалыптастырушы бағалау бойынша онлайн семинарлар, онлайн сабақтар орналастырылған. Педагогикалық тәжірибе алмасу процесін жүзеге асыру мақсатында мұғалімдерге жаңартылған бағдарлама бойынша өздерінің материалдарын жариялауға мүмкіндік берілген. Материалды орналастыру үшін жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан «Материалды қосу» батырмасын басу керек.
6. «Форум» жаңартылған білім мазмұнының өзекті бағыттары бойынша (ұйымдастырушылық мәселелер, оқулықтардың мазмұны, білім алушыларды бағалау және т.б.) сұрақтарды орналастырып, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлерінен кеңес алуға мүмкіндік береді.
Әзірленген және «Жүйелі-әдістемелік кешені» порталында орналастырылған ресурстар пайдалану үшін ұсынылған, бірақ оларды мұғалімнің өзі әзірлеуге құқылы (қысқа мерзімді жоспарлар, тапсырмалар, пайдаланылатын ресурстар және т. б.).