«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мм



Дата03.07.2016
өлшемі132.02 Kb.
#174587




№ исх: 09-09/2500 от: 28.03.2014


«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ,

071405, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8 телефон –факс 8(7222)523635, е-mail RBekshoinova@akimsemey.gov.kz, Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы - E-R-1 санаты (1 бірлік), лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты - 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейін; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орныбасары - E-R-2 санаты (1 бірлік), білім бөлімі басшысының орныбасары - E-R-2 санаты (1 бірлік), экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары, E-R-2 санаты (1 бірлік) - лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты - 98 017 теңгеден бастап 132 611 теңгеге дейін; ішкі саясат бөлімінің бас маманы - E-R-4 санаты (1 бірлік), дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы - E-R-4 санаты (1 бірлік), сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы - E-R-4 санаты (1 бірлік), - лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін, Қараөлең ауылдық округінің жетекші маманы E-G-4 санаты (1 бірлік) - лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін, Знаменка, Ақбұлақ ауылдық округтері әкімдері аппараттарының бас маманы - ветеринар, E-G-4 санаты (2 бірлік) - лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 53811 теңгеден 72389 теңгеге дейін, мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:



І. Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы - E-R-1 санаты (1 бірлік)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: Жоғары (техникалық немесе экономикалық, заңгерлік, жергілікті және мемлекеттік басқару) білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) ғылыми дәрежесінің болуы;

4) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

5) осы лауазымның қызметтік бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес



Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметіне басшылық етеді. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру, шығарылатын өнімдердің түр -түрін кенейту үшін барлық деңгейдегі өнеркәсіпшілермен және кәсіпкерлермен әрекеттеседі және ынтымақтастық құрады, халықаралық сапа стандарттарын енгізеді. Қаланың кәсіпкерлік саласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау және болжау, бөлім қызметіне қатысты, өнеркәсіптің дамуы туралы, шағын және орта бизнес, сауда және туризмге қатысты талдамалық шолуларды, ақпараттарды әзірлеуді басқарады және ұйымдастырады. Қала базарларының қызметін үйлестіреді. Қала басшылығының тапсырмаларын орындайды.

ІІ. Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының көркейту, жолаушылар көлігі және автожолдар мәселедері жөніндегі орынбасары – (Е-R-2) санаты 1 бірлік

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: Жоғары техникалық (инженер-құрылысшы, жол құрылысының, көлік инфрақұрылымының инженері, инженер-механик), заңгер, экономист немесе мемлекеттік және жергілікті басқару. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, не жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы, не ғылыми дәрежесінің болуы.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуы және бөлім функциясының жүзеге асрылуы үшін, қаланы және Шүлбі кентін көркейту, санитарлық жай-күйін қолдау, автожолдарын жөндеу және ұстау, көгалдандыру, көшелерін жарықтандыру, толыққұнды қоршаған ортаны құру және қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, жолаушылар көлігінің жұмысын және жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау, жағар-жанар май заттарына, жолаушы тасымалдау қызметтеріне арналған бағалардың мониторингін жүргізу жөніндегі функцияларды орындау; жолаушылар көлігі кәсіпорындарымен, жол полициясымен, көліктегі және автожолдардағы бақылау бөлімімен және басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен, өзіне берілген құқықтар мен міндеттер шеңберінде өзара әрекеттесу мәселесі бойынша қала әкімі, әкімнің орынбасарлары, бөлім басшысы берген тапсырмалардың, өкімдердің уақытында орындалуы үшін, соның ішінде қала халқының қалыпты тіршілігінің қамтамасыз етілуі тікелей тәуелді болып табылатын, өзі жетекшілік жасайтын салалардағы штаттық емес жағдайлар туралы әкімнің және әкімнің жетекші орынбасарының назарына уақытында жеткізбегені үшін жеке жауапкершілік жүктейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы белгілеген тәртіпте қаланы санитарлық тазарту (тұрмыстық қалдықтар мен қоқысты жинау және тасып әкету) мәселесі бойынша кәсіпорындармен өзара қарым-қатынас жасайды. Бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес, бақылауды жүзеге асырады және шарт талаптарына сәйкес орындалған жұмыстарды қабылдайды, басшылықтың тапсырмасы бойынша жалпықалалық іс-шараларды өткізу орындарын көркейту жөніндегі жоспарды әзірлеу жөніндегі жұмысты басқарады, қаланы және Шүлбі кентін санитарлық тазарту бойынша айлық ұйымдастырады және бақылайды, өткізілген конкурстарға сәйкес мердігер ұйымдармен шарттар дайындаумен және жасаумен айналысады, шарт талаптарының орындалу мерзімін бақылайды. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуге қатысады, қаланы және Шүлбі кентін көркейту жөніндегі жұмыстарды орындау мәселесі бойынша жол полициясы бөлімімен, экология басқармасымен, СЭС-пен және басқа ұйымдармен өзара әрекет жасауды жүзеге асырады. «Семей» көркейту және көгалдандыру жөніндегі МКК, «Көпір басқармасы» КМК, «Ритуал Сервис» ЖШС, «Жолаушы тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС, «Семей-Автобекет» ЖШС қызметтерінің басым бағыттарын белгілейді, жоғарыда аталған кәсіпорындар мүлкінің белгілі бағытта пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Өткен жылғы бюджеттің орындалуы және биылғы жылдың бюджетін бекіту бойынша бюджеттік комиссияға және мәслихат комиссиясына материалдар дайындауды ұйымдастырады. Әкімнің өкімдері мен шешімдерінің және қала әкімдігі қаулыларының негізінде құрылған басқа топтар мен комиссиялардың жұмысына өзіне берілген құқықтар мен міндеттер шеңберінде қатысады. Құжаттардың мемлекеттік тілде орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қала, облыс әкімдіктерінің мәжілістеріне арналған материалдарды (анықтамалар, ақпараттар) дайындайды. Келіп түскен құжат-хаттарды қарайды және өз құзыретінің шегінде қызметкерлерге тапсырмалар береді, олардың орындалуын бақылайды. Азаматтардың, заңды және жеке тұлғалардың хаттарына, сұранымдарына уақытында және дәлелді жауап беру жөніндегі жұмысты бақылайды. Жетекшілік жасайтын мәселелер бойынша апта сайын азаматтар қабылдауды жүзеге асырады. Бөлім басшысының басқа орынбасары жұмыста болмаған уақытта, оның міндеттерін атқарады.

ІІІ. Семей қаласы білім бөлімі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – (Е-R-2) санаты 1 бірлік

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: Жоғары педагогикалық білім. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, не жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы, не ғылыми дәрежесінің болуы.

Функционалдық міндеттері: Жалпыға міндетті оқытудың қамтамасыз етілуін, қала білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы мен сапасын бақылайды; Директорлар жиналыстарының, қызмет мәселелері бойынша аппарат жиналыстарының дайындығын бақылайды; білім бөлімі секторларының, оның ішінде тәрбие секторы, қорғаншылық пен қамқоршылық секторының жұмыстарына жетекшілік етеді. Оқушылардың және жасөспірімдердің сабақтан тыс мерзімдегі бос уақыттарының дұрыс ұйымдастырылуы мәселелеріне жетекшілік етеді. Мемлекеттік стандарттардың орындалуын бақылайды. Қосымша білім беру мекемелерінің жұмысын қадағалайды. Мектептен тыс мекемелерді аттестациялау мен лицензиялау және мектептен тыс мекемелер педагогтарының аттестациялаудан өтуін бақылайды. Қорғаншылық және қамқорлық секторының, тәрбие секторының көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері сапасының сақталуын бақылайды.

Мектептен тыс мекемелердің жаңа оқу жылына даярлығының сапасына бақылау жүргізеді. Қаладағы мектептен тыс мекемелердің ақылы білім беру қызметі түрлерінің ұйымдастырылуын қадағалайды. Төтенше жағдайлар мен өрт қауіпсіздігі жұмыстарына жауапты. Бөлім жұмысы мен қаладағы білім беру мекемелерінің жұмыстары бойынша қорытынды аналитикалық ақпарат даярлайды. Жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.



ІҮ. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары, E-R-2 санаты (1 бірлік)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: Жоғары экономикалық немесе қаржылық. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, не жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы, не ғылыми дәрежесінің болуы.

Функционалдық міндеттері: Әлеуметтік – экономикалық дамуыдың болжамының жоспарлы кезеңіне ұсыныстар енгізу. Жергілікті бюджеттің болжамдық көрсеткіштері бойынша алдағы үшжылдық кезеңге ұсыныстар және тиісті қаржылық жылдың бюджетінің кіріс бөлігі бойынша жобасын әзірлеуін ұйымдастыру.Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингтік бағалау көрсеткіші бойынша ұсыныстар әзірлеу, қала әкімінің рейтингтік бағасына қатысты материалдарды әзірлеу,талдау жасау және орындалуды қадағалау. Мониторинг, инфляциялық процестер жөнінде қалалық штаб мәжілісіне ақпарат әзірлеуін ұйымдастыру. Бөлім басшының тапсырмаларын орындау. Жетекшілік ететін экономикалық саясат және жоспарлау секторы, бюджетке түсетін түсімдерді талдау және болжау секторларының жұмысын үйлестіру және тиісті функцияларын орындауына бақылау жасау. Қала әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссияларға қатысу. Түскен хаттар, азаматтардың шағымдар мен ұсыныстарын уақытында қарастыру. Қазақстан Республикасы СТ ИСО 9001:2009 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес келу.

V. Ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-насихат жұмысы секторының бас маманы - E-R-4 санаты (1 бірлік)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: Жоғары-кәсіптік, ортадан кейінгі білімге рұқсат етіледі. Мемлекеттік және жергілікті басқару. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды насихаттау және жүзеге асыру, барлық санаттағы жастармен жүйелі жұмыс жасау. Қаржыны жұмсау бойынша есеп, ауыл жастарымен жұмыс жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Жастар саясатын жүзеге асыру үшін мемлекеттік тапсырыстың таралуы мен орындалуын бақылау. Мемлекеттік ішкі саясаттың, Президентің Қазақстан халқына Жолдауының, мемлекеттік және аймақтық әлеуметтік-экономикалық және саяси даму бағдарламалардың негізгі басымдықтарын түсіндіріп насихаттау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеп жүзеге асыру. Ақпараттық насихаттау тобының жұмысын ұйымдастыру. Қала әкімі аппаратының, лекторлық топтың саяси баяндаушылар тобының жұмысын, оқуын ұйымдастыру. Жоғарғы оқу орындарында, колледждерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, мектептер мен лицейлерде, мектептен тыс мекемелерде идеологиялық жұмыс. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын сақтау. Электрондық үкімет «Лотус» бағдарламасы арқылы құжат айналымын жүргізу. Бақылаудағы ақпараттарды әзірлеп жіберу. Азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау және жауап беру. Әр жұма сайын сектор меңгерушісіне өткізген және өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат беру. Бөлім және сектор қызметкерлерімен үнемі ақпаратпен алмасу.

. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы - E-R-4 санаты (1 бірлік)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: Жоғары білім педагогикалық (дене шынықтыру және спорт). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі педагогикалық (дене шынықтыру және спорт) білімі барларға рұқсат етіледі.

Функционалдық міндеттері: Дене шынықтыру және спорт саласындағы Мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, спорттың жоғары жетістіктерін көрсететін жағдайын жасайды, спортклубтары, мектеп, секциялар, бұқаралық спорт түрлерінен федерациялар меншік түрлеріне қарамастан өз жұмысын үйлестіріп, өзара жұмыс жасауын қамтамасыз етеді, қала азаматтарының барлығы үшін дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қол жетімді және тең жағдайлар жасайды. Бұқаралық және әскери-техникалық спорт түрлерін дамытуды және насихаттауды қаматамасыз етеді.

VIІ. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы - E-R-4 санаты (1 бірлік)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: Жоғарғы кәсіби (техникалық: сәулетші, инженер - құрылысшы білім), ортадан кейінгі (техникалық: сәулетші, инженер - құрылысшы білім) рұқсат етіледі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сәулет – қала құрылысы саясатын жүргізу. Сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген сәулет, қала құрылысы және өзге жобалау – сметалық құжаттаманың қала аумағын қала құрылысымен игеру кезінде сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Қала аумағын қала құрылысымен игеру жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысады. Қаланың бас жоспарын әзірлеу мәселесіне қатысады. Құрылыстағы техникалық мөлшерлеу мәселесі бойынша құрылыс аясындағы субъектілердің жұмысын үйлестірумен айналысады. Шағын бизнес нысандарының құрылыс мерзімдерін және барысын бақылауды жүзеге асырады. Ғимараттар мен имараттарды техникалық тексеру жөніндегі комиссияларға қатысады. Сәулет және қала құрылысы қызметінің мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, өтініштері мен арыздарын қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Өзінің функционалдық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар мен құжаттарды белгілі тәртіпте сұрау салып алады. Бөлім басшылығы, сектор меңгерушісінің тапсырмаларын орындау үшін тікелей жауапкершілік жүктеледі. Сапа саласындағы саясатына сәйкес жұмыстарды жүргізеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

VIIІ. Қараөлең ауылдық округінің жетекші маманы E-G-4 санаты (1 бірлік)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округте жастар саясатын жүргізу, қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шараларын ұйымдастыру, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру. Халықтың демографиялық қозғалысын қадағалау, ай сайын әділет басқармасымен салыстыру жүргізу

ІХ. Знаменка, Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппараттарының бас маманы – ветеринар, E-G-3 санаты (2 бірлік)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: Жоғары білім (ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария). Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария).

Функционалдық міндеттері: Халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау және оларды емдеу, ветеринарлық - санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың келінуі мен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын - алу және жою бойынша жұмыс жасау. Округ бойынша мал санын есепке алу. Өрт кәуіпсіздігін сақтау жұмыстарын атқару.

Жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы", «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, осы лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

Конкурстар әкімшілік мемлекеттік лауазымы бос орнына тағайындау конкурсын өткізу Ережесінің негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысам деуші азаматтарға Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімі аппаратына бұқаралық ақпарат құралдарында «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде конкурс жарияланған сәттен бастап, 10 жұмыс күн аралығында жеке құжаттарды тігетін папкаға салынған келесі құжаттарды тапсыру қажет: өтініш, 3х4 үлгідегі фотосуретімен өкілетті орган бекіткен үлгідегі сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландыралған қөшірмелері, еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландыралған көшірмесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті орган белгілеген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы өткізу кезінде қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландыралған көшірмесі).

Әңгімелесуге өткен кандидаттар, әңгімелесуге өткені туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылардың қатыстыуна жол беріледі.



Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардыңөкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады

Конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өткізілетін жерге келу және кету, тұру және басқа) азаматтар өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет