Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы



Дата22.02.2016
өлшемі55.73 Kb.
#1887


Шығыс Қазақстан облысының

2009 жылында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы

АҚПАРАТ
Облыстың агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес қаржыландырудың барлық көздерінен 2009 жылы агроөнеркәсіп салаларының дамуына 13117,5 млн. теңге қарастырылған, оның 10074,5 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 50 млн. теңгесі облыстық бюджеттен және 2993 млн. теңгесі басқа қаржыландыру көздерінен.

АӨК дамуына 2009 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша 13117,5 млн теңге жұмсалды, оның ішінде респбуликалық бюджеттен 10074,5 млн. теңге, 50 млн. теңге облыстық бюджеттен және басқа қаржыландыру көздерінен 2993 млн. теңге.

Республикалық бюджеттен 4,49 млрд. теңгенің нысаналы трансферттері бөлініп, игерілді.

2009 жылғы отырған ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімі 146,9 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде, бұл өткен жылдың осы уақыттағы деңгейінен 33,3 % артық, өнімнің нақты өсу индексі 133,1 пайызды құрайтын болады.



Мал шаруашылығы.

Мал шаруашылығы серпінді дамыды. Ет өнімі 196,6 мың тоннаны құрады немесе былтырғы көрсеткіштен 1,1 пайыз артты, сүт – 696,9 мың тонна, 2,7 пайызға өсті, жұмыртқа 305,6 млн. дана (2008 жылдың деңгейіне 98,7 пайыз мөлшерінде), жүн – 4,3 тонна, өсімі 9,4 пайызды құрады. ФОИ – 101,6 пайыз.

Шаруашылықтардың барлық санаттарында мал және құс санының өсуі байқалуда.

2009 жылғы 1 қаңтарына шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара малының саны 781,2 мың басты, қой мен ешкі 2274,3 мың басты, шошқа – 87,7 мың басты, жылқы – 194,8 мың басты, құс – 3197,6 мың басты құрады. 2008 жылғы деңгейіне ірі қара мал саны 2 пайызға, қой мен ешкі - 4,6 пайызға, жылқы 5,8 пайызға өсті.

Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін және сапасын арттыру мақсатында облыс бойынша 190 мал бордақылау алаңдары, 52 тауарлы сүт фермалары құрылып жұмыс істеуде, оның ішінде 12 мал бордақылау алаңы және қазіргі заманғы инфрақұрылымға сай 2 тауарлы сүт фермасы 2009 жылы құрылды.

2009 жылы мал шаруашылығы саласының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға республикалық бюджеттен облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2314,6 млн. теңгенің субсидиясы бөлініп, игерілді.

Мал тұқысын асылдандыру және өнім сапасын жақсарту үшін облыста 112 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылған, оның 24 – 2009 жылы құрылды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін 2009 жылы республикалық бюджеттен 299,04 млн. теңгенің нысаналы трансферттер бөлініп, игеріліп отыр.

Облыс бойынша ет, сүт, жұмыртқадан облыс тұрғындарының тұтыну қажеттілігі толық қамтамасыз етіледі.

Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығын дамытудағы жұмыс ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің көлемін ұлғайтуға, соның ішінде ылғал-ресурс сақтау технологиясы бойынша егістік көлемін ұлғайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін оңтайландыруға, ғылыми-негіздегі агротехнологияны сақтауға, тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталды.

2009 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 1132,3 мың гектарды құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 66,7 мың гектарға артық, немесе өсімі 6,3 пайызды құрады.

2008 жылмен салыстырғанда күнбағыстың егістігі 81,5 мың гектарға (130,6 пайыз), картоп 2,1 мың гектарға (109,9 пайыз), көкөніс 0,85 мың гектарға (111 пайыз), мал азығы дақылдары 7,2 мың гектарға өсті.

Ылғал ресурс сақтау технологиясы 191,33 мың гектар жерде пайдаланылып, 2008 жылмен салыстырғанда 66,7 мың гектарға артық болды, немесе 6,3 пайызға артық.

Астықтың бункерлік салмағы 1047,8 мың тоннаны құрады, бұл 2008 дылдың деңгейінен 4,9 есеге артық.

Тұрғындарды қамтамасыз етуге 2009 жылы азық -түліктік мақсаттар үшін 634,3 мың тонна астық бөлінді, немесе астықпен қамтамасыз ету 268 пайызды құрап отыр.

Облыс бойынша қамбаға 111 мың тонна тұқым құйылып алынды, бұл келер жылдың егініне толық жеткілікті.

«Азық-түлік корпорациясы» АҚ 67,8 мың тонна астық өткізілді.

190,6 мың тонна күнбағыс жиналды. Өнімділігі 6,3 ц/га немесе өткен жылдың деңгейінен 2,3 центнерге артты. Жиналған өнім облыс тұрғындарын өсімдік майымен толықтай қамтамасыз етуге және өнімнің қалған бөлігін облыстан тыс жерлерге тоннасын 35-40 мың теңгемен сатуға мүмкіндік береді.

352 мың тонна картоп және 234,5 мың тонна көкөніс және бақша өнімдері жиналып алынды. Өткен жылдың деңгейінен картоп өнімі 28 пайызға, көкөніс және бақшалық дақылдары 28,4 пайызға артты.

Картоп және көкөніс бойынша тұрғындардың қажеттілігі 178 және 135 пайызға орындалды.

2010 жылдың егіні үшін облыс бойынша 59,3 мың тонна картоп тұқымы құйылып алынды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге егін шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан субсидия түрінде қомақты қолдау көрсетіліп келеді.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін тауарлық материалдық құндылықтардың бағасын арзандатуға, өнімділікті және өнім сапасын арттыруға 2009 жылы республикалық бюджеттен 1662 млн. теңгенің субсидиясы бөлініп, игерілді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыруға және өнім сапасын арттыруға (минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау) 44,016 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Облыста тұқым шаруашылықтарын дамыту жұмыстары бағыт алып келеді. Бүгінгі күні облыста 38 тұқым шаруашылығы, оның 4 элиталық тұқым өндіретін шаруашылықтар бар. Осы жылдың аяғына дейін тұқым шаруашылықтарының негізінде тағы да 4 элиталық тұқым өндіретін шаруашылықтар құрылады деп күтілуде.

Егін шаруашылығында диверсификациялау бағытын ескере ала отырып, тұқым шаруашылығын дамытуға 2009 жылы 118,66 млн. теңге жұмсалды.

Суармалы жерлерді және суды тиімді пайдалану мақсатында облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге республикалық бюджеттен 36,14 млн. теңге бөлінді және игерілді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту.

Облыстағы азық және қайта өңдеу өнеркәсіптері 48,6 млрд. теңгенің тауарлы өнімін өндірді. Нақты өсім индексі 98,7 пайызды құрады

Жеміс-көкөністі өңдеу және қалбырлау, сүт өнімдерін өндіру, ұн және жарма өнімдерін шығаружәне сусын жасау салаларында тауарлық өнім көлемінің азаюы орын алып отыр.

Оның негізгі себептері:



  1. айналым қаражаттары үшін кредит алудың қиындығы;

  2. тұтынушылық сұраныстың азаюы;

  3. өнімнің кейбір түрлері бойынша экспорттың азаюы.

Мал соятын пункттер құру жұмыстары атқарылуда. 2009 жылы осындай 3 мал сою пункті ашылды.

ИСО 9000 сериялы сапа менеджменті жүйесін игеру бойынша жұмыс жалғасын табуда. Облыста бұл жүйе 13 кәсіпорында игерілді.

Ағымдағы жылы тамақ және қайта өңдеу саласының 4 кәсіпорнында техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту жұмыстарын атқаруға 503 млн. теңге жұмсалды.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары айналым қаражаттарын толықтыруға коммерциялық банктер қаражаттары есебінен 1830 млн. теңге кредит алды.



Ауылдық кооперация жүйесін дамыту

Облыста ауылдық тұтыну кооперативтері жүйесін дамыту жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі күні облыста 18 ауылдық тұтыну кооперативтері құрылды.

«Ертіс» ӘКК және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірлесіп әрекет ету жоспарына сәйкес облыстың 3 ауданында сервистік дайындау орталықтарын құру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсаттарға бюджеттен 197,8 млн. теңге қаражат көзделіп отыр.

Машина трактор паркін жаңалау және агросервистік қызмет көрсететін кәсіпорындар құру.

АӨК техникалық жабдықтауды жақсарту мақсатында 2009 жылы 1488 млн. теңгенің 405 астам ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алынды.

Агросервистік қызмет аясын кеңейту мақсатында облыста 20 машина технологиялық станциялары, 8 техникалық қамту пункті, ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізетін 4 қызмет орталықтары құрылып, қызмет атқарып жатыр.

Ауылда қаржы институттарын құру.

Облыста жалпы кредиттік қоржыны 2 млрд. теңгеден асатын 17 ауылдық кредит серіктестігі жұмыс істеуде. Бағдарламаға сәйкес ауылдық кредиттік серіктестіктерді құру міндеттері толығымен орындалды. Ауылдық кредит серіктестіктері есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 700 млн. теңгенің кредитін алды.

Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау және ауыл тұрғындарының табысын көтеру мақсатында 2009 жылы республикалық бюджеттен 160 млн. теңгенің шағын кредиттері берілді.

Сонымен қатар, облыс өңірлерінде 5 шағын кредиттік ұйымдар жұмыс атқаруда. 2009 жылы аталған ұйымдар арқылы 80,78 млн. теңгенің 263 шағын кредиті берілді.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет