«Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің



Дата29.02.2016
өлшемі17.6 Kb.
#34121

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 71 қаулысы



«Шығыс Қазақстан облысының

сәулет және қала құрылысы

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспарын бекіту туралы»

2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 702 қаулыға өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 7-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-5) тармақшасына, «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 27/336-IV, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2543 шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


«Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 702 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Бюджеттік бағдарламалар» 7 бөлімде:

«Бюджеттік бағдарламалар» 7.1 кіші бөлімінде:

272004000 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламада:

«Бюджеттік шығыстар көлемі» жолының «2011 жыл» бағаны «1100» сандарымен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстар жиыны» 7.2 кіші бөлімінде:

«2011 жыл» бағанында:

«БАРЛЫҒЫ бюджеттік шығыстар, оның ішінде», «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» жолдарында «28744» сандары «29844» сандарымен ауыстырылсын;

«272 004 000 мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» жолы «1100» сандарымен толықтырылсын.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Келісілді:


Шығыс Қазақстан облысы

қаржы басқармасы бастығының

міндетін атқарушы А. Лебедева
Шығыс Қазақстан облысы

экономика және бюджеттік



жоспарлау басқармасының бастығы Е. Ясинская



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет