Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылға арналған ЖҰмыс жоспары



Дата16.06.2016
өлшемі36.5 Kb.
#139375


Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

ХХV сессия- I тоқсан

1. 2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

Лязиза Карлқызы Кенжетаева- Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы.

2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы есеп.

Серікқазы Биғазыұлы Оразалиев - Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.

2. «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасын Шығыс Қазақстан облысында іске асыру аясында жұмыссыздықты азайту және тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы.

Айжан Ерханқызы Садықова - Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.

3. Депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Александр Васильевич Гречухин – тұрақты комиссия төрағасы.

ХХVІ сессия- II тоқсан

1. Облыс әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі туралы.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасын Шығыс Қазақстан облысында іске асыру барысы туралы.

Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов - Шығыс Қазақстан облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

3. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламаны Шығыс Қазақстан облысында іске асыру барысы туралы ақпарат.

Мұхтар Ғаббасұлы Құмаров - облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.

4. Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Нұрлан Мұқанұлы Темірбеков – тұрақты комиссия төрағасы.
ХХVІІ сессия- III тоқсан

1. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдап отырған шаралары туралы.

Нұрлыбек Әділғазыұлы Шерубаев - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының есебі.

Григорий Васильевич Пинчук - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы.

3. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен қамту ұйымдарын, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы ақпарат.

Айтқазы Сейітұлы Шерубаев - Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

4. Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Ержан Ахтанұлы Нұрбаев – тұрақты комиссия төрағасы.
ХХVІІІ сессия- IV тоқсан

1. 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

Елена Павловна Ясинская - Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Шығыс Қазақстан облысында орындалуы туралы.

Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджанов - Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы.

3. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау барысы туралы ақпарат.

Ғалымбек Нұрмыханұлы Досанов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.

4. Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.



Нұржан Құрмантайқызы Түсіпова – тұрақты комиссия төрағасы.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет